Тікелей эфирдегі жүргізуші рөлі



кіріспе
1. тікелей эфир: дамуы мен тарихы
2. тікелей эфирдегі жүргізуші
3. жүргізуші және хабар
кортынды

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның есептен қорытқан жорамал шамасы квартернион деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі. Сондықтан В.Гамельтонның екі символы 1867 жылы ғана, Кэмбридж университетінің профессоры Д.Максвеллдің осыған негізделген екі теңдеуінен кейін электр тогы мен магнит күші арасындағы қатынас, бүгінгі электр және магнтизм теориясының негізін қалады. Содан басталған 150 жылдық тарих қойнауында көгілдір экран деген атпен өмірге енген теледидар әлем халқының күнделікті көзі мен құлағына айналды. Телевизиялық жұқпалы дерт бүкіл әлемді тегіс жаулап алды. Оның қарқынды шабуылын қай ел болсын құттықтап қарсы алып жатыр. Бұл - бұлтартпас шындық. Ресей топырағында 74, Еуропада 70, АҚШ-та 67, Қазақстанда 48 жылдық қалың қатпарлы тарихы бар теледидар бүгінде шартарапты түгелдей жайлап, әлемдегі көрермені ең көп ақпарат құралына айналды. Оның себебі, әлемнің кез келген қиыр шетіндегі оқиға сол сәтте, сол сағатта, сол күні жалпақ дүниеге тарап, Жер тұрғындарын құлағдар етеді. Қазіргі таңдағы ақпарат беру әдісі бұрынғы әдістен тым алшақ, мүлдем жаңаша сипатқа ие болып отыр. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық уақыт кеңістігінің еркін әрі батыл, әрі көз ілеспес шапшаңдықпен билеп алуына байланысты. Сол тұрғыдан алғанда, барлық бұқаралық ақпарат құралдарымен салыстырғанда, теледидардың бірінші кезекке шығатыны ақиқат. Теледидардың түрлі салалары көп. Соның бірі, әрі бірегейі тікелей эфир хабарлары. Сондықтан осы зерттеу жұмысымызды тікелей эфир табиғатына арнадық.
Тақырыптың өзектілігі: Әр кезеңнің өз талабы болатынын ескерсек, телевидение саласындағы тікелей эфир өзінің тура мағынасындағы уақыт үні іспетті. Ел өмірінің елеулі кезеңіндегі толып жатқан өзгерістер аумағында көрермен талабы мен талғамы да айтарлықтай өзгерді. Соның нәтижесінде эфирдегі жұмыс процесі, оны жүзеге асырудың кәсіби принциптері де жаңаша сипат алып, өзгеше мән-мазмұнға ие болды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев БАҚ халықтың үні ретінде сөйлейтін болсын, халыққа жақ, санаға сақ болсын деген тұжырымы журналистиканың жаңаша жұмыс тәсіліндегі негізгі қағидаға ұласты. Жылдар бойы қатып-семіп қалған енжар ережелерді бүгінгі күннің тыныс-тіршілігіндегі батыл шешімдер алмастырды. Жалпы тележурналистикадағы тікелей эфирдің табиғаты - кәсіби- шығармашылық процесс, құрылымы күрделі психологиялық құбылыс, уақытқа және техникаға тәуелді тәсіл, ешнәрсені түзетуге болмайтын, сол күйінде, қаз-қалпында айналымға түсетін қайталанбайтын әрекет, алып-қосары жоқ шынайы дүние.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Біз, тақырыпты тікелей эфир хабары деп алуымызда үлкен себеп бар. Тақырып таңдалмас бұрын, өзіміз жинаған тәжірибені сарапқа салып, қорытып көрдік. Телевидение саласындағы түрлі хабарлардың тізгінін де ұстадық. Адамды аз уақыт ішінде танымал ететін, телевидениенің қыр-сырына үйрететін, халықпен тікелей байланыс жасататын осы тікелей эфирдегі хабарлар екеніне көзіміз әбден жеткеннен кейін барып, теле саласында әлі ешкім арнайы зерттей қоймаған тың саланы алуды жөн санадық. Мақсатымыз отандық телеарналалардағы тікелей эфир хабарларын мақтау немесе даттау емес, зерттеу нысаны ретінде көрермен көзімен баға беру.
Зерттеудің нысаны: Телевидение саласындағы тікелей эфир хабарының орны мен рөлі ерекше. Отандық телеарналардың барлығында дерлік тікелей эирде тарайтын хабарлар бар. Бірақ осы қорғау жұмысында біз көпшілік арасында зор беделге ие, бұқараның басым бөлігі көретін Хабар арнасындағы Бетпе-бет бағдарламасын, Қазақстан ұлттық телеарнасындағы Оян, қазақ ақпараттық, сазды-сауық бағдарламасын, 31 арнадағы Дода қоғамдық-саяси ток-шоуын және Қазақстан-Өскемен телеарнасындағы Таң жарық, Кеш жарық интерактивті ойын-сауық бағдарламаларын мысалға ала отырып, талдауды жөн көрдік.
Зерттеудің дереккөздері: Телевидение саласына қалам тербеп жүрген зерттеушілер некен-саяқ. Бітіру жұмысын жазу барысында біз Қ.Тұрсын мен Ж.Нұсқабайұлының Теледидар сөздігі-тележурналист анықтамалығы оқу құралынан, Қ.Тұрсынның Көгілдір экран құпиясы, кітабінан және Ж.Әбдіжәділқызының Тікелей эфир ерекшеліктері кітабінан қажет ақпараттарды алдық. Телеарналардан шығып жатқан жаңа жобалар мен бағдарламаларға бей-жай қарамайтын Қазақ әдебиеті газетінің 2001-2003 жылдар аралығындағы сандарының да көмегі көп тиді. Сондай-ақ, зерттеу жұмысымыз тікелей теледидарға қатысты болғандықтан Қазақстан ұлттық телеарнасы, Хабар агенттігі, Шығыс Қазақстан облыстық телеарналарының мұрағаттарынан да қажет материалдарымызды таптық.
Жұмыстың жаңашылдығы: Барлық ақпарат тарату құралдарындағы ең кенжесі деп есептелінетін телевидение саласында зерттелмеген тың тақырыптар көп. Зерртеу жұмысы барысында біз тікелей эфир жұмысына төселіп алған жүргізушілердің кеңестерін назарға ала отырып, хабарды қалай сәтті шығаруға болады деген сауалға жауап іздедік. Көрермен көзіне көріне бермейтін техникамен қалай тіл табысуға болады немесе эфир жүргізушісі өзін қалай ұстау керек деген сынды мәселелердің шешімін табамыз. Сол сияқты отандық телеарналарда қазір тікелей эфирде шығып жатқан хабарларға сын пікір де айтамыз. Ал жұмыстың жаңашылдығы телевидение саласында әлі ешкім зерттемеген тың тақырыптың алынуы.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы: Тікелей эфирдегі хабарларды зерттеу барысында біз теория мен практикалық жұмысты бір арнаға тоғыстырдық. Қандай да бір хабарды зерттеу үшін оның телевизиялық нұсқасын көру керек. Ал көру үшін оның тарихы мен шығармашылық және техникалық топ атқаратын жұмысын бес саусақтай білу керек. Практика жүзінде көрген-білгенімізді зерттеушілер еңбегімен, мұрағат материалдарымен толықтыра отырып, теория жүзінде пайдаландық.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы әдеттегідей мазмұнынан басталады. Тақырыптың ауқымдылығына байланысты біздің зерттеу жұмысымыз Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы Тікелей эфир ерекшеліктері және Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары деген үлкен үш тарауға бөлдік. Ол тараулардың өзі мазмұнына қарай шағын тараушаларға бөлінеді. Сондай-ақ зерттеу жұмысында пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалар схема түрінде беріледі.

1.Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы.
Электр қуаттарынан бастау алып, жартылай өткізгіштерді, олардың сапасын жыл сайын дамытып, жетілдіріп, бүгінгі күні Қазақстандық теледидар техникалық үрдіске жетіп отыр. Келешекте де ол шексіз дами бермек. Елімізде алғаш рет 1958 жылы 1 қаңтар күні Өскемен қаласында көгілдір қобдишаларға жан бітсе, ал ресми күн, яғни, қазақ жеріндегі алғашқы телестудия тұңғыш хабарын 1958 жылы 8 наурыз күні ресми түрде іске қосып, алғашқы отандық телекамералар мен техникалық телеорталық Алматы қаласында шымылдығын ашты. Стационарлы телекамералар қарапайым механиканың негізінде қолмен оптикалық линзаларды ауыстырып отырды. Бірер жылдан кейін өткен ғасырдың 7О жылдары чех камераларымен толықтырылды. Чех камераларының көрсету сапасы оңды болғанымен, ауыстыру процесі өте қолайсыз болды да, бірер жылдардан соң совет-француздық (SEKAM III), американдық (NTSC) және батысгермандық (PAL), кейіннен жапондардың CONI жетілдірілген жүйелерімен ауыстырылды. Теледидар ол кездерде, негізінен, бұқаралық ақпаратты хабарлармен қоса әдеби, мәдени, концерттік негізінде ресми хабарлар мен өндіріс, ауыл шаруашылығы, бағдарламаларын көрсете бастады. Стационарлы студиялық хабарлармен қоса байтақ республикамыздың жер-жерінен ақпараттар беріліп, көрсетіліп отырды. Студиялардан тыс жерлерден кинокамералармен соңынан 16 мм. жіңішке пленкалар кеңінен пайдаланды. Іле-шала облыстық студиялар бірінен соң бірі іске қосылып жатты. Телестудиялардағы техникалардың пәрменділігі арта бастады. Жылжымалы телестанциялар теледидардың мүмкіндігін еселеп арттырды. Ендігі жерде телетехниканың күн санап жаңа үрдіс алып дамуы маман инженерлермен, техниктермен толығып, шығармашылылық топтың алдында шұғыл шешімін керек ететін сұраныстар мен талаптарды қойды. Иә, шынында, инженерлік жаңалықтар телетехника саласындағы ұшқыр ойлары мен дамуы, енді тек тележурналистика саласының дами бастауы елдің, Үкіметтің, шаруашылықтың, өнердің, яғни, қайнаған өмірдің сұраныстарын, оның болмысын анықтау керек болды. Совет Масғұтов Көгілдір экран-өмір айнасы (1976 ж.) кітабінда сиқырлы көк сандыққа осылай анықтама берген. Қазақ тілі тағы салмақты да, салиқалы сөзбен толықтырылды. Көгілдір экран-өмір айнасы, расында да өмірімізге ентелей енген теледидар индустриясы газет пен радионы ақпараттар айдынынан сәл ығыстырғандай. 1958 жылдан 6О жылдардың соңына дейін қазақ теледидарының қалыптасу кезеңі десек, тек ақпараттық, концертік бағдарламалардың сценарийлік негізінде телеқойылымдар, күрделі көркем телепублицистикалық хабарлар үлкен дайындықпен, телетехникалық жетістіктермен журналистік ой-толғауларды бір бағытқа бағдарлап, әрбір сюжет пен телеочерк, қойылымдардың мақсатын айқындап алу талабы қосылды. Бұл жерде қазақстандық телеарналардың көшбасшысы бұрынғы Қазақ теледидарына ерекше тоқталған жөн. Қазақ теледидары - бүгінде 100 ге жуық телекомпаниялардың көшбасшысы. 48 жылдық тарихтың қиын да қызықты жолында ол араласпаған оқиға, бармаған жер, көтермеген мәселелері кемде-кем. Л тарихы мен халық жады, ұрпақ тәрбиесі мен білім-ғылым саласы, мәдениеті мен дәстүрі, экономикасы мен саясаты, өндірісі мен шаруашылығы оның күнделікті хабарына арқау болды. 1958 жылдың 8 наурызында Алматыда алғаш рет көгілдір экран жарқ етіп ашылғанда сол телеарна басында қазақ телеөнерінің балапан қанатын қатайтып, биікке самғауы үшін білімдері мен біліктерін аямаған Ғ.Жанысбаев, Л.Ғалымжанова, С.Шәріпов сяиықты телередакторлар мен телережиссерлер тұрды. Статистикада сақталған тарихи цифр бойынша, сол кезде Алматы және облыстағы 4 100 телевизиялық қабылдағыш Қазақ телевизиясының алғашқы бағдарламасының трансляциясын тұтқан. Алматыдан кейін көгілдір экран Қарағанды мен Өскеменде, Жезқазған мен Балқашта, Ақтөбе мен Семейде көрсете бастады. Қазақ теледидарының алтын ғасырына баланған 70-90 жылдар шын мәнінде көгілдір айнамыздың жан-жақты кемелденіп, шарықтаған кезеңі болды. Сол бір жылдары 13 бас редакция жыл сайын түрлі салаларға арнап 130-150 топтама бағдарламалар жасап отырды. Қазақстандық телеарналардың ішіндегі тәжірибесі жағынан толысқан, тарихы бай, мұрағаты мол Қазақстан ұлттық телеарнасы ескі мен жаңаны қосып тұрған көпір сияқты. Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде? Көкірегі ояу, көзі ашық көрерменнің әрбірін мазалайтын орынды сұрақ.
48 жыл. Бой өсіп, ақыл тоғытатын, ой кемелденіп, пайым-парасаттылыққа ұласатын қуатты шақ. Отызында орда бұзған жас түлектің бүгінде жетпістің қырқасындағы шағы. Бажайлай қарасақ, өткен шақпен үндесіп, бүгінге жеткен көз көрген қауымның да қатары сирексіп, барлардың өзі шау тартқандай. Қазақ топырағында теледидар іргесін қалаған Қ.Сағындықов, Х.Абылғаин, Ә.Байжанбаев, С.Нұрғалинов, И.Саввин, В. Прасолов, С. Шәріпов, И.Смирнов, В.Немирский, Н.Қожасбаев, Қ.Мусин, М.Барманқұлов, С. Масғұтов сияқты арыстардың көпшілігі бүгінде арамызда жоқ. Жаңа өнердің қадасын қағып, қабырғасын бекемдеген сол азаматтарды бүгінгі теледидар төріндегі жаңа жұлдыздар білмейді де. Олай дейтініміз, туған теледидарымыз туралы жүйелі жазылған тарих, терең зерттелген ғылыми еңбек аз.
Ағалар салған сара жолмен 60-80 жылдары арынды келген бір топ жастар легі Ж. Смақов, Ж.Нұсқабай, С.Оразалин, Қ.Игісін, С. Қаратаев, Ф. Бегенбаева, Л. Есенов, Ы. Қасымов, Ш. Баймолдина, Ғ. Шалахметов, С. Әшімбаев, Л.Сейітов, Қ.Қорған, Н.Иманғалиұлы, С.Байхонов, Қ.Аралбаев, Б.Құсанбаек, Ә.Ысқақова сынды мамандар теледидар көгіне қалықтап шықты. Бастау бұлағында Ұлы Даланың ешқашанда тот баспайтын, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып жатқан ауыз әдебиетінің мол үлгілерінен сусындап өскен, шешендік өнерге етене жақын, сөз құдіретінен ой түйдегін ағытқан от түлектер қыры да сыры да мол өнер түрінің қалың қалтарыстарындағы құпияларға шындап ден қойды. Ұлтқа әлі сіңісе қоймаған телеөнер саласын игеру, оның сырларына кірігу оларға оңай болған жоқ. Сыры да мол, сымбаты да көз қаритындай телеөнердегі ізденістер мен іркілістер, тәжірибелер мен жаңалықтар да сол жылдары қомақты болды.
Қазақ теледидарының қалыптасу кезеңі мен даму процестеріне кеңестік теледидар моделі негіз болды. Оған себеп, әлемдік теледидар тарихына орыс экран өнерінің қосқан мол мұрағаты бар. 30- шы жылдардан бастау алған Кеңес теледидары 60 жыл бойына дүниежүзіндегі экран алпауыттарымен иық теңестіре жүріп, мол тәжірибе жинақтады. Радио мен газет, театр мен кино шекпенінен шыққан адуында шоғыр өздерімен бірге телеэкранға жаңа бір леп, тың түр мен соны пішін алып келді. Эфирдегі шеберлік, режиссерлік шешімділік, операторлық қырағылық, от ауызды, орақ тілді жүргізушілер құдіреті 60-80- ші жылдар аралығында кеңестік көрермендерін теледидар өнерінің құдіреттілігіне бас идірді. Бейнелік қатардағы бояу түрлерінің алуандығы мен теледидардағы техникалық мүмкіндікті молынан пайдаланған мәскеулік экран шеберлерінен тәлім алар тұстар да, көңілге түйер ойлар да, үлгі болар формалар да мол болатын.
Қазақ жастарының экран өнеріне тез кірігіп, еркін меңгеруіне отандық театр мен радио, кино өнеріндегі тамаша жетістіктер өздерінің игі әсерін тигізді. Дегенмен, ұлттық телеөнерімізге АҚШ, Еуропа, Ресей телесахнасынан бөлек, ұлттық бояуға бай, халықтық өркениетке де бейімделу қажет болатын. Ал мұның өзі өзге қырынан қарағанда, экранда ұлттық қасиетпен шектелу еді. Бұл жолдың теледидардың өзінен-өзі оқшауланып, олардың өмір сүру кеңістігін тарылтып, көрермендер аудиториясының азаюына алып келетіндігі тағы аян. Сондықтан экран өнері жаңа пішіндер мен тың идеяларды қажетсінеді. Онсыз теледидар тек қазақ тынысымен тыныстап, ұлтына тән ұлттық бояумен ғана өрнектелініп қалатын. Ол ашылмаған құпиясы мол өнердің өзіне тән көркемдік қасиетінен айырылып, қазақ менталитетінің мұрасымен ғана сусындауына алып келетін жол еді.
Өнер түрінің бәрі де ұлттық сананың қалыптасуы мен дамуына, қоғамдағы көңіл-күйге, рухани дүниемізге елеулі әсер етеді. Бейне мен дыбыстың бір мезгілде қатар тоғыса келіп, психологиялық көңіл-күйге әсер ететін сілкіністің құдірет-қарымы шексіз. Өмірдегі күрмеуі мол проблемалар, қоғамдағы күрделі өзгерістер де сол жылдардағы сан салалы хабарлар өзегіне негізделіп, көрерменге ұсынылып жатты. 60- шы жылдардағы Телевизиялық кафе, Пай-пай жиырма бес, ...Афтограф береді, Мыңдар жарысының маршрутымен, Сырласу, Жолдас хабарлары сан мыңдаған аудиториямен жылы қауышып, жүректерге жол тапты. Алайда, өткен ғасырдың соңғы он жылдығы Қазақ теледидары үшін шын мәнінде тоқырау жылдары болды. Егемен елестен шындыққа айналып, әлемдік терезе айқара ашылып, батыс пен өзге елдердің телеөнеріндегі сан алуан бағыт экранға лап қойған кезде, біздің орта әлемдік авангардты қуып жетуге ұмтылды. Әрі жаңа қоғамдағы өзгермелік ахуалдың құбылмалығы да қазақ телесахнасының эстетикалық құндылықтарынан айырыла бастауына, есесіне жеңіл әуендегі клиптік танымға ыңғайласуымызға негіз болды. Бұл өз кезегінде телеөнердің өн бойындағы үздіксіз өтуге тиіс көпмәнділіктің әрі тұтастықтың жоққа шығуына әкеліп соқтырды. Мұнда эфирлік эффектілерге, көрермендерге әдеттегіден өзгешелеу әдістерге молдау орын берілді де түр мазмұнынан гөрі биік сипат алды. Бұл да өтпелі кезең еді.
Қазақ телевизиясы өз жолын осылай жалғастыра берді. Содан асыққан, аптыққан реформалар кезеңі келді. Біртұтас телевизия үш компанияға, он сегіз студияға бөлініп кетті. Сөйтіп қалыптасып қалған Қазақ телевизиясының берекесі кете бастады...
Осы қиын-қыстау кезеңдерде арнаға көмекке келген Хабар телеарнасының қызметкерлері болды. Бұл туралы Қазақстан тудей өзінің 2001жылғы №9 санында былай дейді: Қазақстан үкіметінің Мемлекеттік радио мен телевидениенің дамуындағы кейбір сұрақтары бойынша қабылданған қаулысымен (№1018 2001 жылдың 2 тамызынан) Қазақстанның телевидениесі мен радиосы (РКТРК) ЖАҚ-тың мемлекеттік акция пакетін билеу құқы Хабар агенттігі жабық акционерлік қоғамының қолына өтті. Бұл факт ұзақ уақытқа созылған келіссөздерге нүкте қояды. Келіссөздер барысында Хабар агенттігі мен РКТРК- ның жетекшілері кейінгі кезде рөлі мен жағдайы төмендеп кеткен Қазақстан-1 ұлттық арнасына көмектесудің ең нәтижелі әдісін тапты. Сенімді басқару қысқа уақытта Қазақстан-1 телеарнасының экономикалық және шығармашылық жағдайын тығырықтан шығарып, көтеріп кетуі керек. Жаңа басшылық Қазақстан-1дегі басқару жүйесін жетілдіру, қаржылық мәселелерді қатаң бақылауға алып, кадр алмастыру, технологиялық ресурстарды жаңарту, бір сөзбен айтқанда, елдің ұлттық арнасын заманауи сұраныстарға жауп беріп, стандарттарға сәйкестендіретін жағдай жасау керек. Ақыры бәрі де саябыр тапты. Өзінің арнасына түсті. Ал 1995 жылдан бері шаңырағын көтерген Хабар агенттігі Қазақстан ұлттық арнасына тәп-тәуір бәсекелес болды.
Тұсауы 1995 жылы кесілген Хабар агенттігінің құрылған күнінен бастап барлық әрекеті көрерменнің көз алдында. Хабар бас-аяғын тез жинап, аз уақытта көп іс атқарып үлгеріп, мынау деп ұялмай көрсете алатындай дәрежеге жетті. INTELSAT-703 жер серігінің көмегімен бүкіл республика аумағын, Ресей мен Орта Азия және Қытай Республикасының көршілес аумақтарын қамтитын ірі ұлттық арнаның орта тәулік хабар тарату көлемі 15 сағат, осы уақыт ішінде қазақ және орыс тіліндегі жаңалықтарымен құлағы түрік, көкірегі ояу көрермен он рет жүздесіп, күнделікті ақпарат алады. Республикада, әлемде, үкімет пен парламентте көтеріліп жатқан оқиғаларды теледидар көрермендеріне нақты жеткізу жолында жүздеген қызметкерлер тынымсыз еңбек етеді. Хабар халық пен қоғам өміріне белсене араласып, көрермендерімен қоян-қолтық жүреді. Елде қандай игілікті іс болса да содан тек репортаж жасаушы ғана емес, ұйымдастырушысы, ұйтқысы болып , басы-қасында Хабар өзі жүреді. Хабардың арқасында қазақстандықтар тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатынан, Сидней Олимпиадасынан қазақ тілінде жүргізілген хабарды тамашалады.
Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап жеке меншік телеарналар ашыла бастады. Әуел баста эфирді немен толтырам деп қам жеп, аяқтарынан қалт-құлт тұрған тәуелді, тәуелсізі бар телеарналар қазір қоғамда өзінің орнын тапқан. Телеарналар арсындағы нағыз бәсекенің ауылы алыс болғанымен, бүгінгі күннен бастап оның қабырғасы қалануда. Әр телеарна көпшілік арасында рейтингісін көтеру үшін күннен күнге түрлі хабарлар ұсынып жатыр. Барлығы бірдей дерлік сәтті шықпаса да, арасынан саңылау тауып, халықтың көзайымына айналғандары қаншама. Бұрынғыдай емес, арналар арасында бәсеке пайда болды. Заман талабына сай енді телеарналарға жаңа, өткен ғасыр техникасынан анағұрлым қуатты, мүмкіндігі мол техникалар қажет болды. Сөйтіп, цифрлі технология өмірімізге ентелей енді. Цифрлық технологиялар - бейне коммуникациялық хабарламаның жетілуі нәтижесінде дәстүрлі өндірістік әдістерді сақтауда, таратуда және қабылдауда технологиялық өзгерістер белең алуда. Мысалы, 1979 жылдан бастап Сони, Филлипс компаниялары стандартты цифрлық дыбысты жүйе СД форматты жетілдіруде. Ол дискі және аппаратурада нағыз революция жасады. Аудиотехника тарихы СД дискісінің пайда болуына дейінгі және одан кейінгі 2 кезеңге бөлінді. СД жүйесі көпшілік аудиотехникаға екі бірдей жаңалық әкелді: цифрлық өңдеу және оптикалық жазу тәсілі. Соңғы жылдары бұл жаңалық дыбыстық және аудиовизуалдық техникада қарышты қадам жасады. СД алғашқы орыннан магнит таспаны шығарып тастады. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын теледидардың мүмкіндігі де үлкен. Қазақстанды былай қойып, дөңгеленген дүниедегі дүбірдің бәрін санаулы минуттарда естіп-біліп отыруымызға теледидардың тигізетін пайдасы зор. Жүрдек уақыттың уысынан шыға, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды. Шын мәнінде де солай. Жетпіс жылдың ішінде ол газетің мен радиоңнан, театрың мен киноңнан оқ бойы озық шығып, жеке дара көш бастауда. Оның көрермендері миллиардтармен есептелінеді. Көгілдір экранның құдірет-қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери күшінен әлденеше есе артық. Сондықтан да оған аса сақтықпен қараған орынды.
Теледидар-тек хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттық та құрал. Зерттеуші Құдайберген Тұрсын теледидар әсерлілігіне мынадай анықтама береді: Теледидар әсерлілігі өзіне 3 негізгі бағытты қамтитын, әлеуметтік ақпарат тұжырымдамасын жүзеге асырады: Ағартушылық білім жөнінде негізгі ақпарат болып табылатын хабарламаны таратады; Танымдық логикалық және прагматикалық ақпарат негізінде алынған өзіндік білім туралы ұғымды қалыптастырады; болжаулық болашаққа баға беріп, ол туралы ұғымды қалыптастырып, ол туралы деректі таратады; ұлттық мәселе төңірегіндегі өткір проблемаларда қоғамды топтастыруға қызмет етеді. Біздің күнделікті өміріміз, тіршілігіміз, бізді қоршаған орта туралы шынайы көріністі бейнелейді, ой-өрісімізді түрлі ақпараттармен кеңейтіп, сезімімізді қалыптастыруға, әдеттеріміздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне әрекет жасайды. Аса мәнді әлеуметтік проблемаларға көпшіліктің көңілін аударады, экологиялық этика, қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік позициясын айқындауға, сан миллиондық аудиториямен жылдам кері байланыстың орнығуына, бұл байланыстардың қоғам санасын қалыптастыруға әсерлілігін арттыруға, қоғамның жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, байланыстың кезеңмен дамуын сезінуге жағдай туғызады. Қоғамдық мінбеге айналу, орталық және аймақтық, заң шығарушы және орындаушы тұтқалардың халқы алдында есеп беруі, өз саясатын түсіндіру, өз қатарына халықтың қалың тобын тартуға, қоғамның әлеуметтік ақпараттануына басты мәселені шешуі, психологиялық құқықтық қоғамға тиімді бағытталуына жағдай туғызу, сезімталдық, логикалық және прагматикалық ақпаратты негізге алуға; ең бастысы-хабардың соңғы нәтижесінің тиімділігін сезінуге; телекөрерменнің әрқайсысына сол сәтте өзімен бірге миллиондаған адамның сол хабарды көріп отырғандығын сезінуі, әрі телеэкрандағы пікірді өзіне қарата отырып ұғынуына; телекөрерменге қарама-қарсы пікірдегі ойлардың да айтылмайтынын сезінулеріне; табар ақша қатынасындағы өзгерістер, экономикалық ақпараттың шыншыл және ашықтығы, коммерциялық тақырыптардың ауқымын ұлғайту, табар және қызмет, фирма және компания, ертеде талдау мен сынауға жабық болған тақырыптар тағы сл сияқты олардың әрқайсысына шыншыл, жылдам әрі орнықты баға беру, теледидар хабарының әрқайсысының міндеті. 2. 380 б..
Отандық телеиндустрияда бәсеке әлі жетер жеріне жетіп қалыптаса қойған жоқ. Десек те, осыдан 2-3 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді. Жыл сайын жаңа телеарналар ашылып, ай сайын әр телеарнадан шығып жатқан жаңа жобаның куәсі болудамыз. Саннан сапаға көшетін күн алыс емес. Өйткені ХХІ ғасыр көрерменінің талғамы жоғары. Бізге қазір ештеңе атңсық емес. Сапасыз, нашар хабарды эфир уақытын толтыру үшін немесе 50х50 принципін сақтау үшін түсіре беруге болады. Бірақ оның кімге пайдасы бар?
Отандық телеарналардың барлығы да ақпаратты бірінші болып таратуға, халық арасында бағасының жоғары болуына атсалысып жатыр. Республика көлемінде хабар тарататын Қазақстан Ұлттық телеарнасы, Хабар агенттігі, КТК, 31 арна, НТК, Еларна сияқты телеарналардың барлығы бірдей дерлік жоғарыда берілген анықтамаға сай жұмыс істемейді. Мәселен НТК арнасы күнұзын шетелдік телесериалдар көрсетумен ғана шектеледі. Арнаға сыймай асып-төгіліп жатқан сериалдар легі қазақ тіліндегі Соңғы ақпараттарды да ығыстырып шығарды. Отандық телеарналардың ішіндегі ұлттық мәселені бірінші орынға қоятын Қазақстан ұлттық телеарнасы ұжымының бүгінгі күні атқарып отырған жұмысын аса жоғары бағалауға болады. Ақпараттық-танымдық, әдеби-сазды бағдарламалары әр көрерменінің жүрегіне жол табуда. Осыдан екі-үш жыл бұрын халық Хабар арнасына көбірек мойын бұратын. Өкінішке орай, бұл арнада қазір тұшынып тыңдайтын, сүйсініп көретін бағдарламалар азайып кеткен тәрізді. Әлде бір продюссердің қолынан шыққан дүние болғандықтан ба, хабарлар бір-бірін айна-қатесіз қайталап жатыр. Мәселен, Кеш қалмаңыз бен Таң қалмаңыздың қандай айырмашылығы бар? Ал КТК мен 31 арнадағы Ел сойылы, Ел-жұрт бағдарламаларын көрсең, гүлденіп келе жатқан Қазақстанды танымай қаласың. Бір серпіліс жоқ, қашан көрсең де, құрыды, бітті, жоқ деп жақтары сембей жатады. Теледидардың тағы бір құдіреті- сенің сырласың мен досыңның рөлін алмастырады. Біз бұрынғыдай оны қосып қойып, телміріп отыра бермейміз, біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ол, әрине, тікелей эфирдегі бағдарламалар. Өзіміз атын тек газет беттеріннен оқитын өнер иелері болсын, қоғам қайраткерлері, министр, басшылар болсын - тікелей эфир қонағы болғанда мазалаған сұрағымызды қоюуға мүмкіндіктер аламыз. Теледидардағы өзге хабарлар бір төбе болғанда, тікелей эфирдегі хабардың өзі бір төбе. Ендеше, замана құдіреті, көгілдір экранның ең биік жетістігі тікелей эфир жайлы зерттеуімізге көшсек.

2. Тікелей эфир ерекшеліктері
Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың әрқайсысына талдау жасамас бұрын, "Тікелей эфир дегеніміз не?" деген сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир - тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылытын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.
Бір кездері пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда болды: телеүндесу, кері байланыс, студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л. Цвик мынадай тұжырым жасады: Жүргізуші- журналистің тікелей эфирдегі табысы- кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі. 2. 208 б.. Ол рас, тек бұл тұжырымдама тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескерілмеген. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимылыңды қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан-аяқ рет-ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын-ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-тхникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деуімізге негіз бар. Тікелей эфир тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.
Эфир - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе жоғарғы ауа деген мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі баламасы әуе толқыны. Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат.
Айтылған сөз атылған оқпен тең деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі ережесі деуге әбден болады. Тікелей эфир кезіндегі мәтінді өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу - айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир - уақытқа тәуелді құбылыс. Ал екіншіден тікелей эфир дегеніміз - теледидардағы интерактивтілік. Интерактив деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Енді сол кері байланыс орнататын құралдарға жеке-жеке тоқталсақ.
Пейджер. Біржақты, соған қарамастан, кері байланыстың ең тиімді түрі. Эфирлік студиядағы пейджерге көрермендердің жүргізушіге айтқан тілектері, жолдаған құттықтаулары келіп түседі, ал жүргізуші жауапты тікелей эфир арқылы береді. Респубикалық деңгейдегі телеарналарда жүретін тікелей эфир хабарлары қазір пейджерді пайдаланбады. Өзіміз күнде көріп жүрген Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасындағы Таң жарық интерактивті ойын-сауық бағдарламасында пейджердің алатын орны ерекше. Көптеген құттықтаулар мен тілектер, сауалдар, кейбір ұйымдастырылған ойын жауаптары пейджерге толассыз түсіп жатады. Телефон желісі бос болмағанда пейджер көрермен үшін көп көмегін береді.
Телефон. Телефон желісіндегі көрерменмен кері байланыс қазіргі заманғы тележурналистикада кеңінен қолданылуда. Телефон арқылы құттықтау жолдайды, тыңдағысы келген әндерін сұрайды, шақырылған студия қонағына өзін мазалағын сауалын қояды. Және соның бәрі тікелей эфирде өз дауысымен айтады, бағдарламаға қатысып отырған қонақпен тілдеседі, өз пікірін білдіріп, ой таластыруға мүмкіндік алады. Жүргізушілер ескерер тағы бір жайт, телефон шалушы көрермен ә дегенде тікелей эфирге дауысым естіліп тұр деп ойламайды немесе мен оларды естіп тұрмын, олар мені тыңдап отырған жоқ деп ойлайды. Сол себепті қайта-қайта алло, алло деп біраз уақытты алады. Онымен қоймай, дауыс естілмей тұр деп теледидардың дауысын барынша жоғары қояды. Мұның салдарынан эфирде шыңылдаған жағымсыз шу пайда болады. Тәжірибелі жүргізуші мұндай кезде бірден хабарласушымен амандасып, теледидардың дауысын сәл бәсеңдетіп қоюуды өтінуі шарт. Олай етпегенде телефонның арғы бетіндегі көрерменмен бергі бетіндегі жүргізушілер бір-бірін естімейді. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, кей жағдайда көрермендер тарапынан жүргізушілерге деген жағымсыз пікір, былапыт сөздер айтылып кетуі мүмкін. Мұндай келеңсіздікті эфирге жібермеу үшін телефонда кезекшілік етіп отырған қызметкер сақ болғаны жөн. Ол хабарласқан адамнан не айтпағын, қандай сауал қоймағын егжей-тегжей сұрауы шарт. Егер оқыстан біз айтқандай жағдай бола қалса, жүргізуші ештеңе болмағандай жайбарақат, тіпті естімегендей күй танытқандары дұрыс.
Соның бәрімен қатар, көрермендердің ұтыстарға, алуан түрлі телеойындарға қатысуы да интерактивтілікке жатқызуға болады. Әлбетте, телеойын жеңімпазының сыйлық алу үшін телеарнаға келуі дәстүрлі құбылысқа айналған. Бұл көрермен мен журналистерді жақындастыра түседі. Ал бұқара үшін жұмыс істейтін БАҚ өкілдеріне, нағыз журналистке көрермендердің алғысы мен рахметін алғаннан асқан бақыт жоқ. Бұл тек сол жүргізушінің беделін өсірмейді, бұл журналист қызмет ететін арнаның рейтингінің өсуіне ықпал етеді. Сонымен, қазіргі заманғы теледидардағы интерактивтілік біздің қоғамымыздағы электронды бұқаралық ақпарат құралдарын үйлесімді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті туғызушы фактор - телевизиядағы кері байланыс процесі.

2.2 Телевизиядағы кері байланыс процесі
Телевизияның адамзат баласының бір-бірімен негізгі қатынас құралдарының біріне айналғанына да жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Осы мерзім аралығында оның теориясы мен тәжірибесі, атқаратын функциясы, қоғамдағы қызметі жайлы жан-жақты, толымды зерттеулер жүргізілуде. Алайда теледидардағы кері байланыс процесі туралы ғалымдар әлі де бір тоқтамға келе алмай келеді. Оған себеп, кері байланыс процесінің уақыт өткен сайын аудитория мен студия арасын түрлі қырынан жақындастыра түсуінде болып отыр. Зерттеуші Ю.А. Щерковин ақпараттық маңызға ие, хабарлар процесі мен белгіні сезім арқылы қабылдау - деген анықтама береді. 3.59 б..
Бүгінде БАҚ-тың ішінде көпшілік қатынасында маңызды рөлді телевидение атқарады. Егер телевидениені программаның жиынтығы ретінде қарасақ, онда талдау жасайтын негізгі зат телевизиялық хабарламаның спецификалық құрылым болып табылады. Ондай жағдайда зерттеуші әрекетке мәтіннің қатыстылығын зерттеуін семантика проблемасына, не болмаса мәтіннің ішкі элементтеріне айтарлықтай қатысы бар синтактикаға көңіл аударыд. Егер телевидениені көпшілік ақпарат тарату предметі процесі түрінде қарастырсақ, онда талдау предметі хабарламаны жіберуші мен аудитория арасындағы қатынасқа негізделеді. К. Шенон, техникалық байланыс арнасының өткізу мүмкіндігін зерттеген кезеңде, ол басты бес компонентті айқындайды: қайнар көз, таратқыш, сигнал, қабылдағыш, адресат, әрі ақпаратты таратуға әсер ету факторы ретінде бөгеуілді (шуды) атап көрсетті. 4.121 б.. Мысалы, мұнда телеграмманы жіберуші қайнар көздің хабарлаушысы, телеграфист-таратқыш, (кодировщик) байланыстың бірінші жағындағы және қабылдағыш (декоровщик) байланыстың екінші жағындағы, ал телеграмманы алушы - адресат рөлін атқарушы болып айқындалады.
БАҚ жүйесіндегі кері байланыс процесі аудиториямен түсіністік байланыс орнатудың бірден бір тиімді жол болып табылады. Кибернетикадан БАҚ-қа келген кері байланыс ұғымы бүгінде көпшілік-ақпарат өндірісінің тәжірибесінде ұйымдастырудағы орталық элементтердің біріне айналды. Ол, жалпы көріністе өмір сүру элементінің жүйесі және пайда болу механизмінің белгісі ретінде, өзін-өзі реттеу теу мен ішкі үйлестірудің икемсізделуінсіз өз мәнін жояды. Көпшілік қатынасында кері байланыс, белгіге жауап ретінде - аудитория реакциясын білу немесе халық пен БАҚ арасындағы байланысты жандандырушы рөлін атқарады. Бұл реакция жайлы білу тек іскерлік қатынаста ғана жемісті емес, ол эмоциональды-психологиялық жағдайда да керек. Кез келген шығармашылық натура өзінде сезім мен ойдың қарсылық әрекетін туындатады. Хабар жасау мен тарату және оны аудиторияның қабылдауы кезінде әрі оған әсер ететін қандай да бір жағдайлардың бәрінде де басқару процесі бар. Алайда, барлық басқару элементтерінде аса бір қажеттілік, ол кері байланыс процесі болып табылады. Сондықтан, коммуникатор өзінің қызметінде үнемі аудиторияның реакциясын және әрбір хабарламаны соның ыңғайына сай етіп жасауды әрдайым есепке алғаны орынды болар еді. Басқару қашанда ақпаратты тарату арқылы жүзеге асады. Ал, ол хабар әрбір студияға таратылуы үшін, коммуникатор кодировкалауды жасап, содан кейін ғана аудитория алынған мәтінді кодировка жасайды. Осы жерде маңызды бір сұрақ туындайды. Ол көпшілік ақпаратты хабарлау кезінде қай фактордың пайда болған шуылға әсер ететіндігі. Егер таза техникалық жағдайды есепке алмасақ, онда коммуникатор мен реципиентке әсер ететін қандай да бір параметрлермен байланысты факторларды ескеруіміз керек. Ақпарат кодировкасына көпшілігінде әсер ететін, әрі хабарлау кезінде мәнге ие болатын: а) сенім, бағалалықтан хабардар болу, қондырғы; б) хаардарлық (білім), шеберлік (ақылдылық), шығармашылық машық; в) қажеттілік, қызығушылық себепкер екендігі келіп шығады.
Журналистикада аудиториямен тікелей байланыс аса маңызды. Ол өзінің өмір сүру уақытынан бері өзіне аралық қатынас мүмкіндігін иеленді. Ұзақ мерзім бойына газетегі жарияланым не радиодағы берілім бір жақты қатынас түзілім болып табылып келді., себебі автор оқырман не тыңдарманнан кері байланыс импульсін ала алмады. Бүгінде радио тыңдарманы сол сәтінде студиядағы жүргізушімен бірлікте сұхбатқа араласып, өз пікірін білдіріп, не қойылған сұраққа жауап беріп жататын мүмкіндікке толықтай ие болып отыр. Егер біз шын мәнінде радио не теледидарда сұхбатқа дайындалсақ, онда сыртқы әлеммен байланыстағы коммуникатор рөлін күшейтуге тиіспіз. Кері байланыс процесі кезінде мына мәселелерді әрдайым есте сақтаған жөн.
1. Көрермен әрқашанда хабардың көңіл-күйге жағымды әсер етуін қалайды. Олар экраннан зорлық-зомбылық, өлім мен жәбірлеу, кемсітушілік секілді хабарламаларды көруге құлықсыз. Олар үшін күнделікті, қарапайым өмірдегі жай нәрселер қызғылықты. Көпшілігінде көрерменді ел көлеміндегі игілікті істер мен өмірдің түрлі саласындағы күрделі мәселелердің шешілу жолдары жайлы ұсыныстар қызықтырады.
2. Көрерменді саясаттан да гөрі, халықтың әл-ауқатын жақсарту жолындағы басты тетік экономикалық мәселелердің ел көлеміндегі жағдайы мен тарих, тәрбие, өнер, мәдениет, қоршаған орта, тағам сапасы және тағы да басқа маңызды мәселелер толғандырады.
3. Бүгінде әлем елдерінің көпшілігінде дерлік алдыңғы кезекке этикалық және мәдени проблемасы мәселесі шығып отыр. Сондықтан осы бағыттағы ашық пікірталасқа көрерменнің өздерінің жиі әрі көптеп қатысқандары орынды.
4. Көпшілігінде эфирден балалар мен жастар, тәрбие мәселесі сирек беріліп жүр. Әрі қоғамдағы технологиялық жаңарулар да қызғылықты тақырып болып табылады.
Кері байланыс арқылы тікелей эфирде өтіп жатқан хабардың рейтингін, яғни таралымы мен көрілімін еш қиындықсыз аңғаруға болады. Егер хабарға қатысып отырған қонақ қоғамдағы күрмеуі шешілмеген мәселені талқылап жатса, оған халық тарапынан да қойылар сауал аз болмайды. Ал, тек белгілі бір топқа ғана қызық болып көрінетін, көпшілік аудиторияның сұранысына ие болмайтын тақырып халықты да, тіпті журанлистерді де қызықтырмауы мүмкін. Сондықтан тақырып таңдау журналист үшін бірінші нысан. Жүрізуші келген қонаққа халық тарапынан қойылар сауалға жауап бермейтінін де ескертіп қойғаны жөн. Теледидар арқылы жүзеге асатын, көпшілік ақпарат процесіндегі кері байланыс процесінің жүру барысы туралы доцент Құдайберген Тұрсын жасаған схеманы А қосымшасынан көруге болады.
2.3 Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі.
Тікелей эфирдегі жұмысты жүзеге асыру сипаты өндірістегі жоғарғы қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей эфирді шығармашылық-өндірістік процесс ретінде қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер көрсетіп бергендей, тікелей эфирдегі жүргізушінің қызметі айрықша, кейді тіпті, төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен қатар, арнайы психологиялық дайындық қажет. Негізінде, тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың іргетасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистің кәсіби санасының құрылымы
Телевидениедегі сұхбат жанры және тікелей эфир
Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
Бұрынғы қазақ теледидары қазіргі бірегей телеарна қай деңгейде
Шешен сөйлеу - дикторға тән қасиет
ФИЛОЛОГИЯ МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША КӘСІПТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ
Телехабар - теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату
Тікелей эфир аудиториясы
«Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы ойын-сауық бағдарламалары
Телевизиялық жаңалықтар қызметі: жылдамдық және шынайылық
Пәндер