Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Билет1
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы -- XIX ғасырдың екінші жартысы -- XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті.
Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы -- XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері мен медреселерде, не орыс-қазақ, бұратаналық, ауылдық мектептерде оқып, бастауыш білім алуға болатын еді. Мұсылман мектептері мен медреселері байырғы ұлттардың балаларына білім және тәрбие берудің негізгі, ал Ресейдің отарлауы басталғанға дейін бірде-бір буындары болды. Бұл мектептер мен медреселердің басты мақсаты діни білім беру болғанымен, олардың оқу бағдарламаларында зайырлы пәндердің де елеулі орын алғанын атап өткен жөн. Оқыту және тәрбиелеу әдістерінің қаншалықты жетілдірілмегеніне қарамастан, бұл мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің де мүдделеріне қызмет етті.
Медреселердің оқу бағдарламалары[өңдеу қайнарын өңдеу]
Медреселердің оқу бағдарламаларына пәндердін мынадай топтамалары енгізілді: 1) араб тІлі, грамматика, морфология, синтаксис, этимология, араб риторикасы, араб тарихы, Құран оқу туралы ғылым және ғылыми-мәдени пікірсайыстар; 2) дін ілімі мен зантану -- Құранның мазмұны мен маңызы, құқық, діни ережелер, мұраны болу тәртібі туралы ілім, зантану негіздері; 3) философия, логика, математика, география, астрономия, химия және жаратылыстану ғылымдары. Отарлау кезеңінде, әсіресе XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында өкімет орындары мұсылман мектептерінің өміріне араласпау туралы сөз жүзінде мәлімдей отырып, орыс-бұратана ұлттар мектептері желісін кенейту және басқа да шаралар арқылы медреселерде оқитын балалар санын азайтуға қол жеткізді. Патша өкіметі жаңа әдіспен оқытатын мұсылман мектептерінің қызметін бейтараптандыру жөнінде белсенді шаралар қолданды, олар қазақ халқының арасында исламшылдық және түрікшілдік идеяларды тарату жөніндегі қамалдар деп қарастырылды.
Діни мектеп ретінде, мұсылман оқу орындары діни мекемелерге ғана бағынышты болуга тиіс еді, сондықтан да мұсылман мектептерінің ықпалын шектеп, оларды азаматтық мектептермен қосуға наразылық білдірілді. Алайда бұған қарамастан 1874 жылы Қазақстанның мұсылман мектептері Халық ағарту министрлігіне тікелей бағындырылды. Империялық үкімет мұнымен тоқталмай, 1876 жылы мұсылман мектептеріне орыс сыныптарын енгізу арқылы орыстандыру жөнінде тағы бір ірі қадам жасады. Халық ағарту министрлігінің ресми мандатын алған орыс әкімшілігі мұсылман мектептерінің жанынан орыс сыныптарын ашуға белсене кірісті, мұның өзі мұсылман мектептері жанындағы орыс сыныптары орыс мемлекетінің үстемдігін орнықтыруға қажет деп санаған отаршыл әкімшіліктің қалың тобына қатты ұнады. Көшпелі болса да, мұсылман болсада, қазақ орыс тілін білуге тиіс, өйткені бұл -- Мемлекеттік тіл, үкіметтік және сот орындарында іс сол тілде жүргізіледі. Мұсылман оқу орындарына қатан талаптар қойылды, олардын бұзылуын отаршыл әкімшілік үнемі қудалап отырды. Бірақ бұған қарамастан, Қазақстан аумағында мектептер мен медреселер саны үздіксіз өсе берді, өйткені оқуға тілек білдірушілер саны барған сайын арта түсті.
Дәстүрлі мектептер[өңдеу қайнарын өңдеу]
Дәстүрлі мектептердегі оқуды бітіргеннен кейін қазақтар өз балаларын шәкірттерді жана әдіспен оқытатын Уфадағы Ғалия, Орынбордағы Хусаиния, Троицкідегі Расулия, Уазифа сияқты ірі медреселерге оқуын жалғастыруға жіберетін. Басқаларымен салыстырғанда, Ғалия медресесінде мына пәндер: шығыс тілдері, логика, философия, тарих, математика, география, орыс тілі, адам физиологиясы оқытылатын. Бұл медресенің қабырғасында 300-ден астам қазақ баласы білім алды. Олардың арасында қазақтың белгілі зиялылары, жазушылар Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, М. Жұмабаев, педагог-ақын Т. Жомартбаев, М. Оразаев, Н. Манаев, Ж. Тілепбергенов, М. Тұрғанбаев, Ғ. Қайыров, Ә. Сұлтанов және басқалар бар.
Медресенің тәрбиеленушілері озық демократиялық идеялардың ықпалына түсті. Олар ескі оқыту әдістеріне, артта қалушылық пен надандыққа қарсы шықты. Шәкірттер арасында ұлтты түлету, өз елінің тарихын,әдебиеті мен тілін оқып-үйрену, зерттеу идеялары кен таралды. Ғалия медресесінің қазақ шәкірттері жастарды әдебиетке тарту мақсатымен 1916 жылдан қолжазба Садақ журналын шығарып тұрды. Садақ журналы апта сайын шығарылды, оның редакторлары сол жылдары медреседе оқып жүрген Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин мен Ж. Тілепбергенов болатын. Садақ журналы елді жаңғыртуды қазақ әдеби тілін дамыту, ұлттық әліпбиді қалыптастыру, ана тілінде оқулықтар шығару проблемасымен ұштастырды. Елдің көзін ашып, рухани түлеуге үндеген озық ойлы жас зиялы азаматтардың соны- на түскен полициялық бақылаудық құпия хабарында былай деп жазылған: Олар қазақ тілінде теріс бағытта шығарылған, Уфада басылған кітапшаларды әкеліп, халық арасында таратады. Кітапшалар арасынан:Оян, қазақ!, Тұр, қазақ! және Маса мысалдар жинағы мәлім, аталған басылымдарда қырғыздардың (қазақтардың) құқықсыз ауыр жағдайы туралы айтылады, аграрлық мәселе қозғалып, қазақтардың пайдалануындағы жер мөлшерінің тарылтаны көрсетіледі

Билет2
Қазақ ауылы орталықта болып жатқан оқиғалардан тікелей тысқары тұрса да, қалаларда революция қарсаңындағы жасырын ұйымдар қалыптасқанын біліп отырды. 1902 жылы Орынборда тұңғыш маркстік құпия ұйымның бірі құрылды. М.В.Фрунзенің, В.В.Куйбышевтің революциялық қызметі Қазақстанда жалғасты.

Отарлық ұлт аудандарының "ұйқыдан оянуына" негіз болған оқиға - "Қанды жексенбі" Петербургте 1905 жылы 9 қаңтарда болды. 1905 жылы ақпанда Түркістанда, Перовскіде, Жосалыда, Шалқарда ұйымдасқан қарсылықтар болып өтті. Торғай, Семей, Орал облыстарындағы қазақ шаруаларының бой көтеруі-патша үкіметінің қоныстандыру саясатына қарсылығының көрінісі болды. Семей, Ақмолада құрылған социал-демократиялық ұйымдар, Орал мен Торғайдағы астыртын топтар еңбекшілердің әлеуметтік құрамын кеңейтті. 1905 жылғы мамырда Верныйда, Перовскіде, Қостанайда еңбекшілердің бірлігін қуаттайтын саяси ереуілдер өткізілді. Қарқаралыда өткен осындай халықтық жиынға Міржақып Дулатұлы белсене қатысты.

Еңбекшілердің саяси көзқарасының өсуіне Бүкілресейлік қазан саяси ереуілі ерекше əсер етті. Перовскіде (Қызылорда), Қостанайда, Оралда, Успен кенішінде стачкалық комитеттер құрылды. 1905 жылы 17 қазандағы патша манифесінің халықты алдау екенін "Алаш" қозғалысы өкілдері əшкерелеп, сынады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Тынышпайұлы сияқты демократиялық жолды ұстаған зиялылыр ұлт мерейі үшін күресті.

Орынбордағы 18-19 қазанда өткен шеру "Демократиялық республика жасасын", "Самодержавие жойылсын" деген саяси ұрандармен өтті.

Перовскідегі саяси шеру қазақ-орыс жұмысшыларының бірлесуімен өткізілді. Жұмысшы өкілдерінен құралған комитет Петербург темір жол жұмысшыларымен байланыс орнатты. 1905 жылы 25 қазанда Омбыдағы ұйымшылдықпен өткен саяси бой көрсету Батыс Сібір əкімшілігін қатты сескендірді.

Қазақ-орыс еңбекшілерінің интернационалдық бой көрсетуінің ең ірісі - Успен (Нілді) кенішіндегі ереуіл. 1905 жылғы желтоқсанда 12 күнге созылған бұл ереуілге 360 (265 қазақ) жұмысшы қатысты.

Кеніш француз президентінің жиені Карноның меншігі болатын, іс басқарушысы - ағылшын Фелль еді. Жалақының тапшылығы, жұмыс істеу шарттарының ауырлығы, ағылшын капиталистері Мессен мен Гиббердің қатыгездіктері ереуілге себеп болды. Ереуілге Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы ұйымы басшылық етті. Ұйымның құрамына Топорнин, Л.Байшағыров, С.Невзоров кірді. Талаптары - азық-түлік бағасын төмендету, жалақыны 15, 25%-ға көтеру, үш сыныптық орыс-қазақ учлищесін ашу, жұмысшылардың тұрғын жайларын жақсарту, фельдшер Е.Костенконы, қызметкер М.Ивченконы жұмыстан шығару, жұмысшыларды су өтпейтін киіммен қамтамасыз ету. Кеніштің шетелдік иелері жұмысшылардың талаптарын ішінара қанағаттандыруға мəжбүр болды. Қарағанды көміршілері ереуілшілерді барынша қолдады.

1905 жылғы 16-28 қарашада Семейдегі пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілін басу үшін облыс губернаторы Қарқаралыдан əскери күш шақыртты. 1905 жылы 6-7 қарашада Верныйдағы Батыс Сібір батальонында, 21 қарашада Жаркент гарнизонында əскери қарсылықтар болды. 1905 жылы 6 желтоқсанда Өскемендегі жұмысшылар жиынында социал-демократ Крушеев патша үкіметіне қарсы күресте ынтымақтасуға шақырды. 1905 жылы 13 желтоқсанда Павлодарда Ертіс бөлімі жұмысшыларының митингісі өтті.

1906 жылғы басты саяси оқиға - Семейдегі шілде айында 500 жұмысшы қатысқан жаппай ереуіл. Басты талаптары - жұмыс күнін 10 сағатпен шектеу, балалар үшін - 8 сағат, ауырған күндерге ақы төлеу, жалақыны өсіру, күштеп қосымша еңбек еткізуге тыйым салу, әйелдердің құқығын қорғау.

Жергілікті құпия большевиктік топ мүшелері Брудневский, Соловников ереуілшілердің күшін топтастыруға күш салды.

1906 жыл Қазақстан шаруалар қозғалысының өрістеген кезі. 1906 жылы Қарқаралы уезінде (Семей облысы), Жаркент уезінде (Жетісу облысы), Əулиеата, Шымкент уездерінде (Сырдария облысы), Орал, Торғай облыстарында шаруалар қарсылықтары болып өтті.

Қазақ шаруаларының қарсылығы туралы "Орынбор өлкесі", "Орал күнделігі", "Орал' басылымдарында жарияланды.

Саяси толқулардың жиілеуінен шошынған патша өкіметі шаралар қолдана бастады. 1906 жылы 10 қаңтарда ішкі істер министрі Дурнов өлкедегі қарсылықтарды жаныштауға арнайы тапсырма берді.

Осындай ауыр жағдайға қарамастан, зиялы ұлттық демократиялық қауымның белгілі өкілдері қазақ еңбекшілерінің заңды мүдделерін қорғауда, талаптарын түсіндіруде аянбай күресті. Олардың қатарына Ə.Бөкейханов (Семей облысы), А.Байтұрсынұлы (Торғай облысы), Б.Қаратаев (Орал облысы), М.Тынышпайұлы, Б.Сыртанов (Жетісу) жатады.

Саяси топтардың, партиялардың арасындағы өзара талас, патша үкіметіне қарсы күрес екінші Мемлекеттік Думаға сайлау кезінде күшейді. Ақмола облысынан большевик А.Виноградов, Торғай облысынан Космодемьянский, Жетісу облысынан ірі көпестің ұлы, еңбекшілер тобының өкілі, Қазан университетін бітірген М.Гаврилов сайланды. Семей облысынан социал-демократ, көрнекті зерттеуші Н.Я.Коншин, Сырдария облысынан еңбекші Колендзян сайланды.

Патша үкіметінің заңына сәйкес "түземдік" халық арасынан депутаттыққа сайланғандар: Ақмола облысынан - молда, мұсылмандық оқу жүйесін сақтап қалуда еңбек сіңірген Ш.Қосшығұлов, Жетісудан - федералист М.Тынышпайұлы, Оралдан - кадет А.Бірімжанұлы, Семейден - ауқатты топтан шыққан Х.Нұрекенұлы.

Мемлекеттік Думаға казак әскері өкілдерінің сайлауы да өткізілді. Жетісу казактарынан Я.И.Егошкин, Сібір казак әскерінен И.П.Лаптев Думаға мүше болды. Семейден сайланған "Семипалатинский листок" газетінің редакторы, қазақ өлкесінің тарихы туралы еңбектің авторы Н.Я.Коншин сайлаушыларға берген уəдесінен бас тартты. Ол Мемлекеттік Думада "Сібір автономияшылары" деп аталған, Сібірдің дербес дамуын жақтаған топқа қосылып кетті.

1905-1907 жылдардағы революцияның жеңілу себептері - қазақ жұмысшыларының аздығы, қазақ ауылдарының басты оқиға орталықтарынан алыста болуы, революциялық күресті ұйымдастыруда ұлттық демократиялық топтардың тəжірибесінің жеткіліксіздігі.

Бұл революцияның Қазақстанның кейінгі саяси қоғамдық дамуына әссері терең болды. Отаршыл саясатқа қарсы тəжірибе жинақталды, ереуілдерді ұйымдастырудағы кемшіліктер кейін ескерілді. Күрес барысында революционерлердің Бәкен Серікбайұлы, Әлімжан Байшағырұлы, Жүсіп Бабайұлы, Мақсұт Бекметұлы, Тәшен Өтепұлы, Ысқақ Қосқабайұлы секілді белсенді ұрпақтары тəрбиеленді.

Билет3
Петициялық қозғалыстың басталуы
Қазақ халқының өз құқықтарын қорғау жолындағы күресінің өзіндік ерекшелігінің бірі алуан түрлі петициялар (өтініш-талаптар) жолдау болды. Ондай петициялар 1902-1907 жылдары жазылып, жоғары билік орындарына жолдана бастаған еді. Оларда қазақ халқын христиан дініне енгізу саясатын тоқтату, мұсылман оқу орындарын құруға қажетті жағдайлар жасау, молдалардың қызметіне кең жол ашу жөнінде нақты талаптар қойылды. Ондай алғашқы петициялар жолдаудың бастамашылары алғашқы кезде дін қызметкерлері болды. Уақыт өте келе жағдай өзгере түсті. Бірінші орыс революциясы жылдарында петициялар жазуды қазақ қоғамының сауатты, зиялы өкілдері өз қолдарына алды.

Петициялар уезд бастықтарына, әскери губернияларға, генералгубернаторлардың, Ішкі істер министріне, тіпті Ресей императоры II Николайдың атына да жолданды.

Петициялар Қазаннан, Оралдан, Лепсіден, Қарқаралыдан және басқа да жерлерден жөнелтіліп жатты.[1]

Қарқаралы петициясы
Отаршыл өкімет билігінің атына жолданған ірі көлемді әрі мазмұнды петициялардың бірі Қарқаралы петициясы болды. 1905 жылдың маусымында Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов) жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император II Николайға арналған петиция ұйымдастырылды. Оған Семей облысына қарасты Қарқаралы уезінен халық арасында кеңінен танымал беделді 42 қазақ қол қойды. Кейінірек оған Семей және Ақмола облыстарының басқа да уездеріндегі қазақтар қосылды. Петиция Қарқаралы қаласынан жіберілген еді. Ол жерден 1905 жылғы 22 шілде күні жергілікті пошта-телеграф арқылы патшаның өз атына жолданды. Петицияны жазуға белгілі саяси қайраткерлер Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. Ақбаев, Т. Нүрекенов, т.б. белсене ат салысты.

Қарқаралы петициясында өлкені әкімшілік басқару жүйесін қайта қарау, азаматтық және сот ісін қазақ тілінде жүргізуді заңды түрде бекіту, отаршыл аппарат шенеуніктерін қысқарту, жоғары билік органдары мен Мемлекеттік Думаға қазақ депутаттарын сайлауға қатыстыру талаптары қойылды. Онда мынадай жолдар бар еді: Мал бағумен айналысқаны үшін қырғыздар сайлау құқығынан неге айырылуы тиіс? Сауда-саттықпен, егіншілікпен, балық аулаумен және басқа да кәсіптің түрлерімен айналысушылар сайлау құқығынан айырылып отырған жоқ қой!

Қарқаралы петициясында жергілікті халықтың құқығы мен арабыройын аяқ асты етуге жол бермеу, патша әкімдерінің жүгенсіздігіне тыйым салу, халықтың ана тілінде білім алуын ұйымдастыру, қоныстандыру саясатын тоқтату, тартып алынған жерлерді қазақтарға қайтару сияқты талаптар да қойылды.

Мемлекеттік шенеуніктер жоғары билік орындарына талап-тілектер айтып, петиция жолдаушыларды барынша жек көрді. Мұны Семей облысы әскери губернаторынын Дала генерал-губернаторының атына 1905 жылғы 19 маусымда жазған хатынан көруге болады: Кырғыздардың петиция жолдап, талап қоюларына жол беруге болмайды.

Қарқаралы петициясынын мәтіні Ресей патшасының атына ғана жолданып қойған жоқ. Петицияның көшірмелері Сын Отечества және Русские ведомости сияқты орталық газеттерде жариялануы үшін олардың редакцияларына да жіберілді.

1905 жылғы 22 шілде күні петицияның бір нұсқасын Темірғалы Нұрекенов орыс тіліне аударып, Ішкі істер министрінің атына жіберді. Петицияның бұл нұсқасы барынша толық еді. Ол 47 тармақтан тұратын. Петицияның мазмұны қазақ қоғамының XX ғасырдың бас кезіндегі өмірлік маңызы бар күрделі проблемаларын толық қамтыды.[1]

Сайлау жүйесін қайта құру жөніндегі ұсыныстар
Жоғары билік органдарына жолданған петицияларда болыстарды, ауыл старшындарын және олардың хатшыларын тек сауатты қазақтардан ғана тағайындау ұсынылды. Бұл қызметтеріне кірісер кезде олардың бәрі де ант қабылдап, ешқашан қызмет бабын пайдаланып, халыққа қиянат жасамауға уәде етуге тиісті болды. Шаруа бастықтарының орнына бітістіруші судьялар қызметін енгізу талап етілді. Петиция авторларының пікірі бойынша, бұл қызметке жеткілікті дәрежеде сауаты мен білімі бар қазақтар тағайындалуы тиіс еді. Сайлау науқаны кезінде мүдделі топтардың арасындағы күрес пен алауыздықты болдырмау мақсатымен де кейбір шаралар ұсынылды. Біріншіден, шектен тыс әділетсіздігі, немесе өзіне қолайлы белгілі бір кандидаттың сайлануына мүдделі екені белгілі болған әкімшілік өкілдері қызметінен аластатылуы тиіс делінді. Екіншіден, әкімшіліктің ондай аласталған өкілдері уездің мүлде өзге болыстарынан шақырылған адамдармен алмастырылуы тиіс болды. Үшіншіден, өздерінің жағымсыз қылықтары әшкереленген адамдарды жаңа сайлауға жібермеу талап етілді. Сондай-ақ қазақ халқы өкілдерінің Ресей империясынын заң шығарушы ең жоғары органы Мемлекеттік Думаға сайлануы да талап етіп қойылды.
Діни мәселелер
Қазақтар петииияда өздерінің діни істеріне басшылық етуді Орынбор діни басқармасының қарамағына беруді талап етті. Сондай-ақ қазақтар мешіттер мен медреселер салуына еркіндік берілуін, діни әдебиеттер басып шығару үшін баспаханалар ашылуын өтініш ретінде ұсынды. Меккеге қажылыққа емін-еркін барып келуді, қазақ ауылдарына христиан дінін таратушы миссионерлердің баруына тыйым салуды талап етті. Жасы кәмелетке жетпеген қазақ жастарының басқа дінді қабылдауына тыйым салу талабы да қойылды.

Петицияларда әр болыста діни алым-салықтарды жинайтын арнаулы адамдардың болуы, түскен мал мен қаржыны кедей отбасынан шыққан шәкірттердің оқуына жұмсау көзделді.
Қазақ тілі
Петицияларда мектеп қабырғасында Ислам діні негіздерінің міндетті түрде оқытылуы, орысша сауат ашуды содан кейін қолға алу талабы койылды. Петицияда мектептерде христиан дінін оқытуға үзілді-кесілді қарсылық білдірілді. Қырғыз (қазақ. - авт.) халқына бастық болғысы келгендердің қырғыз тілін білуі тиіс екендігі атап көрсетілді. Петицияда іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу талап етілді.[1]
Сот ісі
Қазақтар дала тұрғындарын сот, тергеусіз әкімшілік жолмен жер аудару ісіне наразылық білдірді. Дала генерал-губернаторы қазақтарды кез келген болмашы мәселе бойынша да жер аударып жіберуге құқықты еді. Неке және отбасы мәселелерін әскери губернатор мен уез бастықтарының қарауынан алып, бітістіруші судья құзырына беру талап етілді. Кісі өлімі болған жағдайда айыпты адамның жазаға тартылуымен қатар қазақтардың дәстүрлі құқық заңы бойынша құн төлетуге өтініш білдірілді. Округтық соттың жанында міндетті түрде ақылдастар алқасы болуы тиіс деп атап көрсетілді. Сондай-ақ айыпталушының міндетті түрде қорғаушысы болуы, билер сотының жергілікті отаршылдық билік орындарына емес, Әділет министрлігінің қарамағына өтуі талап етілді.
Жер мәселесін шешудің жолдары
XX ғасырдың бас кезінде жер мәселесі одан әрі шиеленісе түсті. Сондықтан да петицияларда бұл мәселеге ерекше зор көңіл бөлінді. Шекара шебіндегі ені он шақырымдық алқаптың және соңғы 20 жыл ішінде тартып алынған жерлердің өзінің бұрынғы заңды иелеріне қайтарып берілуі талап етілді. Ал қазақтардың бұған дейін көшіп-қонып жүрген аумақтарындағы басы артық жерлер Кавказ бен Ресейден қоныс аударып келетін мұсылмандарға ғана берілуі ұсынылды. Қыстаулар мен жазғы жайлаулар өздерінің бұрынғы иелерінің қарауында қала беруі тиіс деп көрсетілді.

Петицияларда қазақтардың орман байлығын еркін пайдалану құқығына байланысты талаптар да қойылды. Сондай-ақ қазақтарға олардың көші-қон аймағындағы тұзды және балық өсетін көлдерді қайтарып беру жөніндегі өтініштер де айтылды.
Қазақтардың петициялық қозғалысының тарихи маңызы
Сонымен, петициялар беру, соның ішінде Қарқаралы петициясы, XX ғасырдың бас кезіндеті Қазақстанның саяси өміріндегі аса маңызды кезендердің бірі болды. Оларда қазақ қоғамының өмірлік маңызы неғұрлым өткір проблемалары нақты да қысқаша тұжырымдалған түрде баяндалды. Жоғары дәрежелі мемлекеттік органдардың атына петициялар жолдау қазақ халқының саяси сана-сезімінің оянып, күшейе түскенін көрсетті. Мұның өзі халықтың құқықтарын қорғауға қабілетті екенін айқын көрсетті.
Патша үкіметі қазақ халқының пікірімен санасуға мәжбүр болды. Петициялардың мәтінін жазғандар батылдық мен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Бірақ патша үкіметі петицияларда қойылған талаптарды орындауға құлық таныта қойған жоқ. Ол талаптар Ресей империясының отаршылдық саясатына сай келмейтін еді. Солай бола тұрса да петициялық қозғалыс жағымды рөлін атқарды -- қазақтар Ресейдің I, II Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланды. Халық бұқарасына басшылық етуде, отаршыл билік орындарына ұйымдасқан түрде петициялар жолдаудың басы-қасында қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері ерекше белсенділік көрсетті.

Билет4
Қазақ" газеті (قازاق) -- 1918 - 1913 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым. № 1 номері 1913 жылы 2 ақпанда шыққан. 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы -- Азамат серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл -- қазақ ұлты деген ұғымды берді.
Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне Қазақ деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, „Қазақ" газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын деп жазды Қазақ газеті.jpg Қазақ газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы -- Ахмет Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М. Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде
ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЗИЯЛЫЛАРЫ
Ташкент қаласының хіхғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында қазақ интеллигенциясының қалыптасуындағы маңызы
Қазақ қоғамындағы білім жүйесінің даму деңгейі
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы және тарихтағы ролі
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси және құқықтық көзқарастары
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
ҚАЗАҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ САЯСИ КҮРЕС
Пәндер