Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
11-тақырып. Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау
1. Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалаудың міндеттері және басым бағыттары.
2. Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі өкілеттердің ара-жігін ашу№
3. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.
4. Мемлекеттік айыптауды қолдау.
5. Қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін қарау.
6. Процесс прокуроры.
7. Жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау
8. Азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері бойынша шара қолдану.
Қылмыстық қудалау дегеніміз - қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды анықтау және соңғының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау, сондай-ақ осындай адамдарға жаза немесе басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметін айтады.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын оарганға мыналар жатады: 1) прокурор, 2) тергеуші, 3) анықтау органы. Сот қылмысты қудалау органына жатпайды. ҚР Конституциясының 83 бабында былай жазылған, прокуратура заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокурор қылмыстық қудалауды және қылмыстық істі тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, төмендегідей құқықтарды пайдаланады:
1) тергеу және тексеру әрекетіне қатысуға, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін басқа да әрекетті жүзеге асыруға;
2) қылмыстық істі қозғауға немесе оны қозғаудан бас тартуға, тергеу әрекетін жүргізу жөнінде жазбаша нұсқаулар беруге;
3) қылмыстық қудалаудан иммунитеті бар адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізуге;
4) қылмыстық істі сотқа жолдай отырып, айыпкерді сотқа беруге, сондай-ақ заңда көрсетілген басқа да әрекеттерді жүргізуге;
заңда көзделген өзге де шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Қадағалаудың негізгі міндеті қылмыстық қудалауды іске асыру кезіндегі заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Қадағалаудың басым бағыттары мыналар:
қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
қылмыстық процеске қатысушылардың өтініштерін сапалы және уақтылы қарау;
қылмыстық процеске қатысушыларға қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген залалды өтеу құқықтарын қамтамасыз ету.
Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі өкілеттердің ара-жігін ашу
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы (бұдан әрі - Бас прокуратура), аймақтық және мамандандырылған прокуратуралар, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - ҚСжАЕК) мен оның аумақтық бөлімшелерінің функцияларын реттеу, олардың қызметіндегі қайталануды жою мақсатында келесі жіктеулер бекітіледі:
1) Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі (бұдан әрі - Қызмет) төмен тұрған прокуратуралардың (Бас әскери және Бас көлік прокуратуралары, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының прокуратуралары (бұдан әрі - облыс прокуратуралары) және оларға бағынатын прокуратуралар) республика бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру мәселелері бойынша қызметін ұйымдастырады; сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары (әскерилерді қоспағанда), Бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметі және Ішкі тергеу департаменті тергейтін (соның ішінде электрондық форматтағы) істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеттері бар тұлғаларға, орталық мемлекеттік органдардың лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты сыбайлас жемқорлық немесе басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған бірінші басшыларына қатысты істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын тікелей қадағалайды.
ҚПК 57-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, егер қылмыстық іс Бас прокуратураның орналасқан жерінен (Астана қаласы) тыс қаралатын болса, Бас прокуратура басшылығының немесе Қызмет бастығының жазбаша тапсырмасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергейтін нақты істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау облыс прокурорларына жүктеледі.
Тергеу амалдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру орнынан едәуір алыс болғанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттары тергейтін (соның ішінде электрондық форматта) процессуалдық шешімдер мен жекелеген тергеу әрекеттерінің заңдылығын Бас прокуратура басшылығы немесе Қызмет бастығының тапсырмалары бойынша облыс прокурорлары қадағалайды;
2) облыс прокуратуралары төмен тұрған прокурорлардың жұмысын ұйымдастырады, келесі істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды іске асырады: Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық және оларға теңестірілген аппараттары және Облыс прокуратураларының арнайы прокурорлар басқармалары тергеп-тексеретін (соның ішінде электрондық форматта) істер; азаптау туралы; терроризм және экстремизм туралы; сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы.
Қылмыстық іс облыс прокуратурасы орналасқан жерден алыс тергеп-тексерілетін болса, Бас әскери прокурор, Бас көлік прокуроры, облыс, Астана, Алматы қалаларының прокурорларының (бұдан әрі - облыстардың прокурорлары) жазбаша тапсырмасы бойынша қала ауданға және оларға теңестірілген прокурорларға (бұдан әрі - аудан прокурорлары немесе қалааудан прокурорлары) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық аппараттары тергеп-тексеретін (соның ішінде электрондық форматтағы) нақты істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау жүктеледі.
Тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізу орны едәуір алыс болғанда, сотқа дейінгі тергеу органдарының облыстық аппараттары қарайтын (соның ішінде электрондық форматтағы) жекелеген тергеп-тексеру әрекеттері мен процессуалдық шешімдердің заңдылығын, облыс прокуратурасы басшыларының тапсырмалары бойынша аудан прокурорлары тексереді;
3) Бас әскери прокуратура Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қызметшілер, әскерге шақыру немесе келісім шарт бойынша қызмет етушілер; әскери жиынды өтеу кезінде әскери міндетті азаматтар; әскери міндеттерін өтеуге байланысты әскери бөлімдерде, құрамдарда, мекемелерде немесе осы бөлімдердің, құрамдардың, мекемелердің орналасқан орындарында азаматтық қызметші адамдар жасаған барлық істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
4) Бас көлік прокуратурасы автомобиль объектілерінде, темір жол, су, әуе көлігі, метрополитен, сондай-ақ ғарыш (халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу бөлігінде)қызметімен, құбыр жүргізу көлігі (су құбырын қоспағанда) объектілеріндегі апаттар, кеден саласында және аталмыш салалардың мекемелері, кәсіпорындары және ұйымдарында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады;
5) қала аудандық прокуратуралар және оларға теңестірілген прокуратуралар (бұдан әрі - қала аудандық прокуратуралары) қалалық, аудандық және оларға теңестірілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары бөлімшелерінің істері бойынша, сондай-ақ құбыр жүргізу көлігіндегі ұрлық (ойып алу) фактілері бойынша қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүзеге асырады.
Аталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарында адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша тексеруді құқық бұзушылық жасалған орынға байланысты басқа прокурорлармен өзара іс-қимыл жасай отырып, олардың орналасқан жері бойынша прокурорлар жүзеге асырады.
Әртүрлі прокурорлар қадағалайтын (мысалы, облыс орталығында, республикалық немесе облыстық маңызы бар қалада) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары адамдарды орналастыратын уақытша ұстау изоляторларында (УҰИ) тексерулер жүргізу үшін облыс прокурорлары қажет болған жағдайда жауапты прокуратураларды белгілейді;
6) ҚСжАЕК және оның аумақтық органдары статистикалық ақпараттың шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздарды, хабарларды немесе рапорттарды қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін (бұдан әрі - СДТБТ) жүргізу қағидаларына сәйкес электрондық ақпараттық-есепке алу құжаттарында көрсетілген мәліметтерге қағаз жеткізгіштегі процессуалдық құжаттардағы мәліметтердің сәйкестігін тексереді (прокуратура органдарында сақталатын қадағалау өндірістерінің материалдары бойынша);
Қылмыстық істер бойынша аумақтық және ведомстволық тергеуде болуды анықтайтындар:
Республика шегінде - Қазақстан Республикасының Бас прокуроры (бұдан әрі - Бас Прокурор), оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары, Қызмет бастығы;
облыс шегінде - облыс прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;
көлік прокурорларының қадағалауындағылар - Бас көлік прокуроры, оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары;
әскери қызметшілерге қатысты - Бас әскери прокурор және оның қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауға жетекшілік ететін орынбасары.
Қажет жағдайда облыс прокурорлары, Бас әскери және Бас көлік прокурорлары немесе олардың міндеттерін атқарушы тұлғалар Қызметтерді 24 сағат ішінде хабардар етіп, қылмыстық істерді, соның ішінде жасырын тергеу әрекеті (бұдан әрі - ЖТӘ) нәтижелерін құпиялылықты сақтай отырып, аумақтылығы немесе қадағалануы бойынша елдің басқа өңіріне жібереді және олардың жіберілген өңірдің прокуратурасына сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімі аяқталғанға дейінгі 20 тәуліктен кешіктермей келіп түсуін қамтамасыз етеді.
Қалааудандық прокурорлар облыс прокуратураларын 24 сағат ішінде хабардар етіп, қылмыстық істердің материалдарын облыс шегіндегі басқа ауданға немесе облыс аумағында орналасқан өңірлік, әскери гарнизондық және көлік прокуратураларына жібереді және олардың тиісті прокуратураға тергеу мерзімі аяқталғанға дейінгі 20 тәуліктен кешіктірілмей келіп түсуін қамтамасыз етеді.
Жоғары тұрған прокуратураның жазбаша сауалы болғанда қылмыстық іс (материал, соның ішінде ЖТӘ) қалааудандық прокурор, облыс прокурорының қолы қойылған, негізділігі үшін дербес жауапкершілікте болатын, қабылданған процессуалдық шешім бойынша өзінің позициясын көрсететін ілеспе хатпен жолданады.
Істі электрондық форматта тергеу кезінде төмен деңгейдегі прокурордың позициясы қылмыстық істі (материалды) ұсынбай, жазбаша түрде баяндалады.
Құжаттарды қарау, қол қою және бекіту схемасы осы Нұсқаулықтың № 1 қосымшасында көрсетілген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын тексеруді прокурор СДТБТ-те тіркелген сәттен бастап, 24 сағаттың ішінде жүргізеді.
Прокурор бұзушылықтарды жоюды кідіріссіз қамтамасыз етеді, бірақ оларды анықтау сәтінен бастап, 3 тәулік мерзімнен кешіктірмеуі тиіс.
Егер қылмыстың жағдайлары туралы мәліметтер ЖТӘ жүргізуге байланысты құпия болып табылатын болса, онда қадағалаушы прокурордың хабарламасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың заңдылығын тексеруді жедел іздестіру және қарсы барлау қызметін, арнайы жедел іздестіру және ЖТӘ жүргізудің заңдылығын тексеруді жүзеге асыруды уәкілетті прокурор (бұдан әрі - уәкілетті прокурор) жүргізеді.
Барлық қылмыстық істер бойынша қадағалау өндірістері жүргізіледі, оларда міндетті түрде процессуалдық құжаттардың көшірмелері, соның ішінде сот актілері, сондай-ақ тергеудегі қылмыстық іспен байланысты өтініштер бойынша хаттар сақталады. Бірнеше қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген жағдайда, қадағалау өндірістері де біріктіріледі.
Қадағалау өндірісінің толықтығын қадағалаушы прокурор қамтамасыз етеді.
Электрондық форматта қаралатын іс бойынша қадағалау өндірісін жүргізу талап етілмейді.
Есепке алу-тіркеу тәртібінің жай-күйін тексеруді ҚСжАЕК және оның аймақтық бөлімшелерінің прокурорлары мен қызметкерлері жүзеге асырады.
Есепке алу-тіркеу тәртібінің талаптарында анықталған бұзушылықтар бойынша қадағалаушы прокурорлар ҚПК 193-бабымен көзделген шараларды қабылдайды.
Есепке алу-тіркеу тәртібінің талаптарында анықталған бұзушылықтар бойынша ҚСжАЕК қызметкерлері келесі шараларды қабылдайды:
1) қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы есепке алынбаған өтініштерді тексеру материалдарын қоса тіркеп, СДТБТ-те тіркеу туралы мәселені шешу үшін қадағалаушы прокурорға жолдайды;
2) анықталған, есепке алынбаған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша материалдарды, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеуге алмаған немесе басқа да формада жасырған, кінәлі тұлғалардың түсініктемелерін сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселені шешу үшін қадағалаушы прокурорға жолдайды;
3) прокурорлық қадағалау актілерін енгізеді.
Аудандық деңгейдегі қылмыстық қудалау органдарында есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуын тексеру ай сайын іске жүзеге асырылады, ал облыстық деңгейде - тоқсанында бір реттен кем емес.
Прокурорлық әрекет ету шараларын қабылдаумен есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуын бақылау жөніндегі ішкі ведомстволық комиссия жұмысының тиімділігі тоқсан сайын тексеріледі.
Уәкілетті органдарда криминалдық сипаттағы ақпараттың келіп түсуі туралы мәліметтерді сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарына жолдау мәніне тексеруді (мысалы, дене жарақаттары бар тұлғалардың жүгіну фактілері, салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша және т.б.) ҚСжАЕК қызметкерлері ай сайын жүргізеді.
Қадағалаушы прокурорлар мен ҚСжАЕК қызметкерлерінің есепке алу-тіркеу тәртібінің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасау жедел және тікелей ақпарат алмасуға, сондай-ақ тексерулерді бірлесіп жүргізуге негізделеді.
Қадағалаушы прокурорларды ақпараттық-есепке алу құжаттарында көрсетілген мәліметтерге сәйкес келмеуі туралы ақпараттандыру (мысалы, квалификациялау істің фабуласына, формасына, қылмыстың субъектісіне сәйкес келмейді және т.б.) қадағалау өндірістеріндегі процессуалдық шешімдердің көшірмелерімен салыстырғаннан кейін жүргізіледі. Бұл ретте, қадағалаушы прокурорлар ҚСжАЕК қызметкерлеріне қадағалау өндірістеріне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Қоғамдық мүддені қорғау тұрғысындағы талдаулар мен тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған материалдарды СДТБТ-те тіркеу туралы мәселе, оларды алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде келісіледі:
- Бас прокуратурада - Қызмет;
- облыс прокуратурасында - Қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасы;
- қалааудандық прокуратурада - тіркеу туралы шешімді қалааудандық прокурор дербес қабылдайды;
Қала аудандық прокурорлар немесе оларға теңестірілген тұлғалар қоғамдық резонанс (дүмпу) туғызған азаптау фактілері; зорлықпен өлтіру белгілері бар мәйіттерді анықтау, өлтіруге әрекет ету фактілері; зілзала; күйреу; су тасқыны; өрт; апаттар және адам өліміне әкеп соққан басқа да төтенше жағдайлар орын алған жерлерге шығады.
Шығу нәтижелері бойынша облыс прокуратура кідіріссіз хабардар етіледі (кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы) және 12 сағаттан кешіктірмей егжей-тегжейлі ақпарат жолданады.
Әскери немесе көлік прокуратуралары едәуір алыс болғанда, сәйкесінше әскери бөлімдер және мекемелер орналасқан жерлерде немесе әскери қызметшілер және көлікте жасалған осындай оқиғалар орнына, облыс прокурорларының тапсырмасы бойынша, аймақтық прокурорлар шығады, олар 12 сағат ішінде сәйкесінше әскери немесе көлік прокурорларын хабардар етеді.
Облыс прокурорының орынбасары немесе облыс прокуратурасының қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы екі немесе одан да көп адам өлтіру, сондай-ақ үлкен қоғамдық резонанс (дүмпу) туғызған қылмыстар бойынша оқиға орнына шығады. Облыс прокуратуралары едәуір алыс болғанда, осындай оқиғалар орнына аймақтық прокурор немесе оған теңестірілген тұлға шығады, ол облыс прокуратурасын кідіріссіз хабардар етеді. Облыс прокуратурасы шығу нәтижелері немесе аймақтық прокурордан хабарлама алғаннан кейін Қызметті кідіріссіз хабардар етеді (кез келген қолжетімді байланыс құралдары арқылы) және 12 сағаттан кешіктірмей егжей-тегжейлі ақпаратты жолдайды.
ҚСжАЕК ақпараттық жүйелерін қолданумен прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қылмыстық құқық бұзушылықтармен келтірілген нұқсанды өтеу, соның ішінде ҚПК 55-бабы екінші бөлімінің 5) тармақшасында көзделген тәртіпте тоқтатылған қылмыстық істер бойынша процессуалдық шығындарды өндіру бойынша қабылдайтын, сондай-ақ үкімнің мүлікті ықтималды тәркілеу бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету бойынша шаралардың толықтығын тексереді.
Осындай мақсатта прокурорлар жазбаша ұйғарымдар беру арқылы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарын заңсыз жолмен табылған ақшалай қаражаттың және мүліктің орналасқан жерін, оларды заңдастыруды, ақырғы алушыға дейін анықтауға, сондай-ақ күдіктінің немесе үшінші тұлғалардың иелігіндегі мүліктің қылмыстық жолмен табылғаны немесе қылмыстық жолмен табылған қаражатқа сатып алынғаны дәлелдерін анықтауға бағыттайды.
ҚПК 71-тарауында көзделген жағдайларда прокурорлар күдіктінің, айыпталушының мүлкін сотқа дейін тәркілеу процедурасына бастамашы болады.
Заттай дәлелдерді алу, сақтау, беру және жою талаптарының сақталуын тексеру кем дегенде тоқсанына 1 рет жүргізіледі.
Прокурорлар адамды қылмыстық жауапқа тартудың заңдылығын, соның ішінде процессуалдық тұтқынға алу, күдіктінің мойындауы туралы қаулылар шығару, күдіктінің әрекетін саралау, бұлтартпау шараларын таңдау, процессуалдық шешімдерді қорытындылау, қылмыстық әрекет туралы хаттаманы бекіту, бұйрық өндірісін, айыптау актісін қолдану туралы қаулының заңдылығына уақтылы тексерулер жүргізуді қамтамасыз етеді.
Қызметте, облыс прокуратураларында, қалааудандық прокуратураларда жауапты тұлғаларды бекіту арқылы жұмыс уақытынан тыс, демалыс және мереке күндері сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының соттың бұлтартпау шараларын санкциялау туралы өтініштерін уақтылы қабылдау ұйымдастырылады. Өтінішті қабылдаудың нақты уақыты мен күні міндетті түрде көрсетіледі.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының прокурорларға материалдарды ұсыну мерзімдерін бұзуы оларды қараудан бас тарту және қылмыстық қудалау органынан қайтаруға негіз болып табылмайды.
Прокуратуралардың басшылары сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары қызметкерлерінің күзетпен ұстауды санкциялау туралы материалдарын тапсыру үшін күту фактілерін болдырмау бойынша шаралар қабылдайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының тергеу әрекеттерін санкциялау туралы өтінішті қозғау туралы қаулысының көшірмесін (соның ішінде электрондық форматта) алған кезде, оның заңдылығын тексеру кідіріссіз ұйымдастырылады.
Егер прокурордың Тергеу әрекеттерін санкциялау туралы өтінішті қозғау туралы қаулының заңдылығына қатысты күмәні бар болса, ҚПК 56-бабының екінші бөліміне сәйкес тергеу судьясына тиісті тұлғалар мен прокурордың қатысуымен сот отырысын өткізу туралы өтініш жолданады.
Тергеу әрекеттерін санкциялау туралы өтінішті қозғау туралы заңсыз қаулылар бойынша олардың күшін жою шаралары қабылданады. Күшін жою туралы қаулылардың көшірмесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына және тергеу судьясына жолданады немесе ҚПК 56-бабы екінші бөлімінің екінші абзацына сәйкес тағайындалған сот отырысында ұсынылады.
Санкциялаумен келіспеу немесе тергеу әрекетін санкциялаудан бас тарту жағдайында тергеуші судьяның қаулысына прокурордың оны апелляциялық тәртіпте қайта қарау туралы өтініші келеді.
ҚПК 128-бабында көзделген тәртіпте қамауға алу, сондай-ақ адамдарды УҰИ-ға, арнайы қабылдау орындарына кіргізудің, азаматтарды қызметтік кабинеттерде ұстаудың (сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарындағы прокурорлар кезекшілік атқармайтын ғимараттары мен бөлмелерінде) заңдылығына тексерулер күнделікті жүргізіледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық аппараттарының қызмет бөлмелерін тексеруді облыстық прокуратура органдары тексереді.
Тексерулерді түнгі уақытта, мереке және демалыс күндерінде, соның ішінде бейнетүсірілімді қолданумен жүргізу ұсынылады.
УҰИ және қызметтік кабинеттерді тексеретін прокуратура қызметкерлері ҚПК 128-бабымен көзделген тәртіпте тұтқынға алынған тұлғаны ҚПК 132-бабының бірінші бөліміне сәйкес босатады, ол туралы қадағалаушы прокурорға хабарлайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы әскери және көлік прокуратура органдарынан едәуір алыс болғанда, жазбаша хабарлама бойынша аймақтық прокурорлар азаматтарды тұтқындаудың заңдылығы мен негізділігіне тексеру жүргізуді кідіріссіз ұйымдастырады. Нәтижелер туралы тиісті әскери немесе көлік прокурорына жазбаша хабарланады.
Азаматтарды УҰИ-да ұстау жағдайларын тексеру кемінде жарты жылда бір рет жүргізіледі.
Процесс прокуроры, ал ол болмаған жағдайда қадағалаушы прокурордың күдікті ретінде тану туралы қаулылары мен күдіктінің әрекеттерін саралаудың заңдылығын тексеруді прокурор оларды шығарған сәттен (істі электрондық форматта жүргізу кезінде) немесе қаулының көшірмесі келіп түскен сәттен бастап (істі қағаз форматта жүргізу кезінде, соның ішінде Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі бойынша) тәулік ішінде жүзеге асырады.
Қамауға алынғандарға қатысты шығарылған күдікті ретінде тану және күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулылар кідіріссіз, қамауға алу мерзімі аяқталғанға дейін тексеріледі.
Қылмыс жасады деген күдіктің негізділігін растайтын дәлелдер жеткіліксіз болғанда, прокуратура басшысы күдікті ретінде тану және күдіктінің әрекеттерін саралау туралы қаулылардың күшін жою туралы шаралар қабылдайды.
Әрекетті қате саралау жағдайында прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асырушы тұлғаға күдіктінің әрекетін саралау бойынша жаңа қаулы шығару туралы дәлелді жазбаша ұйғарым ұсынады.
Күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы өтінішті қолдау немесе қолдаудан бас тарту туралы шешім сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жинаған барлық материалдарды тексергеннен кейін қабылданады. Қажет жағдайда қосымша материалдар сұратылады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы әрбір өтініші күдіктінің жеке басының дара ерекшеліктері есебімен, ҚПК 147-бабы бірінші бөлімінде көзделген жағдайлардың болуына міндетті тексерумен қарастырылады.
Күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялау туралы өтінішті күдік үшін негіздердің жеткіліксіздігі бойынша бас тарту жағдайында, прокурор күдікті деп тану және оның әрекетін саралау туралы қаулының да күшін жояды.
Қалааудандық прокурордың күзетпен ұстауды санкциялау, оның мерзімдерін ұзарту, сондай-ақ осы бұлтартпау шарасын ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында өзгерту немесе алып тастау туралы өтінішті қолдаудан бас тартуының әрбір фактісі туралы 24 сағат ішінде облыс прокуратурасына арнайы хабарлама жолданады, ал облыс прокуратурасы шешім қабылдаған жағдайда - Қызметке жолданады.
Тергеуді кешіктіру себебінен сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдерін, күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларының мерзімдерін ұзарту жағдайында, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын тұлғаға қатысты тәртіптік іс қозғалады және орындау үшін дұрыс мерзімдер белгілеумен нақты тергеу әрекеттерін жүргізу туралы жазбаша ұйғарым беріледі.
Күзетпен ұстау, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шараларын қолданудың мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті қолдаудан бас тарту дәлелді қаулымен рәсімделеді, онда себептер негізделеді және тергеудің әрі қарайғы барысы туралы ұйғарымдар көрсетіледі.
Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының орнын ауыстыруды (этаптауды) бекіту туралы шешімді прокурор (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 92-бабының үшінші бөлімі тәртібінде санкциялау) құжаттардың түпнұсқасы прокуратураға келіп түскен сәттен бастап, 3 тәуліктен кешіктірмей қабылдайды.
Бекіту (санкция) қаулының бірінші парағының жоғарғы оң жақ бұрышына тиісті резолюциямен көрсетіледі, прокуратураның елтаңбалы мөрімен бекітіледі (істі электрондық форматта жүргізу кезінде, резолюцияны елтаңбалы мөрмен бекіту талап етілмейді).
Прокурордың орын ауыстырудан (этаптаудан) бас тартуы дәлелдер мен негіздер көрсетілген хатта баяндалады.
Қылмыстық істі (қудалауды) және тергеу мерзімдерін тоқтату туралы электрондық форматтағы шешімдердің заңдылығын тексеру олар шығарылған күннен бастап, 30 тәулік ішінде жүргізіледі. Тергеп-тексеруді қағаз форматта жүргізген кезде процессуалдық шешімдердің заңдылығын тексеру қылмыстық істің материалдарын алған сәттен бастап, тура сол мерзімде жүргізіледі.
ҚПК 35-бабының бірінші бөлімі 3), 4), 9), 10), 11) және 12) тармақтары негізінде тоқтатылған істер бойынша келісу қаулының бірінші бетіндегі жоғарғы оң жақ бұрышында бекіту түрінде көрсетіледі (электрондық форматта тергеп-тексерілетін істерді қоспағанда).
Тергеп-тексеру мерзімдері тоқтатылған, сондай-ақ ҚПК 35-бабының бірінші бөлімі 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтары негізінде тоқтатылған істер бойынша қабылданған шешіммен келісу қаулының сырт жағына қойылады.
Келісу туралы резолюция прокурордың лауазымы, Т.А.Ә. және қол қойған күні туралы мәліметтерді қамтиды.
Қылмыстық істер келісім білдірген (бекіткен) сәттен бастап, 3 тәуліктік мерзімде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына (тоқтатылғандар) және ҚСжАЕК аймақтық бөлімшелеріне (жойылғандар) жіберіледі. Осы мерзімде электрондық қылмыстық істер бойынша қағаз тасығыштағы материалдарды жолдау қамтамасыз етіледі (олар болған жағдайда).
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы қабылдаған шешіммен келіспеу жағдайында прокуратура басшысы оны жою туралы қаулы шығарады.
Шешімін жоғары тұрған прокуратура жойған қылмыстық іс бойынша жоғары тұрған прокуратураның ұйғарымдарын орындаудың толықтығы мен сапасын қадағалаушы прокурор қамтамасыз етеді. Қосымша тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қабылданған процессуалдық шешім бойынша жою туралы қаулыға қол қойған жоғары тұрған прокурор оны қабылдаған сәттен бастап, 3 тәулік ішінде хабардар етіледі.
Жазбаша ұйғарым нақты тергеу өткізу, соның ішінде жасырын, процессуалдық шешімді қабылдауға қажетті және жеткілікті, сондай-ақ іс бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға бағытталған өзге де әрекеттерді жүзеге асыру туралы талапты қамтиды. Прокурордың ұйғарымдарын орындауды бақылау мақсатында оларды орындаудың нақты мерзімдері белгіленеді.
Нақты жариялы және жасырын (құпиялылықты сақтаумен) тергеп-тексеру әрекеттерін жүргізу туралы ұйғарымдар жою туралы қаулыларда және заңдылықтың бұзылуын жоюға бағытталған басқа да қаулыларда баяндалуы мүмкін.
Ұйғарымды орындамаған жағдайда прокурор ұйғарымды орындамаған кінәлі тұлғалардың жауаптылығы туралы мәселені көтеруге бастамашы болады.
Тәртіптік істі қозғау туралы қаулы заңдылықты бұзуға жол берген нақты лауазымды тұлғаларға қатысты шығарылады.
Заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыныс, әдетте, кінәлі лауазымды тұлғаларды қылмыстық немесе тәртіптік жауапқа тарту туралы шешім қабылдағаннан кейін талдау, тексеру нәтижелері бойынша және проблемалы мәселелерді шешуге кешендік әдістерді қажет ететін басқа да жағдайларда енгізіледі.
Тәртіптік істі қозғау туралы қаулы және заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсынысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының орталық аппараттарына төмен тұрған прокуратура Қызмет арқылы жолдайды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының облыстық және соларға теңестірілген аппараттарға - облыс прокуратурасы арқылы жолданады.
Қолдау және жөнелту үшін келіп түскен қадағалау актісін жоғары тұрған прокуратура келіп түскен сәттен бастап, 5 жұмыс күні ішінде қарауы тиіс. Қолдау таппаған қадағалау актісі себептері көрсетілген тиісті хатпен бастамашыға қайтарылады.
Прокурорлар, әдетте, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тәртіптік істі қозғау туралы қаулыларын және заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсынысын қарауға қатысады.
Прокурорлар қылмыстық істер бойынша барлық құжаттар мен актілерді СДТБТ жүйесінде әзірлейді (құпиялылықты сақтау қажеттігін қоспағанда, қылмыстық істі жүргізу форматына қарамастан, сәйкес ақпараттық ресурсты құрған сәттен бастап), электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қояды, басып шығарады және оларды істің материалдарына қосады.
Мемлекеттік айыптауды қолдау
Прокурорлар барлық жариялы және жекеше-жариялы қылмыстық істер бойынша (бұйрықтық іс жүргізуді қоспағанда), сондай-ақ ҚПК 32-бабының төртінші бөлігімен қарастырылған істер бойынша соттың талқылауларына қатысады.
Мемлекеттік айыптауды қолдау қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңіне қадағалауды жүзеге асыратын прокуратура қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
Соттың қадағалаушы прокуратураның орналасқан орнынан едәуір қашықтықта болуы жағдайында (мамандандырылған соттар), мемлекеттік айыптауды қолдау облыс прокуратура қызметкерлерімен жүзеге асырылады.
Процесс прокурорлары белгіленген құзыретіне қарамастан, 1- сатыдағы соттарға қатысады. Процесс прокурорлары тергеу судьясының қаулысына өз өтінішхаттарын апелляциялық сатыда қарау кезінде қатысады.
Қажет болған жағдайда күрделі немесе көп оқиғалы істер бойынша мемлекеттік айыптауды бірнеше прокурорлар қолдайды.
Сот отырысына прокурорлар нысанды киім-кешекте, аттестатталмаған қызметкерлер - қатаң іскерлік стильдегі киімде қатысады.
Мемлекеттік айыптаушы (бұдан әрі - мемайыптаушы) айыптау актісін бекіткен прокурормен, ал процесс прокуроры прокуратура басшысымен өз ұстанымын мына жағдайларда келіседі:
- мемлекеттік айыптауды қолдаудан бас тарту (оның ішінде ішінара) мәселесін шешу;
- сотталушының әрекетін қайта саралау қажеттілігі;
- мемлекет мүддесі үшін қылмыстық істің шегінде қойылған азаматтық талаптан бас тарту немесе оны қараусыз қалдыру туралы өтінішті беру;
- қарастырылып отырған санаттағы қылмыстар бойынша, әдетте, тағайындалатын жазалардың мөлшері мен түрлерінің шегінен шығатын (Заңдылық ақпараттық жүйесіне сәйкес) жазаны тағайындау қажеттілігі.
Айыптау актісін бекіткен прокурордың, сондай-ақ прокуратура басшысының мемайыптаушының ұстанымымен келіспеген жағдайда, мемайыптаушыны ауыстыру туралы мәселе шешіледі немесе айыптау актісін бекіткен прокурордың өзі айыптауды қолдайды.
ҚПК 340-бабының бесінші бөлігіне сәйкес, егер басты сот талқылауы барысынды сотталушыға неғұрлым ауыр немесе бастапқыдан ерекшеленетін айыптау тағу қажеттілігі туындаса, мемайыптаушы прокуратура басшысының келісімімен жаңа айыптау актісін жасайды және жаңа айыптауды қолдайды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жинақталған дәлелдемелерді сотпен жан-жақты, толық және объективті зерттеуін қамтамасыз ету мақсатында мемайыптаушы қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу, қосымша куәларды, сарапшыларды, мамандарды және басқаларды шақыру туралы; процеске қатысушылардың дәлелдерін жарамсыз деп мойындау және олардың орынсыз өтініштеріне қарсылығы туралы уақтылы мәлімдейді; сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтарын шектейтін кез келген заңдылық бұзушылықтарға шара қолдануға.
Егерде сот отырысына процестің басқа қатысушылары келмеген жағдайда, мемайыптаушы сот алдында осы тұлғалардың тиісті жауапкершілікке немесе оларды ақшалай жазаға тарту туралы өтініш жасау мәселесін көтеруге бастамашы болады. Негіздеме болған жағдайда сотталушыға бұлтартпау шарасын неғұрлым қатаңға өзгерту туралы өтініш жасайды.
Сотталушыға жазаны тағайындау туралы ұстанымды баяндау кезінде мемайыптаушы қылмыстың қоғамға қауіптілігінің сипаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сотта мемлекет мүддесін білдіру― прокуратура қызметінің бағыты ретінде
Прокуратура органдары қызметі
Істі қадағалау сатысында қарау тәртібі, қадағалау сатысы сотының шешімдері
Прокурордың қорытындысын ескерген сот шешімі
Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі
Прокурорлық қадағалау
Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесс: жалпы бөлім
ПРОКУРОРДЫҢ АЙЫПТАУДЫ ҚОЛДАУЫ
ҚР қылмыстық іс жүргізу заң бойынша қылмыстық қудалау
Прокуратураның ұйымдастырылуы мен қызметінің қағидалары
Пәндер