БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
УДК 371.321.2
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Студент: Марқабай Г.Н. Пердебай М. К.
Мирас университеті, Шымкент қ., Қазақстан

Резюме. В данной статье рассматривается формирование речевой культуры младших школьников.
Summary This article examines the formation of the speech culture of primary schoolchildren.

Қазіргі қазақ тілінің сөздік қоры қазақ халқының тарихымен қатар дамып калыптасқан . Сондықтанда сөздердің пайда болуы әр түрлі себепке және тарихқа байланысты . Тіл- тілдің өзіне тән төл лексикасы және грамматикалық тұрмысы болады . Бірақ онымен шектеліп қалатын тіл жок . Халықтар қашанда тұйық өмір сүрмейді , өзге халықтармен эконимикалык , саяси мәдениетте байланыста болады . Ал бұл қатынас тілге әсерiн тигiзiп отырады . Соның iшiнде тез қабылданатын , тез өзгеріске түсетiн лексика болады .
Қазақ халқы да әр дәуірде әр түрлі халықтармен байланыста болып , сөздік құрамын байытып отырған . Тiлдiң сөздік кұрамындағы басты нәрсе барлық сөздің ұйытқысы болып табылатын түбір сөздер- негізгі сөздік қор . Демек , тiлдің негiзгi қоры талай ғасырды басынан кешiргендіктен , олар байырғы көне сөздер деп аталады .
Тілдегі сөздердің бәрi қосылып , тiлдiн сөздік кұрамы дегенді жасайды . Тiлдiң сөздік құрамы үнемi дамуда , өзгерісте болады . Тіл қоғам тарихымен қоғам өндірісімен тікелей байланысты , әрі талай ғасырдың жемiсi болғандықтан , сөздік құрамы біркелкі болуы мумкін емес .
Сөздік құрамда байырғы төл сөздердің , шеттен кiрген сөздердің болуы занды . Тілдің даму барысында жаңа сөздер пайда болуымен қатар , оны қайсы біреулері күнделiктi өмірдің қажетіне қарай қосымша жаңа мағынаға, кейбіреулерінің бұрыңғы көп мағынасы бір мағынамен шектеліп келедi .
Тiл тiлдiн өзара бір- бірімен байланысты екi жағы болады . Оның бiрi- тілдің грамматикалық және фонетикалық жақтары . Тілдің осы екi жағының бiрлiгiнiң тұтас тіл құралы да , айтылатын ой да түсінікті болып , тіл нағыз қатынас құралы ретiнде кызмет ете алады .
Сөздік пен грамматикалық құрылыс үнемі бірлікте жұмсалады . Олардың қайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен қызметтері әрқайсысының өз жүйесі болғандықтан , тілдің сөздігін лексикология тексереді де, грамматикалық құрылысын грамматика ғылымы зерттейді.
Бірақ тіл ғылымының бұл салаларын тексеретін объектілері басқа болғанымен , өзара байланыстары да күшті, өйткені оның бұл екі саласы-лексикология да грамматика да өздерінің тексеру объектісінің негізі етіп сөзді алады, демек тексеруді жеке сөзден бастайды.
Сөз дегеніміз-қыр сыры мол, күрделі тілдік категория. Сөздік мағыналық, дыбыстық шығу төркіні, даму тарихы, қолданылуы, ерекшелігі,жасалу жолы өзгеру жүйесі және басқа да алуан түрлі жақтары бар.
Тіл ғылымының әр саласы сөзді әрқилы тұрғыда қарап тексереді. Мысалы: сөздің дыбыстық жағының сыр сипатын оның белгілі бір дыбыстық комплекс арқылы құлаққа естілетінін айтамыз.
Белгілі әдіскер ғалым Ш.Сарыбаевтың диссертациясында зерттеген мәселесінің бірі- оқушының сөздік қорының байыту мәселесінде әдіскер ғалым оқушыға үйрететін сөздерді таңдауға мән берген .Бұл ретте ғалым оқушыларға нақытылы деректерді заттардың атын үйретуден бастаудың пайдалы екенін дәлелдеген.Әдіскер ғалым оқушыға үйреткен сөздер мен сөз тіркестері бір-бірімен байланысты болу қажет деген пікірді дәлелдеген.Ал енді оқушының сөздік қорын молайтудың амал-тәсілдері бойынша әдіскер ғалымның ұсынған , дәлелдеген бірсыпыра құнды пікірлері бар
Ш.Сарыбаев сөздік қорды жинау , байыту үшін оқушы сөздерді түсінбей жаттап алмауы керек деп санайды. Ол дұрыс, өйткені сөздер тез ұмытылады. Әдіскер ғалым сөздерді үйрету табиғи жағдайда оқушының есту , көру, сезіну, сияқты қабілеттерін түгел қатыстыру арқылы іске асуы қажет деп дәлелдеген.Әрине бұл үнемі жүзеге асыруға қиын мәселе.Сабақ оқылатын бөлме , оның ішіндегі заттар, оқушыға оқу құралдарының аттарын табиғи жағдайда үйрету қиын.
Диссертацияда ғалым дәлелдеген келесі құнды пікір оқушыны сөз мағынасына мән беруге баулу.Мысалы: мағынасы жақын сөздерді тану , қарама-қарсы сөздерді ілу өздері білетін сөздерді мағынасын жақсы түсінуінің ерекшеліктерін ажырата алуға дағдыландыру мәселесін диссертацияда ғалым арнайы сөз еткен.Бұл сөздерді жаттау емес, шамалы түрде түсіну, ұғу деген мәселеге салды.Әрине, бұл қағиданың тілді саналы үйретуге пайдалы екені сөзсіз.
Қазақ тілі сабағында оқыту , жазу, оқу грамматикасы, тіл дамыту, сөздік қорын молайту сияқты мәселелер бір-бірімен жүргізіледі деп санайды. Негізгі міндет- оқушыларлың сөз қорын молайту , тілдерін дамыту.
Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин ана тілінің тазалығы мен сөздердің дұрыс қолдануына үлкен мән беріп, баланың тілін, сөздік қорын дамытудағы түсіндірмелі оқу ісінің маңыздылығын көрсетті.Ал А.Байтұрсынов тіл мәдениетіне, тілдің қисынды болуына мән бере келе , айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтатынына назар аудартты .Сондықтан ол өз ойын өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керектігін ескертті .Ол үшін айтушы сөйлейтін сөзін жақсы қолдана білу тиіс деген талап қойды. С.Жиенбаев оқушының сөз байлығын молайту үшін оқушының сөз сапасын арттыратын, ойлағанын дәлелдеп , жүйелеп айтуға дағдыландыратын , дұрыс жазуға үйрететін жұмыстар жүргізу керек деп есептеді. Ш.Сарыбаев оқушылардың тілін дамытуы , оның ішінде сөздік қорды арттыруды грамматиканы оқыту мен байланыстыра жүргізуді қуаттаса, Ғ.Бегалиев сөз мағынасын игерту әдіс-тәсілдеріне мән берді.
Қазақ тілін дамыта оқыту арқылы баланың сөздік қорын байыту мәселесіне Д.Әлімжанов, И.Маманов , Х.Арғынов , С.Рахметова , Қ.Шәукенов т.б. Тұжырымдай айтқанда, баланың танымын, ойын, тілін дамытып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастыру нобайы
Шағын жинақталған мектептердегі мәселелерді шешу
Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар
Бастауыш сынып мұғалімдерін оқушылардың оқу мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негiзi
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Бастауыш мектепте оқыту туралы
Көрнекі құралдар түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының ауызша монолог және диалог арқылы қалыптастыру жолдары
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Пәндер