Әлемде соңғы уақыттары болған ғаламдық өзгерістер: қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: «Экономика және бизнес жоғары мектебі»

Кафедрасы: «Мемлекеттік және жергілікті басқару»

Тақырыбы: « Әлемде соңғы уақыттары болған ғаламдық өзгерістер: қоғамға әсер ету түрлері, себеп-салдарлық байланыстар»

Жазған: Абдулла Аяулым Бакытқызы

Менің ойымша соңғы уақыттағы әлемдік әлеуметтік өзгерістер - жыныс ауыстыруды жөн көретін, трендтен қалғысы келмитін адамдар, субмадениет және тағы басқалары. Жаңа ғасыр, жаңа заман, жаңа пікір, жаңа көзқарас… Дегенменде адами құндылықтарды ұмытуға болмайды. Жаңа заман ер адам әйел адамға, ал әйел адам ер адамға айнала алуға мүмкіндіктер жасады . Бірақ өз жаратылысын « қателік» деп санау дұрыс емес. Қазіргі таңда медицина дамуына байланысты көптеген мүмкіндіктерге қол жеткізіп отырмыз. Бұл әрине жаңа заман өзгерістері. Соңғы кезеңдердегі барлық өзгерістерді жаман жаққа жатқыза алмаймыз. Ғылыми- техникалық даму, білімнің салтанат құруы және т. б дамып жатыр деп айта аламын.

Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі жоғарыда айтып кеткендей жыныс өзгерту, субмадениет, трендтен қалмау . Бұлар менің ойымша қажеті жоқ әлемдік өзгерістер. Жалпы, ХХ ғасырдың басында өзінің әу бастағы жаратылысын «қателік» деп танып, жынысын ауыстырғысы келетін­дерге бірден «шизофрения» деген диагноз қойып, оларды өмірбақи психиатриялық ауруханада қамап ұстаған екен. Ал қазіргі таңда жыныс ауыстырғысы келетіндерге мұндай іс-шаралар қолданылмайды. Жыныс ауыстырудың жаман жақтары: Дәрігерлердің айтуынша, жыныс ауыстыру операциясынан кейін адамның өмірі кемі 15-20 жылға күрт қысқарады екен. Себебі, органдардың табиғи функциясы бұзылады. Міне осындай келеңсіздіктерге қарамастан қазіргі таңда жынысын ауыстыруды жөн көретіндер көп. Тіптен Қазақстанның өзінде мұндай адамдар бар. Қазақ менталитеті жыныс ауыстыру мәселесін ұзақ мерзімде қабылдай алмады. Ата-баба дәстүрінен, діні мен ділінен алшақтай қоймаған қазақ үшін жаратылысына қарсылық білдіру - нағыз азғындық. Жыныс ауыстыру секілді жат қылықтарға біздің өмір сүріп отырған қоғамымыз үрейлене қарайды. Тіпті мұндай мәселе көп айтыла бермейді. Алайда соңғы жылдары елімізде көрініс тапқан бірнеше тосын оқиға Қазақстанның да одан қалыс қалмағанын меңзейді. Мысалы айтар болсам «Қазақстан аруы» байқауына қатысып жүлделі орын алған Шымкенттік арудың еркек екені анықталып біраз шу болды. Қазіргі таңда мұндай жыныс ауыстырғандар саны көбейіп келеді. Тіптен олар интернеттік желілерде «инстаграмм, тик-ток» өздерінің кім екендерін еркін айтып отырады. Бұл интернеттік желілерге жас өспірімдер көп кіреді. Олардың видеоларын көрген жасөспірімдер арасында дұрыс емес көзқарастар туындауы мүмкін. Қазіргі кезде бұл мәселе, ушығып тұрған жоқ. Қазақтар да әзірге барынша ұлттық болмысын, менталитетін сақтап тұр. Әрине, жыныс ауыстыру біздің елде ғана емес, Еуропа, басқа мемлекеттерде де қоғамға жат әрекет ретінде қаралады. Оған қарсылық білдіруші жұртшылықтың қарасы да көп. Тіпті жыныс ауыстыруға ниеттілердің қатарын азайту үшін «транссексуализмді» халықаралық аурулар жіктемесінен алып тастауды ұсынғандар да баршылық. Алайда әзірше ол мүмкін болмай тұр. Менің ойымша, дәл осы заңды түбегейлі жойып, әр елде осы мәселеге қарсы үгіт-насихат жүргізілуі қажет. Әркәмнің өз санасына деп отыра берсек ертең осы мәселенің алдын алу мүмкін болмай қалады деп ойлаймын!

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам және оның мәні, әлеуметтік құрылымы
Себепті байланыс және қылмыстық нәтиже
Мектеп географиясында қалыптастырылатын дағдылар
Географиядан проблемалық оқытудың белгілері
Әлеумет өмірі
Қоғам және философиялық ерекшеліктер
Орыс тілі мен әдебиеті
Экологиялық факторлар жайлы ақпарат
Тіршілік ортасының экологиялық факторлары
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz