Әбу Насыр әл - Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстанда Әбу Насыр әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары мен әрекеттері ХХ ғасырдың 60-70 жылдарынан басталып, Қазақстан фарабитанудың әлемдегі ең үлкен орталықтарының біріне айналды. Қазақстандық фарабитанудың басында, негізгі ұйытқысы, мұраларын тұңғыш іздеуші, аударушы, мәселені көтеруші ретінде А. Машани есімі аталса, ал 1968 жылы ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтында «Әл-Фараби мұраларын зерттейтін шығармашылық топ» құрылды, топты ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, философия ғылымдарының докторы, профессор А. Х. Қасымжанов үйлестірді.

Әл-Фараби еңбектері ежелден әлем ғалымдарының ерекше назарына ұшыраған. Энциклопедисттер барлығының көздегені осы мұралар болып саналады. Сондықтан әр түрлі тілде әлем еңбектері жазылып»Фарабитану» ғылымы пайда болды. Алғашында отандық еңбектер қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген болатын. А. Х. Қасымжанов үйлестірген «Философия тарихы жəне Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлар» бөлімі жанынан құрылған шығармашылық топта И. О. Мұхаммед (Иран), Еуропа тілдерінің маманы Б. Я. Ошерович, шығыс математикасының маманы А. Қ. Көбесов, арабтанушылар А. С. Иванов, К. Х. Таджикова, Н. Караев сынды ғалымдар болды, сонымен қатар мəскеулік арабтанушылар Б. Г. Ғафуров және А. В. Сагадеевпен байланыстар орнатылды. Осы еңбектердің арқасында Әл-Фараби қол жазбаларымен жақынырақ танусуға мүмкіндік болды. Алғаш рет əл-Фарабидің «Философиялық трактаттары», «Əлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Математикалық трактаттары», сондай-ақ «Птоломейдің «Алмагестіне» түсініктеме» атты мирастары қазақ-орыс тілдерінде жарық көрді.

1970 жылға орай Кеңес Үкіметінің академиктерінің арасында Әл-Фараби еңбектеріне деген қызығушылық артқан болатын. Себебі, бұл кезде Әл-Фараби еңбектері тек қана орыстарға ғана емес, Орта Азия академиктеріне де өте қызық, беймәлім дүние болған болатын. 1970 жылы Алматы әл-Фарабидің таңдамалы философиялық трактаттары үзінділерінің аудармасы жасалды, одан кейін математика, әлеуметтік-этикалық мәселелер, логика бойынша трактаттарының үзінділері жарыққа шықты. Бұдан әрі кеңестік идеологияның қағидаларына сәйкес жасалған философия тарихына әл- Фарабидің қосқан үлесін қорытуға арналған еңбектер пайда бола бастады. Қазақстанда әл-Фараби есімі ХХ ғасырдың 70-жылдары айрықша танымал болды. Бұл, ең алдымен, әл-Фараби ғұмырнамашыларының IX-X ғасырларда бүгінгі Қазақстанның аумағында орналасқан Фарабты оның отаны деп санауына байланысты еді. Әл-Фараби еңбектерін қазақ-орыс тіліне аудару үшін белсенді жұмыстар жүргізілді. Оның мұрасына арналған көптеген мақалалар мен бірқатар көркем шығармалар жазылды, оның есімімен көшелер мен ғылыми орталықтар аталды. Алайда жетпісінші жылдардан кейін осы ойшылдың мұрасын зерттеу қандай да бір жаңа маңызды жаңашылдыққа әкелген жоқ. Оның үстіне жетпісінші жылдары жасалған еңбектер ат төбеліндей философтар мен шығыстанушыларға ғана түсінікті болды және тарих, философия бойынша жалпы білім беретін курстарға қажетті көлемде енгізілген жоқ. Әл-Фараби мұрасына кеңестік гуманитарлық ғылымның саяси-тәрбиелік аясында алғашқы қатарға оның әлеуметтік көзқарастары шығарылды. Олар негізінен жалпы «әлем бейнесінен» алшақтықпен түсіндірілді.

70-жылдардағы кеңестік ғылымдағы әл-Фараби еңбектеріне қызығушылық біраз жыл өткеннен кейін ғана қайта жанданды.

- Отандық ғалымдардың Фараби мұраларын зерттеудегі еңбектері өте ауқымды болғанын білдік. Ал әл-Фарабиді зерттеу шет елдерде де осыған дейін болған ба еді? Болса ол қай деңгейде орындалды?

- Әрине әл-Фараби сияқты ғаламдық тұлғаның еңбектері көп уақыттан бері әлемнің көптеген ғалымдары тарапынан зерттелініп келеді. Біздің еліміздегі зерттеулер осы үлкен үдерістің жалғасы десем де болады. Әл-Фараби есімі көптеген Еуропа елдеріне ертеден танымал болып, ХII-ХIII ғғ. өзінде-ақ оның философиялық трактаттары ежелгі еврей және латын тілдеріне аударылды. Бірақ әл-Фараби мұрасын жүйелі әрі нақты зерттеу оның трактаттарының мәтіні мен аудармаларын басып шығарумен қатар, зерттеу жұмыстары ХVIII-XIX ғғ. ортасында шыға бастады. Ортағасырлық Еуропа классикалық ежелгі грек философиясымен көп жағдайда әл-Фараби еңбектері арқылы танысты. Мәселен, XII ғ. кезінде оның «Ғылымдар классификасы» деген еңбегі латын тіліне екі рет аударылды. «Альфарабиуса» - «Сананың мәні туралы», «Сұрақтар негізі» және Аристотельдің «Физика», «Поэтика» еңбектеріне түсініктемелері, «Бақыт жолы туралы» және логикаға байланысты трактаттары мен басқа да еңбектері XII ғ. бастап XVII ғ. дейін латын тіліне бірнеше рет аударылды. Философтың кейбір трактаттары осы күнге тек латын тіліндегі аудармалар арқылы жетті, ал араб тіліндегі кейбір қолжазбалары, өкінішке орай, сақталмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Әл-Фарабидің рухани мұрасы
Салқынбаев М. Әл-Фарабидің әдеби мұраларының зерттелуі
Әл-Фараби – түркі және ислам өркениетінің ойшылы
Әбу-Насыр-Әл-Фараби туралы ақпарат
Әбу Насыр Әл-Фараби Әлемнің 2-ұстазы атанған ғұлама
Әбу – Насыр Әл - Фарабидің шәкірттері
. Әл-Фараби жайлы
Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны
Орта ғасырлардағы түркі ғұламалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz