Істі қарауды кейінге қалдыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Істі қарауды кейінге қалдыру - іс қарауды және мәні бойынша оны жаңа сот отырысында шешуді сотпен тағайындаған белгілі уақыт пен орында бастап өткізу
Іс талқылау кедергілерін жою қажеттілігімен байланысты іс қарау кейінге қалдырылады. Сондықтан кейінге қалдыру дегеніміз - әр түрлі себептерге байланысты осы сот отырысында істі қарауға мүмкіндіксіздіктің іс жүргізу салдары. ҚР АІЖК-і істі қарауды кейінге қалдырудың негіздерінің нақты тізімін белгілемейді. Сонда да ҚР АІЖК-і 189-бабының 1-бөлігі бойынша істі қарауды кейінге қалдырудың келесі негіздерін атауға болады:
- егер істі қарауды кейінге қалдыру ҚР АІЖК-де көзделсе;
- егер істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса.
Істі қарауды кейінге қалдыру мүмкін ҚР АІЖК-нің нормаларымен көзделген келесі жағдайларда:
- істі қарау барысында оған қатысушы азаматтар жаппай тәртіп бұзған кезде (ҚР АІЖК-і 179-бабының 6-бөлігі);
- іске қатысушы адамдардың біреуі сот отырысына келмеген жағдайда, оларға хабарланғаны жөнінде мәліметтер жоқ болса (ҚР АІЖК-і 187-бабының 2-бөлігі);
- егер іске қатысушы адамдар сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабарланса, олардың келмеу себептері дәлелді деп танылған жағдайда (ҚР АІЖК-і 187-бабының 3-бөлігі);
- істің мән-жайлары бойынша сот отырысына қатысуын міндетті деп танылған тараптар келмесе (ҚР АІЖК-і 187-бабының 5-бөлігі);
- сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланған іске қатысушы адам өкілінің дәлелді себептермен келмеуі (ҚР АІЖК-і 187-бабының 6-бөлігі);
- сот отырысына куә, сарапшы немесе маман келмеген жағдайда, егер істі олар жоқта қарау мүмкін болмаса (ҚР АІЖК-і 188-бабының 1-бөлігі);
- сот отырысына аудармашы келмеген жағдайда, егер аудармашыны ауыстыру мүмкіндігі болмаса (ҚР АІЖК-і 188-бабының 2-бөлігі);
- үш ай аралығында татуласу үшін ерлі-зайыптыларға мерзім белгілеу неке бұзуына ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі жоқтығы (Неке және отбасы туралы заңның 19-бабының 2-бөлігі) [1].
Әдетте, егер іске қатысушы мәлімдеген қарсылық білдіруі қанағаттандырылса немесе судья өздігінен бас тартса, істі қарау кейінге қалдырылады. Бұл жағдайда жаңа сот отырысы басқа судья іс материалдарымен танысып алу мүмкіндігін ескере отырып белгіленеді.
Іс кейінге қалдырылған кезде істің жаңа сот отырысында шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін уақыт ескеріле отырып, жаңа сот отырысының күні белгіленеді, бұл жөнінде келген адамдарға қол қойдырылып хабарланады. Келмеген және процеске қатысуға жаңадан тартылған адамдарға жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы шақыру қағазы (хабар) жіберіледі (ҚР АІЖК-і 189-бабының 2-бөлігі).
Істі қарауды кейінге қалдыруды сот отырысында жарияланатын үзіліс түрлерінен ажырата білу қажет. Істі қарауды кейінге қалдырудан үзілістің айырмашылығы, ол істі мәні бойынша қарап шешу үзілген жерінен бастап жалғасады.
Егер сот отырысына тараптар қатысып отырса, істі қарау кейінге қалдырылған кезде сот келген куәлардан жауап алуға құқылы (ҚР АІЖК-нің 190-бабы). Бірақ сот отырысына тараптар қатысып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Істі сотта қарау
Сот отырысын ашу
Азаматтық істерді сот мәжілісіне дайындау, соттың дайындау әрекеттері
ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ СОТ АКТІЛЕРІНІҢ КҮШІН ЖОЮҒА НЕГІЗДЕР
Сот жарыссөздері және прокурордың қорытындысы
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
Сот шешімінің заңды күшіне енуі
Пәндер