Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы

Кәсіпкерліктің қалыптасу мен дамуы мемлекеттік билік және басқару органдары белгілі-бір дәрежеде айқындайтын қолайлы құқықтық, экономикалық, саяси және өзге де жағдайлардың болуына көбіне тәуелді болатын ұзақ мерзімді процесс болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік - нарық қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен толуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсендігі, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының көрсеткіші есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады.
Дүниежүзілік тәжірибе нақты көрсеткендей, нарықтық экономикасы дамыған елдердің өзінде шағын кәсіпкерлік халық шаруашылығының дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, жұмыспен қамтылған жұмыскерлер санын арттыруға едәуір әсерін тигізеді. Жекелеген елдерде шағын кәсіпкерлік субъектілері өздері өндірген тауар және оны сату көлемі, атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметі, жұмыспен қамтылған адамдар саны жағынан алдыңғы рөлде.
Шағын кәсіпкерлікті дамытудың шетелдік және отандық тәжірибесін талдай отырып, оның келесі басымдықтарын атауға болады: шаруашылық жүргізудің жергілікті жағдайларына жылдам дағдылану, шағын кәсіпкерлік субъектілері іс - әрекеттерінің тәуелсіздігі; шешімдердің қабылдану мен орындалудағы шұғылдығы мен икемділігі; шығындардың кемдігі, әсіресе басқаруға кететін шығындардың; өз идеяларын, мүмкіншіліктерін іске асыруға жеке тұлға үшін зор мүмкіндіктердің болуы; қаржыға деген сұраныстың төмендігі және жергілікті рыноктардың талаптарына сәйкес өнімге және өндіріске тез арада өзгеріс енгізу; өзіндік қаржының жылдам айналымдығы және т.б. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жергілікті рыноктың сұранысын жақсырақ біледі, көп жағдайда нақты бір тұтынушылардың тапсырысымен тауарлар өндіреді, ірі кәсіпорындарға қарағанда көптеген адамдарға қажетті қаражаттар бере отырып, кәсіби жұмысшылар даярлауға және тәжірибелік білімдерді таратуға септігін тигізеді.
Жекелеген елдерде шағын және орта кәсіпорындар ірі кәсіпорындармен салыстырғанда сан жағынан да, сондай-ақ тауар өндірудегі, жұмыс атқарудағы, қызмет көрсетудегі үлес салмағы жағынан да басым орынға ие. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікке кейбір кемшіліктер де тән, олардың арасында ең елеулілерін атап өту қажет: ықтимал тәуекелдің көптігі, соның салдарынан рыноктағы жағдайдың тұрақсыздығы дәрежесінің жоғары болуы; ірі компанияларға тәуекелдігі; жұмысты басқарудағы кемшіліктері; басшылардың жетік біле бермеуі; шаруашылық жүргізу шарттарының өзгеруіне жоғары сезімталдығы; қосымша қаржыларды тартудағы және несиелерді алудағы қиындықтар; шаруашылық жүргізуші әріптестердің келісімдерді (шарттарды) түзгендегі сенімсіздігі және сақтығы және т.б.
Шағын және орта бизнесті нығайту мақсатында Елбасы 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында шағын және орта бизнесті қолдаудың жаңа бағыттарын белгілеп отыр, олар - шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірлей жаңа идеологиясын құру және кәсіпкерлік ортаның бастамаларын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызу, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беруі; қаржылық супермаркет құру; банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыру.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту жүйесінде келесідей бағыттар күшейтілсе жөн болар еді:
1. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау үшін қолайлы жағдайлар жасау. Экономиканы бюрократиясыздандыру мен әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тиімді тетіктерін қалыптастыру;
2. Өміршең инфрақұрылымдық жүйе құру және оны қамтамасыз ету: Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры өңірлік филиалын, орталықтандырылған бухгалтерия және орталықтандырылған заң қызметі функцияларымен кәсіпкерлікті қолдаудың арнайы алаңдарын, Бәсекелестікке қабілеттіліктер жөнінде кеңестер құру, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту;
3. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдардың профильдік емес функцияларын нарықтық ортаға, бірінші кезекте шағын және орта кәсіпкерлікке беру;
4. Кәсіпкерліктің инновациялық экономикаға қатысуы.
Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандағын атай кеткен жөн. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі мәселелер:
1. Кемеліне жетпеген салық саясаты;
2. Кәсіпорындарда жеткілікті айналым қаражатының болмауы;
3. Кәсіпкерлерге қаржылық көмектің шектеулілігі (кредитті сақтандыру және кепілдік жүйесінің дамымауы, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттік-инвестициялық қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қазақстан Республикасында әйелдер кәсіпкерлігінің қалыптасуы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің проблемалары және оны шешу жолдары
Шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайын талдау
Қазақстанның шағын бизнесін қолдау инфрақұрылымы
Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Пәндер