Туристік қызмет көрсету сапасының мәні



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Туристік қызмет көрсету сапасының мәні
Қызмет көрсету сапасы қазіргі туризмнің неге ең өзекті және маңызды мәселелері болып тұр?
қызмет көрсету - халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мәселесі. Халықаралық туристік нарығындағы бәсекелестіктегі ең күшті қаруы - қызмет көрсету сапасы болып табылады. Туристер белгілі бір елдің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болып табылады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді ертіп әкеледі, өзіне үнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық әсернің көтерілуіне септігін тигізеді.

Туристік іс-әрекеттің күрделі, кешенді сипатына байланыс-ты қызмет корсету сапасының бір ортақ көрсеткішін орнату өте қиын
2. Туристік қызмет көрсетудің экономикалық категория ретіндегі анықтамасын беріңіз.
Экономикалық категория ретінде сапа деп заттар мен қызметтердің пайдалы қасиеттерін қалыптастырған және пайдаланған кезде пай - да болатын өндірістік қатынастар мен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіншіліктерін айтамыз. Егер өнім мен қызметтер қоғамға керегі жоқ болса, сапа да пайда болмайды. Сапа дегеніміз тұтгну құнымен байланыста болатын экономикалық категория болып табылады.
3. Туристік қызмет көрсету сапасының критерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.
Сапаның экономикалық категориясының мәнін анықтаған кезде сапа мен нақты еңбек арасындағы байланысты ескеру қажет. Сапа аталған тұтгну құндылығын өндіре алатын еңбекке және белгіліқоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру мүмкіншілігіне тәуелді. Ең-бектің дәрежесі жоғары болған сайын оның тұтыну қүндылыгы мен сапасы да өседі.
4. Орналастыру құралдарындағы туристік қызмет көрсету сапасының критерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.
Туристік қызмет сапасының критерийі мен көрсеткішінің арасында айырмашылық болуы тиіс.Туризмнің болашақта даму бағыты мен жалпы сапалық сипаттамасы критериймен байланысады (кри - терий - баға беру мөлшері,баға беруге негізделетін ерекшелік). Өз кезегімен ол басқарудың әртүрлі деңгейі, туристік іс-әрекет формаларына сәйкес келетін көрсеткіштер жүйесі арқылы анықталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштер туристік қызмет көрсету сапасын өлшеуге мүмкіндік береді. Көрсеткіштер арқылы туристік қызмет көрсету са - пасын кешендер, іс-әрекет түрлері мен туризм буындары бойынша салыстырып, озыктар мен артта қалғандарды анықтауға болады.
Орналастыру құралдарының керсеткіштері:
1) туристерді қонақ үйге, мотельге, кемпингке, жеке пэтерге жылдам орналастыру;
2) ұйымдасқан туристерді қонақ үйге, кемпингке, міндетті түрде алдыңала туриске бөлінген (сатылған) нақты номірге жылдам орна - ластыру;
3) орналастыру ортасында тыныштық сақтау, номірдегі жабдықтаудың барлығының дұрыс жұмыс істеуі, орналастыру құралы категориясына қойылатын талаптарына сәйкесқызмет көрсету дәрежесін орындау, келген-кеткен кезінде туристің жүгін тасу, оған қажетті ақпараттарды толық түрде жеткізу;
4) орналастыру орындарында орналастыру құралы категориясына қойылатын талаптарға сәйкес санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтау;
5) қызмет көрсетушілердің біліктілігіне, шетел тілдерін білуіне, жеке гигиенасына қойылатын талаптарды орындау;
6) орналастыру орнының сыртқы аумағы мен интерьерін іске қосылған күйінде үнемі сактап тұру;
7) кең көлемде туристерге тегін немесе ақшалай қосымша қызмет корсету (телефон, пошта, телекс, факс жәнет.с.с), туристің үлтын, әлеуметтік дәрежесін және басқа ерекшеліктерін ескеріп оның коңілін көтеру жағдайын туғызу;киім-кешектерін жуу,өтектеу мен химиялық тазартужұмыстарынқамтамасыз ету;мәдениеттік, спорттықшараларға, экскурсияларға билеттерді сатып эперу жәнет. б.
Қызмет көрсету сапасы орналастыру орнына берілген категорияға қойылатын талаптарға сай болуы керек. Категориясы жоғары бол - тан сайын қызмет көрсету сапасы да жоғары, қосымша қызмет көрсету шеңбері де кең болуы қажет. Мысалға, қонақтар тіліндегі газеттерді, журналдарды, кітаптарды жеткізу сиякты тегін туристік қызмет көрсету түрлері жөнінде ұмытпау керек.
5. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының туристік қызмет көрсету сапасының критерийлері мен көрсеткіштерін атап шығыңыз.
Туристік қызмет көрсетудің тағы бір өте маңызды сферасы -тамақтандыру. Ол екі компонентген тұрады: біріншісі - аспаздық өнімдер мен кулинарлық өңдеуден өтпеген сатып алынатын тауарлардың сапасы мен ассортименті; екіншісі - сату мен тұтгну процестерін ұйымдастыру сапасы. Тамақтандыру сферасындағы қызмет сапасын бағалау көрсеткіштері мынадай:
1) берілетін тағамдардың көркемдік дәрежесі, оның температурасы, дэмділік сапасы;
2) аспаздық өнімдердің, сусындардың және басқа да тауарлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй кәсібіндегі маркетингтік зерттеу
Қонақ үйлерде қабылдау және қызмет көрсету үдерісін классификациялау
Туристік қызметтің аспектілері
ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ САПАСЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Туристік қызметтің теориялық аспектілері
Қонақжайлық индустриясында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолдау
Қонақ үйде нарықты сегменттеудің әдістері
Қонақ үйдің инженерлік-техникалық қызметі.
Туризмнің экономика сферасына әсері
Қонақжайлылық индустриясына әсер етеін факторлар
Пәндер