Бу қаныққан. Ол салқындаған немесе қызған кезде қалай өзгереді



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Жылуэнергетика және басқару жүйелері институты

Жылуэнергетикалық қондырғылар кафедрасы
Заманауи жылуэнергетика негіздері (мамандыққа кіріспе)

Есептік-сызба жұмыс
11-нұсқа
Тобы: ЭАЭМк-21-2
Орындаған:Маметов Мейиртонг
Қабылдаған: Олжабаева Қарлығаш

Алматы 2021
2. Бу қаныққан. Ол салқындаған немесе қызған кезде қалай өзгереді?
Бетi ашық ыдыстағы сұйықтың булану процесiконденсация процесiнен басым болып келедi. Ал бетi жабық ыдыста сұйық пен будың арасында, булану процесi мен конденсация процесстерiбiрiн-бiрiтолықтыратында й, динамикалық тепетеңдiк орнайды. Өз сұйығымен динамикалық тепетеңдiкте болатын буды қаныққан бу деп атайды.
Жылулық қозғалыс әсерiнен пайда болатын кинетикалықэнергияның артықтығынан қашанда молекуланың жекебөлшектерiнiң сұйық бетiнен бөлiнiп шыға алады.Заттың сұйық күйден газ күйiне өту процесiн буға
айналу деп атайды. Неғұрлым сұйықтыңтемпературасы жоғары болса, соғұрлым сұйықтезiрек буға айналады.
Буға айналудың екi түрi бар: булану және қайнау. Кезкелген температурада және тек сұйық бетiненшығып бу күйiне айналуды - булану деп атайды. Бу -
буланудың әсерiнен пайда болатын газ. Буланубарысында сұйық салқындайды.Буланған молекулалардың белгiлi бiр бөлiгi хаостық(ретсiз) қозғалыс жасай отырып қайтадан сұйық бетiнетүсуi және оның молекулаларына айналуы керек.Соныменен, булану процессiмен қатар
бiрмезгiлде конденсация деп аталатын керi процесс те жүредi.
Конденсация - бұл заттың салқындау немесесығылуының салдарынан газ тектес күйден сұйық күйге айналу процессi. Сұйық бетiндегi будың қысымы
неғұрлым жоғары болса, сол температурада конденсацияға ұшырайтын
молекулалар саны да соғұрлым көп болады.

12. Қуат қондырғысы мен түйісмесі бар ЖЭС-тен қандай айырмашылық бар?
Жел энергетикасы қуат қондырғысы -- жел ағынының кинетикалық энергиясын энергияның басқа түріне түрлендіретін техникалық құрылғылар жиынтығы. Жел энергетикасы қондырғысы жел агрегатынан (жел қозғалтқышы мен бір немесе бірнеше жұмыстық машиналарды біріктіреді), энергияны аккумуляттаушы (қорын жинаушы) немесе қуатты резервтеуші құрылғыдан және бірқатар жағдайларда қосалқы қозғалтқыштан (ең алдымен жылулық қозғалтқыштан), сондай-ақ, қондырғының жұмыс режимдерін автоматтық басқару (реттеу) жүйелерінен тұрады. Жел энергетикасы қондырғысы арнайы қолданыстық (сорғылық немесе су көтеруші, электрмен зарядтаушы, диірмендік, су тұщыландырушы, т.б.) жел энергетикасы қондырғысы және кешенді қолданылатын жел энергетикасы қондырғысы (жел электр станциялары) болып ажыратылады. Жел электр станциясы -- желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына түрлендіретін қондырғы. Ол жел қозғалтқышынан, электр тогы генераторынан, олардың жұмысын басқаратын автоматтық құрылғыдан, оларды орнату және қызмет көрсетуге арналған құрылыстардан, ғимараттардан тұрады. Желсіз күндерде жұмыс жасауы үшін резервтік жылулық қозғалтқышпен, аккумулятор батареяларымен, гелиоқондырғылармен толықтырылады. Әдетте, жел электр станциясы тұрақты ток генераторларымен жабдықталады. Ол аккумулятор батареяларын зарядтайды. Ал тұтынушыларға қажетті айнымалы ток инвертор деп аталатын арнайы құрылғыдан алынады. Инвертор тұрақты токты айнымалы токқа түрлендіретін құрылғы болып табылады. Жел электр станцияларын жел жиі тұратын жерлерде, орталықтандырылған электрмен жабдықтау тораптарынан қашық орналасқан ауылдық мекендерде, далалық, шөлейтті, т.б. жерлерде қолданады. Жел энергетикасы қондырғысының қуаты 100 кВт-тан бірнеше МВт-қа дейін жетеді. Ең қуатты (3 МВт) жел энергетикасы қондырғысы Германияда салынған (1983). Қазіргі кезде бірлік қуаты 15 МВт-қа дейінгі жел энергетикасы қондырғысы жобалануда.
ЖЭС - тің көмекші жабдықтары туралы жалпы мәліметтер
ЖЭС - тің негізгі қондырғыларының (бу қазаны мен бу шығыры) тиімді және сенімді жұмысын қамтамасыз ететін көмекші жабдықтар.
ЭС - ның жылулық бөлігін екі жолға (тракт) бөлуге болады: субулық және ауагаздық. Субулық жолға бу қазаны және шығыр мен шықтағыштан басқа жаңғыртулық қыздырғыштар (төмен және жоғары қысымды), ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азот қышқылын өндірудің физикалық-химиялық негіздері
Жылу қондырғылары және олардың еліміздің мұнай саласындағы ролі
Атмосфера су буы және оның қасиеттері
Топырақтың су қасиеттері
Қабаттың мұнай берігіштігін артыру әдістері
Автоматты басқару жүйесі
Тәжірибелік өндірістік цехтар
Абсорбциялау қондырғысын автоматтандыруда қолданылатын автоматтандыру құралдары мен бақылау приборларын монтаждау
Қызылорда қаласында БГҚ-сы құрылысын салудың техника-экономикалық негіздемесі
Қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар
Пәндер