Корпоративтік қаржылар тұрғысынан капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Корпоративтік қаржылар тұрғысынан капитал оның қалыптасуы мен пайдаланылуына байланысты корпорация мен шаруашылықты жүргізу субъектілері арасында туындайтын ақшалай (қаржылық) қатынастарды көрсетеді. Мұндай ақшалай қаражаттар заңды тұлға ретіндегі корпорация жəне оның акционерлері (инвесторлары), кредиторлары, жеткізушілері, өнімді (қызметтерді) сатып алушылар, қор нарығының институционалды қатысушылары жəне мемлекет (салықтар мен алымдарды бюджеттік жүйеге төлеу) арасында туындайды. Капиталды қалыптастыру мен пайдалану жəне оның құнын жəне құрылымын басқару проблемаларын Ресейлік ғалым-экономистер В. В. Бочаров, В. Е. Леонтьев, И. А. Бланк, В. В. Ковалев, Е. С. Стоянова, Т. В. Теплова жəне т.б. зерттеді. Қазақстандық зерттеушілер ішінде С. Ж. Ынтықбаеваның, В. Д. Мельниковтың, А. К. Тұргұлованың, Г. Н. Джаксыбекованың жұмыстарын атап өтуге болады. Капиталды енгізу нəтижесінде негізгі жəне айналым капиталы қалыптасады. Əрекет ету барысында негізгі капитал айналымнан тыс активтер нысанына, ал айналым капиталы - айналым активтеріне түрленеді. Экономикалық теорияда 4 фактор: капитал, жер, жұмысшы күші жəне кəсіпкерлік қабілеттер (менеджмент) атап көрсетіледі. Жұмсау нысандары бойынша кəсіпкерлік жəне ссудалық капиталы болып бөлінеді. Кəсіпкерлік капитал - бұл пайда жəне оларды басқару құқығын алу мақсатында ақшалай қаражатты корпорацияның нақты (күрделі қаржы), материалдық емес жəне қаржы активтеріне аванстау. Ссудалық капиталы - бұл мерзімділік, қайтымдылық, қамтамасыз етілушілік жəне ақылылық шарты бойынша кредитке берілген ақша капиталы. Капитал бағасы (құны) қаржы ресурстарының белгілі бір сомасын тарту үшін қанша ақшалай қаражат төлеу керектігін білдіреді. Меншікті капиталдың бағасы - бұл акционерлік капиталға арналған акциялар бойынша дивидендтер сомасы немесе салым ақшаның үлестік жарнасы жəне солармен байланысты шығыстар бойынша төленген пайданың сомасы. Қарыз капиталдың бағасы - кредит немесе облигациялық қарыздар үшін төленген пайыздардың жəне солармен байланысты шығындардың сомасы. 11 - 7516 162 Тартылған капиталдың бағасы - кредиторлық берешектің құны. Келісімшартта белгіленген мерзімде немесе 3 айдан астам мерзімде төленбеген кредиторлық берешек үшін салынатын айыппұл ықпал шараларының сомасы болып табылады. Осылайша, капитал дегеніміз - корпорацияның қаржы көзі, яғни табыс əкелетін баланс пассивтері. Капитал оның меншіктенушілерінің ағымдағы жəне болашақ кезеңдердегі əл-ауқатының көзі болып табылады. Капитал - корпорацияның (фирманың) нарықтық құнының басты өлшеуіші. Бұл ең алдымен таза активтер көлемін анықтайтын меншікті капиталға қатысты. Сонымен қатар, қолданылатын меншікті капитал құны қосымша пайда əкелетін заемдық капиталды тарту параметрлерін сипаттайды. Корпорация қызметінің өндірістік жəне коммерциялық қызметі тиімділігінің маңызды өлшеуіші - бұл капитал динамикасы. Меншікті капиталдың өздігінен өсу қабілеті корпорацияның таза пайдасын қалыптастырудың қолайлы деңгейін, меншікті капитал есебінен қаржылық тепе-теңдікті қолдау қабілетін сипаттайды. Меншікті капиталдың оның жалпы көлеміндегі үлес салмағының төмендеуі қаржыландырудың сыртқы көздеріне қаржылық тəуелсіздігін жоғалтуды куəландырады. Тиістілігіне қарай корпорация қаржылары меншікті жəне қарыз капитал деп бөлінеді. Салық салынатын пайданың көлемін заңды түрде реттеу үшін корпорацияның өзін-өзі қаржыландыруындағы өзінің жеткілікті қамтамасыз етілуі:
- активтерді негізгі жəне айналым қаражатына жатқызу шекараларының түрленуіне;
- негізгі материалдық активтердің өтелімін есептеу тəсілін таңдауға;
- материалдық емес активтердің өтелімін бағалау тəртібін таңдауға;
- материалдық-өндірістік қорларды есептеу əдісін таңдауға;
- күмəнды борыштар бойынша резерв құру тəртібін таңдауға байланысты.
Активтерді қаржыландырудың негізгі қағидаты - бұл корпорацияны дамыту келешегінің есебі. Капиталды қалыптастырудың аталмыш стратегиясы қарыз жəне тартылған қаражатқа қатысты жаңа кəсіпорын мен арнайы есептерді құру жөніндегі жобаларды бизнес жоспарлауға ТЭН-ді (техникалық-экономикалық негіздеу) енгізуді білдіреді. Қысқа мерзімді пассивтер - бұл айналымдық активтермен жабылатын немесе жаңа қысқа мерзімді міндеттемелердің туындауымен өтелетін міндеттемелер. Оларды негізінен қысқа мерзім (бір жылдан аспайтын мерзімде) ішінде өтейді. 163 Ұзақ мерзімді активтер - бір жылдан асатын мерзім ішінде өтелетін міндеттемелер. Мұндай міндеттемелердің негізгі түрлеріне ұзақ мерзімді кредиттер мен заемдар жатады. Меншікті капитал корпорацияның меншікті көзін қамтиды жəне оларға жататындар: жарғылық, үстеме, резервтік капиталдар, өткен жылдардағы жəне есеп беру жылындағы қайта бөлінген пайда. Бұл баптар жиынтық түрде АҚ-ның таза активтерін көрсетеді. Талдамалық мақсаттарда баланс пассивінде капитал міндеттемелерді өтеу мерзімі бойынша:
- ұзақ мерзімді пассивтер;
-қысқа мерзімді пассивтер;
-меншікті капитал болып топтастырылады. Қысқа мерзімді пассивтер - бұл айналымдық активтермен жабылатын немесе жаңа қысқа мерзімді міндеттемелердің туындауымен өтелетін міндеттемелер. Оларды негізінен қысқа мерзім (бір жылдан аспайтын мерзімде) ішінде өтейді. Ұзақ мерзімді активтер - бір жылдан асатын мерзім ішінде өтелетін міндеттемелер. Мұндай міндеттемелердің негізгі түрлеріне ұзақ мерзімді кредиттер мен заемдар жатады. Меншікті капитал корпорацияның меншікті көзін қамтиды жəне оларға жататындар: жарғылық, үстеме, резервтік капиталдар, өткен жылдардағы жəне есеп беру жылындағы қайта бөлінген пайда. Бұл баптар жиынтық түрде АҚ-ның таза активтерін көрсетеді. Меншікті капиталдың тиімді жақтары: 1) тартудың қарапайымдылығы себебі оны тарту жөніндегі шешімді компанияның меншіктенушісі мен менеджерлері қабылдайды; 2) кредит жəне облигациялық қарыздар бойынша пайыз төлеу қажет болмаған жағдайда фирма қызметінің барлық түрлерінен түсетін пайданы салыстырмалы түрде айтарлықтай тұрақты қамтамасыз ету. Меншікті капиталды пайдаланудың кемшіліктері:
- өндірісті ұлғайту қажет болғанда тартылатын қаражаттың шетеулілігі;
- қарыз капиталмен салыстырғанда меншікті капиталдың айтарлықтай жоғары құны;
- акцияларды қосымша шығару, əдетте, жарғылық капиталдың көлемін қайта қарастырумен қатар жүреді;
- ҚТН-ның көмегі арқылы қарыз қаражат тарту есебінен МҚР-ны арттыруды жүзеге асырудың мүмкін болмай қалуы. Осылайша, тек меншікті капиталды ғана пайдаланып жүрген корпорацияның қаржы тұрақтылығы өте жоғары, оның қаржы тəуелсіздігінің коэффициенті 1-ге жақын. Алайда, корпорация активтерді қаржыландырудың қосымша көзінен айырылып қалатын болғандықтан өзінің келешектегі дамуын шектейді. Қарыз капиталының жағымды жақтары: 164 1) жоғары кредиттік рейтингте қаражат тартудың кең мүмкіндіктері; 2) активтерді ұлғайту мақсатында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік қаржы ұғымы
«АТФ банктің» есебін жетілдіру шараларының методикалық нұсқаулығы
Қаржының Қазақстан Республикасындағы ролі
Ұйымның кредиторлық борыштарының есебі
Корпорация қаржыларын ұйымдастыру
Бюджеттен тыс қорлар, олардың қаржы жүйесіндегі орны
Банктің жеке капиталын қалыптастыру және оның қаржылық тұрақтылығын қамтамсыз ету туралы
Қаржы жүйесінің бір буыны - шаруашылық субьектілерінің қаржысы
Корпоративтік қаржы қызметтері
Кәсіпорынның нарықтық қатынас жағдайындағы жүйесі
Пәндер