Элементтердің қасиеттері мен құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі заманғы ғылыми және техникалық іскерліктің басты ерекшеліктерінің бірі жобалауобъектілеріне қатысты зерттеулер, жүйелерге қатысты зерттеулер мен жобалау.
Қазіргі заманғы ғылыми және техникалық іскерліктің басты ерекшеліктерінің бірі жобалау обьектілеріне қатысты зерттеулер жүйелерге қатысты зерттеулер мен жобалау. Іскерлік сипатына байланысты жүйе терминіне түрлі түсініктер енеді, бірақ барлық жағдайларда жүйе туынды көптеген өзара байланысты элементтер, шешілетін мәселе талаптарына сай кез келген табиғаттың көптеген элементтерінен айқындалады..
Элементтер - бұл шартты түрде бөлінбейтін деп қабылданған, жүйе компененттері немесе бөліктері. Қасиеттер - осы жүйені сипаттауға және басқа жүйелердің арасынан бөлуге мүмкіндік беретін сапалар. Қасиеттер параметрлер жиынтығымен сипатталады. Олардың кейбіреулері сандық шамаға ие бола алады, ал басқалары тек сапалық жағынан беріледі. Жүйе күйі осы уақытта жүйе параметрлерінің шешілетін есебінің жағынан нақты мәндермен сипатталады. Жүйе құрылысы элементтердің жүйеге белгілі қасиеттермен бірге олардың арасында байланыстарды орнату жолымен ұйымдастыру тәсілін сипаттайды.
Элементтердің қасиеттері мен құрылымы. Жүйенің жеке сипаттамаларын анықтайды және тұтас туынды ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Жүйелердің тұтастығы элементтердің қасиеттерінен сапалық түрде айрықшалана алатындығынан көрінеді. Сөйтіп, жүйе бұл оны құрайтын бөліктер қосындысы емес, ол элементтері иеленетін жаңа қасиеттері бар біртұтас туынды.
Жүйені бірнеше тәсілмен мүшелеуге болады. Сонымен бірге барлық жағдайларда бөліктердің саны әр түрлі болуы мүмкін (туынды жүйелер). Осындай мүшелеу нәтижесінде алынған барлық бағыныңқы жүйелер көптілігі М - S жүйесінің көптігі деп атаймыз. Берілген жүйенің М көптіктері қаншалықты болса, оның мүшелеу тәсілдері соншалықты болып келеді.
Бір бастапқы жүйеден бөлініп алынған барлық туынды жүйелер бірдеңгейлі немесе бір рангті туынды жүйелеріне жатады. Кейінгі бөлу кезінде анағұрлым төменгі денгейдің туынды жүйелері алынады. Мұндай бөліну иерархия деп аталады. Бұл кезде жүйеде келесі иерархия шарттары орындалуы керек:
1) Деңгейлердің үйлесімділігі (мақсат функцияларының).
2) Төменгі деңгейдің мақсат функцияларының жоғарғы деңгейдің мақсат функцияларына бағынышты болуы.
3) Жоғарғы деңгей есептерінің шешімдері төменгі деңгей есептеріне қойылатын шектеулерге көшуі керек.
Растау есебі келесі түрде қалыптастырылуы мүмкін: жүйенің кіріс және шығыс айнымалыларын зерттеу нәтижелері бойынша белгілі бір мағынада тиімді математикалық модель құрылу керек.
Жүйе туралы априорлы ақпаратқа тәуелді растау есептері тар және кең мағынада қарастырылады. Тар мағынадағы растау есебі обьекттің қалыпты жұмыс кезінде алынған кіріс және шығыс айнымалыларды бақылау нәтижелері бойынша жүйе күйі мен параметрлерін бағалауға негізделген. Бұл кезде жүйе құрылымы мен осы обьект жататын модельдер класы берілген: обьект туралы априорлы ақпарат жеткілікті түрде үлкен. Кең мағынадағы растау есебі ақпараттың толық емес жағдайында қарастырылады. Бұл жағдайда қосымша түрде модельдер құрылымын таңдау, ақпараттық айнымалыларды анықтау, стационарлық аралықты табу және т.б. мәселелерді шешуге тура келеді.
Ақпарат термині латынның "information" деген сөзінен шыққан, яғни қазақша
баламасы " түсініктеме, баяндама ". Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік,сематикалық және прогматикалық.
Жүйе болып кез келген объект түсініледі. Ол бір бүтін сияқты, сонымен қатар әр тектес элементтер жиынтығының қойылған мақсатына жету негізіне біріктірілген болып қарастырылады. Жүйе құрамы бойынша да, басты мақсаты бойынша да бір-бірінен ерекшеленеді.
Информатикада жүйе түсінігі кең таралған. Көптеген жағдайда ол техникалық жабдықтар мен программалар жиынтығына қолданылады. Жүйе болып компьютердің аппаратты бөлігі аталуы мүмкін. Жүйе, сонымен қатар көптеген есептерді басқару мен енгізу процедураларымен толықтырылған қолданбалы есептерді шешуге арналған программа болуы мүмкін.
Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзінің қосылуы оның құрылу және жұмыс істеу мақсатын көрсетеді. Ақпараттық жүйелер есептерді шешуде шешім қабылдау процесіне қажетті ақпараттарды жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, беруді қамтамасыз етеді. Олар мәселелерді анализдеуге және жаңа өнімдер құруға көмектеседі.
Ақпараттық жүйе - қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.
Ақпараттық жүйенің қазіргі түсінігі дербес компьютердің ақпараттарды қайта өңдеудің негізгі техникалық әдістері ретінде пайдалануды қамтамасыз етеді. Ірі өндірістерде дербес компьютерлермен қатар ақпараттық жүйенің техникалық қоры құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ кіреді.
Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты. Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады.Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде,сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады.
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады:
- Ақпараттық - анықтамалық жүйелер;
- Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер;
- Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.
Ақпараттық-анықтамалық жүйелер ақпаратты жинап, оны адамның пайдалануы
үшін дайындайды.
Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады.
Жүйелік талдау. Жүйелік талдауды жүйенің сыртқы және ішкі байланыстарының жиынтығымен бірге жүйені тұтастай жан-жақты жүйелік зерттеу деп түсінеді.
Жүйелік талдауды логика немесе дұрыс мағына деңгейінде өткізуге болады. Жүйелік талдау оның барлық кезеңдерінде сандық талдауға негізделген ғылыми жол қолданылғанда ғылыми әдіс болып табылады.
Іріленген жүйелік талдау келесі кезеңдерден тұрады: жүйені құрастыру, модульді құру және зерттеу.
Бірінші кезең - бұл кейінгі жұмыс үшін өте маңызды есептің қойылымы кезеңі. Есептің дұрыс қойылымы нақты нәтижелерді алуға сәттіліктің 60% - 70 % құрайды деп есептеледі.
Жүйелік талдаудың екінші кезеңі - құрылымдау. Ең алдымен жүйе шекараларын белгілеу керек және оның сыртқы ортасын анықтау керек. Ол үшін барлық элементтер жиынын анықтау керек және оларды екі класқа бөлу керек: зерттелетін жүйе мен оның сыртқы ортасы.
Жүйені құрылымдау дегеніміз қойылған мақсатқа сай оны бағыныңқы жүйелерге бөлу. Құрылымдау кезеңі сыртқы ортада бөлінген жүйелер мен оның арасындағы нақты байланыстарды анықтаумен аяқталады. Сол арқылы бөлінген жүйелердің кірістері мен шығыстарын анықтайды.
Жүйелік талдаудың келесі кезеңі - математикалық моделді құру және зерттеу. Жүйенің математикалық моделінің анықтамасын құру растау есебі деп аталады.
Ақпараттық жүйелердегі процестер
Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (1-сурет) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:
Ақпараттық жүйенің аппараттық және программалық бөлігі
Ақпаратты енгізу
Ақпаратты өңдеу
Ақпаратты шығару
Кері байланыс
өндіріс персоналы немесе басқа ақпараттық жүйе
Ақпараттық жүйенің аппараттық және программалық бөлігі
Ақпаратты енгізу
Ақпаратты өңдеу
Ақпаратты шығару
Кері байланыс
өндіріс персоналы немесе басқа ақпараттық жүйе

Сұлба 1.Ақпараттық жүйелердегі процестер
Ақпараттық жүйе келесі қасиеттермен анықталады:
+ кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін;
+ ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады;
+ ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;
+ ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.
Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.
Ақпараттық жүйені ендіру келесідей мүмкіндіктер береді:
+ математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің рационалды варианттарын алу;
+ оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;
+ ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;
+ мәліметтерді қағазбен алудан магнитті дискілер немесе ленталарға ауыстыру, бұл компьютерде ақпараттардың қайта өңделуін рационалды өндіруге және қағаздағы құжаттар көлемін төмендетуге әкеледі;
+ ақпараттар тобының құрылымын және фирмада құжат айналым жүйелерін жетілдіру;
+ өнімдер мен қызметтерді өндіруге кететін шығындарды азайту;
+ бірегей қызметтерді тұтынушыларға беру;
+ оларға берілген әр түрлі жеңілдіктер мен қызметтер есебінен сатып алушылар мен жабдықтаушыларды фирмаға әкелу.
Ақпаратты басқарушы жүйе АБЖ таңдалған мағынада тиімді, басқару бойынша шешімдерді қабылдау үшін қажет ақпарат әкімшілігін беру үшін арналған тәртіп жүйе ретінде анықталады. Қандай да бір ұйымның АБЖ-і бірқатар ақпараттық жүйелерден тұрады, олардың әрбіреуі нақты заттық облыста басқарушы шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Ақпаратты басқарушы жүйелер және басқарудың іскерлігі. Кәсіпорында басқарудың ақпараттық қажеттіліктерінің айырмашылықтарын зерттей отырып, басқарушы іскерліктің түрлерін шартты түрде үш категорияға бөлуге болады:
1. Стратегиялық жоспарлау - ұйым мақсаттарына қатысты шешімдерді қабылдау, осы мақсаттарды өзгерту, осы мақсаттарға жету үшін ресурстарды қолдану және алуды негіздейтін стратегияларға қатысты осы ресурстарды қолждану және орналадстыру процесі.
2. Басқарушы бақылау. Жетекшілер ресурстарды алуды қамтамасыз ететін және ұйымның тиімді қолдану процесі.
3. Жедел бақылау. Нақты міндеттердің тиімді және колифилацияланған орындалуын қамтамасыз ететін процес.
Сфераның келесі қажеттіліктері ескерілген болу керек:
- ақпараттық талаптар талдамасы. Жоғарыда сипатталғандай, әр шешімді қабылдау үшін ақпараттың қандай түрі талап етілетіндігі анықталады.
- шешімдерді арегациялау. Есепті шешуге қажетті бірдей немесе қайталанатын ақпаратты бір басқару есебіне біріктіру керек. Басқаша айтқанда, АЖ ұйымдастырушылық құрылымымен бағытталып және интеграцияланы керек. Бір жетекші немесе топпен қабылданған шешімдер тәжірибесінің есепке алынуы АЖ құру процесін бағыттайды.
- ақпараттық өңдеу процесін жобалау. Бір кезеңде деректерді өңдеу үшін ұжым мүмкіндіктерін ескере отырып, ақпаратты жинау, сақтау, жіберу және модификациялау үшін нақты жүйе өндіріледі.
- бақылау жүйесін жобалау және басқару. Соңғы, маңызды кезең - жүйені құру және іске қосу, ол АЖ беретін ақпаратты бағалау үшін қызмет етеді және табылған қателерді тасуға және түзетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жағдайдың өзгеруіне байланысты АБЖ-сін модификациялау мүмкіндіктеріне ие болу керек болар еді. Сөйтіп, жүйені шешілетін, бейімдеме алатын және ашық етіп жобалаған жөн.
АБЖ құрылымы. АБЖ компоненттерін декомпозициялау процесін келесіге бөледі: функционалды және қамтамасыз етуші бөліктері. Функционалды - қандай да бір АБЖ ерекшеліктерніне тәуелді, бағыныңқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Периодтық заң
Химияның даму деңгейлері. Д. И. Менделеевтің периодтық заңы. Периодтық заңның маңызы. Паули принціпі
Д. и. менделеев – ғылым алабы
Периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Периодтық жүйенің құрылымы
Бейорганикалық қосылыстардың кластарын оқыту әдістемесі
Периодтық жүйесінің құрылымы
Химиялық элементтердің периодтық жүйесінің ашылу тарихы
Қышқылдардың химиялық қасиеттерін зерттеу
Химиялық, элементтердің периодтық системасы
Пәндер