Қажымұқанның физикалық сипаты
21.Қажымұқан халқының қайратты адамға мінездеме беріңіз?
Қажымұқан Қыпшақтың Алтыбас руынан шыққан. Аталары: қыпшақ Тоқтарбай, одан кейін Қобыланды, Тірлікбай, Ойбас, Ұзын, Алтыбас, Қарыс, Жоламан, Санбай, Шадибатыр, Ернақ және әкесі Мұңайтпас.
Атасы Ернақ ерекше күштің иесі болған дейді және өз немересіне қазақша күресті үйреткен. Ал нағашы атасы Лек палуан ағаштарды тамырымен жұлған деген аңыз бар. Әкесі Мұңайтпас та өте күшті адам болды. Күрес жарыстарына қатысып, "жуанаяқ палуан" деген атпен танылды.
Мұңайтпасұлы құжат бойынша 1871 жылы 7 сәуір күні қазіргі Ақмола облысының Қараөткел ауылында дүниеге келген. Алайда оның туған жеріне қатысты басқа да пікірлер бар. Зерттеушілердің бір тобы оны Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында 1883 жылы дүниеге келді деп пайымдайды.
Мұңайтпасұлы 17 жасында танылды
Қажымұқан жастайынан байларға жалданып, ауыр жұмыс істеген. Сол кезде батпаққа батып қалған өгізді жалғыз өзі тартып шығарып алғаны туралы әңгімелер де бар.
Елдің есінде тағы бір оқиға қалды. Қажымұқанның қожайыны қыстың қақаған суығында құрғақ шөп алып келуді тапсырады. Жолда арбаны сүйреп келе жатқан бір ат әлсіреп құлап қалғанда Қажымұқан оны арбаның үстіне лақтырып, екінші атты арбаның артына байлайды да, арбаны жалғыз өзі сүйреп әкеледі.
Мұңайтпасұлы 17 жасқа толмай жатып, мықты палуан ретінде таныла бастады. Оның Ақмола облысы бойынша барлық атақты палуандарды жеңгені туралы әңгіме бүкіл қазақ даласына тез тарап кетеді. Ал 18 жасында оны циркке жұмысқа шақырды.
Қажымұқанның жеңісті жолы қалай басталды
1905 жылы Қажымұқан алғашқы ірі жетістігіне қол жеткізді. Харбинде өткен жарыста Мұңайтпасұлы "джиу-джитсу" күресінен алтын медаль жеңіп алды. Осы додадан кейін "Маньчжурия чемпионы " деген атаққа ие болды. Ал бір жылдан кейін Алманияда өткен дүниежүзілік жарыста топ жарды.
Швецияның Гётеборг қаласында өткен француз күресінен әлем чемпионатында алтыннан алқа тақты. Сөйтіп, осы күрес бойынша әлем чемпионы атанған алғашқы қазақ болды.
1910 жылы европалық және ресейлік палуандардың үлкен тобы Америкаға аттанды. Олардың ішінде Қажымұқан да болды. Оңтүстік Америка қалаларына жасалған турнеде Қажымұқанның ең сәтті өнер көрсеткен жері - Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласы. Сол жерде ол алтын медальмен мараппатталды.
Троицк қаласында өткен жарыста Қажымұқан неміс палуаны Вестергард Шмидт, француз Фисури Колос, эстондық Тигане, орыс Петров және тағы басқа атақты спортшылардан басым түсті. Ал бір жылдан кейін Нижний Новгородта тағы бір жарысқа қатысты.
Сол сайыста неміс палуаны Вестергард Шмидт жеңілетінін біле тұра, Қажымұқан орындай алмайтын шарт қойған. Ол 100 сом көлеміндегі жеке сый үшін ғана күресемін деп шықты. Мұңайтпасұлы көрермендерден көмек сұрайды. Ақша табылады. Ал Қажымұқан тағы да жеңімпаз атанады.
Саракикиге қарсы жекпе-жек
Қазақ палуанының жапон палуаны Саракики Джиндофумен болған жекпе-жегін ерекше атап өткен жөн. Француз күресінен ресми чемпионат аяқталғаннан кейін Саракики кілемге шығып, джиу-джитсудан кез келген палуанды жеңе аламын деп жиналған спортшыларды жекпе-жекке шақырады. Сонда Мұңайтпасұлы оған қарсы шыққан.
Жекпе-жек кезінде Саракики қазақ балуанының құлағы мен астыңғы ернін жыртып жіберген. Соған қарамастан, Мұңайтпасұлы жапон палуанын алып ұрып, жерге жығады. Осы жекпе-жектен кейін Саракики қайтыс болды. Біреулер жүрегі тоқтап қалды десе, енді біреулер жынданып өлген дейді.
"Біздің арамызда өз дене бітімімен және күшімен кырғыз палуаны Қажымұқан ерекшеленеді. Оның иығы кең, орасан зор күші және ұзын қолдары болды, ол күресте өте маңызды... Палуандардың көпшілігі одан қорқатын және күреске түскісі келмейтін ", - деді тәжірибелі палуан Николай Турбас өзінің бір естелігінде.
Қажымұқанның физикалық сипаты
Мұңайтпасұлы тұратын үйде қонақта болған филолог-ғалым Әуелбек Қоңыратбаев палуанның физикалық өлшемдерін жазып алған. Сол кезде 75 жастағы палуан жалаңаш тұрғанда 174 келі тартқан. Шалбарының өзіне үш метр мата, көйлегіне 6 метр сұрып кетеді екен. Бойы - 195 сантиметр, төбеден белге дейін - 77 сантиметр, белінен аяғына дейін - 118 сантиметр. Кеудесі - 146 сантиметр, кіндік тұсы - 173 сантиметр, жуан қара санының қалыңдығы - 71 сантиметр, сан жілігінің ұзындығы (жамбастан тізеге дейін) - 65 сантиметр, балтыр - 49 сантиметр, балтырының ұзындығы - 58 сантиметр, табаны - 35 сантиметр, аяқ киімі - шамамен 54-ші өлшем. Шалбарының белдігі - 220 см., жауырынының жалпақтығы - 60 см., қолтық еттің қалыңдығы - 50 см., қар еті - 47 см., екі иығы - 56 см., мойын жуандығы - 56 см.;
Қажымұқан теңдессіз күштің иесі болғанына мына бір оқиға дәлел. Бірде палуандарға үлкен сейфті апарып тастау өтініші түсті. Жолдастарының бұл жұмысты атқара аламай жатқанын көрген Қажымұқан арқан жіптің көмегімен сейфті арқасына салып алып, екінші қабатқа көтеріп кеткен. Сонда сейфтің салмағы 450 келі болған.
Палуанның лақап аттары
Мұңайтпасұлы Қажымұқанның бірнеше лақап аты болған. Олар - "Ямагата Муханура", "Қара Иван", "Қызыл маска". Мәселен, "Муханура" деген лақап атты Қажымұқанға Иван Лебедев қойған. Ал "Қара Иван" деген лақап атты "төрт Иван" - Иван Поддубный, Иван Заикин және Иван Шемякинмен бірге өнер көрсеткен кезінде алған еді.
Түркияда өнер көрсеткенде Қажымұқан "Қара Мұстафа" деген лақап атпен шыққан. Сол кезде ол түріктің ең атақты палуаны Нуруллахты жеңді. Сөйтіп, Стамбұл билеушісі Шәкір-пашаның назарына ілінеді. Ол жұмбақ "орыстың" мұсылмандық тегін анықтағаннан кейін оған қажылыққа бірге баруды ұсынады.
Мұңайтпасұлы ол ұсынысты бірден қабылдаған. Осылайша, қажылықтан кейін Мұқан деген есіміне "Қажы" деген мәртебені қосты. Содан бастап оның Қажымұқан есімімен атағы шыға бастайды. Осы есіммен ол алғаш рет 1912 жылы Саратов қаласында өнер көрсетті.
100 мың рубль жинап, ұшақ жасатқан
1940 жылы Қажымұқан халық алдында соңғы рет өнер көрсетуге шығады. Бірақ Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін цирк әртістерінің ақшаны майданға көмек ретінде жіберіп жатқанын көріп, жасының келіп қалғанына қарамастан, өз үлесімді қосамын деп, цирк-шапито ұйымдастырады. Сөйтіп, балға, шынжыр және кір тастар сияқты қарапайым снарядтарды пайдаланып, қазақ ауылдарын аралайды.
Шоулардың бірінде Мұңайтпасұлы жерге жатқан екен. Сосын оның үстіне тақтайлар орнатылатын. Сол тақтайлардың үстімен адамдарға лық толы жүк машинасы жүріп өтетін.
Осылайша, төрт жылдың ішінде Қажымұқан 100 мың рубль жинап, қорғаныс қорына аударады. Бұл ақшаға ұшақ жасатады да, бүйіріне Амангелді Имановтың атын жаздыртады.
Мұңайтпасұлы ол ұшақты жас ұшқыш Қажытай Шалабаевқа салтанатты түрде табыс етті. Ұшқыш Шалабаев онымен Прибалтика және Ленинград майдандарында соғысты.
Мұңайтпасұлы марапаттарын сақтай алмады
Қажымұқан 26 мемлекетте өнер көрсетіп, 50-ден астам медаль жеңіп алған. Ол наградаларының бәрін сақтай алмады. Мәселен, Рига қаласында жүргенде әкесінің қайтыс болғанын естіп, жолға ақша іздеген екен. Сөйтіп, медальдардың жартысына жуығын атақты палуан Вейланд-Шулцке тастап кетті.
Наградалардың ішінде сан алуан мемлекеттердің бірінші басшылары берген медальдар да көп болды. Мысалы, парсы чемпионы Машрутты жеңгені үшін Персия шахы Қажымұқанды "Алтын Арыстан мен Күн" орденімен марапаттады.
Бұдан бөлек, жапон палуаны Саракики Джиндофуді жеңгені үшін Манчжурияның "Қайырымдылық" орденін алды. 1927 жылы Қазақстан орталық атқару комитеті Мұңайтпасұлы күрестен әлем чемпионы болғаны үшін оған "Қазақ халқының батыры" атағын берді. Ал 1945 жылы Қажымұқан Мұңайтпасұлы "Құрмет белгісімен" марапатталды.
22.Балуан шолақ халқының тумасы,қайратты адамға мінездеме беріңіз?
Балуан Шолақ Баймырзаұлы
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) - қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты Балуан Шолақ деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты - Нұрмағанбет. Шыққан тегі - Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. Алып - анадан деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған.
14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құғында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын қалағандығын айғақтайды. Көкшетау қаласындағы үлкен жиындарда 51 пұт (830кг-дай) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған. 1899 ж. Орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырғанда Балуан Шолақ 35-те еді.
Мұның үстіне Балуан Шолақ ән-күйге жасынан құмар болады. Бертін келе, жігіт шағында Балуан Шолақ осы екі өнерді қатар дамытады. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Ғаникей деген қызға үйленген Балуан Шолақ ел аралап, салдық құрады және жалғыз-жарым жүрмей, маңына әнші-күйші, палуан, өнерлі жастарды жинайды. Топ құрып, ансамбль болып сауық құру Балуан Шолақтың дәстүріне айналған.
Өзі ұстаз тұтқан Біржан сал, Ақан сері әндерінің тамаша орындаушысы әрі насихатшысы болады. Олардың әнші-композиторлық дәстүрін берік ұстанып, кейін өзі де ән шығарады. Бұл тұрғыдан алғанда, Балуан Шолақ қазақтың әншілік өнерін өрістетуге үлкен үлес қосқан композитор. Көкшетау, Қарқаралы, Қараөткел, Сарысу бойындағы елдерді түгел аралаған. Балуан Шолақ Баян-ауыл, Семейде болады, Арқаның әндерін Жетісуға жеткізеді. Осы сапарында Кенен Әзірбаев Балуан Шолақтың көптеген әндерін үйреніп, халыққа таратады.
Балуан Шолақтың Ащылы-айырық, Балуан Шолақ, Желдірме, Дікілдек, Көкшетау, Қосалқа, Қос барабан, Қос перне, Құлан кісінес, Кенже қоңыр, сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері - Ғалия мен Сентябрь. Ғалия нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды.
Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны Қазақ халқының 1000 әні және Қазақтың 500 әні мен күйі жинақтарына енгізеді.
Сан өнерімен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz