Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханов


Ұлт мақтанышы-Әлихан Бөкейханов
« . . . Бөкейханов-кадеттер партиясының
ірі өкілі. Алашорда өкіметінің төрағасы.
Әлихан-халықтыңарасындағы үлкен
беделді тұлға»
Тұрар Рысқұлов
Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт-азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы-Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов 1866-жылы, 5-наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Ата тегі-Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Ол бұдан кейін Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Кейін Әлихан он алты жасында Омбының техникалық училищесіне қабылданып, төрт жыл бойы үздік оқыған. Үздік оқыған шәкіртіне училище басшылары риза болып, оның оқуын әрі қарай жалғастыруына мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, ол жиырма жасында Дала генерал-губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, Ресейдің астанасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтына түседі. Дәл сол студенттік шақта сан алуан қозғалыстарға белсенді түрде араласқаннан кейін жандармерияның назарына ілікті, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне енді. Екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры Әлихан Бөкейхановті қатты толғандыра бастайды. Сонымен ол өз алдына надандықтың шырмауында отырған халқының білімі мен мәдениетін көтеруді мақсат етіп қояды.
Әлихан оқуын бітіріп, Омбыға келісімен қаланың прогресшіл бағыттағы зиялыларымен, жер аударылғандармен тез тіл табысып, тығыз қарым-қатынаста болып, қаланың саяси әлеуметтік қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Халық бостандығы партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері, әрі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.
Қазақ жерінің отарлануы мен байырғы жер иесі-қазақ халқына сол кездің өзінде тиіп отырған және алда да тигізе беретін аса ауыр зардаптары туралы бірқатар ірі еңбектері Әлихан Бөкейханның алға қойған мұратының жарқын мысалдары бола алады. Әлихан Бөкейхан бұл зерттеулерді Семей түрмесінде сегіз ай отырған кезінде де жазған еді. Ол өзінің алғашқы еңбектерінде-ақ қазақ қоғамының жағымсыз жақтары мен қара халықты қатыгездікпен қанап жүрген надан молда, болыс пен старшынды, тойымсыз байдың сойылын соғып екіжүзді ақындар мен оқыған қазақтарды аяусыз сынға алған еді. Әлихан Бөкейханов қазақ хандары мен сұлтандарының, ру көсемдері мен билерінің Ресей империясы өкілдерімен жазысқан хаттарын зерттей келе ел ауызындағы аңыз-әңгімелерді жинақтады. Осы ізденістерінің арқасында бірнеше келелі тұжырымдар жасап, ой қорытты. Қазақтың бірлігі мен тәуелсіздігін сақтай алмауының себебін, ел ішіндегі ауызбірліктің жоқтығынан көрді.
« . . . Қазақтар Шыңғыс хан мен Темірланның ордасының ұрпақтары, демек Америкада үндістер қалай жойылса, олардың да басына сондай сойқанды орнату керек»-деп Әлихан Бөкейханов аяр идеологияға бас имейтін тұлғаларға қарсы күресті. Қазақ елінің рухын тәуелсіз ұлт дәрежесіне жеткізу жолына бүкіл арман-мұратын, қайратын, талантын тағдыр талайына салған тұлғалар сол «астан-кестен заманда» өмір сүруімен де Бостандық рухының қасиетті бейнелеріне айналды. Олар ұлттың тәрбиеші зиялылары ретінде танылып, исі алашқа мойындалды. Ұлттық биліктен айырылып, «өз қолынан өзінің ырқы кеткен соң да» (Абай) қазақтың қамын жеп, елінің мұң-мұқтажын жоқтай білді. Азаматтық Мойынсынбауды, Рухани Тәуелсіздікті, Ұлт Азаттығын мұрат тұтты. Соның нәтижесінде, екі жылға жуық өмір сүрген «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметі құрылды. Сөйтіп, қазақ қауымының дербес ел ретінде өмір сүру құқығы бар екенін негіздеп берді. Ал бұл ұлы қозғалыстың қозғаушы күші-ар-ождан намысы, иман күші еді. Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Ә. Бөкейханов пен А. байтұрсынов бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды. Сөйтіп «Алаш» партиясы тарих сахнасына шықты. XIII-XV ғасырлар арасында атой атқа айналған: «Ұраным-алаш, керегеміз-ағаш!», дегендегі «Алаш» ұранын мемлекеттің аты ретінде таңдап алды. Алаштың ұлттықт идеясы бес түрлі тұжырымға негізделген болатын:
Бірінші ұстаным:жер, және жер. Жерсіз Отан жоқ
Екінші ұстаным:жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек.
Үшінші ұстаным:Ә. Бөкейхановтың жобасы бойынша, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмытылуы тиіс еді.
Төртінші нысана:қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл, үстемдігі болуы керек.
Бесінші, түпкі мақсат:Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.
1917-жылы, 5-желтоқсанда «Алашорда»автономиясы жарияланып, ӘБөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланды. Әлихан Бөкейхан 1918 жылдан бастап өзінің Алашорда үкіметінің төрағасы қызметіне байланысты Семейде тұрды. Ол Алашорда үкіметінің Ұлт Кеңесі, Семей облыстық және уездік Земство басқармалары, Алаш қалалық Думасы мен Алаш қалалық қоғамдық басқармасы тәрізді болашақ мемлекеттік басқару жүйелерін құруға қатысты қыруар істер атқарды. «Қазақтың - Қазақстаннан басқа отаны жоқ. Сондықтан да қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс. Егерде біз теңдікке қол жеткізгіміз келсе, онда қазірден бастап тереңдеп ойламасақ болмайды. Бүгін не ексек, ертең соны орамыз», - деген астыртын уағдаластығын олардың күрес жолындағы таңдауы ретінде сыйлауымыз керек.
Өмірдің өзі көрсетіп отырғанындай, егерде алаш зиялылары жаппай эмиграцияға кеткенде, онда 1920-1930 жылдар арасындағы ағарту және ғылым саласындағы еңбектер дүниеге келер ме еді? Ол еңбектер жазылмаса қазіргі қазақ тілінен бастап алгебра, геометрия, биология, физика, зоология, жағырафия терминдері қалай қалыптасар еді? Сонымен қатар, түпкі күрес мақсатына жете алмаса да, жоғарыдағы бес тұжырым үшін күрескен С. Сәдуақасов сияқты жас қайраткерлер қалыптасар ма еді, Қазақстандағы саяси ахуал мен саяси күрес қалай бет алар еді?
Міне, Алаш идеясы мен оның көсемі Әлихан Бөкейхановтың ұлттың толықтай бостандығы жолында ұстаған ұстанымының бір тарамы осындай. Менің ойымша, бұл идея - мәңгілік және қазақ ұлты өмір сүріп тұрған жағдайда күн тәртібінен түспейді деп ойлаймын. Өкінішке орай Алашорда үкіметі ұзаққа бармады. Ол 1917 жылдың желтоқсанынан - 1920 жылдың басына дейін екі жарым жылдай уақыт қана өмір сүрді. Большевик үстемдігі ұлттық демократиялық мемлекеттін қанат жаюына мүмкіндік бермеді. Бұл арада 1917 жылғы қарашадан - 1918 жылғы ақпан айы аралығында Қоқан қаласында Түркістан автономиясы болды. Мұны да Алаш қозғалысының бір бөлігі ретінде санаған дұрыс. Өйткені онда Әлихан Бөкейханның тапсырмасы бойынша алдымен Мұхаметжан Тынышбаев, кейін Мұстафа Шоқай жетекшілік жасады. Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған халқының аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол - Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің І Мемлекеттік Думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі, ғұлама ғалым - ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. Қазақ халқының заманауи мемлекеттігінің алғашқы іргетасының қалануына жетекшілік жасаған Әлихан Бөкейхан 1937 жылы Кеңестік билік тарапынан атылып өлтірілді. Сонымен қатар Кеңестік одақ кезінде Бөкейхан және өзге Алаш қайраткерлерінің атын атауға тыйым салынды. Бірақ Кеңестік билік Бөкейханның жарқын бейнесін қазақ халқының жүрегінен өшіре алмады. Өйткені Бөкейхан 1914 жылы жазған мақаласының бірінде “Тірі болсам, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын” деп, ұлтына қызметтен ешқашан кенже қалмаған еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz