Тіл дыбыстары және оның түрлері
Практикалық сабақтардың үлгі тақырыптары
1.Тіл дыбыстары және оның түрлері.
Дауыссыздардың кейбіреулері дауыстың қатысуымен жасалса, қайсыбіреулері дауыстың қатысуынсыз жасалады.Осыған орай, дауыссыздар екі топқа бөлінеді: оның бірі - қатаң дауыссыздар, екіншісі - ұяң дауыссыздар. Қатаң дауыссыздар деп дауыстың қатысынсыз жасалған дауыссыздарды айтамыз да, ұяң дауыссыздар деп дауыстың қатысуымен жасалған дауыссыздарды айтамыз.Егер дауыссыздарды айқанда, дауыс шымылдығы жиырлып қысылмаса ж\е дауыстың қатысы болмаса, онда қатаң дыбыстар жасалады. Мысалы: қ,к,т,п,с ж\е т.б.Егер дауыссыздарды айтқанда,дауыс шымылдығы үн шығарарлық қалыпта болса,онда ұяң дыбыстар жасалады. Мысалы: ғ,г,д,б,з ж\е т.б.Қатаң дауыссыздар мен ұяң дауыссыздар түрлі ділдерде дауыстың қатысуы жағынан ажыратылмайды да, өз-ара жұп-жұбымен айтылады.Тіл-тілде қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлы, керісінше ұяң дауыссыздардың қатаң сыңарлары бар. Мысалы:к-г, п-б, т-д, с-з, ф-в, ж\е т.бДауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай ауыз жолды ж\е мұрын жолды дауыссыздар болып 2 топқа бөлінеді.Егер жұмсақ таңдай жоғары көтеріліп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс жолды жауып тұрса, онда ауа ауыз қуысымен өтеді де, осының нәтиежесінде ауыз жолды деп алатын дауыссыздар жасалады.Егер жұмсақ таңдай төмен түсіп, жұтқыншақтан мұрын қуысына баратын кіре беріс ашық болса, онда ауа мұрын қуысына өтеді де, осының нәтиежесінде мұрын жолды деп аталатын дауыссыздар жасалады. ( Мысалы:м,н...).Артикуляциялық жолын қарай салдыр дауыссыздар шұғыл дауыссыздар ж\е ызың дауыссыздар болып 2 топқа бөлінеді.Шұғыл дауыссыздарды айтқанда дыбыстау мүшелері бір-біріне жабысады да, бірден кілт ажырасып кетеді, осының нәтиежесінде ауа үзіліп, шұғыл шығады.Шұғыл дауыссыздардың осы қасиеті ескеріліп, олар эксплозив дауыссыздар деп те аталады. Шұғыл дауыссыздар мыналар: п,б,т,д,ж,қ,ғ.Шұғыл дауыссыздардың айтылу ерекшелігін т дыбысының артикуляциялық жолын сипаттаудан да аңғаруға болады.Бұл дыбысты айтқанда, тілдің ұшы күрек тіспен жымдасып, бірден кілт ажырап кетеді де, ауа шұғыл шығады.Ызың дауыссыздардың дыбыстау мүшелерінің жылдамдасуынан емес, тек өз-ара жуысуынан,соның нәтиежесінде, ауаның сүзіліп шығуынан жасалады. Ызың дауыссыздар кейде фрикатив дауыссыздар деп те аталады.Олар мыналар:в,ф,ғ,с,ш,х,з,ж,һ.Ызың дауыссыздардың айтылу ерекшелігін х дыбысының артикуляциялық жолын сипаттаудан да аңғаруға болады. Бұл дыбысты айтқанда, тіл мен таңдай нық жабыспай, тек бір-біріне жуысады да, ауа сүзіліп ызыңмен шығыды.Тіл-тілде ызың дауыссыздар мен шұғыл дауыссыздардың ерекшеліктерін бірдей қамтыған дауыссыз дыбыстарда кездеседі.Мұндай дауыссыздар аффрикат дыбыстар деп аталады.Дауыссыз дыбыстардың артикуляциялық жолы мен артикуляциялық орнына қарай жіктеліп,топ-топқа бөлінуін жете білудің дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өз-ара үндеу заңдылығынтүсіну үшін үлкен мәні бар.Тіл білімінде дауыссыз дыбыстар консонтизм деп те аталады.Дыбыстылардың жасалуының анатомия-физиологиялық жалпы жағдайының ерекшелігі мынада: сөйлеу каналында салдыр тудырарлықтай елеулі кедергінің болмауы ж\е ауа ағысының баяу өтуі.Ауа ағысының баяуы дауыстылардың жасалуының қажетті ж\е басты шарты болып саналады.Дауыстылар сөйлеу мүшелерінің негізгі 3 түрінің қатысы мен қалпына қарап, атап айқанда,1)тілдің қалпына ,2)еріннің қалпына ж\е 3) жақтың ашылу қалпына қарай топтастырылады.
Тілдің артқы таңдайға қарай жиырлып, бүктеліңкіреп айтылуынан жуан дыбыстар(а,ы,о,ұ) жасалса,оның таңдайдың алдыңғы жағына жуықтап айтылуынан жіңішке дауыстылар(ә,е,і,ө,ү,) жасалады.
Дауысты дыбыстыларды жуан дыбыстылар ж\е жіңішке дауыстылар деп 2 топқа бөліп қараудың түркі тілдерінде сингармонизм заңдылығын танып білуде үлкен мән бар.
Еркін қатысына қарай дауыстылар еріндік ж\е езулік болып 2 топқа бөлінеді. Еріндік дауыстылар еріннің алға сүйірленуінен жасалса(о,ө,ү,ұ), езулік дауыстылар еріннің кейін тартылып, езудің жиырлуынан жасалады.
Дауысты дыбыстарды еріндіктер ж\е езуліктер деп 2топқа бөліп қараудың түркі тілдеріндегі еркін үндестігін танып білуде үлкен мән бар.
Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық ж\е қысаң дауыстылар болып 2-ге бөлінеді. Ашық дауыстылар жақтың кең ашылып, иектің төмен түсуінен жасалса(ә,а...),қысаң дауыстылар жақтың болар-болмас ашылуынан жасалады (ұ,ү,ы,і). Ашық дауыстылар мен қысаң дауыстылардың аралығындағы дауыстылар о,ө,е, дыбыстары.
Дыбыстыларды ашық ж\е қысаң деп бөлу-шартты нәрсе. Дауысты дыбыстардың көпшілігі ашық дауысты дыбыс (а) пен қысаң дауысты дыбыстардың (ұ)аралығынан орын алады.Ондай аралық дыбыстар не ашық дауысты,не қысаң дауыстыға бейімделуіне қарай 2 топтың біріне шартты түрде телінеді.Дифтонгтар- дауыстылардың айрықша бір түрі. Дифтонг деген термин 2 дауысты деген мағананы білдіреді.Оның артикуляциясы да күрделі болады.Әрбір дифтонг дауысты дыбыстың элементінен басталып,дауыстының элементімен аяқталады да, екі дауыстының тіркесінен құралады.Дифтонгтардың негізгі екі түрі бар:1- шынайы дифтонгтар, 2- жалған дифтонгтар.Сонымен дауыстылардың табиғаты түрліше болады.Тіл білімінде дауысты дыбыстар жүйесі вокализм деген терминмен де аталады.
2.Тіл және ерін үндестігі.
Ерін үндестігі. Дауыстылардың бір сөз көлемінде еріннің қызметіне қарай үндесіп келуін ерін үндестігі деп аталады. Бұл заң бойынша сөздің бірінші буынында еріндік дауысты болса, қалған буындарында да еріндіктер тұруға тиіс. Мысалы: түйөлөрүмүздүң, көбөлөктөрдү деген сияқты. Бұлай айту, яғни ерін үндестігі алтай, қырғыз тілдеріне тән заңдылық түрінде танылады. Қазақ тілінде ерін үндестігі бар ма, бар болса, неше буынға жетеді дейтін мәселе әлі күнге толық шешімін таба алмай келеді. Еріндіктердің езуліктермен қарым-қатынасының барынша шектеулі болуы, еріндіктердің өзара (о дыбысынан басқалары) мидай араласып жататыны, яғни тілімізде ерін үндестігінің барын қуаттайды. Сингармонизмнің мәні мен сәнін құрауға тіл және ерін үндестігі тең қатысады. Ерін үндестігінің күші, жұрт айтып жүргендей, екі буынмен шектелмейді. Бірінші буында дөңгеленіп, сүйірленіп алған ерін екінші буында (ашық а дыбысы болмаса) тез жайылып өз қалпына келмейді және ол үшінші буында да аяқтала қоймайды. Ерін үндестігі - ерін дауыстыларының бастапқы буындағы ыңғайына қарай, соңғы буындардың үйлесіп келуі болып табылады. Ол еріндік о, ө, ұ, ү дыбыстарынан кейін келетін езулік ы, е, і дыбыстарын айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.
Ерін үндестігі заңдылықтары
1. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы ы дыбысын ұ-ға айналдырады. Мысалы: орын-орұн, құлын-құлұн.
Ал, ашық дауысты а дыбысына о-ның да, ұ-ның да әсері байқалмайды. Мысалы: орақ, құлан.
2. Алғашқы буындағы о немесе ұ дыбыстары екінші буындағы і дыбысын ү-ге айналдырады. Мысалы: көрік-көрүк, күдік-күдүк.
3. Алғашқы буындағы ө немесе ү дыбысы е дыбысын ө-ге айналдырады. Мысалы: өлең-өлөң, күрек-күрөк.
3.Прогрессивті және регрессивті ассимиляция
Ассимиляция дауыссыз дыбыстардың үндесуі болып табылады. Түбір мен қосымша аралығында, біріккен сөз сыңарлары, жігінде және сөз тіркесі сыңарларының аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Ал жартылай түрде ұшырайтын ассимиляция деп бір дыбыстың екінші дыбысты дәл өзіндей етіп еліктірмей бір жақты дауыс қатысына қарай айтады. Мысалы: қағазға, тасқа. Осындағы түбірдің соңғы ұяң з дыбысының әуенімен қосымшаның да басқы дыбысы ұяңға айналып тұр. Түбір мен қосымшаның, біріккен сөздердің және көршілес дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ілгерілі, кейінді әсер етіп өзгеруін ықпал заңы дейді. Дауыссыз дыбыстардың біріне-бірінің тигізген әсерінен туатын ықпал заңы қазақ тілінде негізінен, үш топқа бөлінеді:Тіл ғылымында ілгерінді ықпалды прогрессивті ассимиляция, кейінді ықпалды регрессивті ассимиляция деп атайды.
Прогрессивті ассимиляция
Дыбыстар өзгерісінде прогрессивтік ассимиляцияның мәні үлкен. Прогрессивтік ассимиляция деп бір сөз көлемінде немесе бірнеше сөз аралығында алғашқы дыбыстардың кейінгі дыбысқа артикуляция жағынан өзіне ұқсата ықпал жасауын атайды. Қазақ тілінде сөз ішінде кездесетін ілгерінді ықпалдың мынадай үш түрі бар:
Түбір мен қосымша аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.
Біріккен сөз сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.
Сөз тіркесі сыңарлары аралығындағы прогрессивтік ассимиляция.
Регрессивтік ассимиляция
Түбір сөз бен қосымшаның, біріккен сөздің және сөз тіркестерінің аралығындағы соңғы дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа артикулияциялық жағынан әсер етуін регрессивтік ассимиляция дейді.Қазақ тілінде регрессивтік ассимиляцияның үш түрі бар:
Түбір мен қосымша аралығындағы регрессивтік ассмиляция.
Біріккен сөз сыңарлары аралығындағы регрессивтік ассимиляция.
Сөз тіркестері аралығындағы регрессивтік ассимиляция.
4.Сөз мағынасы және оның түрлері
Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, ондағы мағыналардың өзгеру жолдарын зерттейтін ғылым саласын -- семасиология деп атайды. Сөз мағынасын сөздің семантикасы деу де олардың бір-біріне синоним болатын қасиетінен туған.
Сөз -- дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз белгілі 6ip зат пен құбылыстың аты, ол сөздердің әрқайсысына тән белгілі мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болады. Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, бояуы, өзіндік мәні, сипаты болады.
Сөздің белгілі бір дыбыстық қүрамда айтылуы оның формасы десек, сөз мағынасы оның мазмұны болмақ. Сөз -- aca күрделі тілдік түлға болғандықтан, ен алдымен, сөздің мағынасы мен сөз арқылы берілетін үғымның арақатынасы аныкталады. Мысалы, cym, нан, қapa, көк, оқ, сол, бес, он деген сөздердің дыбыстық қүрамы мен оның білдіретін мағынасының арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды, өйткені, ондай дыбыстық құрамның қай қайсысы болмасын белгілі бір ұғымның аты яки белгісі есебінде қызмет ететін дыбыстық комплекс я сөз деп аталады.
Сөз мағыналары -- негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.
5.Омоним және көп мағыналы сөздер
Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобын білдіреді.Сыртқы формасы жағынан,яғни біркелкі дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас болып келеді.
Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы оларды білдіретін мағынасынан көрінеді.көп мағыналы сөздер бір негізден тұрғандықтан,мағыналары жағынан өзара жақын ұқсас болып олар бір ғана сөз табына жатады. Ал омонимдер мағыналары жағынан бір бірінен соншалықты алшақ болады да,кейде бір сөз тобына,әр басқа сөз табына да қатысты болып,дараланып тұрады. Мысалы : Қара : 1) қара шаш - заттың түсін білдіретін сындық мағыналы сөз ; 2) тақтаға қара - қимыл-әрекетті білдіретін етістік.
Айт : 1) айт болды - діни мейрам ; 2) ән айт - қимыл мағынасындағы сөйлеу ; 3) айт-итті бір нәрсеге айтақтап қосу үшін айтылатын одағай сөз..
Тілімізде көптеген омонтмдер сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған.Түбір сөзге жұрнақтар қосылу арқылы нәтижесінде пайда болған омонимдер туынды омонимдер делінеді.
Мысалы : Арық : 1) зат-су ағызу үшін арнайы қазылған шағын су жолы. Ол егінін арықтан суарады екен;
2) сын - семіз емес,еті қашқан,жүдеу.Арық құп-қу балалардың беттерінде аштық табы бар.
6.Антоним және синоним
Антоним (гр. ἀντι- -- қарсы, гр. ὄνυμα -- ат, атау) -- мән-мағынасы бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын сөздер. Лексикологияда құбылыстың (күн -- түн), ұғымның (бақ -- сор, жақсылық -- жамандық), сапаның (жаңа -- ескі), қимылдың (кіру -- шығу), т. б. қарсы мәндегі сөздердің мағыналары антонимдік жұп құрайды. Заттың атауын білдіретін сөздердің антоним дік жұбы болмайды. Сонымен қатар антоним қарама-қарсы мағына арқылы сөздердің мағыналық тұтастығы мен біртектілігін де білдіреді. Антоним сөздің дәл, нақты мағынасын салыстыру тәсілі арқылы айқындап, стилистикалық қызмет атқарады. Әсіресе, мақал-мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы, Көз -- қорқақ, қол -- батыр, Өтірік -- қаңбақ, шын -- салмақ. Қазақ тілінде фразеологиялық антонимдер көп кездеседі: аты шықты -- аты өшті, жүрек жұтқан -- су жүрек, соры қайнады -- көзі ашылды.
Синоним (гр. 'synonymos' -- мағыналас, мәндес) -- тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну -- белсену, соғыс -- ұрыс, жабу -- кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.
7. Фразеологизмдер
Қазақ тілі сөздік қорының аса манызды бөлшегінің бірі - фразалар мен идиомалар. Ол екеуін қосып фразеологизмдер деп те атаймыз. Олардың әрқайсысы жеке сөздерден құралып күрделенген номинатив орайында жұмсалады да, толық мағыналы сөздердің мазмұнына ортақтасып, экспрессивті, эмоциялы бояуларымен сөйлеу тілінде де, әдеби тілде де жиі қолданылады. Олар халық тіліндегі айшықты ойды білдіретін мәнерлік, көріктік қасиеттерге бай бөлшегі.
Фразеологизмдер тіл байлығынан ерекше орын алатындықтан, қазақ тіл білімінде олардың мән-жайын айқындау проблемалары да аса қажетті, өмірлік мәселелерге айналды. Бұл салада акаде - мик I. К. Кеңесбаевтың зерттеулері әсіресе "Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі" (1977) тіл білімінің зор табысы деп бағаланды. Сол сөздікте фразалардың түр-түрін толық қамту мақсатымен бірқатарының түрлі вариантта жұмсалуы да қамтылған. Мысалы: мақсатқа (мақсұтқа) жетті; разы (риза, ырза...) болды; апалаң (опалаң) - топалаң; қараңды батыр (өшір); мерейі соқты (тартты, шапты); мезірет жасады (қылды).
Бұл арада жақшадағы сөздерді фразалық варианттың құрамындағы әдеби тілге жатпайтын сөздер деп түсінеміз. Негізінде солай болғанмен, "разы болды", "риза болды", "ырза болды" варианттарының қайсысының әдеби екенін ашып айту қиын.
8. Морфема және оның түрлері
Морфема - тілдің негізгі морфологиялық бірлігі және ең кіші мағыналық, құрылымдық элементі. Басты сипаты екіжақтылығында: мазмұн өресі және жеткізу өресінен тұрады. Және оның осы екі өресі арасындағы қатынас біржақты емес: мысалы, бір жеткізу өресіне бірнеше мазмұн өресі сәйкес келуі мүмкін. Керісінше, бір мазмұн өресіне бірнеше жеткізу өресі сәйкес келуі мүмкін. Мұндағы алдыңғы құбылыс морфемалардың ононимиясы, соңғысы синонимиясы болып табылады. Мағынасы жағынан морфемалар заттық (түбірлер) және грамматикалық (аффикстер) болып бөлінеді.
9. Жалаң сөз және оның түрлері
Жалаң сөз дегеніміз -- құрамында түбір сөздер мен түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды түбір сөздер. Мысалы: бас, бастық, басшы, басқар, басқарма деген сөздердің бәрі бірдей түбір сөздер емес, -- түбірлес сөздер.
Олардың ішінен тек бас деген сөз ғана түбір сөз болады.Бұл сөз осындағы өзге сөздердің бәріне бірдей тұлға жағынан да, мағына жағынан да негіз ретінде қызмет етеді. Осы ортақ негізді, түбірді әрі қарай тек дыбыстарға бөлшектеуге (мысалы: ба-с; б-ас, б-а-с) болады, бірақ ондай дыбыс бөлшектерінен ешқандай мағына шықпайды.
10.Зат есім Зат есім - заттың, құбылыстың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Күнделікті өмірде кездесетін әдеттегі жай нәрселерді ғана емес, табиғат пен қоғамдық өмірдегі ұшырасатын әр алуан құбылыстар мен уақиғаларды, ұғымдар мен түсініктерді де қамтиды.
Мысалы:құс, тас, су, шыны, адам, қол деген сөздермен қатар, жаңбыр, найзағай, сайлау, жүріс, капитализм, эволюция, ұғым, ақыл, сана деген сөздер де зат есімге жатады.
Зат есімнің түрлену жүйесі
Зат есімнің түрленімі дейтін түсінік оның жекеше, көпше түрде қолданылу, септік, тәуелдік, жіктік жалғауларында қолданылу жүйесін қамтиды.
Көптік жалғауы 6 түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, - тар, -тер сөзге үндестік заңы бойынша жалғанып, заттың көптігін білдіреді: оқушылар, үйлер, қыздар, т.б. Көп, мол, бірнеше бірталай: көп адам, жиырма шақты оқушы, т.б.
Тәуелдік жалғау бір заттың екінші бір затқа тәуелді, меншігі екенін білдіреді. Тәуелденген сөз 3 жақтың бірінде тәуелдене, меншіктеле айтылады. Тәуелдік жалғауы өзі жалғанған сөзді ілік септік жалғаулы сөзбен байланыстырып тұрады.
Бір я бірнеше заттың 1 ғана адамға меншікті екенін білдіру- оңаша тәуелдеу, бір я бірнеше заттың көп затқа я адамға меншікті екенін білдіру- ортақ тәуелдеу.
Септік жалғау зат есімге жалғанып, әртүрлі грамматикалық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септік бар:
Атау септік: Кім? Не? Ілік септік: Кімнің? Ненің?
Барыс септік: Кімге? Неге?
Табыс септік: Кімді? Нені?
Жатыс септік: Кімде? Неде?
Шығыс септік: Кімнен? Неден?
Көмектес септік: Кіммен? Немен?
және оның түрлену жүйесі
11. Сын есім,оның шырай категориясы
Сын есімнің шырайлары - сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді. Шырай жұрнақтары қатыстық сын есімдердің бәріне бірдей жалғана бермейді (түскі мезгіл немесе шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ дегендегі қатыстық сын есімдер шырай категориясын қабылдамайды), олар заттанған сөздерге (баларақ), кейбір модаль сөздерге (көбірек, азырақ), үстеулерге (ілгерірек, өте кейін) жалғанады.
Ғылыми еңбектерде шырай түрлері түрліше беріліп жүр: мектеп оқулықтарында 3 (жай, салыстырмалы, күшейтпелі), ал жоғары оқу орны оқулықтарында 4 түрі (асырмалы) беріледі. Бұлайша жіктеу олардың мағыналық реңктеріне байланысты: аппақ пен керемет ақ немесе тым аппақ деп айту оның ерекше аппақтығын білдіру, бір ғана түстің түрлі дәрежесі мен сапасын жеткізу мақсатынан туындаған. Сын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz