Шешендік өнердің туу себептері
1.Шешендік өнердің туу себептері мен ежелгі кезеңдерін сипаттаңыз
Шешендік өнердің туып, қалыптасуы қоғамның пайда болуымен байланысты деген пікірді қазақ шешендік өнерінің даму тарихы да дәлелдейді,-дей келе, ғалым Б.Адамбаев: Тарихи аңызәңгімелері, кейбір жазба деректерге қарағанда қазақтың шешендік өнері алғашқы хандықтарды құрысқан Майқы би, Аяз билермен (ХІІХІІІ ғ.ғ.), Асан қайғы, Жиренше шешендермен (XIV-XVI ғ.ғ.) тығыз байланысты. Ал, хандықтың нығайған кезеңінде, яғни Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, Сырым батыр өмір сүрген замандарда (XVII-XVIII ғ.ғ.) шешендік өнер өзінің даму дәуіріне жеткен,-деп жазады [7,8]. С.Сейфуллинше айтсақ, өз тұсында тілге ұстарып алған шешен билердің жырмен, тақпақпен айтпайтын мәнді сөзі болмаған. Тарихтан мәлімі - шешен билер өз дәуірінде келелі кеңес құрып, даулы мәселелерді шешіп отырғаны. Ал кең байтақ қазақ елінде жиі болып тұратын ас-тойлар шешендердің де сыннан өтетін, шынығатын, шыңдалатын орны болған. Жалпы халқымыздың шешендік өнер тарихында би, шешен сөздерінің бір мағынаға бірігіп, бір-бірін алмастыра қолданылуы да байқалады. Дегенмен де би болу үшін, тек сөзге шеберлік жеткіліксіз. Шешен би қашан да ел шежіресін, тарихын, тарихи тұлғаларды, әдет заңын дау-талап, соғыс-бітім мәселелерін реттеу тәртібі білуі, хан қаһарынан қаймықпайтын, параға сатылмайтын батыл да адал адам болуы міндетті. Бұл орайда қазақ зеттеушісі Ш.Уәлиханов пікірі құнды. Халық тарихында шешендік сөздер ас-жиындарда, жәрмеңкеде айтылатын дау-тартыс, ақындық, шешендік айтыстармен ғана шектелмегені мәлім. Бұл орайда көпті көрген данагөй қариялардың үлгілі, өнегелі ақыл-нақыл, үгіт-насихат, әзіл сөздері де мол. Қазақ зерттеушілерінен шешендік сөздерді алғаш зерделеушілердің бірі Ә.Мәметова Қазақ билерінің шешендік сөздері және оның әдебиеттегі тарихи орны 1945 еңбегінде қырқыншы жылдарға дейінгі жиналған материалдарды пайдалана отырып, қазақ шешендік сөздерінің мағынасын, ауыз әдебиетінде алатын орнын анықтаған, оның жанр ретінде қалыптасуына, дамуына себі тиген белгілі шешендер мен шешен билер туралы мәліметтер келтірген [8]. Ал ғалым Б.Адамбаев Қазақтың дәстүрлі шешендік өнері және Сырым атымен байланысты сөздер атты зерттеуінде жалпы шешендіктану ілімі, соның ішінде қазақ шешендік өнерінің тарихына қысқаша шолу жасап, атақты шешен-билердің ғибыратты, өнегелі сөздеріне ғылыми-әдеби талдау ұсынады. Қазақтың халықтық шешендік өнерінің қалыптасу, даму тарихынан, олардың көрнекті өкілдерінің шығармашылық өмірінен жан-жақты мағлұмат береді [9].
Шешендіктану риторика - ежелгі ғылым салаларының бірі. Оның пайда болып, өмір сүруі мыңдаған жылдарды қамтиды. Әртүрлі кезеңдерде оның қоғамдық өмірдегі орны жоғары не төменгі деңгейде бағаланды, бірақ өз дамуын тоқтатпады. Байқауымызша, өзге ғылымдарға қарағанда шешендіктануда дәстүр жалғастылығы, мәдениеттердің өзара әсері, тарихилығы, ұлттық ерекшеліктерді ескеруге қоса бір мезгілде жалпы ізгілік, адамзаттық құндылықтарға бағыт ұстау басым көрінеді. Осы мағынада өнер термині шешендікке өте дәл де сәйкесті келеді. Бүгінгі таңда шешендіктануға қызығушылық Қазақстанда да және өзге шет елдерде де шұғыл артуда. Бұл заңды да, себебі кез келген қоғамдық жүйенің либерализациялануы адамның еркі мен құқына назардың үстемелене артуымен жалғасады, ал олардың арасында сөз бостандығы алдыңғы қатардан орын алады. Еркін сөйлей білуге қажеттілік қашан да бар, ал оған ауадай қажеттілік тарихтың нағыз шешуші, төңкерісті тұсында, демократияның саналы даму дәуірінде туындайды. Шынында да, шешендік өнердің өркен жайып гүлденуі ежелгі грек және ежелгі рим республикаларының өркендеуімен, Ренессанс дәуірімен, XVIII ғасырдағы Франциядағы және ХХ ғасырдағы Ресейдегі революциялармен, Қазақ еліндегі шапқыншылық замандармен тұспа-тұс сәйкес келуі кездейсоқ емес. Әртүрлі тарихи дәуірлердегі көпшілік алдында сөз сөйлеу теориясының даму барысын қадағалау әрі қызғылықты, әрі пайдалы. Антикалық шешендіктану. Шешендік өнердің теориясы мен практикасы ретінде шешендіктану ғылымы біздің жыл санауымызға дейінгі V-IV ғ.ғ. Ежелгі Грецияда қалыптасты. Осылай тұжырым жасасақ та, шешендіктің құдірет-күші мен мәнінің жоғары бағалануы одан да ілгергі ғасырларға тән. Шешендік өнер Египет, Ассирия, Вавилон, Үндістан сияқты ежелгі мемлекеттерде де жоғары бағаланған. Шаршы топ алдында 16 17 сөйлеу механизмін қалыптастыру бағытындағы алғашқы тәжірибелік зерделеу қадамдары осы аталған мемлекеттерде де қолға алынуы әбден мүмкін, дегенмен шешендіктанудың теориясы туралы жүйелі жұмыстар Ежелгі Грецияда пайда болғаны ақиқат. Алғашында бұл өңірде дәл де дөп, әдемі де сұлу сөйлей білген адамды жаратушы пайғамбармен пара-пар қойған. Мәселен, атақты Гомердің аузы дуалы шешен адамды құдаймен теңестіруге дейін барғаны мәлім. Ежелгі гректердің басқосу, той дастарханының бөлінбес бір бөлігі жоғары интеллектуальды әңгіме-дүкен құру болды. Тек Ежелгі Грецияда ғана шешендік шындыққа жету құралы болып табылатындығы және бұл өнер ғана емес эпос, лирика, музыкамен қатар, сондай-ақ адамды танып-білудегі философиямен жарысқа түсе алатын ғылым екендігі туралы сенім қалыптасты. Шешендік өнердің пайда болуы мен гүлденуі б.э.д. V-IV ғ.ғ. Ежелгі Грециядағы қоғамдық құрылыспен байланысты да түсіндіріледі. Құл иеленуші демократиясы жағдайында ежелгі грек елінің барлық мәселелері жария түрде халық жиналыстарында және 30-ға толған кез келген азамат сайлана алатын бес жүздік кеңесінде шешілді. Жария түрде тек саяси мәселелер ғана шешіліп қана қоймай, сот ісі де қаралып отырған. Бір ерекшелігі бұл арада арнайы кінәлаушылар (даттаушы) да, қорғаушылар (ақтаушы) да болмаған. Кез келген ерікті азамат қалаған адамына кінә артып айыптай алған, ал айыпталушы адам өзінің кінәсіз екенін дәлелдеп, өзін-өзі ақтап қорғауы тиіс. Демек, демократиялық деңгейдегі қоғамдық өмір әрбір ерікті азаматқа шешендік өнерді меңгерудің қажеттілігін міндеттеді. Кімде-кімнің табиғи шешендік өнері болмаса, амал жоқтықтан бұны оқып-үйренуі тиіс еді. Тап осы тұста өзге ғылымдарға қоса алғашқы кезекте философия шешендік өнерге де оқытып-үйрететін, баулитын ақылы оқытушы-софистер пайда болды. Софистер сөзді ойната, құбылта қолдана білді, олар шешендік өнердің практикасына ғана емес, теориясына да үлкен мән берді. Шешендік өнер туралы ғылым ретінде шешендіктанудың риторика негізін де осылар қалады. Бізге мәлімі, риторика бойынша тұңғыш трактатты жазған сицилиялық Коракс болып танылады. Шешендік өнер - сенім қызметшісі*,-деп Коракс риториканың міндетін анықтап бергеннен кейін, Аристотельден бастап Квинтилианға дейінгі шешендік өнердің антикалық теоретиктері аталмыш ғылым саласын тап осы бағытта қарастырды. Алайда, дәстүр бойынша риториканың әкесі ретінде Кораксты емес, шешендігімен және осы өнерге баулу, оқыту дағдысымен танымал болған оның шәкірті Горгий есептеледі. Бірақ та, өкінішке орай Коракстың да, Горгийдің де, Протагордың да (Горгий шәкірті) еңбектерінің бірде-бірі бізге жетпеген, сақталмаған. Шешендік өнер - адам өмірінің әрқилы ішкі үдерістерін бейнелеудің озық тәсілі, өзгелерді өз еркіне бағындырудың аса күшті қаруы, жанды қарым-қатынастың амалы ретіндегі сөз сөйлеу құдіретіне ие болғызатын шын мәнінде адамның құдіреттілігін танытатын көпқырлы ілім. Қоғамның дамуына сәйкесті иландырушы сөзге нақты қажеттілік пайда болды, сөздің сендіру әрекетін таныту үшін, шешендік ұғымы туындады. Құл иеленушілік құрылысы жағдайында шешеннің жанды сөзі арқылы адамдардың санасы мен еркіне бірден-бір әсер етудің белгілі бір мүмкіндіктерін туғызған шешендік өнер ретінде қалыптасты. Шешендіктанудың гүлдену кезеңі мемлекеттегі жетекші рөлді халық жиналысы, бесжүздік кеңесі, халық соты сияқты үш ұйым атқарған афиндік құл иеленушілік демократияның өркендеуіне сәйкес келеді. Барлық үш ұйымда да жанды сөз өнері істің мәнін айқара аша отырып, оның сәтті шешілуіне көмектесе келе, аса мәнді рөл атқарады, ал сотта шешендік соттық талқыламалардың ойдағыдай аяқталуына маңызды жағдай туғызды. Антикалық шешендік туралы толыққанды алғашқы түсінікті Перикл дәуірінің (б.э. дейінгі V ғ.) мәлімет көздері береді. Бұл мемлекеттік қайраткер өз сөздерінің адамдарға әсер ету күшінің басымдылығына ие атақты шешен ретінде белгілі болатын Мәселен, оның Пелопонесс соғысының алғашқы жылында қаза тапқан афиндықтарды жерлеу кезінде сөйлеген атақты Қабір басындағы сөзі. Ежелгі дүние шежіресі Афиннің құл иеленуші демократиясына Периклдің б.з.д. 490-429 ж.ж. ұзақ жылдар бойы көсемдік еткенін біледі. Ол туралы тарихта гректердің: Әрі салмақты, әрі салауатты жан еді. Ашына сөйлегенде, Күнді күркіретіп, дұшпандарына жай отын шашатын Зевске ұқсап кететін, - деген сипаттамасы сақталған. Периклдің мемлекет басқаруы тұсында - дәлірек айтсақ, б.з.д. 440 жылы - афиндіктердің аяусыз билеп-төстеуіне шыдамаған Самос аралының халқы қарулы көтеріліске шығып, екі жақтан да көп адам қаза табады. Әскері шайқасты үлкен шығынмен басқан Перикл соғыс даласынан оралмағандарды еске түсіру, халықтың ауыр қазасына көңіл айту мақсатымен қолма-қол елін жиып, мінбеге көтеріледі.
2.Ритор және Риторика атауларының мән-мағынасын ажыратыңыз.
Риторика - диалектикаға сәйкесті өнер. Оған жалпылылық
характері тән. Риторика әрбір қадам сайын қолданылады: ол жеке
адамның күнделікті өмірлік қажеттіліктеріне қатысты істерінде де,
сондай-ақ мемлекеттік мәндегі істерінде де бірдей керектігі даусыз.
Риториканың мақсатын, оның жан-жақтылы қалпын түйіндей
келіп, Аристотель шешенді өз мақсатына жету үшін нені қолдануы
тиістілігіне үйретеді. Шешеннің қолдануындағы сендіру амалдарын қарастыра келіп, Аристотель өз Риторикасын үш бөлімге
жіктейді.
Алғашқы бөлімде шешеннің өз тыңдаушыларын белгілі бір ісәрекетке икемдеудегі негізге алар ұстанымдары талданады.
Екінші бөлімде тыңдаушылар сенімін туғызуға септесер және
өз мақсатына жетуге сенімділік туғызар шешеннің жеке сапалық
ерекшеліктері сипатталады.
Ал үшінші бөлімде шешендіктанудың техникалық жағы, яғни
сөз сөйлеуде, сөйленер сөзді құрастыруда қолдануға болатын бейнелеу амалдары қарастырылады. Ол сөйленер сөзді алғы сөз, әңгімелеу,
дәлелдеу, қорытынды сияқты төрт бөлімге жіктеумен бірге сөздің
сенімділігіне жету үшін әрбір бөлімнің маңыздылығын бөле-жара
негіздейді [2, 59-164].
Риториканы диалектикамен қатар қоя отырып, Аристотель: ...
олардың екеуі де - дәлелді табу амалы ғана, - деп жазады [2,19].
Ендеше, шешендіктануға шебер сөйлеу іс-әрекетінің технологиясы тұрғысында қарауды қазіргі шешендіктану ілімінің ашқан
жаңалығы деуге әсте де болмайды. Риториканың жалпылылық
ұстанымын алғаш аңғарған Аристотель болды. Алайда, бұл жаңалық
Аристотельдің өз кезеңінде де, тіпті риториканың гүлденген,
кең жайылған тұсында да тиісті дәрежеде бағаланбады. Дегенмен де шешендіктануға жалпылылық тұрғыда қараған тап осы
аристотельдік көзқарас уақыт сынына төтеп берді. Шешендіктану
теориясының үнемі дамуына, осы пәнге оқыту әдістемесінің жасалуына жоғарғы аристотельдік көзқарас негіз бола алды деп толық
есептеуге болады.
3.Көне Грек қоғамдық құрылымы және атақты шешендерінің сөз сазын әңгімелеңіз
Ежелгі Греция шешендік өнерінің атақты шеберінің бірі Демосфен (б.э. дейінгі 384-322 ж.ж.). Ол құл иеленушілік кезеңінен тәлім алған өкіл ретінде демократиялық құрылымның қорғаушысы болды. Оның Македония басқыншылығына қарсы Афиннің бостандығы үшін күрес кезеңіндегі саяси сөздері көпшілікке белгілі. Демосфен македондықтарға қарсы партияны басқарды. Оның Македония патшасы Филипке қарсы сөздері тарихқа еніп, тағылымды сөздердің қатарына жатқызылды. Риторика Демосфеннің негізгі ісі болды. Ол 20 21 шешендік өнердің ұстазы, үлгі аларлық шешен ретінде танылды. Солай десек те, ол өзінің алғашқы сөйлеген сөздеріндегі қателіктері мен тұла бойындағы тәни кемістіктерін көл-көсір еңбегімен, шыдамдылығымен жеңе біліп, өзін-өзі тәрбиеледі, баулыды. Демосфен сөз құрастыру өнері мен шешендік техниканы жоғары биікке көтере дамытты. Ол өз үлгісімен шешендіктанудың, егер де уақытын аямай, тер төге еңбек ете білсе, әрбір адам да шешен сөйлей алады деген маңызды ұстанымын дәлелдеп бекітті. Грек риторикасының әсерімен Ежелгі Римде шешендік өнер қарыштап дами бастады. Б.э.дейінгі ІІІ ғасырда Ежелгі Грецияның мәдени құндылықтарынан ауыса енген рим мәдениетінің эллинизация үдерісі бастау алады. Ол бірте-бірте өмірдің барлық саласын, соның ішінде шешендіктануды да қамтыды. Ежелгі Римдегі шешендік өнер орасан қозғаушы күшке ие болды. Ежелгі дәуірде-ақ әрбір шешен үшін есімі өнеге болған Цицеронның айтуы бойынша, Рим республикасында да сөз өнерін меңгеруші адамды құдайға балаған. Цицерон: Адам баласын ұшар биікке шығарар, атақ-даңққа кенелтер екі-ақ өнер саласы бар: бірі - қолбасшылық өнері де, екіншісі - үздік шешендік өнері,-деп жазады (6,3). Рим республикасы мемлекеттік істерін әрбір ерікті азамат өз пікірін айтып, толық сөйлей алатын тұрғыда шешіп отырды. Сондықтан да мемлекетті басқару ісіне қатысқысы келетін әрбір римдік азамат үшін сөз өнерін меңгеруі ауадай қажетті болды. Рим республикасы кезеңіндегі интенсивті қоғамдық өмір шешендік өнердің дамуына бірден-бір жағдай туғызды. Ал сөз еркінің кең құлашты тарауына мүмкіндік берді. Бұлардан шығар түйін - бұл дәуірде шешендік көпшіліктің қолы жетерліктей форма иеленіп, белгілі деңгейде халықтық қалыпты аңғартты. Алайда республиканың құлауына байланысты римдік классикалық шешендік те құлдырады Цицерон (б.э. дейінгі 106-43 ж.ж.) - шешендіктің белгілі теоретигі. Ол өзінің риторикалық жүйесінің мәнін Шешен туралы, Брут, Шешен атты үш кітабында тармақтай баяндайды. Ол алғашқы кітабында шешендіктану теориясын дамытады; екіншісінде Цицеронның өзі ұмтылған шешен идеалы сипатталады; ал үшіншісінде шешендіктанудың тарихи дамуы көрсетіледі. Цицеронның ойынша, шешеннің күшті болуы- тыңдаушыларын өзіне бағындыра білуінде. Кімде-кім форумда не азаматтық сот процесінде тыңдаушыларды иландыра, өзіне бағындыра, рахат сезімге бөлей сөз сөйлей білсе ғана шешен деп танылады. Цицерон шынайы нағыз шешенде: диалектиктің тапқырлығы, философтың ойы, ақынның тілі, заңгердің жады, трагиктің даусы... болуы тиістігін, бұған қоса талант иесі халық өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге мейлінше жетік болуын негіздейді. Шешен еңбегінде шын мәніндегі шешен болу үшін сақталуы тиіс талаптар жүйеленеді. Олардың арасындағы алғашқылары - жан-жақты білімділік, эрудиция, әр түрлі философиялық жүйе, құқық, шешендіктану теориясы саласындағы білім. Кең көлемдегі философиялық білімділік - шешендік өнерге қажетті аса маңызды жағдай. Бұл орайда шешен үшін бірден-бір пайдалысы - этика мен логика сияқты философиялық ғылымдар. Цицерон Брут трактатында: Шешен екі негізгі құндылыққа ие болуы тиіс: бірі - дәл де нақты дәлелдермен иландыра білу білігінің болуы, екіншісі - тыңдаушылардың жан-дүниесіне өтімді де батымды сөзбен ой сала әсер ету; сондай-ақ судьяның көзін жеткізуден гөрі, оның көңілін көтере рухтандыру маңыздырақ,-деп тағы да бір қызғылықты практикалық түйін жасайды [6,35]. Цицерон өзінің сан алуан. Ежелгі Римдегі шешендік өнер дамуының ұшар биігі әлемдегі ең атақты шешендердің бірегейі Цицеронның іс-әрекеті болып табылады. Марк Тулий туындыларында сөз әсерлігіне қажетті рациональдылық пен эмоциональдылықтың үйлесімділігіне сан қайтара оралады. Ол Шешен туралы кітабында адамдардың іс-әрекетінде ережелер мен заңдылықтардан гөрі көбіне-көп сезімкүйге арқа сүйейтінін, сол себептен де шешендіктануда шешеннің аудитория сезіміне әсер ете білу дағдысының болуы үлкен мәнді екендігін жазады. Шешен жетістігінің кепілі болар аса мәнді жағдай аудитория ерекшелігін, қызығушылығын ескеру деп есептейді. Сөз тиімділігінің қағидасы мен шешендіктің мақсаты туралы римдіктердің: Халық мойындаған шешен ғана дүлдүл болмақ,- деген түйінін әбден құптауға тұрады [6,186]. Цицеронның риторикалық шығармаларында шешен үшін қажетті сөздің композициясы, стилі, сөз фигураларын, юморды қолдану, сөздің фонетикалық безендірілуі сияқты т.б. төңірегінде аса пайдалы кеңестер қамтылған. Антикалық шешендіктанудың дамуында Марк Фабий Квинтилианның (б.э. дейінгі 36-96 ж.ж.) еңбектері маңызды рөл атқарады. Оның Шешеннің қалыптасуы туралы атты негізгі туындысы сол кезеңдегі шешендіктану теоретиктері түйіндерінің топтамасы мен өзінің риторика оқытушысы әрі сот адвокаты ретіндегі 20 жылдық жеке тәжірибесін салыстырған талдамасынан құралады. Квинтилианның ақыл-кеңестері мен бағыттамалары өзектілігін бүгінгі күні де жойған жоқ. Оларды сәл өзгерген күйінде қазіргі 22 23 көптеген шешендіктану туралы оқулықтардан да табуға болады. Мына төмендегі сияқты ұсынбалар осыған дәлел. Мәселен, сөздің басында және аяғында өте күшті айғақтарды қолдану; шешеннің табиғи дарындылығын теориялық оқумен, жаттығулармен және үлгі алумен бекітіп, жетілдіре дамытып отыру; сондай-ақ тек өзің жете білетін мәселелер туралы ғана айту талабы және т.б. Цицеронға қарағанда, Квинтилиан сөздің логикалық негізі мен оның бейнелеуіш құралдары, сондай-ақ шешендік техникасы мәселелеріне біршама бұтарлай талдау жасайды. Шешеннің қалыптасуы туралы трактаты шешеннің шаршы топ алдындағы тәртіп қалпы, дене қимылы, бет қимылы, тыныс және дауыс қалыптастыруы теориясы туралы арнайы тарауларды қамтиды. Квинтилианның түйіндеуінше, бұл іспеттес жекелеген мәселелер шешен жетістігін қамтамасыз етуде ерекше мәнді. Цицерон мен Квинтилиан дәуірі рим шешендік өнерінің жоғары дәрежеде гүлдену кезеңі болумен бірге, бұл кезең бір мезгілде оның ең ақырғы шектеулі тұсы да болды. Римдік классикалық шешендік өнері республиканың құлауымен бірге құлдырады. Таза саяси риторика бірте-бірте жоққа айналса, сот шешендік өнерінің мүмкіндіктері ақырындап құрдымға кете бастады. Алғы орынға өзіндік жалықтырар және сыртқы формасына ғана көбірек назар аударылатын мерекелік эпидейктілік шешендік шығарылады. Ғасыр ортасында, феодализм дәуірінде, классикалық шешендіктану қоғамдық өмірге өз әсерін жоғалтты. Шешендіктанудың жаңадан гүлдеп өркендеуі тек буржуазиялық төңкеріс кезеңінде ғана мүмкіндік алды.
4. 4. Рим мемлекеттік (б.э. III ғ. - б.э. II ғ.) өмірінде заңгерлер белгілі рөл атқарған. Сот форумда өткізілді, төраға трибуналда жайғасты. Әр түрлі жақтан айыпталушы қорғаушысымен және айыптаушы отырған. Айыптаушы (ол кез-келген рим азаматы болған) сотқа дәлелдерді өзі жинайтын болған және де куәлердің келуін өз мойнына алған. Классикалық рим құқығына жалпы нормаға сәйкес айту техникасының жоғары дәрежесін, айту дәлділіктерін, шешімдердің негізділігін қамтитын, дамыған шешендік өнер сәйкес келген. Ежелгі Римнің көптеген құқықтық нормалары афоризмдерге айналды: Құқық ұқыптыларға арнап жазылған; Заңдарды білу - олардың сөздерін ұстап тұру емес, бірақ олардың күші мен мағынасын түсіне білу керек.
Ежелгі Грециядағыдай шешендік өнер тәрбие жүйесінен бастау алған: бірінші кезеңде әдебиет мұғалімі негізгі фигура болған, екінші - грамматика мұғалімі, одан кейін риторикаға оқытқан. Оқытудың өзі шешендік өнердің теориясынан және тарихтан, мифологиядан, әдебиеттен, қоғамдық өмірден берілген тақырыптарға сөз құрауды қамтитын практикалық жаттығулардан құралған. Бұл жаттығулардың бірнеше түрлері болған: декламация - ойдан құрастырылған тақырыптарға сөз құрау, контроверсия - ойдан құралған сот казустары жайлы сөздер және свазория - ақпарат сөздері, ол қиын жағдайдағы мінезді таңдау кезіндегі ойланып тұрған адамға арналған. Сондай ақ сөз ділмарлығы өнері рим аристократтарына лайықты деп саналған.
Ежелгі Рим шешендік өнер теориясы көбінесе ежелгі грек салт-дәстүрлеріне сүйенген. Одан әрі дамуын классикалық риториканың бес бөлімі қамтыған (материал табу, оның орналасуы, ауызша жеткізу, есте сақтау және айту). Табуды оқыту сот контроверсиясының (жағдайларды) барлық варианттарын бір жүйеге келтірді, оларды жалпы типке жинақтайды. Орналасуды оқыту сөз композициясына жатады. Ауызша жеткізуді оқыту рим риторикасының орталық бөлімі болып табылған және риторикалық фигуралар мен тәсілдердің теориясын құрастырған. Есте сақтауды оқыту шешеннің кәсіптік есте сақтау қабілетін дамытқан. Айтуды оқыту, көбіне актерлік өнерге және шеберлікке сүйенген, сөз мағынасына және сөз жеңісіне әсер етуге сәйкес келетін дауыс интонациясын, бет-әлпетіне, шешен денесінің қозғалысын қараған. Римдегі сөз ділмарлығы теориясының елеулі жинағы бұл 12 кітаптан тұратын атақты рим шешені Марк Фабия Квинтилианның Риторикалық ақыл-кеңестер. (35 - б.э. 100 ж. шамасында). Сот сөзінің классикалық схемасында берілген Квинтилианның ескертпелері көңіл аударарлықтай: Шешен мен айтқан бөлімдерді (кіріспе сөз, айту, жеткізу, дәлелдер, жоққа шығару, қорытынды) сол тәртіппен беруді ойламау керек, ол істің қай түрге жататынын, ол неден тұратынын, оған не көмектесетінін немесе не зиян келтіретінін, одан кейін нені жақтау немесе айыптау керек екенін, кейін қалай жеткізу керек екенін, соттарды өздеріне қалай қарату жақтарын іздестіруді ойлауы қажет. Барлық бөлімдерді, істің негізін қарамай оның бізге қандай көмегі бар екенін білмейміз. Квинтилиан жұмыстарының ең негізгісі - сот сөз ділмарлығына қатысы бар статустар туралы білім. Адамға айып тағылды деп алайық: Сен адам өлтірдің - сен жазаға тартыласың. Айыпталушының міндеті - Мен жазалауға жатпаймын дегенді дәлелдеу. Ол өз орнында отырып Мен адам өлтірген жоқпын деп жоққа шығаруы мүмкін. Бұл жағдайда соттағы негізгі мәселе мынадай болады: Қылмыс жасалған ба еді? Бұл ақиқатты белгілеу мәртебесі. Айыпталушы бір қадам артқа жылжып, былай айтуы мүмкін: Мен кісі өлтірдім, бірақ ол ойламаған жерден кездейсоқ болды. Бұл жағдайда сот алдында қылмыстың себебі неде? деген сұрақ туады. Бұл - анықтау мәртебесі. Айыпталушы тағы бір қадам артқа жылжып Мен адам өлтірдім, ол Отанымыздың жауы еді? деп айтуы мүмкін. Бұл жағдайда сот алдында қылмыс әрекеті неден көрінеді? деген сұрақ пайда болады. Бұл - бағалау мәртебесі. Сөйтіп айыпталушы бағалау құралы ретінде былай деп айтуы мүмкін: Мен кісі өлтірдім, әдейі өлтірген жоқпын, тіпті оны ақтаудың қажеті де жоқ. Бірақ айыптаушы мені айыптауға құқы жоқ. Өйткені ол менің сыбайласым болды. Бұл жағдайда сот алдында келесі сұрақ туындайды: Айыптау заңды ма? Бұл - аластату мәртебесі (Антикалық поэтика).
Сот сөзінің шеберлігі Тацита, Квинтилиан, Цецилия, Цицерон сөз орындауларында анық көрсетілген. Ежелгі Рим сот сөз ділмарлығы тарихының көптеген бөлігі Марк Туллий Цицеронмен (106 -- б.э.43 ж. дейін) анықталған. Цицерон жас кезінен бастап, атақты заңтанушы Квинт Сцеволлдың шәкірті және тыңдаушысы бола жүріп өзінің шешендік өнерге қызығушылығы және қабілеті бар екенін білген. Цицерон рим сөз ділмарлығының теоретигі деп саналады. Шешендік өнер туралы үш трактат жазған: Шешен туралы, Брут, Шешен. Бұл жұмыстарында Цицерон шешен қызметі мен қолбасшы қызметін салыстырды. Цицерон ойынша, шешен пәлсапалық білімі бар адам болуы керек, заңтану мен тарихтан білімі, такт, сезу қабілеттері және техникалық тәсілдердің белгілі бір жинағын білуі қажет.
Шешен туралы трактатында Цицерон сөз ділмарлығын алғаш рет үш типке бөледі:
1. Жоғары дәрежеде, әрі салтанатты мәндегі ой беретін шешендер;
2. Ұстамды, бәрін түсіндіріп беретін дерек шешендер;
Ежелгі Рим қоғамы және Марк Тули Цицеронның шещендік сөз екпінін баяндаңыз
Цицерон (б.э. дейінгі 106-43 ж.ж.) - шешендіктің белгілі теоретигі. Ол өзінің риторикалық жүйесінің мәнін Шешен туралы, Брут, Шешен атты үш кітабында тармақтай баяндайды. Ол алғашқы кітабында шешендіктану теориясын дамытады; екіншісінде Цицеронның өзі ұмтылған шешен идеалы сипатталады; ал үшіншісінде шешендіктанудың тарихи дамуы көрсетіледі. Цицеронның ойынша, шешеннің күшті болуы- тыңдаушыларын өзіне бағындыра білуінде. Кімде-кім форумда не азаматтық сот процесінде тыңдаушыларды иландыра, өзіне бағындыра, рахат сезімге бөлей сөз сөйлей білсе ғана шешен деп танылады. Цицерон шынайы нағыз шешенде: диалектиктің тапқырлығы, философтың ойы, ақынның тілі, заңгердің жады, трагиктің даусы... болуы тиістігін, бұған қоса талант иесі халық өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерге мейлінше жетік болуын негіздейді. Шешен еңбегінде шын мәніндегі шешен болу үшін сақталуы тиіс талаптар жүйеленеді. Олардың арасындағы алғашқылары - жан-жақты білімділік, эрудиция, әр түрлі философиялық жүйе, құқық, шешендіктану теориясы саласындағы білім. Кең көлемдегі философиялық білімділік - шешендік өнерге қажетті аса маңызды жағдай. Бұл орайда шешен үшін бірден-бір пайдалысы - этика мен логика сияқты философиялық ғылымдар. Цицерон Брут трактатында: Шешен екі негізгі құндылыққа ие болуы тиіс: бірі - дәл де нақты дәлелдермен иландыра білу білігінің болуы, екіншісі - тыңдаушылардың жан-дүниесіне өтімді де батымды сөзбен ой сала әсер ету; сондай-ақ судьяның көзін жеткізуден гөрі, оның көңілін көтере рухтандыру маңыздырақ,-деп тағы да бір қызғылықты практикалық түйін жасайды [6,35]. Цицерон өзінің сан алуан. Ежелгі Римдегі шешендік өнер дамуының ұшар биігі әлемдегі ең атақты шешендердің бірегейі Цицеронның іс-әрекеті болып табылады. Марк Тулий туындыларында сөз әсерлігіне қажетті рациональдылық пен эмоциональдылықтың үйлесімділігіне сан қайтара оралады. Ол Шешен туралы кітабында адамдардың іс-әрекетінде ережелер мен заңдылықтардан гөрі көбіне-көп сезімкүйге арқа сүйейтінін, сол себептен де шешендіктануда шешеннің аудитория сезіміне әсер ете білу дағдысының болуы үлкен мәнді екендігін жазады. Шешен жетістігінің кепілі болар аса мәнді жағдай аудитория ерекшелігін, қызығушылығын ескеру деп есептейді. Сөз тиімділігінің қағидасы мен шешендіктің мақсаты туралы римдіктердің: Халық мойындаған шешен ғана дүлдүл болмақ,- деген түйінін әбден құптауға тұрады [6,186]. Цицеронның риторикалық шығармаларында шешен үшін қажетті сөздің композициясы, стилі, сөз фигураларын, юморды қолдану, сөздің фонетикалық безендірілуі сияқты т.б. төңірегінде аса пайдалы кеңестер қамтылған. Антикалық шешендіктанудың дамуында Марк Фабий Квинтилианның (б.э. дейінгі 36-96 ж.ж.) еңбектері маңызды рөл атқарады. Оның Шешеннің қалыптасуы туралы атты негізгі туындысы сол кезеңдегі шешендіктану теоретиктері түйіндерінің топтамасы мен өзінің риторика оқытушысы әрі сот адвокаты ретіндегі 20 жылдық жеке тәжірибесін салыстырған талдамасынан құралады. Квинтилианның ақыл-кеңестері мен бағыттамалары өзектілігін бүгінгі күні де жойған жоқ. Оларды сәл өзгерген күйінде қазіргі 22 23 көптеген шешендіктану туралы оқулықтардан да табуға болады. Мына төмендегі сияқты ұсынбалар осыған дәлел. Мәселен, сөздің басында және аяғында өте күшті айғақтарды қолдану; шешеннің табиғи дарындылығын теориялық оқумен, жаттығулармен және үлгі алумен бекітіп, жетілдіре дамытып отыру; сондай-ақ тек өзің жете білетін мәселелер туралы ғана айту талабы және т.б. Цицеронға қарағанда, Квинтилиан сөздің логикалық негізі мен оның бейнелеуіш құралдары, сондай-ақ шешендік техникасы мәселелеріне біршама бұтарлай талдау жасайды. Шешеннің қалыптасуы туралы трактаты шешеннің шаршы топ алдындағы тәртіп қалпы, дене қимылы, бет қимылы, тыныс және дауыс қалыптастыруы теориясы туралы арнайы тарауларды қамтиды. Квинтилианның түйіндеуінше, бұл іспеттес жекелеген мәселелер шешен жетістігін қамтамасыз етуде ерекше мәнді. Цицерон мен Квинтилиан дәуірі рим шешендік өнерінің жоғары дәрежеде гүлдену кезеңі болумен бірге, бұл кезең бір мезгілде оның ең ақырғы шектеулі тұсы да болды. Римдік классикалық шешендік өнері республиканың құлауымен бірге құлдырады. Таза саяси риторика бірте-бірте жоққа айналса, сот шешендік өнерінің мүмкіндіктері ақырындап құрдымға кете бастады. Алғы орынға өзіндік жалықтырар және сыртқы формасына ғана көбірек назар аударылатын мерекелік эпидейктілік шешендік шығарылады. Ғасыр ортасында, феодализм дәуірінде, классикалық шешендіктану қоғамдық өмірге өз әсерін жоғалтты. Шешендіктанудың жаңадан гүлдеп өркендеуі тек буржуазиялық төңкеріс кезеңінде ғана мүмкіндік алды.
5.Марк Фаби Квинтилианның риторикасы мен теориялық пайымын бағалаңыз
Шешендік өнердің қыр-сырын мейлінше нақтылай түскен Марк Фабий Квинтилиан (б.з.д. 100-35 жж.) болды. Ол он екі кітаптан тұратын Шешендік тәлім (Риторические наставления атты еңбегінде шешендіктің теориялық та, практикалық та мәселелерін таратып көрсетті. Шешендікке адам бойындағы табиғи дарын мен үздіксіз оқып-үйренудің бірдей әсер ететенін дәйектеді. Шешендік өнерді шебер сөйлеу қабілеті мен басқаны мойынсындыру күші жөніндегі ғылым деп бағалады. Сөздегі сұлулық пен тазалықты ерекше дәріптеді. Шешендік - шеберліктің шыңы деп ол аяқастынан, ешқандай дайындықсыз сөйлеуді көрсетті. Шешендік қабілетті арнайы оқыту арқылы қалыптастыруға болады деген қағиданы дәйектеп, оның тұңғыш бағдарламасын ұсынған да Квинтилиан.
6.Демосфеннің шешендік жаттығу әдістерін және бастап айту ырғағын түсіндіріңіз
7.Сократтың шешендік ерекшелігі және әңгімелесу толқын лебіне тоқталыңыз
8.С.Апресиянның шешендік сөздерді топтастыруы мен ой-толғамын баяндаңыз
17-18.Төле бидің заманы мен шешендік сөздеріндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.
8.С.Апресиянның шешендік сөздерді топтастыруы мен ой-толғамын баяндаңыз.
9.Қазақ жазбаша шешендік сөздерінің бастауы Орхон-Енисей жазуларында екендігін ашыңыз.
10.Қазақ шешендік сөздерін жинаған және бағалаған зерттеушілер туралы әңгімелеңіз.
Ал А.Байтұрсынұлы зерттеулері - қазақ шешендік сөзінің сипаты мен түрлері, тілдік көркемдік белгілері туралы жазылған алғашқы еңбек. 1926 жылы жарық көрген Әдебиет танытқыш деген еңбегінде шешендік өнерді сөз өнеріне жатқызып, сөз өнерінің ішкі және тысқы қалпын теориялық жағынан толық негіздеп береді. Гректер мен римдіктер өнердің патшасы ретінде санаған шешендік өнердің қазақ елінде де қасиеті саналғанын түсінген ғалым қазақ шешендік сөздерін зерттеп зерделеуде де алғашқы болады. Әдебиет танытқыш деген еңбегінде ол өнердің түрлі-түрлі болатындығын, солардың ішіндегі ең алды сөз өнері екендігін Өнер алды - қызыл тіл деген халық мақалымен растады. Бұл мақалды шығарған қазақтың сөз баққан, сөз күйттеген, сөз қадірін білген халық болғандығын айтты. Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы атын шығарма сөз деп атады да, ғалым шығарманың мазмұнына қарай үш түрге: әуезе, әліптеме, байымдамаға бөлінетіндігіне тоқталады. Болған оқиғаны бастан аяқ болған түрінде, ретінше мезгілін, мекенін көрсете мазмұндап, мағлұмат беру-әуезе болады. Бір нәрсенің тұрпатын реттеп айтып, әлібін суреттеп шығару - әліптеме болады. Көсем сөзбен жазылған шығарма бір пікірді қуаттап, толықтырып баяндаса, баяндауын түрлі сипаттармен дәлелдесе, ондай шығарма байымдама деп аталады. Сондықтан шығарманың асылы - байымдама дей келіп, оларды негізгі белгілеріне қарап бірнеше түрге бөледі де, шешен сөз бен көсем сөзді байымдауға жатқызады. Шешендік сөздің байымдамасы басқа түрлерінен өзгешелігі - шешен сөзде айтушының мақсаты баяндап, сипаттап түсіндірумен қоймай, пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, бұйыту, иман келтіру екендігін айтады. Оны істеу үшін, - дейді А.Байтұрсынұлы, - шешендер жай байымдаушыларша айтқан сөзі адамның ақылына қону жағын ғана көздемейді. Сөз қанға, жанға әсер етіп, арбау сияқты адамның ойын да, бойын да балқытып, билеп алып кетуге ыждағат етеді. Сондықтан шешен сөздің қыздырма яки қоздырма деген айрықша бөлімі болады. Оның қызметі - адамның жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, арқасын қоздыру. А.Байтұрсынұлының шешендік сөзге берген осы анықтамасын әлемдік дәрежеге көтерілген әйгілі шешендердің берген анықтамаларымен салыстырғанда, пікір ортақтығымен үндестікті табуға болады. Мәселен, көне Грецияның атақты шешені Демосфеннің айтуы бойынша, шешеннің міндеті: 1) түсіндіру; 2) ояту; 3) ләззатқа бөлеу болса. А.Ф.Кони Сот және саясат тақырыптарындағы шешендік деген шығармасында: Шешендік дегеніміз - тыңдаушылардың жан-сезім әлемін сөзінің әдемілігімен, образдарының жарқындығымен, нақыл, ғибрат сөздердің ұшқырлығымен толқытатын, баурайтын өнер, өзгеше қабілет, тума қасиет, - деп жазған. А.Байтұрсынұлы да өзге ғұламалар тәрізді шешендік сөздің құрылымын белгілеп береді. Ежелгі Рим дүниесіндегі шешендіктің теоретигі Цицерон нені айтуды білу үшін, шешендік сөздің құрылым жағынан үш бөліктен тұратынын білу керек, олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды екенін нұсқаса, А. Байтұрсынұлы: Шешен сөздің зор мүшелері бесеу: 1.Бастамасы. 2. Ұсынбасы. 3. Мазмұндамасы. 4. Қыздырмасы. 5. Қорытпасы - дейді. Ұлы ғалым әр бөліктің айтылу мақсатына қарай қажетті атауларды таңдап қоя білген. Ұлттық шешендіктанудың ғылыми негіздерін жасап, методологиялық арналарын белгілеп берген А.Байтұрсынұлын қазақ шешендік сөздерінің алғашқы теоретигі деуге әбден болады. А.Байтұрсынұлы шешендік сөздерді шешендіктің тақырыбымен мазмұнына, айтылу орнына қарай бес түрге бөледі: а) шешендер жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатпен сөйлегенде - саясат шешен сөзі деп аталады; б) шешендер сотта айыпкер адамдарды ақтау я қаралау мақсатпен сөйлеп сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздері - билік шешен сөзі деп аталады; в) біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып, қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі - қошемет шешен сөзі деп аталады; г) білімділердің, ғалымдардың пән мазмұнды сөйлегені - білімір шешен сөзі деп аталады; ж) дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі - уағыз деп аталады. Ол демек шешендік сөздерді алғаш айтушы жеке адамдар болғанмен оны кейін өңдеп жөндеуші сақтаушы халық. Сондықтан оның шын иесі авторы да халық дейміз деген ой айтады. Ал оның шешендік сөздерден құрылысына қатысты бірен-саран өңдеу, жөндеу жасау кез келген кісінің қолынан келе бермейді - дейтін пікір де шешендік сөздердің халықтығын паш етіп тұрмағанын баяндауға болады.Шындығында М.Әуезов есте қалмаған ескі заманда шыққан Алдар көсе, Жиренше, шешен әңгімелерін, халықтық аңыздарды ғана қалың бұқара туындысы деп бағалаған. Демек тарихи таңба бедері бар шешендік сөздердің жолы басқаша. Олардың белгілі бір би шешенге тән екенін нақтылы тарихи оқиғалар шеңберінде айқындауға болады. Айталық Алты Емен дауына дауа сөзінің тек Бөлтірік шешен атынан айтылуының мәнісі осында. Көп нұсқалы болуын мұраны жеткізушінің шығармашылық құрамы деп түсінген жөн. Сонымен қатар шешендік сөздердің авторлығына қатысты мәселенің бірі - дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі. Өйткені оларды айтушы адам сөзі өтімді болу үшін көнеден қалған сөзді өз елінің беделді би шешендерінің атынан айтқан. Әйткенде, бұл кемшіліктердің сөзге ұйытудың тәсілі екені рас. Алайда дәстүрлі тарихи деректер мен шежірелер, жазба мұрағаттар айғақ болмақ жағдайларда да дәстүрлі шешендік сөздердің алғашқы шығарушысын айқындау қиын. Дейтұрғанмен де ауызша сақталып жеткен дәстүрлі шешендік сөздердің билер сөзі екенін жоққа шығара алмаймыз. Ал дәстүрлі шешендік сөздердің би шешендердің көпшілігіне қатар телінетіндігі ауызша тарағандығымен байланысты екенін дәлелдеуді қажет етпесе керек. Олай болса, ұлы М.Әуезов пікірін қазық ете отырып, жаңаша таным тұрғысынан шешендік өнердің авторлы шығарма екенін танытатын еңбектің бірі - Бөлтірік Әлменұлының Шешендік сөздер жинағы
А.Байтұрсынов шешендік сөздерді бірнеше топқа бөледі. 1.Саясат шешендік сөзі 2.Билік шешендік сөзі 3.Қошемет шешендік сөзі 4.Ділмар шешендік сөзі 5.Молдалардың нақыл сөзі Қазақ шешендіктану ғылымында шешендік өнер мен шешендік сөздің ұғымдық айырмасын ашып, анықтама берген ғалым - Р.Сыздықова. 1987 жылы жарық көрген Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі деп аталатын кітапта шешендік өнердің сөзге шеберлік екендігін ұғындырып, оны шешендік деген атаумен атауды ұсынды. Орыс ғылымында ораторское искусство, риторика, красноречие деп жүрген категорияларды білдіретін шешендік атау қалыптасты. Р.Сыздықова қазіргі шешендік сөздерге қойылатын шарттарды санамалап көрсетіп береді: - әлеуметтік мәні бар тақырыпқа құрылуы; - әңгіме өзегінің дәлелі болуы; - тыңдаушыларға әсер ететін эстетикалық қасиеті болуы; - тыңдаушыларын белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыратын сөз болуы; - айқындылығымен түсініктілігі. Одан әрі ғалым бұрынғы шешендік пен қазіргі шешендіктің айырмасын қолданылар жерлері, тақырыптары, түрлеріне қарай дәлелдеп көрсетеді. Р.Сыздықова бұрынғы шешендіктің ақындыққа, шешендік сөздің поэзияға жақындығын көркемдеу тәсілдерінің ортақтылығынан, екеуінің де әлеуметтік мүддені көздейтіндігінен, екеуінің де тыңдаушыға психологиялық әсер туғызатынын түсіндіреді. Шешендік сөз бен поэзияның арасындағы ортақтықты тап басып көрсетеді. Ертедегі Греция теоретиктерінің риториканы шешендік пен поэзия туралы ғылым деп қарастыруының өзі осындай ортақ белгілерінен еді. Бірақ Р.Сыздықова шешендік сөз бен поэзияның бірдей еместігін, екеуінің арасында мынадай айырмашылық бар екендігін билер сөзін мысалға келтіріп көрсетеді: шешендер сөздерінің алды-артында, ішінде түсіндірме-баяндау мәтіндер болады, ал поэзияда түсіндірме баяндаулар болмайды, көркем сөз творчествосында тақырыпты ойдан шығару және оқиға өрісін ойша болжау дегендер орын алатын болса, шешен сөзінің өзегі тек қана шындық болмыс, көркемдеу құралдары мен тәсілдер поэзия үшін шарт болса, шешендік сөзде олар иіні келген тұста ғана қолданар құрал, тармақтардың буын саны жағынан біркелкілігі - поэзияға тән белгі, ал шешендік сөзде біркелкі емес, өлеңде ұйқас тәртібі сақталса, шешендік сөзде ұйқас тәртібі сақталмайды. Мұнымен қоса, Р.Сыздықова шешендік сөздің басқа тілдік қарымқатынастан өзгешеленетін белгілерін атап көрсетеді, олар: - шаршы топ пен шешеннің тікелей қарым-қатынасы, - шешен мен шаршы топ арасындағы тоғыспалы әсерлер; - шешеннің сөзіне дауыс ырғағы, мимикасы, т.б. қатысуы. Р.Сыздықова осы кітапта бұрынғы шешендік сөздерді мазмұнына қарай төрт топқа бөлген: 1.Әлеуметтік-саяси мазмұнды шешендік сөз 2.Әлеуметтік- тұрмыстық мазмұнды шешендік сөздер 3.Білім-ғылымдық мазмұнды шешендік сөздер 4.Сотта қолданылатын шешендік сөздер Қорыта айтқанда, қазақ шешендік өнері ежелден сөзге дәл осындай сипат беріп, оны саяси, әлеуметтік күш ретінде таныды. Біздің бұл еңбегімізде қазақ шешендік өнерінің негіздері етіп ежелгі сақ, ғұндардың шешендігі, көне түркі шешендігі, орта ғасыр түркі шешендігі алынып, қазақ шешендік өнерінің қалыптасу тарихы ақын-жыраулар шешендігі, билер шешендігі, қазіргі шешендік ретінде кезең-кезеңге бөлініп қарастырылады. Осы арқылы ежелгі грек-рим, қытай, үнді шешендігі тәрізді түркі шешендігі болғандығын, қазақ шешендік өнері сол түркі шешендігінің үзілмеген жалғасы екендігі дәлелденеді. Г.З.Апересян 5 топқа топтаған. 1.Әлеуметтік саяси шешендік сөз 2.Академиялық шешендік сөз 3.Сотта айтылатын шешендік сөз 4.Әлеуметтік тұрмыстық шешендік сөз 5.Діни қызметте қолданылатын шешендік
М.Балақаев: Шешендік - дарындылық. Ол - тілі ғана емес, ойы да жүйрік кісілерге, тілдік сезімі күшті адамдарға тән қасиет. Ондай қабілеті бар адам, басқа өнерді үйреніп білетіндей, тіл өнерін де оқып, үйреніп, ізденіп жүріп игереді,-дейді [16,70]. Сондай-ақ, ғалым шешендік өнерді, бұрынғыларша, схоластикалық ережелерге бағындырып үйретуге болмайтынын, тіл өнеріне, сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар шешендік өнеріне де қойылатынын, шешендік тіл өнері мен сөйлеу мәдениетінің ең жоғарғы сатысы екендігін айтады. Демек, шешендік өнер - тіл мәдениетінің, сөйлеу мәдениетінің шыңы. Шешендік өнері алдымен ауызекі тілге тән. Жұрт алдында қағазға қарамай сөйлейтін кісілер сол өнеріне сүйеніп айтатын ойын да, айтар сөздерін де табан астында суырып салып сөйлейді. Солай сөйлеуге аса шебер кісі деп қазіргі тұста кімдерді атауға болады? Бұл саптан алғы кезекте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты, әйгілі ақын-жазушыларымыз Әбіш Кекілбаев, Фариза Оңғарсынова, Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шахановтарды атар едік. Қуанарлығы бұл тізімді әлі де соза түсуге болатындығы. Бірақ шексіз емес. Өз кезінде сыншы ғалым В.Г.Белинский шешендікті риторикашылдардан емес, шешендерден үйрену керектігін айта келе: Кімде-кім мемлекеттік шешен болғысы келсе, ол мемлекет қайраткерлерінің сөздерін үйренсін, тыңдасын, мүмкін болғанынша солардың арасында болсын, кімде-кім шешен адвокат болуға тырысса, сот мекемелерінен шықпау керек, ол адвокаттар арасында болуды көздеу керек; егер ол да, бұл да сол мамандық орайында жиі-жиі өз күшін байқай берсе, бәрінен де сол жақсы, -дейді [21,501].Бұған қоса: Адам нені жан-тәнімен сезсе, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz