Ішекқуыстылар типі. Екіжақты симметриялы жануарлар бөлімі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
5-билет омыртқасыздар зоологиясы Айтуғанова Роза
1.Ішекқуыстылар типі.ЕКіжақты симметриялы жануарлар бөлімі
2.Жалпақ құрттар типіне сипаттама
3.Буынаяқтылвр типінің сыртқы және ішкі құрылысы
1. Ішекқуыстылар ең көп таралған жасушалы жануарлардың типі болып келеді.Ішеккқуыстыларда 2 ұрық жапырақшаларын қалыптастырып дамиды.
Асқорыту жүйесінде оның ішкі қабатында асқорыту сөлін шығарып асты ішкі қуыста асты қорытады.ОСыған орай оларды ішекқуыстылар типіне жатқызады.Ішекқуыстылардың атқыш және жүйке клеткаларының болуы олардың тағы бір ерекше тип екенін білдіреді.
ОЛардың көпшілігі теңісдерде және сулы аймақтарды қамтиды.Қазірге дейін ішекқуыстылардың жер бетінде 8000-9000 түрлері белгілі.
Дене пішіні цилиндрге ұқсас,табақша және шатыр тәрізді,денесінің ұзындығы 1 мм-ден бірнеше см-ге дейін болып келеді.
Морфологиялық құрылысы оның тіршілік етуіне байлынысты дамиды.Бұлар 3 топқа бөлінеді: маржандар,медузалар және гидрозоалар.
Гдрозоалар көбінесе тұщы суларда тіршілік ететін қарапайым құрылысты жануарлар.Олар сифонофоралар мен гидроидтар болып екге бөлінеді.
Стенофоралар суда еркін жүзіп тіршілік етеді.Физологиялық құрылысы жағынан әртүрлі ,денесінің ұзындығы 1-1,5 кейде 3 смге дейін жетеді.Түсі мөлдір,көбеюі жынысты және жыныссыз болып келеді.
Ішекқуыстылардың денесі екі қабаттан тұрады:эктордерма мен энтодерма.ОЛар дара да,шоғырлынып та тіршілік ете береді.Денесінде бір ғана ішек қуысы болғандықтан оларды ішекқуыстылар деп атаған. Бұлардығ жүйке жасушалары жуйке торын түзеді.Ішекқуыстылар жыныссыз бүршіктену арқылы көбейеді.Төменгі сатыдағы ішеккуыстыларында жыныс өнімдері дененің сыртқы қабатында эктодермада өтеді.Ал жоғарғы сатыдағыларда бұл процесс энтодермада өтеді.

2.Құрттар - екіжақты симметриялы, үш қабатты, көпжасушалы жәндіктер. Бұлардың денесін тері-бұлшықетті қапшық қаптайды. Дене тұрқы шұбалаңқы келеді. Эктодерма мен энтодерма аралығында дененің үшінші қабаты - аралық қабат мезодерма орналасады. Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін саласы гельминтология деп аталады.
Жалпақ құрттар - төменгі сатыдағы құрттар типі. Олардың ұзынша симметриялы денесі арқа-құрсақ жағына қарай қысыңқы келеді. Ұзындығы 0,2 мм-ден 18 м-ге дейін. Жалпақ құрттардың көптеген түрлері бар ,5 класқа жіктеледі: кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар, цестода тәрізділер. Жалпақ құрттардың еркін қозғалатын түрлерінің денесінің сырты түкті эпителиймен қапталған, ал паразитті түрлері ядросыз қалың қабат - тегументпен жабылған. Жалпақ құрттардың негізгі ерекшелігі - тері-бұлшық ет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшық ет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл талшықтар бірнеше қабат (сақина тәрізді, ұзына бойына, қиғаш) түзеді. Жалпақ құрттар осы бұлшық ет талшықтарының жиырылуынан қозғалады. Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, паренхима мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алып тұрады. Ол тірек қызметін атқарады. Жалпақ құрттардың ас қорыту жүйесі біркелкі дамымаған. Аузы денесінің құрсақ (кейде алдыңғы) бөлімінде орналасқан. Ол эктодермальды жұтқыншақпен және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішекпен жалғасқан. Артқы ішегі және аналь тесігі болмайды. Ал паразит түрлерінде ауыз, ішектері мүлдем жоқ, қорегін сыртқы қабымен сіңіріп, паренхимада қорытады. Жүйке жүйесі бас жүйке түйінінен басталып, денесінің құрсақ жағына жүретін жүйке бағаналарынан (өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысқан) тұрады. Қан айналу және тыныс алу жүйелері дамымаған. Зәр шығару мүшесі - протонефридии. Олардың тарамдалған каналдары паренхимада кірпікшелі жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Жалпақ құрттар - гермофродиттер. Жыныс жүйесінің құрылымы өте күрделі. Бұлар негізінен еркек, ұрғашы жыныс бездерінен, ұрық өткізу түтіктері мен ұрпақ жетілдіру органдарынан тұрады. Жалпақ құрттар тікелей, құбылу, иесін ауыстыру арқылы өсіп дамиды.
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері. Жалпы саны 15 мыңнан аса түрлерді біріктіретін жалпақ құрттар 5 класқа жіктеледі. Біз тек кірпікшелі құрттар, сорғыш құрттар және таспа құрттарға ғана тоқталамыз. Бұлардың денесінде қуыс жоқ. Бауыр жағы арқасына жабысып, денесі жалпақ пішінді болғандықтан, жалпақ құрттар деп аталған. Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды.
Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы - денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы қабат - мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі. Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы - эпителий қаптайды. Эпителий жасушаларында кірпікшелер бар. Еркін жүзетін жалпақ құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да кірпікшелі жасушалар бар. Паразиттік жолмен тіршілік ететін құрттардың дене жабынының құрылысы ерекше болады.

3.Буынаяқтылар типі жануарлардың ең көп түрлі болып келетін типі, мұндай алуан түрлілігі, олардың тіршілік жағдайларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
“Зоология” курсының кіріспесі
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Өсімдіктер мен балдырлар
Қазақстандағы сүтқоректілер класы
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Биология сабақтарында тірі табиғат бұрышында пайдалану
Тірі табиғат бұрышында омыртқасыз жануарларды орналастыру және күту
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Пәндер