ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті: қазақ киносы, театры, ғылым-білімі, сәулет өнері, қолөнері, спорт жетістіктері


СӨЖ
Тапсырма: ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті: қазақ киносы, театры, ғылым-білімі, сәулет өнері, қолөнері, спорт жетістіктері
ХХ ғaсыр қaзақ хaлқы жәнe мәдeниеті үшін кішкeнтай ғaна үміт отымен басталды. Кеңес үкіметінің дәуренімен тұспa-тұс келген қазақ мәдениетінің алдында үлкен белестерге жету мaқсат болып тұрған еді. Дәл осы кезде ел ішінде қайта құру шаралары жүзеге асырылып, басты назар халық арасында ағарту ісін алға жылжыту болды. Ұлт зиялылары аянбай еңбек етіп, мәдениеттің қайта жандануын жеделдетуге асықты. Өзіміздің ана тіліміз де оқулықтар жазылды. Ұлт зиялыларының атап айтқанда, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин, С. Торайғыров және тағы басқалары.
Қазақ балаларының білім алуы үшін медресселер, ауылдар да шағын мектептер жұмыс жасады. Осы тұрғыда «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, «Серке»газеттері елеулі еңбек сіңірді.
Қазақ киносы -Қазақстандық өнертанудың ең жас саласы. Қазақ киносының алғашқы қадамдары туралы мақалалар ХХ ғасырдың 20-30 жылдары жарыққа шыға бастады. Ең алғашқы киносеанс 1910 жылы Алматы қаласында «Марс» жазғы кинотеатрында өтті. Дәл осы уақытта Қазақстанның тағы да басқа қалаларында жылжымалы кинотеатрлар іске қосыла бастады. Екі жыл арасында Алматы қаласында 3 станционар кинотеатр жұмысын бастаған болатын. Қазақ киносын дамыту туралы құжат 1927 жылы 23 наурызда күшіне енді.
Ұлттық кино өнеріміздің даму тарихы ұлы қазан көтерілісінің жетістіктерімен, тақырыптық идеология мазмұнымен тікелей байланысты болды.
Қазақ театр өнері ежелден келе жатқан салт - дәстүрлерімізге негізделген. Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын - сауықтар, ақындар айтысы, т. б. дәстүрлеріміз театр өнерінің алғашқы көріністері болған. Кейін халқымыздың талантты өнерпаздары шағын труппалар құрып, ел аралап, жәрмеңкелерде өнер көрсеткен. 1917 жылы Ойқұдық жaйлауында ( қазіргі Семeй облысы, Абай ауданында ) М. Әуезовтің « Еңлік - Кебек » трагедиясы тұңғыш рет қойылды. Кейіннен 1925 жылдың аяғында Қызылорда қаласында тұңғыш музыка театры ашылды. Театр шымылдығы 1926 жылы aқпанның 13 - де М. Әуезовтің « Еңлік - Кебек » трагедиясымен ашылды. Теaтр алғаш рет құрылған жылы онда Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Қалибек Қуанышбаев, Елебек Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Жұмат Шанин, Шара Жиенқұлова және тағы басқа өнер тарландары қызмет етті. Олар театр тарихына өшпес із қалдырды. 1934 жылы қазақ драма театрының құрылуына негіз болды. Бұрынғы қазақ музыкалық театрының орнында қазір Н. Бекежанов атындағы облыстық театр ғимараты тұр. Бұл күнде Қазақстанның барлық облыс орталықтарында драма театрлар ашылды.
ХХ ғасырда қазақ халқы білім мен ғылымға аса көп көңіл бөлді . Омбыда, Орынборда әскери училищелер өз жұмысын бастады. Мұғалімдердің басым көпшілігін шала сауатты дьяктар, сондай-ақ қызметтік міндетін өтеген солдаттар мен казактар құрады.
Жалпы алғанда, Қазақстанда халыққа білім беру ісі мен сауаттылық деңгейін қанағаттанарлық болды деп айтуға келмейтін. Зайырлы мектептер өте аз еді. Маман мұғалімдер жетіспеді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты жағдайында тұрақты мектептер ашу қиын болды. Қазақтардың жаппай білім алуға көшуі олардың патша үкіметіне қарсы Ұлт-азаттық қозғалысынын күшейе түсуіне, өз алдына автономия алуға ұмтылысына жеткізді. Ресей жоғары оқу орындарында алғашқы қазақ қыздары да білім ала бастады: 1908 жылы Петербор әйелдер медицина институтын Асфендиярова Гүлсім Жағыпарқызы (1880-1941), одан кейін Асфендиярова Мәриям Сейітжағыпарқызы (1887-1937) бітірді.
XX ғасырдағы Қазақстан мәдениетінің маңызды ерекшелігі кәсіптік өнердің әр алуан түрлерінде ұлттық мектептің қалыптасу үрдісімен байланысты болды. Бүкіл кеңес құрылысының контекстінде айтулы деңгейге қол жеткізіп, көш басындағы орындардың бірін иеленген сәулет өнері солардың ішіндегі басым жағдайды ұзақ уақыт бойы сақтап қалды. Бұрын соңды еш нәрсесімен қызықтырмаған Қазақстан сәулет өнері, 1960 жылдардың басынан бастап ұлттық сәулеттік тәжірибе саласына байланысты шығармашылық белсенділікті айқындап, мамандардың ерекше зерттеу нысанына айналды. Ғимараттар мен құрылыстардың жаңа түрлері тұрғызылды, қалаларды жоспарлау мен салудың соны тәсілдері белгіленді, өткен кезеңдердегі монументтік сәулет өнерінің дәстүрлері қайта жанданды, жаңа материалдар мен құралымдар, ғимараттарды көркемдеп, сәндеудің архит. пішіндері мен құралдары пайда болды. Тарихымыздан тереңдеетіп сыр шертетін көптеген ғимараттар салына бастады.
ХХ ғасырдағы қазақ бейнелеу өнері - көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ бейнелеу өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі - халықтың қолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби қазақ бейнелеу өнерінің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары қазақ бейнелеу өнері шеберлері алғашқы қадамдарын жасады. Жас суретшілер кескіндеме мен графиканың кәсіптік шеберлігін меңгерді. Олар (Н. И. Крутильников, Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, И. И. Савельев, Б. Сәрсенбаев, Қ. Қожықов, т. б. ) өздерінің қарапайым мазмұнға құрылған алғашқы еңбектерінде елімізде болып жатқан өзекті өзгерістерді бейнелеуге ұмтылды. Қазақстанда бейнелеу өнерінің кәсіпқой шеберлерін даярлайтын студия 1920 жылы ұйымдастырылып, онда Н. Г. Хлудов, Н. Антонов және мүсінші А. С. Пономарев сабақ берді.
Қазақ халқының Ұлттық спорты - халқымыздың өмірімен бірге дамып келе жатқан мәдени жетістіктерінің маңызды бір саласы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz