Модаль сөздер, семантикалық сипаты, қолданылу ерекшеліктері


Модаль сөздер, семантикалық сипаты, қолданылу ерекшеліктері.
Біздің тілімізде ортақ морфологиялық белгілері де, жалпы синтаксистік функциясы да жоқ сөздер бар. Олар-бар, жоқ, көп, аз, қажет, меніңше, және т. б. сөздер. Бұл модальды сөздер лексикалық мағынасы жағынан да, грамматикалық белгілері жағынан да сөздердің басқа топтарына ұқсамайтын бірқатар сөздер.
Модаль сөздердің мағыналық топтарына тоқталып өтейік.
- Болжал мәнді модаль сөздер:Сияқты, сынды, әлпетті, мүмкін, шамасы, аңғары, әлпеті, жобасы, қисыны, тәрізі, сиқы, ніті, бәлки, бәлкім, ықтималы, кәдік, болар, шығар, білем. Модаль сөздердің бұл түрінің біразы-ды білем, -қан, -кен білем, -са, -се керек, -у керек, -ға, -ге ұқсайды, -уы мүмкінт. б. осыларға ұқсас лексемалар құрамында қолданылады.
- Міндеттілік мәнді модаль сөздер:Керек, тиіс, қажет, лазымсөздерінің қатысуымен жасалатын-у керек, -у қажет, -у лазым; -мақ керек, -маққа керек, -уға тиіс, -уы, -уі тиіссияқты аналитикалық форманттар арқылы міндеттілік мән беріледі.
- Дерек, қостау мәнді модаль сөздер: Ойда өз тарапынан қостау мағынасындаанығында, шынында, әрине, әлбеттемодаль сөздері және бір нақты дерек мағынаны қазақ тілінде етістіктің«де»тұлғасының көбіне«дейді» түрінде, ара-тұра «деп айтады, деп естиміз, деген сөз бар»сияқты құрамдарында да қолданылады.
- Күдік-күмән мәнді модаль сөздер: Модальділік мағынаның сөйлеушінің айтылған хабар жөніндегі күдік-күмәнмен байланысты түрін тілімізде- ар ма екен, - са неғылсын, кім біледіаналитикалық конструкциялар арқылы беріледі.
Нұржамал Оралбай өз еңбегінде «Модаль сөздер аналитикалық форманттың құрамында модальдық категорияның көрсеткіші болғандықтан, олар қосымшалар сияқты грамматикалық көрсеткіштер қатарында қалады және олардың саны аз» деп келтірген. Осы жөнінде Ахмеди Ысқақов сөйлеуші лебізінің пікірінің ақиқат шындыққа қатысын білдіретін тілдегі тиісті фонетикалық, лексикалық грамматикалық тәсілдер және олар арқылы берілу жүйесі модальділік категориясы деп атаған.
Модаль сөздердің бірнеше жасалу жолы бар. Соның біріншісі, таза модальды және есім модальды сөздердің, сондай-ақ модальды тіркестердің тәуелді формада тұрақтауы арқылы жасалады. Бұл тәсіл қазақ тілінде және басқа да тілдердегі модаль сөздердің жасалуының ең өнімді тәсілі болып табылады.
Екінші тәсіл, кейбір үстеулер мен үстеу мәнінде қолданылатын зат есімдердің заттық мәнінен айырылу және пысықтауыштық қызметін жоғалту нәтижесінде пайда болған болса, үшінші тәсіл предикаттық функциясынан айырылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан пайда болған. Төртінші тәсіл модаль тіркестің бір компонентінің түсіп қалуы арқылы жасалады. Ал сияқты, сықылды, секілді, тәрізді, іспетті, әлпетті модальды сөздері «бет, бейне, пішім, түр» мағынасын білдіретін түбірлерден жасалған. Бәлки, бәлкі, бәлкім, лазым, әлбетте, ықтимал, мүмкін, рас тағы сол сияқты бірнеше сөздер дайын күйінде араб, парсы тілдерінен алынған.
Модаль сөздер жалпы семантикасы жағынан тектес, мәндес сөздер емес. Модаль сөздер сөйлемде қолданылғанда бүкіл сөйлем мазмұнына сөйлеушінің пікірін үстемелейді, айтушының әр түрлі көзқарасын білдіреді. Мұны модальдық мағына дейді. Модаль сөздердің бірқатары басқа сөздермен тіркесіп келіп сөйлемде күрделі сөйлем мүшенің қызметін атқарады. Ондай модаль сөздер қатарына керек, тиіс, аз, көп, бар, жоқ, сияқты. Ал бірқатар модаль сөздер сөйлемде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспей, оқшау сөздердің бір түрі қыстырма сөз ретінде қолданылады. Олар: әрине, бәлкім, мүмкін, сірә тағы сол секілді модаль сөздері.
Лексика грамматикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін сөздер
Атаушы сөздер тобының ішіндегі атаушы есімдердің бірі саналатын сан есімдер - сандық ұғымды білдіретін сөз табы.
Сан есімнің өзіне тән семантикалық мағынасы жалпы сандық ұғымды білдіруі, оның сөз табы ұстанымдарының бірінші семантикалық белгісіне толық сай келетінін анықтайды. Сан есім зат есіммен ешбір қосымшасыз орын арқылы байланысып, заттың нақты санын көрсетумен бірге, ол заттың санын шамамен, болжап та, бүтін заттың санын да, бөлшек заттың санын да, заттың рет санын да көрсетуі сан есімнің жалпы сандық ұғымды білдіретінінің дәлелі бола алатын семантикалық белгісі. Сан есімнің сөз табы ретіндегі категориялық белгісі заттың есебін, сан мөлшерін, ретін, шамасын білдіру. Өйткені болмыстағы кез келген заттар мен құбылыстардың сыны мен сапасы болатыны сияқты олардың сандық мөлшері, белгі-шамасы, сандық реті де болады. Сан есімдер негізгі сандық, сан-мөлшер мағынасында морфологиялық өзгеріске түспейді. Әрі сан есімдер сөйлемдегі сөздердің барлығымен тіркесе бермейді, негізінен зат есімдермен және зат есімдерден жасалған туынды сын есімдер және етістіктермен байланысқа түседі. Бұл сан есімдердің морфологиялық сипаты жағынан өзі анықтайтын сөздерінен бұрын қолданылып, ешқандай морфологиялық өзгеріске түспейтініне байланысты ерекшелігі.
Сан есім грамматикалық түрлену жүйесі жағынан өзіне тән түрлендіретін көрсеткіші жоқ сөз табына жатады. Бірақ мүлде түрленбейтін сөз табы қатарына жатқызуға болмайды. Өйткені сан есім заттардың санын білдіруден басқа мағынада қолданылады. Ондай кезде ол зат есінің парадигмасы бойынша түрленеді. Ол оның өзіндік ерекшелігі болып саналады. Сан есімді түрлендіретін грамматикалық көрсеткіші болмағанмен оның мағыналық топтарының жекелеген қосымшалары -ыншы, -інші, -ншы, -нші, -ау, -еу жұрнақтары бар.
Морфологиялық құрамы жағынан сан есімдер дара және күрделі болып бөлінеді. Дара сандар - бір негізгі морфемадан тұрып сандық ұғымды білдіретін сандар. Олардың саны - қазақ тілінде жиырма. Бірақ дара сандардың ішінде бір негізгі морфемадан және көмекші морфемадан тұратын сандар да бар. Мысалы, бір-інші, бір-еу т. б. Күрделі сандар бір сан мен екінші санның тіркесуі арқылы жасалып, үшінші санның сандық ұғым атауын білдіреді сандар. Қүрделі сан есімнің мағынасы оның құрамындағы сандардың мағынасынан екі түрлі жолмен жасалады: 1) күрделі сандардың құрамындағы сандарды бір-біріне қосу арқылы үшінші санның аты жасалады (он+бір=он бір) ; 2) күрделі саннның құрамындағы сандар бір-бірімен көбейтіледі де, үшінші санның аты жасалады (бір х жүз = бір жүз) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz