Адам анатомиясы және онын мiндеттерi


- Адам анатомиясы ж/не онын мiндеттерi
Адам анатомиясы (латынша anatome - кесу, бөлшектеу деген угымды бiлдiредi) - адам денесыны курылысын, пiшiнiн, кимылдарын, мушелердiн озара карым-катынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы.
Адам анатомиясының негізін салушы - ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды.
Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі жасушалардан тұрады. жасушалар жасушааралық затпен қосылып тін (ұлпа) құрайды.
Тін:
- эпителиалдық,
- дәнекерлік,
- бұлшық еттік,
- жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді.
Тін қосылып органдарды құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын органдар - органдар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар - ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам ағзасын құрайды.
Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді:
- тірек-қимыл аппараты;
- ас қорыту жүйесі;
- тыныс алу жүйесі,
- несеп-жыныс аппараты;
- жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді) ;
- сезім ағзалары;
- эндокриндік бездер;
- жүйке жүйесі.
Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады.
Адам денесі бас, мойын, бағана, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына бағана қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 - 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшықеттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия - адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия - ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия - денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия - адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия - дамудың әртүрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.
2. Суйектердiн негiзгi касиетi мен химиялык курамы.
Адамның сыртқы ортамен байланысы, оның қимыл, қозғалысымен сипатталады. Адамның қозғалыс жүйесі- сүйек және бұлшық еттерден тұрады. Сүйектер денеде бір-бірінен буындар, сіңірлер, шеміршектер және дәнекер ұлпалар арқылы біріккен. Қаңқа сүйектері мен буындар дененің қозғалысында тірек міндетін атқарады, ал оларды қимылға келтіретін мүшелер дененің бұлшық еттері болып саналады. Сүйек туралы ілім- остеология, ал буындардың құрылысын зерттейтін ілім-артрология деп аталады.
Сүйектердің құрылысы
Сүйек (кость) . Сүйек - дененің негізгі тіреуші мүшесі. Оның құрылысы өте күрделі. Сүйектің негізін тығыз(қатты) және кемік(борпылдақ) заттар құрайды. Сүйек сыртынан сүйек қабығымен (периост) қапталған. Периост тек сүйектің шеміршек бетінде ғана болмайды. Сүйектің құрылысында ұлпаның барлық түрі кездеседі, бірақ негізгісі -сүйек. Сүйектің сырты қатты, ұлпасы тығыз болып келеді де, ал ішкі жағы екуек, борпылдақ ұлпадан тұрады. Кеуек сүйек ұлпасы қатты қабықтың астында әртүрлі бағытта торланған. Сүйек қалығдап өседі, сол себепті жасқа қарай сүйектің қалыңдығы ір түрлі болып келеді. Сүйектің периост қабығы жұқа, бірақ берік дәнекер ұлпа жапырақшасы. Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.
Сүйек - тірі ағзаның тірек-қимыл мүшелерінің ішіндегі жұмсақ тіндердің тірегі және бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын маңызды құрылым. Адамның денесіндегі 200-ден астам тақ және жұп сүйек-тер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды[1] . Сүйек коллагені мен аз мөлшерде суда ерімейтін кальций тұздарымен толыққан майдан тұрады. Сүйек сыртқы қатты қабаттан және ішкі кеуекті қабаттан тұрады.
Сүйектің құрамы. Сүйектің құрамында - 50% су, 12, 5% нәруыз тектес ағзалық зат - оссеин (жұмсақ, серпімді ағзалық зат), 21, 8% минералды заттар (кальций фосфаты), 15, 7% май болады. Оссеин заты сүйекке серпімді, иілгіштік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде ағзалық заттардың мөлшері көбірек. Сүйектері иілгіш болатындыктан спортқа, циркке, балетке жастайынан қабылдайды. Адамның жасы ұлғайған сайын сүйегінде ағзалық заттар азайып, минералды заттар кебейеді. Құрамында минералды заты көп сүйектер иілгіштік қасиетінен айырылып, морт сынғыш келеді.
3. Буындар ж/не олардын классификациясы
Буын - бір сүйекпен екінші сүйекті жалғастыратын аралық. Сүйектер бір-бірімен кірігіп немесе қозғалмалы болып жалғасады. Тірі организмдерде Буын 3 түрлі рөл атқарады: дене қалпының сақталуына жәрдемдеседі; дене бөліктерінің өзара орын ауыстыруына қатысады; дененің кеңістіктегі орын алмастыру (локомоция) мүшесі болып табылады. Әрбір буында буындасатын сүйектердің буын беттері; буын қылшықтары және буын қуыстары болады. Буын қапшықтарын 2 қабат қоршап тұрады. Оның ішкі қабатынан буын сары суы бөлініп шығады да, ол Буын аралығын сылап, қозғалуын жеңілдетеді. Буын қапшығының сыртында болатын сіңірлер сүйектерді берік жалғастырып тұрады әрі мүшені белгілі бір бағытпен қозғалтады. Пішіні жағынан Буын беттерін геометириялық айналу денелері ретінде (мысалы, бір осьті айнала қозғалатын цилиндр, екі осьті эллипс, үш және одан көп осьті айнала қозғалатын шар) қарастыруға болады. Осының нәтижесінде осьтер арқылы Буындарда көптеген қозғалыс түрлері орындалады. Мысалы, бүгілу, жазылу, жақындату, қашықтату, айналу, т. б. Адам денесіндегі Буынды және буын ауруларын зерттейтін медицина салаларын артрология, синдесмология деп атайды. Адам денесінде 230 ден астам буындар бар. Буын дегеніміз сүйектердің қозғалмалы байланысатын жері. Әрбір буынның сырты тығыз дәнекер ұлпадан түзілген қабықпн қапталған. Оны буын қапшығы дейді. Буын қапшығының буын сұйықтығы бөлінеді. Сұйық үйкелісті кемітіп, сүйектердің буын ойығында еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Буында буын беті, буын қуысы, буын сұйықтығы және буын қапшығы болады. Сүйектің бір-бірімен байланысатын шеті жылтыр, тегіс шеміршекпн қапталған. Қозғалу кезінде шеміршек үйкелісті азайтып, оқыс соққыны әлсіретеді. Буынның құрамына міндетті құрамбөліктер кіреді. Бұл құрамбөліктерден басқа барлық буында болатын қосымша құрамбөліктер бар. Олар міндетті түрде белгілі бір буындарда болады. Барлық қосымша құрамбөліктерді екі типке бөлуге болады.
- Шеміршек дискілері мен шеміршек астары. Олар сүйектердің буынды беттері арасында орналасады. Солар арқылы мұндай буындарда қозғалыстардың алуан түрі орындалады. Мысалы, тізе және астыңғы жақсүйектерінің буындары.
- Буындарға жақын орналасқанұсақ буын сүйектері. Олар кейде буын қабының астында, кейде одан тыс, бұлшық ет байламдары астында орналасады. Мысалы, тізе буын үстінде орналасқан және буынға бұлшық ет сіңірлері арқылы бірігіп тұрады. Аяқтағы үлкен саусақтың осындай сүйегі буын қабының ішінде болады. Мұндай сүйектер буын бетін арттыруға, оны едәуір тұрақты етуге мүмкіндік береді.
Буындарды мынадай принциптер бойынша жіктеуге болады: 1) буын беттерінің саны бойынша, 2) буын беттерінің пішіні бой¬ынша және, 3) функциясы бойынша.
Буын беттерінің саны бойынша былай ажыратады:
1. Тек 2 буын бетІ бар қарапайым буын (art. simplex)
мысалы, саусақаралық буындар.
2. Екіден көп буындасқак беті бар күрделі буын (art. composi-
ta), мысалы, шынтақ буыны. КүрделІ буын бірнеше қарапайым
буындасудан түрады, оларда қозғалыс жеке-жеке жүре алады.
Күрделі буында бірнеше буындасудың болуы олардын жалға-
маларыныц ортақтығын қамтамасыз етеді.
3. Буынды екі камераға (екі камералы буын) бөлетін буыніші-
лік шеміршегІ бар комплексті буын fart, cornplcxa) . Erep
буынішілік шеміршек диск пішінді болса {мысалы, самай-төменгі-
жақ буынында), камераға толық бөлінеді, немесе егер шеміршек
жартыай тәрізді мениск пішінді болса (мысалы, тізе буынында),
камерага толық бөлінбейді.
4. Бірлесе қызмет атқаратын, бІр-бІрікен бөлек орналаскан,
бірінен бірі оқшауланган бірпсшс комбинация сняқты құрама
б у ы н.4. Омыртка жотасы ж/не онын кокирек клеткасы
Омыртқа бағанасы (лат. Columna vertebralіs) - адам мен омыртқалы жануарлардың тұлға тірек қаңқасы. Адамда Омыртқа бағанасы бір-бірімен өзара омыртқааралық шеміршектер (дисктер), байламдар және бұлшық еттер арқылы байланысқан 32 - 34 омыртқалардан түзілген. Омыртқа бағанасы денеге тірек болып, тұлға мен бас сүйектің қимыл-қозғалысына қатысып, жұлынды қорғайды. Омыртқа бағанасының пішіні адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Омыртқа бағанасының атқаратын қызметіне байланысты әрбір омыртқаның өзіне тән құрамдық бөлімдері болады. Омыртқа қуыстарының жиынтығынан Омыртқа бағанасының өзегі пайда болады (жұлынды қорғайды) ; доғада омыртқаның қозғалысы үшін қажетті - өсінділер орналасқан. Буындық өсінділер омыртқааралық буындарды түзеді, көлденең және қанатты өсінділерге бұлшық еттер мен байламдар бекиді, олар омырқаларды қозғалысқа келтіреді. Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың көлемі мен пішіні әр түрлі болады. Ересек адамның Омыртқа бағанасында 7 мойын, 12 кеуде, 5 бел омыртқалары жеке орналасқан, қалғандары бір-бірімен тұтасып сегізкөз (5 сегізкөз отмыртқасы) және құйымшақ сүйектерін (3 - 5 құйымшақ омыртқалары) құрайды. Кеуде омыртқаларына 12 жұп қабырғалар бекиді. Сегізкөз омыртқалары 17 - 25 жас аралығында тұтасып, бір сүйекке - сегізкөзге, ал құйымшақ омыртқалары жоғалып кеткен құйрықтың қалдығы (рудименті) ретінде орта жаста тұтасып, құйымшыққа айналады.
Омыртқа жотасы төрт жерінен алға және артқа қарай иіледі. Мойын мен бел омыртқалардың тұсында екі иілім алға қарай иілген. Арқа мен сегізкөз омыртқаларының тұсында екі иілім артқа қарай иілген. Жаңа туған нәрестенің омыртқа жотасы түзу, иілімдері болмайды. Нәрестенің мойны қатқанда - мойын, отыра бастағанда арқа иілімі білінеді. Қаз тұрып жүре бастағанда бел мен сегізкөз омыртқаларының тұсындағы иілімдер байқалады. Иілімдер 18-20 жаста толық қалыптасады. Омыртқа жотасының иілімдері кеуде, жамбас қуыстарының мөлшерін кеңейтеді. Иілімдер дененің тепетеңдігін жеңілдетіп, жүгіріп, секіргенде серпімділікті күшейтеді. Бұл омыртқалардың бірімен-бірі жалғасқан жеріндегі шеміршектердің созылғыштық қасиетіне де байланысты. Омыртқа жотасының алға және артқа қарай иілімдері адамның тік жүруіне байланысты қалыптасқан. Бұл - қалыпты құбылыс. Ал омыртқа жотасының бір бүйіріне қарай иілуі бұзылғанда сколиоз (грекше - қисаю, иілу) ауруы пайда болады. Көкірек клеткасы алдыңғы жағынан төс сүйегіне, арт жағынан көкірек омыртқаларына жалғасыды. Адамда 12-жұп қабырға болады. Тұлға сүйектері жас ерекшеліктеріне қарай өзгереді. Ересек адамдардың омыртқа жотасы төрт иін түзеді. Жаңа туған баланың омыртқа жотасының иіндері өте нашар жетілген.
- Қол сүйектері
Қол сүйектері еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі (бұғана мен жауы-рын) еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады. Иық белдеуінің сүйектеріне бұғана мен жауырын жатады. Бұғана - ұзына бойы иіліп келген сүйек. Оның денесі және екі басы болады. Ішкі басы төстің тұтқасына, сыртқы басы жауырынның иық өсіндісіне жалғасып көлденең орналасады. Бұғана сүйектері - латынның S әріпі тәрізді иілген сүйек . Бұғананың денесі мен екі ұшы бар. Төстік ұшы төспен, ал акромион ұшы жауырынның акромион өсіндісімен жалғасады. Оның төстік ұшы жуандау, ал акромион ұшы тығыздау. Бұғананың латераль беті дөңес және арқаға қарай, ал медиаль шеті алдына қарай бағытталған. Жауырын - жалпақ, үшбұрышты болып келген сүйек. Көкірек клеткасының арт жағында, жоғарғы қабырғалар тұсында орналасқан. Жауырынның қабырға беті аз төменгі артыңғы мүйістері бар. Шонданай мен қасаға сүйектерінің денесі және екі бұтақтары болады. Аяқтың еркін қозғалатын қаңқасы сан, балтыр және және аяқбасы сүйектерінен құралған. Сандағы негізгі сүйек -ортан жілік. Ортан жілік -адам қаңқасының ішіндегі түтікті сүйектердің ішіндегі ең ұзыны. Оның денесі және екі жағында ұштары болады. Жоғары ұшында ұршық басы, одан төменірек жіңішкерген жері мойны деп ааталады. Сүйектің алдыңғы беті тегіс болғанымен де артқы бетінде ұзына бойына бұдырлы сызық созылып жатады. Жіліктің төменгі басындағы шеткі және ішкі айдаршықтарынан буын беті құралады. Олардың араларында айдаршық аралық шүңқыры болады. Айдаршықтардың сыртқы жағы шеміршекпен қапталып, алдыңғы жағы бірігіп, тізе тобығымен буындасатын буын бетін құрайды. Айдаршықтардың бүйір жақтарында олтаңғы және сыртқы айдаршық үсті төмпектері орналасады. Тізе тобығы тиек тәрізді тізенің үстіндегі үшкілдеу жұмыр сүйек. Ол төрт басты ет сіңірінің ішінде орналасады. Балтыр сүйектері де білек сүйектері тәрізді 2 сүйектен үлкен жіліншік және кіші жіліншік сүйектерінен тұрады. Үлкен жіліншік жоғарғы ұшы жуан төменгі ұшы жіңішке түтікті сүйек. Оның шеткі және ішкі айдаршықтары болады. Онда екі төмпек, ортаңғы және сыртқы төмпек болады. Сүйек үш қырлы болғандықтан, үш жиегі және үш беті бар. Төменгі ұшы төрт бұрышты ортасындағы тобық басы арқылы топай сүйекпен буындасатын буын беті болады. Кіші жіліншік денесі үш қырлы, жоғарғы және төменгі ұштары бар түтік тәрізді жіңішке ұзын сүйек. Төменгі ұшы жуантықтау болады, оны сыртқы тобық деп атайды. Аяқ басы сүйектері тілерсек, табан және бақай сүйектері бөлімдерінен тұрады. Тілерсек сүйектері балтыр мен табан сүйектерін жалғастыратын жеті сүйектен: топай, өкше, қайық, текше пішінді және сына тәрізді үш сүйектен тұрады. Табан сүйектерінің саны бесеу. Бақай сүйектерінің 1-ші бақай сүйектері 2 башпайдан, қалған 2-5-шілері 3 башпайдан құралған. Табан сүйектерінің негізі, денесі жэәне басы болады. Башпай сүйектері де дәл сондай бөлімдерден құралған.
- Ас қорыту жүйесі
Асқорыту системасының әрбір бөлігі әр түрлі қызмет атқаратындықтан құрылысы мен пішіні де түрліше болып келеді. Ас қорыту органдарының көбі қуысты, олардың қабырғалары үш қабаттан түзілген. Кілегейлі (ішкі), біріңғай салалы ет (ортаңғы) және сір (сыртқы) қабаттары жатады. Ауыз қуысы ас қорыту жолының басталатын мүшесі. Ауыз қуысында тағамның сапасы аңықталып, біршама химиялық, механикалық өңдеуден өтеді. Ауыз қуысына ауыз кіріберісі, қызыл ек, ұрт, қатты таңдай, жұмсақ таңдай, тіл, тіс, күрек тістер, кіші азу тістер, сүт тістер, үлкен азу тістер, сіле-кей бездері жатады. Өңеш-ұзындығы 25-30 см, алдынан артына қарай бағытталып қысылған, бұлшық етті түтік, Ол мойын аймағынан басталып, кеуде қуысына өтеді. Одан көк ет арқылы өтіп, Х-ХI кеуде омыртқаларының тұсында асқазанға жалғасады. Орналасуына қарай өңеш үш бөліктен тұрады: мойын бөлігі, кеуде бөлігі, іш бөлігі.
Асқазан ас қорыту жолының кеңейген бөлігі, асты сақтайды, қорытады және асты қорыту үшін сөл бөліп шығарады. Бауыр - денедегі ең үлкен без, салмағы 1, 5-2, 0 кг. Бауырдың қызметінің негізгілері: зат алмасуына қатысады (көмірсу ақуыз, май және минералды тұздар алмасуына) ; Гомеостаздың (ішкі ортаның) тұрақтылығын сақтайды; Қандағы зиянды заттарды залалсыздандырады; Өт жасап шығарады: Гли-коген қоры жиналады, қандағы глюкозаның бірқалыпты мөлшерін сақтайды. Өт қуығы бауырдың төменгі бетінде, оң жақтағы ұзын с айда орналасқан. Пішіні алмұртқа ұқсайды, оның мойны, денесі, түбі болады. Жалпы өт жолының ұзындығы - 7 см. Өттің түсі сары алтын түстес, сілті реакциялы. Тәулігіне 500-1200 мл өт бөлінеді. Ұйқы безі аралас қызмет атқаратын без. Оның қызметі тәулігіне 12 елі ішекке 2 литрдей сөл бөлінеді. Ұйқы безі іш қуысының артқы жағында, асқазанның артында, I-II бел омыртқаларының тұсында орналасқан. Ұйқы безі сөлінің бөлінуі жүйке жүйесі гуморалдық жолмен реттеледі. Ауызға түскен ас рефлекс жолымен ұйқы безін тітіркендіріп, 2-3 минуттан кейін ло сөл бөліп шығара бастайды. Он екі елі ішек, ұлтабар жіңішке ішектің ең қысқа-бөлігі, асқазанның пилорик бөлігінен басталып, ащы ішекпен жалғасады, ұзындығы -21 см.
Тоқ ішек ас қорыту жолының соңғы бөлігі, жіңішке ішектің тікелей жалғасы, ұзындығы 1, 5-2 м. Тоқ ішек-соқыр ішек, жоғары көтерілуші, көлденен, төмен бағытталған, қима тәрізді тік ішек болып бөлінеді. Тік ішек ас қорыту жолының соңғы бөлігі. Ол кіші астауда орналасқан, соңы анал немесе артқы түтік. Ол жерде анал бағандары, ал аралықтарында анал қуыстары бар. Тік ішектің жоғары кең. Оны- ішектің «ампуласы» деп атайды, шырышты қабатында тік ішектің иілген тұстарымен тура келетін қатпарлары бар.
- Жұтқыншақ, онеш
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz