Қазақстан Республикасында берешек қарыздар мен міндеттемелер аудиті: әдістемелік және нормативтік-құқықтық негіздер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы шаруашылық әдістерін және формаларын қайта өзгертудің объективті қажеттілігін тудырды. Нарық жағдайына бейімделудің қиындығына қарамастан, елде ғылыми-техникалық саясат, маңызды теориялық және іс-тәжірибелік білім саласына айналатын нақты ғылыми әзірлемелерді жинақтаумен әлеуметтік-экономикалық қызметтің жаңа әрі озық нарықтық бағытын түбегейлі және қолданбалы зерттеу белсенділікпен жүргізілуде.

Бухгалтерлік есепті реформалау және аудитті ұйымдастырудың озық тәжірибесі Халықаралық валюталық қордың (ХВҚ), Бүкіләлемдік банктің, Халықаралық даму бойынша Америка агенттігінің (ЮСАИД), Еуропалық одақтың (ЕО) және Британдық кеңестің белседі қатысуымен өткізілгендіктен, оны құраудың ағылшын-американдық үлгісі негіз етіп алынды. Бухгалтерлік есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныс Конституция, Азаматтық кодекс, Бюджет кодексі; Салық кодексі, «Банкрот туралы», «Акционерлік қоғамдар туралы», «Шетелдік инвестициялар туралы», «Ақша аударымдары мен төлемдері туралы» заңдардың және компания, фирма мен коммерциялық ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының басқа да нормативті-құқықтық актілер талаптарын ескеру арқылы әзірленді.

Сонымен бірге ақпаратты жасаушылар мен пайдаланушылар арасындағы мүдделердің қабыспауы, меншік түрлері және нарық жағдайында пайда болатын басқа міндеттемелер бойынша бақылау объектілерін шектеу белгілі бір бизнес саласындағы қалыптасқан жағдайда тиянақты аудит жүргізуді талап етеді.

Қазақстан Республикасында индустриясы дамыған елдердің озық тәжірибесіне сәйкес бизнестің жаңаша кешенді тәуелсіз кәсіби аудиті жүзеге асырылуда. Операциондық аудит пен қаржылық есептілік аудит және оның басқа да маңызда түрлері посткеңестік аумақтарда нарықтық экономиканың қалыптасуындағы мекемелер қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстармен және шындыққа жанасымды ақпараттармен мүдделілік танытатын пайдаланушылардың қажеттіліктерн қамтамасыз етеді.

Бизнестің кәсіби аудит проблемасын зерттеудің көкейтестілігі мүмкіндігінше аз шығынмен аса жоғары экономикалық тиімділікке қол жеткізуді оңтайлы ұйымдастыруға ұмтылатын барлық қатысушылардың мүддесінен білінеді. Аудит жоспарлау, талдау, үйлестіру, есеп, ұйымдастыру, бақылау және реттеу сияқты басқару қызметтерімен тығыз байланысты. Егер есептің көмегімен ақпарат көздері қалыптасатын болса, онда оның кешенді аудиті мекемелердің экономикалық процестерін жоспарлау, ұйымдастыру және реттеу барысында жіберілген кемшіліктер мен қателіктерді анықтауға және оны қайтадан болдырмауға мүмкіндік береді.

Бизнестің тиімділігін талдау мен кәсіби аудиттің жеткілікті дәрежеде әзірленбеу мәселесі оның біршама дайын нұсқасын нақтылауды ғана емес, сондай-ақ белгілі бір экономикалық секторының әр түрлі салаларындағы дағдарыс жиілігінде, нарық және бәсеке деңгейінің болжап білуге болмайтын өзгеше жағдайларында оны ұйымдастырудың принциптік жаңа тәсілдемелерін әзірлеуді де талап етеді.

Менің курстық жұмысымның аты «Берешек қарыздар мен міндеттемелер аудиті». Жұмыс мазмұны үш бөлімді қамтиды:

Бірінші бөлім «Аудиттің мақсаты мен міндеті» деп аталады және онда аудиттің міндеті, мақсаты және заңдылықтар туралы ақпараттар қамтылады.

Екінші бөлім берешек қарыздардың аудитіне арналған. Жұмыста негізінен аудитордың аудиторлық тексеруді жүзеге асыру тәсілдері келтірілген.

Үшінші бөлім «Міндеттемелер аудиті» деп аталады. Онда негізінен ұзақ мерзімді міндеттемелер, алашақ қарыздардың және еңбекақы бойынша есеп айырысу аудиті туралы ақпараттар берілген.

Берешек қарыздар мен міндеттемелер аудитін тексеруді жүзеге асыру мекемелердің шаруашылық операцияларында маңызды роль ойнайды. Аудиторлық тексеруден өткен мекемелердің басқа мекемелермен қарым қатынасын орнатады, болашақта табыс табудың көптеген жолдарына әкеледі

. Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық қапаратпен қамтамасыз етеді, серіктестер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктердіжою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, мекеме қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жаөсартуға ықпал етеді.

Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да өызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі - мекемелердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Берешек қарыздар мен міндеттемелер аудиті: мақсаттар, әдістемелер және құқықтық реттеу
Берешек қарыздар мен міндеттемелер аудиті: мақсаты, құқықтық реттелуі және аудиторлық тексеру әдістері
Міндеттемелер аудиті және есебі: қарыздар, шығындар және арнайы аудит
Инвестицияларды аудиті мен бухгалтерлік есебі: әдістеме және нормативтік негіздер
Кредиторлық берешек аудиті: мазмұны, ұйымдастырылуы және қысқа мерзімді міндеттемелерді тексеру
Қазақстан Республикасында нотариаттың қалыптасуы мен қызметінің нормативтік-құқықтық реттелуі
Құрылыс ұйымдарындағы дебиторлық берешек есебі мен аудиті: АҚ Қазқұрылыссервис мысалында
Кәсіпорындағы ағымдағы міндеттемелер: жіктелуі, бухгалтерлік есебі және аудиті
Қазақстан Республикасында халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету: мемлекеттік бақылау және нормативтік-құқықтық негіздер
Дебиторлық қарыздар есебі және аудиті: ұйымдастыру нысандары мен тексеру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz