Экологиялық сукцессия туралы


21 билет
Экологиялық сукцессия
Экожүйелердің өзгеру себептері әр түрлі болады. Әсер етуші күштердің векторына байланысты -аллогенді және автогенді өзгерістер деп бөлінеді.
ҰАллогенді өзгерістерге экожүйеге сырттан ықпал ететін геохимиялық күштер себепші болады. Мұндай күштер ретінде климаттық және геологиялық факторлар білінуі мүмкін. Эрозия, шөгінді жыныстардың түзілуі, таулардың өсуі, жанартаулар әректеті т. б. экожүйелерге де айтарлықтай өзгерістер енгізуі мүмкін. Ал автогенді өзгерістер - экожүйенің өз ішінде өтіп жатқан процестердің әсерінен туындайды. Автогенді өзгерістерді экожүйенің дамуы немесе экологиялық сукцессия д. а. . Белгілі бір уақытта жердегі бір биоценоздың екіншісімен алмасуын сукцессиялар д. а. (латын тілінен аударғанда succesio-бірізділік, тұқым қуалау, кезектесу, ауысу деген мағына береді. ) 1898 ж. Г. Каулсон енгізген.
Экосукцессияға анықтама берген кезде үш жағдай ескерілу керек деп есептеледі:
1. Сукцессия қауымдастықтың, яғни экожүйенің биотикалық компонентінің ықпалымен жүреді. Өз кезегінде қауымдастық сукцессияның сипаты мен жылдамдығын анықтап, даму шектерін межелейтін физикалық ортаның өзгерістерін туындатады.
2. Сукцессия дегеніміз - қауымдастықтың түрлік құрамының және оның ішінде өтіп жатқан процестердің өзгеруіне байланысты жүретін экожүйенің реттелген дамуы. Сукцессия белгілі бір бағытта жүреді, демек оны болжауға болады.
3. Сукцессияның шарықтау шегі - энергия ағыны бірлігіне шаққанда максимальды биомасса және түр аралық әсерлесулердің максимальды саны келетін тепе-тең күйдегі экожүйенің қалыптасуы болып табылады.
Экосукцессия бірнеше кезеңдерден өтеді, солардың барысында биотикалық қауымдастықтар бірінен соң бірі алмасып жатады.
Сонымен, сукцессия дегеніміз - нәтижесінде биотикалық қауымдастық пен физикалық орта арасында тепе-теңдік орнайтын, экожүйенің бағытталған дамуы.
6 билет
Биотикалық факторлар
Биотикалық факторлар деп дара организмдер арасындағы және популяциялар арасындағы өзара әрекеттесудің әр алуан формалары түсініледі. Биотикалық факторлар 2 топқа бөлінеді: түр ішіндегі қарым-қатынастар және түр аралық қарым-қатынастар.
Түр ішілік қарым-қатынастар -гомотиптік реакциялар (грек тілінен аударғанда -homoios -бірдей) және түр аралық қарым-қатынастар - гетеротиптік реакциялар (грек: heteros - әр түрлі) .
Гомотиптік реакциялар деп бір түрге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттесулер түсініледі. Бірлесіп күнелткен жағдайда жануарлар мен өсімдіктердің тіршілік әрекеті біршама дәрежеде популяцияның саны мен тығыздығына тәуелді болады. Сол себепті гомотиптік реакциялардың экологиялық маңызды түрлері:топ эффектісі және масса эффектісі болып табылады.
Топ эффектісі -өзімен бір түрге жататын дара организмдерді сезім мүшелері арқылы түйсінуден туындайтын, топтың өзінің және топ құрамындағы индивидиумдар санының дара организмдердің мінез -құлқына, дамуы мен көбеюіне ықпалы. Көптеген бунақденелілер (тарақандар, шегірткелер т. б. ) жеке-дара тіршілік еткендігімен салыстырғанда, топ ішінде біршама интенсивті метаболизмге ие болады, тезірек өсіп, жетіледі. Топ эффектісі көшпелі және масса эффектіс шегірткелер мысалынан жақсы көрінеді: жеке-дара өсірілгенде олар жасыл түске боялған саяқ (солитария) фазасына айналады, ал тар жерде тобымен өсірілген жағдайда -қызғылт сары немесе қоңырқай денесінде бажырайған қара дақтары бар үйірлі (грегария) фазасы пайда болады.
Топ эффектісі көп жағдайда екі жануар бірлесіп тіршілік еткенде-ақ біліне бастайды, ол тек жағымды емес, жағымсыз нәтижелерге де әкеліп соғуы мүмкін. Мыс. топ ішінде шөмішбалықтардың өсуі баяулайды; үй тышқандарының аса тығыз орналасқан топтарының өсімталдығы төмендеп, тіпті көбеюі мүлдем тоқтап қалады.
Масса эффектісі - топ эффектісінен айырмашылығы, ол бір түр особьтерінің 1-1 сезінуімен байланысты емес. Оны особьтер саны мен популяция тығыздығы артқан кезде тіршілік ету ортасында пайда болатын өзгерістер туындатады. Масса эффектісі әдетте, жануарлардың көбею қабілетіне, өсу жылдамдығына, тіршілік ету ұзақтығына жағымсыз ықпал етеді. Мыс., ұн зауза қоңызының популяциясы дамыған кезде ұнда экскременттер, түлеу қабықтары жиналып қалады да, осы жай ұнның - жәндіктердің тіршілік ету ортасы ретінде нашарлауына әкеліп соғады. Бұл қоңыздар популяциясының көбею қабілетін төмендетіп, өлім-жітімін арттырады. Сонымен, топ және масса эффектілері көп жағдайларда қатар білінетіндіктен, табиғатта оларды ажырату оңайға түспейді.
Гомотиптік реакцияларға топ эффектісі және масса эффектісінен басқа, бір түр особьтері арасындағы әрекеттесулердің және бір формасы - түр ішіндегі бәсекелестік (конкуренция ) жатады.
Түр ішіндегі бәсекелестік термині бергіретк п. б. Бұрын дәл осы мағынады Ч. Дарвин ұсынған «тіршілік үшін күрес» термині қолданылып келді, ол түр ішіндегі бәсекелестікті тіршілік үшін күрестің маңызды әрі жоғарғы формасы ретінде бағалаған. Бұл, яғни тірі қалу мүмкіндігі үшін күресу, ол үшін Ө-р күн сәулесі түрінде алатын, Ж-р әр түрлі қоректік материалдар түрінде алатын - энергия қажет. Сондықтан энергия көздерін иелену үшін күресте қатаң бәсекелестік орын алады. Бәсекелестік күресте жеңіп шыққандар ұрпақ қалдыру мүмкіндігіне ие болады, өз гендерін ұрпақтарына береді. Бәсекелестік күресте жеңілгендер жойылады. Түр ішіндегі бәсекелестіктің негізгі нәтижесі популяциялар қалыптасуымен аяқталатын дивергенция болып табылады.
Бәсекелестіктің негізгі екі түрі бар - тікелей және жанама. Тікелей бәсекелестік немесе интерференция -особьтердің 1-1-не тікелей әсер етуі арқылы көрініс табады. Мыс., Ж-лар арасындағы агрессивтік қақтығыстар, немесе Ө-тер мен М-дер токсиндер бөліп шығаруы кезінде (аллелопатия) кезінде т. б. жағдайларда жүзеге асады.
Жанама бәсекелестік особьтердің тікелей әрекеттетуін қажет етпейді, ол аралық буындар арқылы әр түрлі Ж-лардың бірдей және міндетті түрде шектеулі болатын ресурстарды пайдалануынан туындайды. Ал Ө-тер мысалында жарық үшін бәсекелестік ағаштар формасына (бөрікбасы қалыптасуына) әсер етеді. Егер емен оқшау өссе бөрікбасы шар тәрізді, ал орманды жерде өссе цилиндр тәріздес тік діңінің көп бөлігінің бұтақтарынан айрылған ормандық пішінге (формаға) ие болады.
Гетеротиптік реакциялар -әр түрлі түрлерге жататын дара организмдер арасындағы өзара әрекеттесулер болып табылады. Екі популяция 1-1-не не ықпал етеді, не ықпал етпейді. Егер ықпал ету орын алса, онда ол жағымды не жағымсы болуы мүмкін. Гетеротиптік реакцияларды талдау үшін ықтимал ықпалдар символдарымен белгіленген кестені қарастырайық :
А және В популяцияларының арасындағы өзара әрекеттесулердің әр түрлі типтері
Гетеротиптік реакциялар А түрі В түрі
Бәсекелестік ---
Нейтрализм 0 0
Мутуализм + +
Ынтымақтастық + +
Комменсализм + 0
Аменсализм -- 0
Жыртқыштық + --
Паразитизм + --
Мұнда: «0» -бұл түрге әсер етпейді; «+»-жағымды әсер; «--»жағымсыз, теріс әсер. Егер екі популяцияның әрқайсысы 2-не жағымсыз әсер етсе, олардың арасындағы қарым-қатынас бәсекелесткік сипатта болады. Егер 2 популяция өзара әрекеттеспейтін болса, әрі ешқайсысы 2-не ықпал етпесе, онда айтарлықтай экомәні жоқ жағдай - нейтрализм орын алады. Өте сирек болады. Екі жаққа бірдей пайда әкелетін қарым-қатынастар - мутуализмге жатады. Егер екі популяцияның бірлестігі (одағы) облигатты (екі жақ 1-1-сіз күнелте алмаса), бұл қатынас симбиозға жатады, ал популяциялар симбионттар д. а. Мутуализмнің көпшілікке мәлім мысалы, балдыр мен саңырауқұлақтың симбиозы болып табылатын қыналар.
Мутуализм. Әр түрге жататын организмдердің бір-біріне қолайлы жағдай туғызуға отырып селбесіп тіршілік етуі. Мәселен, отшельник шаяны мен актиния арасындағы қарым-қатынас немесе құмырсқа мен өсімдік биті арасындағы байланыс осының жарқын мысалы.
Ынтымақтастық т. б. ( 80-81 беттер) .
1 Билет
Экология ғылымының далалық, лабороториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар.
Далалық зерттеу әдісі -далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері-особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері, т. б. болуы мүмкін. Кез келген популяциялар тобына экологиялық сипаттама беру үшін физиология, биохимия, анатомия, систематика, биология, география ғылымдарының зерттеу әдістері қолданылады. Сондықтан эколог-жаратылыстану ғылымдарының ғылыми-теориялық негіздерін зерттеу әдістерін толық меңгерген білікті маман болуы тиіс.
Далалық зерттеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, өзен-көлдер, т. б. обьектілердің жүйе, сандық қатынасы немесе сапасы ауытқулар мен өзгерістер абиотикалық, биотикалы, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың көбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар, материалдар жинақталды. Материалдарды жинақтау жылдың барлық мезгілдерін, зерттеу обьектісінің ареалын географиялық табиғат аймақтарын қамтумен қатар бірнеше жылдарға созылған уақыт пен кеңістікке байланысты жүргізіледі.
Далалық материалдар лабороториялық жағдайда өңделеді. Дүние жүзілік стандартқа сай лабороториялық қазіргі заманғы-климекамералар, видиоапаратуралар, оптикалы приборлар, аналитикалық таразылар, типографиялық құралдар, термостаттар, хромотография, электронды машиналар мен микроскоптар, компьютерлік т. б. керекті құралдар мен жабдықталуы тиіс.
Далалық жағдайдағы зерттеулер ғылыми жұмыстың мазмұнын толық аша алмайды. Әсіресе, түр, популяциялардың көбеюге қабілеттілігі, шығыны, жынысты, жастық ерекшеліктері, марфо-физиологиялық құрылымы, факторларға қатысты организмдегі өзгерістер мен рекциялар, экологиялық зерттеулер ауа, су, топырқтың ластану дәрежесі т. б. эксперементтік талдау жасауды қажет етеді. Сондықтан зерттеу обьектілері лабороториялық жағдайда эксперемент арқылы тексеріліп, бақылаулар, тәжірибиелер жүргізіледі. Эксперемент нәтижиелері далалық зерттеу жұмыстарымен салыстырыла отырып, оның ғылыми теориялық және практикалық маңызы қорытындыланады. Әрине зерттеу обьектісінің сипатына қарай далалық, лобороториялық және эксперементтік зерттеулердің бағыттары, зерттеу әдістері өзгеріп отырады.
Экология ғылымының ең басты мақсаты биосфера шегіндегі ғаламдық проблемаларды бақылай отырып ондағы тіршілік тұрақтылығын сақтау. Адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат рессурстарын тиімді пайдалануды адамый-нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.
Экология деген терминді 1869 ж. неміс ғалымы Э. Геккель ұсынды. Грек тілінде «оiкоs»-үй, «logos»- ғылым деген сөздерден тұрады. Сонда экология жер бетін бір шаруашылық немесе бір үй деп қарастырады. Экология жер бетіндегі организмдердің бір-бірімен және олардың өлі табиғатпен байланыстарын зерттейді.
1950 жылдарға дейін экология биология ғылымының құрамында болып келді. 1950 жылдардан бастап бөлек ғылым саласы болып бөлінді. Экология ғылымының қазіргі кездегі мазмұны өте күрделі. Дара организм (особь) орта, бейімделу, популяциялар арасындағы қарым-қатынастар, биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымымен ұштасып жатса табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулері, топырақ құрамы, абиотикалық факторларға байланысты организмдердің бейімделуі географиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар, экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар ғаламдық экологиялық зерттеулерге итермелесе, адам, қоғам, табиғат арасындағы қарым қатынастарды зерттеу, бақылау және баға беру, оның айнала қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек. Бұдан экология ғылымының қазіргі таңда мазмұны күрделі екенін байқаймыз.
Экология организмдердің арасында болатын (особьтар, түр-түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценозды) қарым-қатынастарды айнала қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеумен қатар, табиғаттағы өзгерістерді, құбылыстарды, табиғи заңдылықтарды, биосфера шегіндегі ғаламдық ауытқуларды адамның іс-әрекетімен үйлестіре отырып зерттейтін кешенді ғылымдар жиынтығы.
3 билет
Экологияның қалыптасуы биология ғылымы негізінде ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы болып саналады. Экология ғылымының дамуын негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болады.
1 кезең: Биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат алу кезеңі. Бұл кезең ХVІІІ ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Осы тұста көптеген зерттеуші ғалымдар биологтар, систематиктер, географтар өз еңбектерінде экологиялық сипаттағы ғылыми зерттеулер жүргізіп, экология ғылымының дамуына өз үлесін қосты. Мысалы: Ж. Б. Ламарктың “Жануарлар мен өсімдіктер эволюциясы”, А. Декандольдің “Ботаникалық география”, К. Рульенің “Жануарлар экологиясы”, А. Бекетовтың “Өсімдіктер географиясы”, Ч. Дарвиннің “Түрлердің шығу тегі” т. б. еңбектер экология ғылымының негізін қалаған еді. Ал неміс зерттеушісі-дарвинист Э. Геккель 1839ж. Экология терминін алғаш рет ғылымға енгізсе, Е. Варминг оны 1895 ж ботаникаға енгізді.
2 кезең: Экология ғылымының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э. Геккель, Е. Варминг, К. Мебиус, т. б. шетелдік табиғат зерттеушілермен қатар орыс ғалымдарының есімдерімен қатар Қазақстан ғалымдарының есімдерімен байланысты. ХІХ ғ. басы мен ХХ ғасырдың 70-80 жылдарын қамтиды.
3-кезең: Экология ғылымының өрлеу кезеңі. Қазіргі заманғы экология бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, экономикалық жағдайлар және проблемаларды қамтитын деңгейге жетіп отыр. Осыған орай, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсуде. Экологияның жаңа салалары бойынша теориялық және практикалық зерттеулер жүргізілуде.
2 Билет
Экология ғылымының қазіргі заманғы құрылымы өте күрделі. Ол туралы пікірталастар көп. Экология ғылымының қазіргі құрылымы Ю. Одум, П. Наумов, А. Новиков, Ф. Реймерс, А. Радкеевичтің жіктеуі бойынша: биоэкологиялық зерттеулер бағыты бірнеше зерттеу облыстарына бөлінеді.
Аутэкология- жеке организмдер арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді яғни аутэкологиялықта организмдердің бір дарасы және популяциясы жан-жақты зерттеледі. Популяция дегеніміз белгілі бір орындағы бір түрге жататын даралардың жиынтығы. Жер бетіндегі саналы адам (Homo sapіens) жәһандық популяцияны түзеді. Қазақстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің тұрғындары географиялық популяциялар. Емен ағашында 200 дей түрлері балдырлар саңырауқұлақтар, жануарлар түрлерінің даралары тіршілік етеді. 1950 жылдарға дейін аутэкологиялық зерттеулерге айрықша көңіл бөлінді. Мәдени өсімдіктердің жаңа сорттары, ауылшаруашылық жануарларының сапалы тұқымдары шығарылды. Жабайы тұяқты аңдарды қолда өсіре бастады. Мысалы Шығыс Қазақстан облысындағы Котон-Қарағай ауданында маралдарды, Шығыс Африкада канна бұғысын интродукциялады. ХХ ғасырдың 50-жылдарынан бастап халық санының өсуі өндірістің техниканың қарқынды дамуына байланысты экология ғылымының синэкологиялық зерттеу әдісі де дами бастады. Бұл әдісте белгілі бір орындардағы барлық тірі организмдердің түрлерінің жиынтығын өлі табиғатпен байланыстарын зерттейді.
Ал сол жердің тірі организмдері бірлестіктігін биоценоз деп атайды.
Бірлестік - белгілі бір орындағы әртүрлі түрге жататын бір-бірімен қоректену тізбегі, кеңістік арқылы байланыста болатын организмдердің тобы.
Дэмэкология - бір түрге жататын организмдер (особьтар) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Бір түрге жататын организмдердің топ құрып тіршілік ету ерекшеліктері, биологиялық құрылымы (жас, жыныс, көбею, өлу, табиғаттағы саны, тығыздығы, таралуы т. б. ) табиғаттағы сан мөлшерінің реттелуі мен ауылшаруашылығындағы маңызы туралы мәліметтер қарастырылады.
Эйдэкология - түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғары деңгейі тұрғысында қарастырады. Особь, популяция, биоценоз-биогеоценоз-биосфера деңгейіндегі қарым-қатынастар жүйесі бойынша зерттеулер жүргізеді.
Синэкология - бірлестіктер экологиясы (биоценология) ретінде әр түрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроорганизмдер) жиынтығын біртұтас организмдер деңгейінде зерттейді. Организмдер бірлестіктерінің қалыптасуы, құрылымы, динамикасы, қарым-қатынастар, энергия зат алмасулар, сандық және сапалық өзгерістер, биологиялық өнімділігі мен бірлестіктерінің тұрақтылығы туралы мәселелер қарастырылады.
Геоэкология - экологиялық жүйелерді биос-фералық деңгейде қарастырады. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафтар бойынша экожүйелердің құрамы, бірлестіктер тұрақтылығы кеңістік пен уақытқа байланысты өзгеруі, экожүйелердің өнімділігі, агро және антропогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы зерттеулер жиынтығы.
Ғаламдық экология - табиғи және табиғи іс әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Мысалы: ядролық қауіп, экологиялық апаттар, климаттық ауытқу, қатерлі эпидемиялар т. б. яғни бүкіл әлемді қамтитын проблемалар.
Адам экологиясы - ауыл, село, қала тұрғындары мен дүние жүзі халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық білім беру экологиялық мәдениет қалыптастыру, этика, мораль жағынан парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқық қорғау және этникалық проблемаларды жан-жақты зерттеу. Жер шары тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін сақтау.
Нооэкология - адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды бір бірімен үйлестіре зерттей отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасаты ақыл-ойымен шешуін қамтамасыз етеді. Табиғат рессурстарын жүйелі пайдаланудың жаңа жоғары дәрежелі технологиясын жасау.
5 билет
Абиоткалық факторлар дегеніміз - организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар - химиялық (атмосфераның химиялық құрамы, теңіз және тұщы сулар, шөгінділер т. б. ) және физикалық (температура, қысым, ылғал, жер, радиация т. б. ) - деп бөлінееді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, комостқы сәулелер т. б. факторлар организм үшін әртүрлі деңгейде әсер етеді.
* Экологиялық факторлар көптүрлі болғанымен олардың организмдерге әсер етуі бірдей болмайды. Бірақта әрбір жеке факторлардың өзіндік әсер ету әрекеті ерекшеленеді.
Жарық. Жарық тірі организмдер үшін негізгі факторлардың бірі. Күн сәулесінің жер бетіне келіп жететін барлық мөлшерінің тек 50% ғана бізге көрінсе, ал қалған бөлігін көрінбейтін инфрақызыл және ультракүлгін сәулелер құрайды. Жарық әсіресе жасыл өсімдіктер үшін өте қажет. Өйткені, фитосинтез процесі тек жарықта ғана жүреді.
Тірі организмдер үшін жарықтың мол түсуі, күші, сапасы мен мөлшері үлкен роль атқарады. Көптеген организмдер үшін жарық оның тіршілігі үшін (көбею, бағдар, т. б. ) міндетті түрде болуы керек. Ал, біраз организмдер үшін жарықтың қажеттігі шамалы. Сондықтан жарыққа қатысты организмдерді - жарық сүйгіштер, көлеңке сүйгіштер немесе қараңғылықты сүйетіндер деп атайды.
Температура . Организмдердің тіршілігі мен дамуы және таралуы үшін қажетті факторлардың бірі. Сондықтан организмдер төменгі немесе жоғарғы температураға бейімделе отырып өзінің қалыпты тіршілігін үйлестіріп отырады.
Жылу режимі . Қазақстан жағдайында оңтүстіктен солтүстікке қарай өзгеріп отырады. Өсімдіктер мен жануарлар жылуды түрліше қабылдайды және уақыт пен жыл маусымдарына байланысты әртүрлі талап қояды. Мәселен, жылу өсімдіктер үшін ауа райының қолайсыз мезгілінен сақтап қалу үшін қажет. Суықтан немесе ыстықтан қорғану үшін өсімдіктердің әртүрлі табиғат зоналарына бейімделген формалары келіп шыққан. Мәселен, тундра өсімдіктері аласа әрі жербеттенген болып келсе, ал тропика мен субтропика өсімдіктерді өркен, жапырақтарының түрін өзгертіп, қурап немесе кеуіп кетуден сақтануға бейімделген. Шөл, шөлейтті жерлерде өсетін өсімдіктер де жылудан қорғану үшін сабақ, жапырақ, тамыр т. б. мүшелерінің түрін өзгерткен. Мәселен, Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында өсетін сксеуіл, қылша, құм акациясы, теріскен, жантақ, ақ жусан, изен т. б. өсімдіктерді атауға болады. Жоғарғы немесе төменгі температура өсімдіктердің анатомиялық-физиологиялық бейімделуге де күшті әсер етеді. Мәселен, жоғары температура өсімдіктерде транпирация процесін, клеткада тұз жинақтауды тездетіп, устица арқылы суды буландыруды азайта түседі. Ал температураның төмендеуі өсімдік клеткасындағы қант т. б. органикалық заттарды көбейте түсіп суыққа төзімділігін арттырады.
Жануарлар дүниесінде климаттың қолайсыз жағдайларына бейімделу жолдары өсімдіктерге қарағанда көп салалы болып келеді. Оның негізгі белгілері - жануарлардың қысқа дайындығының қор жинау, түсінің өзгеруі, қоңдануы, мінез-құлқының өзгеруінен көруге болады. Соның бірі - жануарлардың қысқы ұйқыға кетуі. Ұйқының - қысқы және жазғы түрлері болады. Жазғы ұйқы жоғарғы температураға тәуелді.
Жануарлардың ұйқыға кету кезеңі мен сол уақыт аралығында организмдер денесінде түрлі физиологиялық, биохимиялық өзгерістер болады. Қысқы ұйқыға кету сүтқоектілер, бауырмен жорғалаушылар, қосмекенділер және омыртқасыз т. б. организмдер өкілдеріне тән құбылыс. Кейбіреулер қысқы ұйқы кезеңін әлсін-әлсін оянып, тіпті активті өткізеді. Мәселен, кәдімгі біздің қоңыр аю қысқы екзеңінде дүниеге әкеледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz