Cапа менеджментін басқару



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Cапа менеджментін басқару
Қазіргі жағдайда өнімнің жоғары сапасы кәсіпорындар табысының, олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің, экономикалық тиімділіктің басты факторларының бірі болып табылады. Әрбір кәсіпорында бәсекеге қабілеттіліктің шешуші шарттары үшін өнімнің сапасын жақсартудың егжей-тегжейлі жоспары болуы керек, сапаны басқарудың нақты және негізделген бағдарламасын жасау керек. Нарықтағы қатаң бәсекелестік жағдайында өндіруші әлемдік тәжірибеде дамыған барлық құралдарды қолдана отырып, өз өнімдерінің тұрақты сапасына қол жеткізуге тырысады. Солардың бірі сапа менеджменті жүйесі болып табылады, ол кәсіпорын қызметінің барлық аспектілерін жан-жақты қамтып,өнімнің сапасын қадалауға септігін тигізеді.
Ең алдымен сапа дегеніміз не деген сұрақ туындайды. Сапа-бұл қызметтің барлық аспектілерінің тиімділігін сипаттайтын күрделі ұғым,қазіргі уақытта сапа ұғымының әртүрлі түсіндірмелері бар. Халықаралық стандарттау ұйымы сапаны белгілі бір немесе күтілетін қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігін беретін өнімнің немесе қызметтің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығы ретінде анықтайды [1]. Сапаның тағы бір анықтамасы ГОСТ Р 50779.11-2000-да берілген [2],ол бойынша сапа-өнімнің немесе қызметтің белгіленген немесе болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетіне әсер ететін қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы. Бұл анықтама іс жүзінде халықаралық стандарттау ұйымының анықтамасын қайталады десек болады. Ал,2001 жылғы басылымға шығарылған "Quality Progress" журналының мақаласыда бірнеше авторлар сапа ұғымына анықтама беруге тырысады[3]. Э. Демингтің пікірі бойынша сапа тұтынушылардың қанағаттануы тұрғысынан анықталуы керек.Оның пайымдауы бойынша,сапа көп өлшемді және кейбір жеке сипаттамаларды немесе тек бір көзқарасты қолдана отырып, өнімнің сапасын анықтау мүмкін емес. Р. Пирсингтің пікіріне сәйкес сапаны анықтау мүмкін емес.Сапа заманауи өнерге ұқсас. Біз оның не екенін анықтай алмайтын шығармыз, бірақ оны көрген кезде әрқашан дәл "ол" екенін білеміз деп баяндайды.Бұл жерден сапаға нақты бір анықтама беру қиын екенін байқаймыз. Нәтижесінде сапа мүлдем белгісіз тұжырымдамаға айналады.Алайда,өнімнің сапасы-бұл өнімге объективті тән қасиеттер мен сипаттамалардың жиынтығы, олардың деңгейі немесе нұсқасы қолданыстағы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өнімді құру кезінде қалыптасады деген ойға келуге болады.
Сапа әрбір ұйымның басты көрсеткіші болғандықтан,әрбір ұйымның өзінің сапа менеджменті болады. Сапа менеджменті - бұл нақты кәсіпорын өндіретін өнімдер мен қызметтердің сапасын жоспарлауға, мақсат қоюға, қамтамасыз етуге, бақылауға, жақсартуға бағытталған қызмет. Сонымен қатар, кәсіпорында өндірілетін өнімдер мен қызметтердің сапасын басқару келісілген рәсімдер мен ережелер, ақпарат, ресурстар, адамдар және т.б. көмегімен жүзеге асырылады. Сапа менеджменті төрт негізгі компонентті қамтиды:сапаны бақылау,сапаны қамтамасыз ету,сапаны жоспарлау және сапаны жақсарту.Әрбір компонент сапаны басқаруда маңызды рөл ойнайды.Айта кететін болсақ, сапаны бақылау оның сапасы белгіленген талаптарға байланысты болатын өнімнің немесе процестің параметріне сәйкестігін тексерумен байланысты. Өнімді әзірлеу сатысында бақылау тәжірибелік үлгінің техникалық тапсырмаға, техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеруден тұрады, дайындау сатысында ол сапаны, жинақтылықты, қаптаманы, таңбалауды, өндірістік процестердің жай-күйін қамтиды, пайдалану кезеңінде бұл пайдалану және жөндеу құжаттамасының талаптарын сақтауды тексеруді қамтиды. [4] Осылайша, сапаны бақылау өндіріс процесінің маңызды бөлігі болып табылады және ол өнімнің анықтамалық параметрлерге сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ өнімді жасау немесе пайдалану процесінде сенімділікті анықтауға мүмкіндік береді.Мысалы ретінде,әлемге әйгілі Coca-Cola компаниясы өз өнімдерінің сапасын егжей тегжейлі бақылайды. Сапаны бақылау схемасы The Coca-Cola Quality System деп аталатын кітапшада көрсетілген және осыған сәйкес компания ингредиенттер жеткізушілерін, жеке өндіріс процесін, логистиканы ,бөтелкелердің сыртқы түрін, толтыру деңгейін, қауіпсіздігін, органолептикасын тексереді.Компания өкілдерінің айтуынша,осы бақылауға сәйкес көптеген жылдар бойы шығарылған сусындардың сапасы әлемдік брендке лайықты әсерлі деңгейде қалып келеді [5].
Сапа менеджментінің екінші басты компоненті-сапаны қамтамасыз ету. Сапаны қамтамасыз ету-белгіленген талаптарды орындауға болатын жүйелі қызметті білдіреді. Оған өндіріс, басқару, материалдық қамтамасыз ету, техникалық қызмет көрсету және т. б. жұмыстар кіреді. Сапаны қамтамасыз ету белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Білім беру процесін басқару сапасы
Жарма өндіру тәсілдері
Тpитикaлe acтығын гидpaтaциялық қондыpғыдa қaуыздaудың оңтaйлы peжимдepі
Тұқымдық талаптарға қойылған талаптар саны
ХАССП ЖҮЙЕСІНІҢ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУДЫҢ ҚАҒИДАТТАР
Тауардың бәсекеге қабілеттігін бағалау
Банктік менеджмент және оның ерекшеліктері
Әуе саяхаттары мен жолаушы тасымалында әуе көліктерінің пайдалану тиімділігін зерттеп, зерделеу
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Пәндер