Туристік фирма қызметкеркерлерін басқару


Халықаралық Туризм және меймандостық университеті
Тақырып: Туристік фирма қызметкеркерлерін басқару
Орындаған: Бейшен. А
Тобы:Хіт 20-02
Қабылдаған: Асан. Д
Түркістан 2021
Қазіргі уақытта біздің сөздік қорымызға менеджер, менеджмент сөздері енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударар болсақ, онда басқа біреу арқылы өз мақсатына жету деген мағынаны білдіреді. Яғни кез келген туристік кәсіпорын - ең алдымен адамдар, ал менеджмент - бұл осы адамдардың, дәлірек айтқанда қызметкерлер ұйымының жұмысын түрлі әдіс-тәсілдер арқылы тиімді басқару. Қызметкерлер ұйымын басқару - бұл кез келген туристік ұйымның тиімді әрі қарқынды дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедураларының жүйесі. Туризмдегі қызметкерлер ұйымын басқарудың басты мақсаты - ұжымда оң әлеуметтік-психологиялық жағдай қалыптастыру, оның салдарынан айтарлықтай мөлшерде ұйымдастырушылық және экономикалық мәселелер шешіледі. Басқаша айтқанда, туристік кәсіпорынның алдына қойған мақсаттарына ұжымды тиімді түрде басқару, дұрыс ұйымдастыру арқылы жету. Туристік кәсіпорындағы қызметкерлер ұйымын дұрыс басқара білу өз кезегінде туристік ұйымдар мен кәсіпорындар үшін нарықта өзінің қызметтерін тиімді өткізіп, туристерге ұнамды да, ыңғайлы қызмет көрсете отырып, өздерінің басты пайда табу мақсатына тиімді жолмен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кез келген туристік ұжымның өркендеуі үшін ең алдымен қызметкерлер ұйымын басқарудың ең тиімді де, қолайлы әдісін таңдай білу өте маңызды.
Басқару әдістері дегеніміз - тәсілдер мен адамның іс-қызмет аясындағы қандай да болмасын амалдарының жиынтығы, белгілі мақсаттарға жету тәсілі, белгілі бір міндеттерді шешу жолдары. Тәжірибеде басқарудың негізгі үш әдісі бар: экономикалық, әкімшілік, әлеуметтік-психологиялық. Басқарудың экономикалық әдістері - экономикалық құралдарды пайдалана отырып әрбір жұмысшыға және ұжымды ынталандыратын, олардың мүдделерімен міндеттеріне сай келетін экономикалық механизмдер арқылы ықпал жасау. Өз бетімен жұмысқа негізделген жағдайда ғана басқарудың экономикалық әдістеріне көшуге мүмкін болады. Туристік ұжым материалдық қорды, түскен пайданы, еңбекақыны өзі реттеп, басқарады және өзінің экономикалық мақсаттарын жүзеге асырады. Экономикалық әдіс жаңа мүмкіндіктердің және қордың анықталуына себеп болады, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу мезгілі маңызды өндірістік процестің барлық қатысушылары экономикалық қызығушылығымен жүйенің материалдық ынталандыруының өзгеруі туралы айтылады. Бұл бағыттағы барлық жұмыстың басты мағынасы басқару іс-әрекеттерінің экономикалық салдарын максималды түрде толық ескеру жағдайына қою. Экономикалық әдісте еңбек ұжымын және оның мүшелерін жұмысқа ынталандыру бір жүйеде болады және әкімшілік қысым нәтижесінде емес (бұйрық, директивалар, жарлықтар) экономикалық ынталандыру нәтижесінде жүзеге асады. Басқарудың әкімшілік әдістері - бұл басшылардың және директивті органдардың ұжымның мақсатына жетуі үшін туристік ұйымды басқаруға, тікелей ықпал жасауға бағытталған ұйымдық-әкімшілік құралдарының жиынтығы. Бұл әдістер айқындылықты және туристік ұйым жұмысының тәртіпке келуін қамтамасыз етеді. Осыған орай бұл әдістер шаруашылық заңдар және еңбек құқықтық актілермен реттеледі. Басқарудың әкімшілік әдістерінің 3 әдісі бар: міндетті жазылым (бұйрық, тыйымдар және т. б. ) келісімділік түрі (кеңес, мәмілелердің рұқсаты және т. б. ) кепілдеме, тілек (түсіндіру, ұсыныс және т. б. ) Әкімшілік әдістер бір жүйеде болады. Бұл жоғары тұрған басқару мүшелерінің бұйрықтары, тікелей тапсырмалар, заңдар және қаулылар. Олар туристік ұйымдағы үрдістерді оптимизациялау мақсатындағы басқарушылардың жарлықтары мен бұйрықтарын сақтауға бағытталған. Тәжірибеде басқарудың әкімшілік әдістері ереже бойынша 3 түрлі бағындыру түрлерімен байланысты: амалсыз және сырттай көндіру - бұл жағымсыз тәуелділік сезіммен қабаттаса жүреді және бағынушылардың түсінігі бойынша жоғарыдан қысым болып табылады. пассивті бағындыру - бұған өз бетімен шешім қабылдаудан босатылуға байланысты қанағат тән. ішкі тұрақталған - бұл жетекшіні де, бағыныштыны да қанағаттандырады. Басқарудың әкімшілік әдістерін қолдану басқарылатын туристік ұйымның дамуына және тіршілігіне жағымды жағдайлар жасайды, басқару обьектісіне мақсатты әсер етеді. Тапсырмалардың қойылуы мен ынталандырушы жағдайлардың тууы арқылы жүзеге асырылатын әкімшілік басқару әдістері өте нәтижелі. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері - жеке тұлғаның және туристік ұжымның әлеуметтік-психологиялық қасиеттерін пайдалану, адамдарға еңбекке деген сана-сезім қатынасын тәрбиелеу жолымен ықпал жасау тәсілі. Бұл әдістерде еңбектің нәтижесі көп жағдайда психологиялық факторға байланысты екендігі айқындалады. Осы факторды ескере білу және осы арқылы мақсатты түрде туристік ұйымдағы жұмысшыларға әсер ету басқарушыға бір мақсатты және шешімді ұжым құруға көмектеседі.
Туризм саласының қызметкерлер ұйымын басқара білу ұжымда оң әлеуметтік психологиялық жағдай қалыптастырып, кәсіпорының алдына қойған мақсаттарына жұмыстық тиімділігі мен сапасының басты критерийі адамдық фактордың көмегімен қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жалпы, туризмдегі менеджмент туризм саласының қызметкерлер ұйымын басқару үрдісінде адамдардың өзара қарым қатынасын зерттейтін басқарудың маңызды бөлігі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz