Синонимдердің пайда болуы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Шымкент қаласы, Мукуми атындағы № 105 жалпы орта білім беретін мектебі
Ғылыми жұмыс
Авторы: Қалдыбек Алуа Бекжанқызы
Сыныбы: 5-«Ә»
Тақырыбы: Синонимдердің пайда болуы
Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті
Секция: Қазақ тілі мен әдебиеті
Ғылыми жетекші: ф. ғ. к. Ұ. Ж. Қайырбекова
Жетекшісі: Д. З. Сатибалдиева
Мукуми атындағы №105 жалпы орта білім беретін мектебінің 11 «Б» сынып оқушысы
Сайрамбаева Гавхарның «Теміртапшылық анемиясының Шымкент өңіріндегі
таралуы жэне оның алдын алу» тақырыбындағы ғылыми- шығармашылық
жұмысының
Аннотациясы
Әрбір өркениет қоғамының негізгі мақсаты жан -жақты дамыған, ой - өрісі кең, денсаулығы зор, білімді адам тәрбиелеу. Осы тәлім- тәрбие жұмыстарын мектеп табалдырығынан жүргізу қажет. Тэннің саулығы, деннің саулығы баланың елінің азаматы болып өсуіне ықпал болады. Ежелгі уақыттардан бері азамзат қанды өмір күшімен жэне денсаулық көзімен байланыстырған қанның жоғалуы немесе қан қүрамындағы қандай да бір өзгерістер адамның өмір сүру қабілеттілігін эртүрлі сырқаттардың бар - жоқтығын анықтайтын фактор түрінде қарастырылған. Қазіргі кезде теміртапшылық анемиясы жиі кездеседі. Бүл аурудың ерекшелігі эйелдер мен балалардың арасында жылдам етек алуда. Осы аурудың алдын алуға болады, егер таза ауа, дүрыс тамақтану, денені шынықтыру шаралары дүрыс жүргізілсе.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Анемия қазіргі таңда жылдан - жылга өршіп келе жатқан дерттердің бірі. Оган себеп тагам өнімдерімен темірдің агзага жеткіліксіз түсуі, туберкулез жэне тагы да басқа жүқпалардың әсерінен эритроциттердің жогалуы немесе бүзылуы гемоглобин санын өзгерісі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты - Шымкент өңіріндегі анемияның таралу деңгейін агзада гемоглобин мөлшерін аныктау, эритроциттердің санын тексеру.
- Ағзаны толыққанды эритроциттер мен гемоглобиннің қалыпты өнімділігін анықтайтын темір, витаминдер және толыққанды белоктар сиякты барлық қажетті микроэлементтермен қамтамасыз ететін әртүрлі тамақ үлестерін қолдану үшін жагдайлар жасау.
- Тиімді әрі түрақты қолданыстагы тағам өнімдерін темір препараттарымен, витаминдер жэне басқа да микроэлементтермен қосымша байыту (фортификациялау) .
- Дәрі- дәрмек күралдары (таблетка, капсула, сироп) түрінде темір препараттары мен витаминдер қолдануды белгілеу.
Ғылымы жаңалығы: Осы күнге дейін Шымкент өңіріндегі анемияның таралу деңгейінің қаншалықты белең алғанына ешкім мән бермеген, осыған байланысты біз мәліметтерді жииақтап жасөспірім және жүкті әйелдердің нақты санын көрсеттік. Сонымен бірге анемиямен ауыратын адамдардың санын, гемоглобин өзгерісі анықталды.
МАЗМҰНЫ:
І. Кіріспе . . . 3
1. Синонимдердің пайда болуы 5
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Синонимдердің жасалу жолдары . . . 7
2. 2 Синонимдердің пайда болу және даму жолдары . . . 12
2. 3 Синонимдердің реңтік мәні . . . 13
ІІІ. Қорытынды . . . 26
IV. Пайдаланылған әдебиеттер . . . 27
Кіріспе
Сөз тарихы тіл тарихымен, тіл тарихы халы тарихымен тыңыз байланыста. Біреуін екіншісіден бөліп алуға болмайды. Бірін айтсақ бәрін байланыстырыпқатар айтуды қажет етеді. Сол тәрізді синонинің пайда болу тарихы жалрһпы сөздік құрамның даму, өсу тарихымен ұштасып, араласып жатыр. Жалпы лексиканың пайда болған жерінде синонимдерде туып жасалған. Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай, әр тарапты екендігіін көрсетеді. Сөздік құрам неғұрлым бай, әр тарапты болса, тілде соғұрлым бай, орамды болады. Сөйтіп, синонимдердің молдығы тілдің байлығы, дамыған тіл екендігін аңғартатын көрсеткіштің бірі.
Қазақ тілінің қазіргі таңдағы лексикасын ешбір қымсынбай, бай сөздік құрам деп ауыз толтырып, үлкен сеніммін айтуымызға болады.
Синонимдер мен көп мағыналы сөздер дүниедегі заттардың, құбылыстың сан алуан сыр-сипатын, қасиетін, белгілерін әр тұстан зерттеп танудың нәтижесінде, адам баласының ойлауының дамуы арқылы келіп шығады.
Демек, тілдегі синонимдер адам қоғамының өсіп жетілген кезінде ғылым мен мәдениеттің қарықтап дамыған шағында етек алып өркендейді. Бұған қарағанда, синонимдер о бастасан жағынан өте шағын, әйтпесе, мүлдем жоқтың қасында болған деп жорамалдаймыз.
Қазір біз қолданылып жүрген синоним деген термин гректің synonimon мағыналас, мәндес деген сөзінен алынған [1. 91] . бертін келе бұл жалпы тіл біліміне термин сөз болып қалыптасты да өзінен синонимика, синонимия тәріздеген екі түрлі жаңа сөздер туындатып шығарды. Бұл терминдер тілдегі өолданысында әлі күнге межелі нақтылық жоқ.
Негізгі бөлім
- Синонимдердің жасалу жолдары.
Синонимдердің грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталмас бұрын, ең әуелі синонимдердің лексика-грамматикалық түрлерінің аражігін ажыратып алған абзал. Академик М. Серғалиев «Синтаксистік синонимдер» еңбегінде: «Тіл білімінде синонимдердің белгілі бір салаларға, тіл білімінің тарауларына байланысты дараланып, бөлінетіндігі сияқты (лексикалық синонимдер, морфологиялық синонимдер, синтаксистік синонимдер), сөздердің мағыналық айшықтарына, айтушының не жазушының сөз саптау шеберлігіне қарай, қысқасы, стилистикалық тұрғыдан синонимдердің басқа атаулармен жұмсалатын тағы бір түрлері бар. Авторлық, индивидуальдық немесе стилистикалық синонимдер, бір сөзбен айтқанда, контекстік синонимдер осындай қасиеттерімен, белгілерімен көрінеді», - дейді [2:29] . Ал «Қазақ тілінің синонимдер сөздігінде» (Алматы; 2005) синонимдердің мынадай түрлері көрсетілген: лексикалық синонимдер, морфологиялық синонимдер, синтаксистік синонимдер, фразеологиялық синонимдер және сөзжасамдық синонимдер.
Ендеше, жоғарыда аталып өткендей, қазақ тілінде синонимдер лексикалық синонимдер, морфологиялық синонимдер, синтаксистік синонимдер, фразеологиялық синонимдер, сөзжасамдық синонимдер болып бөлінеді. Олардың әрбірінің өзіндік ерекшеліктері бар, сәйкесінше, әрқайсысының зерттелу дәрежесі де әр бағытта, әр деңгейде болып келеді.
Синонимдер қазақ тіліндегі сөз тудырудың үш тәсілімен жасалады.
1. Лексика-морфологиялық тәсіл арқылы жасалған синонимдер сөз тудырудағы лексика-морфологиялық тәсіл жалпы сөздік құрамды ғана емес, соның ішінде синонимдік қорды да мейлінше байытып, толықтырып отыратын негізгі көзді арна болып есептеледі. Синонимдер тек түбір тұлғасында келмейді. Оларға жұрнақтар жалғануы арқылы синонимдік қатар құруға болады. Мысалы, ұқыптылық-жинақылық-мұқияттылық; әдептілік-инабаттылық-өнегелілік; опасыздық-тұрақсыздық-екі жүзділік; мырзалық-жомарттық-бергендік-шулендік; бостандық-еркіндік-азаттық-теңдік; басты-негізгі-маңызды; атақты-даңқты-әйгілі; ашулы-ренішті-жабырқаңқы-түнеріңкі; дағдылы-үйреншікті-қалыпты; мардымды(сыз) -құнарлы(сыз) -өнімді(сіз) ; ызғарлы-зәрлі-кәрлі-суық; қасиетті-киелі; қолайлы-ыңғайлы; әсерлі-тартымды; қанағатсыз-тойымсыз; т. б.
Тіліміздегі дербес сөздер сияқты -дай формалы сөздердің әштей кейбіреулерібір я екі сөзбен ғана есем әлнеше сөздермен тіркесіп айтыла береді. Мысалы, уыздай деген сөз арқылы жасалғандар: уыздай жап-жас, уыздай аппақ, уыздай тәтті, уыздай сары, уыздай жұмсақ, уыздай қатқан, т. б.
Етістікті тілдегі синонимдік қорды байытудағы орны айрықша. Етістіктен болған синонимдер таза түбір күйінде де (оқу-біл-үйрен; дамы-өс-өн, т. б. ) белгілі түбірлерге әртүрлі аффикстер қосылып та (іздестір-сұрастыр-қарастыр; сезіктен-күдіктен; имен-қорық-қаймық; т. б. ) кейде түбір мен туынды етістіктер араласқан түрде де (қыдыр-кез-сандал-сендел-қаңғыр-тентіре-аррала-шарла, т. б. ) -ла, -ле аффиксы әрбір сөз табындағы белгілі синонимдерге ғана қосылып, етістік мағыналы туынды синонимдер жасаған.
Заттық ұғымдағы синонимдерден жасалғандары: бейнеле-кейіпте; дәмелен-үміттен; даурық-шула-дабырла-самбырла-даңғырла-сандырла; оюла-өрнекте-әшекейле; сыйла-құрметте-қадірле-ардақта-қасиетте-қастерле; тойла-мерекеле-мейрамда; уағдалас-уәделес; т. б.
Сындық ұғымдағы синонимдерден жасалғандары: бөлектен-оңашалаң-жекелең-оқшаулан-даралан; жарияла -мәлімде-әңімеле; шыдамсыз-тынымсыз-дегбірсізден.
Одағай мен еліктеуіш ұғымдағы синонимдерден жасалғандар: быжына-құжына-жыпырла-сыңси; былпылда-былбыра; т. б.
Үстеу ұғымындағы синонимдер: жылдамдат-тездет-жеделдет-шапшаңдат; жоғарыла-ілгеріле; дәлде-тұрала-түзуле; т. б.
Лексика-синтаксистік тәсілдер арқылы жасалған синонимдер.
Қазақ тіліндегі лексикалық синонимдердің бір сыпыасы лексика-синтаксистік тәсіл арқылы келіп шыққан. Отағасы деген сөз басында от басындағы адамдардың ең үлкен ағасы деген ұғымды білдірген [2, 195] . Ақсақал деп қазір сақалы жоқ болса да құрмет ретінде айтыла береді. Бұларды о бастағы от және аға, ақ және сақал ұғымдарымен ешқашан байланыстырып қарамай, қария деген сөзге синоним етіп жұмсаймыз.
Адамның қоғам үшін істеген еңбегіне төленетін ақша еңбекақы немесе жалақы деп аталады. Ақы деген сөз тілдегі кез келген сөздер мен қатарласып тұрған жоқ, тек жал және еңбек деген сөздермен ғана бірігіп тұр. Бұл еңбегі үшін берілетін ақы, жалдан, андығы үшін алынатынақы деген ұғымды білдіреді. Кейде лексикаланған тіркесті сөздер де екі сөзден құралғандығына қарамастан дара сөздермен бірдей қызмет атқарып тұрады да, бір ұғымды білдіреді. Мысалы, бойжеткен-бикеш деген сөзбен, солтүстік-терістік, көк бақа -арық, ержеткен-естияр-ересек, екі жүзді-опасыз, еті тірі-пысық, өркөкірек-тәкаппар-менмен дегендер бір синонимдік қатарда жұмсала береді. Мұндй құбылыстар тек есімсөздерде де емес етістік сөздерде де молынан көрінеді. Мысалы, қол алысу-амандасу; жаны ашу-аяу; құда түсу-айттыру; зар қағу- безектеу деген сөзбен мағыналас болғандықтан синоним болып қолданады.
Қосарлану тәсілімен де барлық сөз табынан дерлік көптеген синоним сөздер пайда болған. Мысалы, зат есімнен: кедей-кепшік -жоқ-жітік-жарлы; даң-дүң- шаң-шүң; у-шу-айқай-ұдай; бет-әлпет-бет-ажар; кескін-келбет-тұр-нұсқа; т. б. сын есімнен: ойлы-қырлы-кедір-бұдыр; түйе-талды-болар-болмас; азын-аулақ-олқын-толқын-аумалы-төкпелі, т. б.
Етістіктен: әлем топырағын шығару-аста -кестен ету; алдап -арбау-алдап-сұлдау; арып-ашу-азып-төзу-жүдеп-жадау; өсіп-өну-өсіп-өркендеу -өсіп -жетілу; т. б. үстеуден: анда-санда-оқта-текте-баз-базда-кей-кейде; әлсін-әлі-ауық-ауық-дамыл-дамыл-мезгіл-мезгіл-тақұл-тұқыл; т. б. Еліктеуіш сөзден: алба-жұлба-далба-дұлба-жалба-жұлба; жарқ-жұрқ-жалт-жұлт; жаутаң-жаутаң-жалтаң-жалтаң-жалтақ-жалтақ; т. б.
Лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалған синонимдер
Қазақ тіліндегі бір қатар сөздердің мағыналары омонимге айналу салдарынан тілде көптеген синонимдік қатарлар пайда болды. Мысалы: ми деп жалпы жан-жануарлардың орталық жүйке жүйесінің бастыц мүшесін айтсақ, осы ұғымға тән жұмсақтық, именгендік қасиеттен саз батпақ ұғымы бөлініп шықты да осы сөздермен синонимдік қарым қатынаста жұмсалатын болды. Көп дәуірлер өткен соң ми деген сөздің алғашқы ұғымы мен кейінгі ұғымының арасындағы мағыналық байланыстар үзілді де, бұлар омоним сөзге айналып кетті. Мысалы: Кең маңдай, ми тұрарлық жұмыр басы,
Қара жібек секілді ұзын шашы. (С. Торыайғыров)
Басында миы жоқ, өзінде ой жоқ күлкіші кердең наданның (Абай)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz