Сөз - әдебиеттің шындықты бейнелі танытуының бірден-бір құралы


Сөз - әдебиеттің шындықты бейнелі танытуының бірден-бір құралы екендігі. Жазушының тіл байлығы: полисемия, омонимия, синонимия, антоним, неологизм, архаизм т. б.
Әдеби шығармаға әділ сын айтар адам бәрінен бұрын шығарманың тіліне, автордың сөз өрнегіне қарауы шарт. Көркем тіл жайы - әдебиет туралы ғылымның ең өзекті мәселелерінің бірі. Тіл, сөз жайын тексеретін ғылым үш түрлі: тіл білімі, стилистика және көркем сөз теориясы.
Бұл үш саланы бір-бірінен ажырата білу, әрқайсысының өзіне тән сыр-сипатын айқын тани білу шарт. Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл - қалам иесіне қойылар бұлжымас талап. Тіл байлығы сөз өнеріндегі мазмұн байлығына әкеледі. Ал халыққа қажет шығарма - мазмұнды шығарма.
Тіл байлығының көздері көп. Солардың бірі - сөздердің көп мағыналылығы (полисемия) . Әр сөз жеке атау күйінде тұрып-ақ бірнеше мағынаға ие. Жазушының еңбегіне байланысты творчествоның азабы деген ұғым бар. Сол азаптың ең үлкені - суреткердің сөз үстіндегі қызметі. Алайда шын таланттың рақаты да сол - азапта: миллион сөз ішінен бір сөзді таңдап тауып, дәл орнына дір еткізе түсіру - азаптан туған рақат. Жалғыз-ақ жазушы осыған жету үшін сөздердің өзге қырларымен қатар, полисемиялық сырларын да терең білуі қажет. Өйткені бұл, жоғарыда айтқанымыздай, тіл байлығының қайнар көзі.
Полисемизмде бір сөздің бірнеше мағынасы болатын болса, енді бір ғана мағынадағы сөздің өзі өзге сөздермен тіркесе келе бірнеше ұғымға көшетін жайы және бар. Мысалы, сынап деген сөз жеке тұрғанда зат болса, осыны өзге сөздермен тіркестіріп, айталық, сынаптай ағады десек, жаңағы заттық ұңымы қолма - қол өзгеріп, енді әлдененің жылдамдығын немесе сынапша жылтырайды десек, тағы бір нәрсенің түсін таныта бастайды.
Бұл да сөздің көп мағыналығы, мұны да шебер пайдалана білу шарт. Әр сөздің тура мағынасымен қабат бұрма мағынасы да бар. Кей сөздері сол кері мағынаға көшіріп, орнымен ойната білу де әсем тәсіл. Айтқысы келген сырын, танытқысы келген шындығын жан тебірентер әсерлі суретке айналдырып, қағаз бетіне көңілдегі қалпынан айнытпай түсіру үшін ең қажетті бірден-бір сөз іздеп табу - шебер суреткердің қасиетті парызы.
Оның дәл осы жағдайда сөз іздер атырабының бірі - с и н о н и м и я ( грекше sunonymos-заттас ) -а й т ы л у ы, е с т і л у і ә р т ү р л і б о л ғ а н м е н, м а ғ ы н а с ы б і р - б і р і н е ж у ы қ, м ә н і ұ қ с а с с ө з д е р. Мысалы: шапшаң, дереу, жедел, тез, жылдам; мезгіл, мерзім, уақыт, шақ, сәт, кез, кезең; айқас, шайқас, ұрыс, қағыс, қақтығыс, тартыс, төбелес, тайталас, кескілес т. б. Осылар секілді синоним ішінен өз көкейіндегі сыр мен шындықты дір еткізіп дәл жеткізер ең қажеттісін ғана таңдап алады.
Бір емес, бірнеше синонимдердің бірін-бірі үстемелей, қабаттаса, қатар келуі арқылы жасалған сөз тіркесі (плеоназм) де көркем шығармада орнымен қолданылса, ой мен образға айрықша әсер, күш дарытады.
Ескі дүние есігін теуіп ашып,
Кіріп келді ол жүзінен жалын шашып.
Босағада тұрмады, төрге ұмтылды,
Бұзып, жарып, еңсеріп, еркін басып. (Қ. Аманжолов. )
Соңғы жол - түп-түгел плеоназм. Бір топ синоним бір-ақ жолға сыйып, түйдектей тұтасқанда өлең өзгеше екпінмен, леппен ойнап шыға келген. Қысқасы, синонимдер біздің сөзімізді байытады, айқындайды, түрлендіреді. Синонимиясыз әдеби тілдің сыртқы әрі немесе ішкі нәрі жайлы әңгіме қозғаудың қажеті жоқ. Сөйлеу тілімізде синоним (заттас) сөздермен қатар омоним (грекше homos; onyma- аттас) - айтылуы, естілуі бір болғанымен, мән-мағынасы әртүрлі сөздер. .
Мысалы: қара, көр, ер, жар, ор, сор, аң, нан, қан, таң, сан, мал, сал т. б. Бір сөзде бірнеше мағына болуы, әрине, байлық. Бірақ бұл байлықты аса сақтықпен, абайлап пайдаланған дұрыс. Өйткені омоним сөз орынды жерде тұрмаса, сол арадағы ұғымды бұлдырлатып, көмескі, түсініксіз, кейде, тіпті, екі жақты мағына беруі мүмкін. Тілдің кез-келген құбылысы әдебиет үшін ізсіз өтіп, босқа кетіп, көрген емес.
Айталық, антоним (грекше anti-қарсы; onoma- атау) - бір-біріне кереғар, қарама-қарсы мағынадағы сөздер. Мысалы: ақ-қара, алыс-жақын, бар-жоқ, өмір-өлім, алғыс-қарғыс, ерте-кеш, ескі- жаңа, ауыр-жеңіл, жүру-тұру, күлу - жылау т. б.
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы
Өссе тілім, мен де бірге өсемін.
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Осынау отты жолдардағы антонимдік параллель тек тілдегі айшық қана ма? Жоқ, көкей кесті сыр, одан асса, өмірлік ақиқат. Соны ақын әр жолдағы жарыса жарасқан антонимдік қарама-қарсылықтар арқылы оқырман санасына сіңіре шегелеп отыр. Ендеше антоним - өмір шындығын өнерде шынайылау тәсілдердің бірі. Суреткердің сөз қорындағы бір «алтын сандық» - архаизм (грекше archaios- ежелгі, көне) бүгінде ескіріп, әдеттегі қолданудан шығып бара жатқан, әсіресе ауызекі сөйлесулерде көп айтыла бермейтін көне сөздер.
Суреткердің сөз қорын молайтып, тілін байытар тағы бір қайнар бұлақ - неологизм (грекше neos-жаңа, logos-сөз) - жалпы қоғамдық дамумен сабақтас тыңнан туған соны мағыналы сөздер. Бұл - толассыз болып отыратын құбылыс. Біздің дәуіріміздің ғылым мен техникадағы ұшан теңіз жаңалықтары тілде бұрын болмаған жаңа атаулар әкеледі. Оларды әдебиетте де солай, жаңаша атамасқа болмайды. Көркем әдебиет тілінде күнделікті айтылып жүрген сөздерімізде кездесетін бөгде тілден енген сөздер кірме сөздер деп аталады. Біздің осы күнгі пайдаланып жүрген көп сөздерімізде басқа елдің тілдерінен алынған сөз екен деп еш күдіктенбейтін сөздер бар. Оларды үйреншікті ана тіліміз секілді қолдана береміз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz