Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері


1 Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері.
Тіршілік қауіпсіздік негіздері еңбекті қорғау экологиялық қауіпсіздік, ғарыш кеңестігін пайдалану, әуе көлігінің ұшу қауіпсіздігі. Адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту мен салдарын жою. Негізгі мақсаттары:қоршаған ортаны, өндіріс мамандарын және ауыл шаруашылық объектілерін қорғау жөнінде білім алу және оны өмірде іске асыруды үйрету. Негізгі міндеттері:зардап шеккен адамдарды құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру негіздерімен таныстыру, халықты бейбіт және соғыс кездеріндегі төтенше жағдайлардан қорғана білу әдістерін және зардабын жоюға үйрету.
2 Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі саласындағы заңды және құқықтық актілер.
ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды, зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын қорғау тәсілдерін, ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін, төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек, қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек.
3 Экология және қоршаған ортаны қорғаудың тіршлік қауіпсіздігі үшін маңызы.
Қоршаған ортаны қорғау -қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. ҚР-ның экология қауіпсіздігі туралы мемлекет тұжырымдамада қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген.
4 Экология ғылымының даму тарихы
Экология терминін ғылымға енгізген адам-Эрнст Геккель. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары туралы ұғым да осы кезде қалыптасты20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 - 40-жылдары популяциялар мен қауымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф. Клементс биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатында ғылыми құбылыс екендігін көрсетті. А. Тинеманн өнім ұғымын енгізді, ал Ч. Элтонның алғашқы оқулығында биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, экологиялық пирамидалар ұғымы тұжытрофикал. 1926 жылы В. И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының - “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А. Тенсли және В. Н. Сукачев еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршағанфизикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санынының, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру, сол модельдерді эксперимент барысында тексеру сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.
20 ғасырдың 60 - 70-жылдары, бұған дейін негізінен биолог мамандардың арасында ғана қолданылып келген “экология” термині кенеттен көпшілік арасында ең танымал терминдердің біріне айналды. Осы жылдары, табиғат пен адамзат арасындағы қайшылықтардың үдей түсуіне байланысты, қоршаған ортаның ластануы, қоршаған ортаның ахуалы, халық санының өсуі, азық-түлік пен энергия қорларын пайдалану сияқты мәселелер ғылымның әр түрлі салаларында зерттеліп, бұқаралық ақпарат құралдары бетінде кеңінен талқылана бастады және бұл процесс әлі де жалғасын табуда. Соның нәтижесінде Экологиялық дүниетану жаратылыстану ғылымдары ғана емес, көптеген қоғамдық ғылымдарға да енді, Экологияда көптеген жаңа бағыттар пайда болды.
5 Экология ғылымы мақсаттары мен міндеттері
Экологияның негізгі міндеттері:
Биосфераның тұтас жүйе ретінде дамуы мен жұмыс істеуін зерттеу;
Қоршаған орта компоненттерінің өзіне әсер етуші табиғи және туындаған антропогендік әсерге реакциясын зерттеу;
Адам дамуының қоршаған ортаға әсерінің мүмкіндік шегін анықтау;
Қоршаған ортаға түсетін әсер шектеуін сақтай отырып, қоғамның даму жолына, өмір сүруі мен әрі қарай дамуына кепіл болатын тұжырымды ұсыныс пен сипаттама дайындау.
Экология дәстүрлі түрде екіге бөлінеді: жалпы және жеке.
Әртүрлі дәрежедегі биологиялық жүйелердің бір біріне бағынуы және өмір сүрудегі өзара байланысы экологияның басты міндетін анықтайды. Ол экологиялық жүйелердің ұйымдасуын органикалық өзгерісте, популяциялық және биоценотикалық дәрежеде зерттеу болып табылады.
6 Қазақстандағы экология ғылымының даму кезеңдері
1 кезеңде(1701-1924) экология ғылымының алғашқы шарттары қалыптасты.
2 кезеңде(1924-1980) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат міндетерін жетілдірді.
3 кезеңде (1980-2000) экология әлеуметтік, саяси-эколоиялық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейге жетті
7 Тіршілік етуші негізгі орта
Тіршілік ортасы - организмнің өсіп-өніп, көбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта. Кез-келген тіршілік иесі үнемі өзгеріп отыратын күрделі әлемде, сол өзгерістерге бейімделіп, өмір сүруін сол өзгерістерге қарай реттеп отырады. Жер шарында негізгі төрт түрлі тіршілік орталары бар, олар: тіршілік алғаш пайда болған - су ортасы; кейіннен тірі организмдер игерген құрылық-әуе және топырақ орталары; сонымен қатар басқа симбионттар мен паразиттер үшін организмдердің өздері де тіршілік ортасы болып саналады.
8 Тірі ағзалар тіршілік ортасы
Тірі организмдердің тіршілік ету ортасы дегеніміз - белгілі бір организмді немесе организмдер тобын қоршап тұрған және оған әртүрлі факторлардың белгілі бір түрде әсер ететін кеңістік бөлігін атаймыз.
9 Жер, су, ауадағы тіршілік ортасы
Біздің планетамызды мекендейтін барлық организмдер белгілі бір ортада тіршілік етуге бейімделген: жауын құрттары топырақта, дөңгелек құрттар жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етеді, балықтар суда өмір сүреді және т. б
Су ортасы
Ғалымдардың пікірінше, өмір осы жерде пайда болды. Қазір барлық белгілі жануарлардың шамамен 7% және өсімдіктердің шамамен 8% суда тіршілік етеді. Бұл орта біздің бүкіл планетамыздың 71% -ын алып жатыр, ал судың 98% -дан астамы мұхиттар мен теңіздерде.
Жер ауа ортасы
Бұл мекендеу ортасы бүкіл жер бетін және төмен атмосфералық қабаттарды қамтиды. Салыстырмалы түрде тұрақты сулы ортадан айырмашылығы, жер үсті-ауа ортасы өте құбылмалы. Ол температураның айтарлықтай өзгеруімен, ылғалдылық деңгейінің және ауаның химиялық құрамының өзгеруімен сипатталады. Бұл жағдайда ауа үздіксіз қозғалыста болады. Оның төмен тығыздығы организмдерді жер бетімен жылжытқанда айтарлықтай қарсылық көрсетпейді, бірақ тігінен қозғалуды қиындатады.
Топырақ ортасы
Бұл тіршілік ету ортасын организмдер өмір сүру барысында өздері жасаған. Ол жер қыртысының жоғарғы құнарлы қабатында орналасқан және қатты, сұйық және газ тәрізді массалардан тұрады. Сондай-ақ көптеген тірі организмдер оның ажырамас бөлігі болып табылады.
Организмдік орта
Бұл тұрақты температурамен, ылғалдылықпен, минералды және органикалық заттардың мөлшерімен, азық-түліктің көптігімен және қолайсыз сыртқы факторлардан қорғануымен сипатталатын барлық жағынан ең тұрақты орталардың бірі. Әрбір дерлік көп жасушалы организмде паразиттер мен симбионттар болады.
10 Қазақстан экологиясы және оны қорғау шаралары
Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі - мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады. Қазақстанда қазір экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері аса өзекті болып отыр. Осыған орай ел ауқымында қабылданып жатқан шаралар да аз емес. Атап айтқанда, қоршаған ортаға залалын тигізіп жатқан кейбір өндіріс орындарына қомақты айыппұлдар салынып, елдегі экологиялық мәселелерге немқұрайлық танытқандар жазаланып жатыр. Бұл мәселені БАҚ беттерінде барынша көтеріп, ел назарын оған аударудың маңызы зор. Шын мәнінде, туған еліміздің экологиялық ақуалы қандай екенін көпшілік біле бермейді. Себебі, экологиялық ақпаратты игеру үшін экологиялық білім керек.
11 ҚР Қоршаған ортаны қорғау шаралары
Қоршаған ортаны қорғау - қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, табиғи байлықтарды сақтау және көркейту негізінде табиғат пен қоғамның өзара үйлесімді әрекетін қамтамасыз етуге бағытталған мемлеккеттік және қоғамдық іс шаралар жүйесі. Қазақстан Республикасында “Қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң 1997 жылы 5 тамызда қабылданған. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және басқадай қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсеріне жол бермеуге, биологиялық әр алуандылықты сақтауға және табиғатты оңтайлы пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған. Қазақстан Республикасының экология қауіпсіздігі туралы мемлекеттік тұжырымдамада (1997) қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделерін ескере отырып, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалануды экологияландыруға көшу стратегиясы белгіленген. Қазақстан Республикасының осы стратегияны басшылыққа алып Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды Қазақстан Республикасының Конституциясына негіздеді және ол “Қоршаған ортаны қорғау туралы”, “Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы”, басқа да заңдар мен нормативтік құқықтар актілерінен тұрады. Кейде Қоршаған ортаны қорғау табиғатты қорғау ұғымымен баламалы түрде қолданылады. Бірақ Қоршаған ортаны қорғауға қарағанда табиғатты қорғау ұғымының шеңбері кеңірек;
Ауа алқабын қорғау:
1) технологиялық жабдықтан және шаң тозаңды сорып алатын жүйеден бөлінетін газдарды залалсыздандыру (кәдеге жарату), пайдалануға тиімді аулауға арналған шаң газ тазартқыш қондырғыларды енгізу және жөндеу, қайта жаңарту;
2) баламалы, экологиялық таза қуат көздерін пайдаланылуымен және пайдалы іс әрекеттің жоғарғы коэффиценттігімен энергетикалық жабдықты отандық өндірумен, түтін газдарды жанарғыға шығарындысының қайта айналуымен, жылу жүйелерінің оңтайлануымен, соның ішінде жылу энергиясының қайтарымдалынуымен байланысты жинақтау жұмыстары;
3) стационарлық және қозғалмалы көздерден ластаушы заттардың шығарындыларын болдырмау және төмендету іс-шараларын орындау;
4) өңделген газдарды бейтараптау, ластаушы заттардың шығарындыларын басу және залалсыздандыру және оларды ластанудың стационарлық және қозғалмалы көздерін атмосфераға қосу, ілеспе газдарды кәдеге жарату жөніндегі тазалау құрылғылар мен қондырғыларды, жабдықтарды әзірлеу; және тағы басқа.
12 Туған өлке экологиясы
Экологиялық проблема - адамның табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын кез келген құбылыс. Адамға табиғат берген байлықтың бірі - атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқҚазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай - ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. а да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.
Семей ядролық полигоны, Ядролық сынақтар, Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері, Каспий теңізінің экологиялық проблемасы, Аралдың экологиялық проблемасы, Балқаш проблемасы, Үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында қоршаған ортаның ластануы т. б.
13 Қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Коршаған ортаны қорғау-адамзат алдындағы басты борыш. Ауаны тазарту қазіргі таңда дүние жүзі бойынша басты проблемаларының бірі болып табылады. Ауаны тазартудың көптеген бағыттары ұйымдастырылған. Мәселен:
1) шаң тозаңнан бөлінетін газдарды залалсыздандыру
2) заводатдан шығатын газдарды төмендету шараларын жүзеге асыру
3) қалдықтарды төгер кезде әр қалдықтарды әртүрлі заттарға төгу керек. Мысалы шыны ыдыстарды шыныға, бір реттік пайдалану қалдықтарын арнайы орындарға төгу
14 Су ресурстарын қорғау мәселелері
Су ресурстары басты қажеттілікке ие. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады. Cy айдындарының ластануын былайша топтайды:
Биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
Химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
Физикалық ластану: жылу-қызу, электрмагнитті өріс, радиактивті заттар.
15 Атмосфераның ластану көздері және дәрежесі
Белгілі бір ортада сол жерге тән емес, жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энертетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т. б. жатады . Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге белуге болады: шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар. Атмосфераға таралатындар: газ, бу, ауа тозаңы, энертетикалық : шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өпіц, жарық, ультракүлгін және лазерлі сәулелендірулер және т. б.
16 Судың ластану көздері және дәрежесі
Біздің планетамыз негізінен судан тұрады. Су экожүйелері Жер бетінің үштен екіінен астамын қамтиды. Жер бетіндегі барлық өмір біз өмір сүру үшін суға сүйенеді. Сөйтсе де, судың ластануы біздің өмір сүруімізге өте қауіпті. Ол әлемдегі адам денсаулығына қауіп төндіреді, ол адамдарға ғана емес, сонымен қатар суға өмір сүретін көптеген басқа өсімдіктер мен жануарларға да қауіп төндіреді. Егер сіз суға жақын жерде тұрмасаңыз, сіз әлемдегі сулардағы ластанудан зардап шеккен деп ойламаңыз. Бірақ судың ластануы осы планетаның барлық тірі заттарына әсер етеді. Ең кішкентай өсімдіктен ірі сүтқоректілерге дейін және иә, тіпті адамдар арасында, біз өмір сүру үшін суға сенеміз. Ласталған суларда өмір сүретін балықтар өздерін ластап тастайды. Балық аулау ластаушы заттарға байланысты көптеген әлемдегі су жолдарында тыйым салынған немесе тыйым салынған. Су жолы ластанған - қоқыспен немесе токсинмен болғанда - ол өмірді қолдауға және қолдауға қабілеттілігін төмендетеді.
Әлемдегі суға әсер ететін таңдаулар туралы, станциядағы газды төгуден бастап, көгалдарға химиялық заттарды шашып, күнделікті пайдаланатын химиялық заттардың санын азайту жолдарын іздеңіз. Жазбаларды жағажайлар мен өзендерден тазарту үшін тіркеліңіз. Және ластаушылардың ластануын қиындататын заңдарды қолдайды. Су - әлемдегі ең маңызды ресурс. Бұл біздің барлығымызға және оның бәріне де тиесілі
17 Өмір сүру ортасындағы адам ағзасына кері әсер етеін факторлар
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады. Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т. б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.
18 Макроэлементтер
Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор) ; ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады. Макроэлементтер - көміртек, сутек, оттек, азот, фосфор - нәруыздың, нуклеин қышқылдарының және ағзаның басқа да биологиялық белсенді қосылыстарының құрамына кіреді. Нәруыздардың құрамында көміртек 51 - 55%, оттек 22 - 24%, азот 15 - 20%, сутек 6, 5 - 7%, күкірт 0, 3 - 2, 5%, фосфор шамамен 0, 5%. Көміртек, сутек және оттек көмірсулардың және липидтердің (майлар), ал фосфор, фосфолипидтердің құрамында фосфатты топтар түрінде болады. Көп мөлшерде липидтер бас миында, бауырда, сүтте, және қан сұйықтығында концентрленеді. Сутек және оттек - макроэлементтері су молекуласын түзетіні белгілі, ал, ересек адам ағзасының шамамен 65%-ы су болып келеді. Су - маңызды еріткіш және ол адамның мүшелерінде, ұлпаларында және биологиялық сұйықтықтарда әркелкі таралған, асқазан сұйығының, сілекейдің, қан плазмасының, лимфаның 99, 5% - дан 90% - ға дейінгі аралығын құрайды.
19 Микроэлементтер
Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері - 10%-15%. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән болып табылады және онда концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш- қарын асты безінде, йод-қалқанша безінде, фтор-тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий-шашта, кадмий, сынап, молибден - бүйректе, қалайы-ішек ұлпаларында, стронций- қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий -көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром- гипофизде және тағы басқаларда жиналады. Натрий және хлор жасуша аралық, ал калий және магний жасуша ішіндегі сұйықтықтарда кездеседі. Натрий және калий фторид түрінде сүйек және тіс ұлпаларында болады. Магний фосфат түрінде тістің қатты ұлпаларында болады. Сонымен қатар, микроэлементтердің ағза үшін физиологиялық маңызы өте жоғары.
20 Ултрамикроэлементтер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz