Сюжет, тартыс және композиция түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Сюжет, тартыс және композиция түрлері.
МОЛЯ Б
1. Әдеби шығармадағы сюжет пен композицияның қызметі.
Сюжет (французша sujet - зат) - көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі.
Композиция (латынша composite - құрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы. Алайда мұны құрылыс деген сөзге қарап тек пішінге ғана байланысты ұғым деуге болмайды, композиция мазмұнмен тікелей байланысты нәрсе: ол - әдеби шығарманың сыртқы түрінің ғана симметриясы емес, сонымен қатар ішкі сырының да гармониясы.

Өмірдегі шындықтын, шынайы әдеби шығармаға айналу, әдебиеттегі мазмұнның мазмұнды пішінге көшу, тақырыптың идеялық-көркемдік шешім табу процесінде сюжет пен композицияның, атқарар ролін еш нәрсемен ауыстыру мүмкін емес.
Оның үстіне, бұлар да мазмұн мен пішін, не тақырып пен идея секілді біріне - бірі көшіп отыратын нәрселер; мәселен, композициялық бүтіндік, тұтастық жоқ жерде сюжет те жоқ. Сюжет - сюжет болу үшін оның барлық кезең - кезеңі түп - түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет. Бұл да сюжет пен композицияға тән бірлік.
Бірақ сюжет пен композицияның осындай өзара бірлігін түсіне тұра олардың бір - бірінен өзгешелігін де ажырата білген жөн.
Біріншіден, сюжет кез келген көркем шығармада бола бермейді.
Мысалы, мына өлеңді оқып қарайық :
Өзіңдей ұяңсың сен ар - ұяттың
Өзіңдей қиялсың сен табиғаттың.
Өзендей көкірегімде ағып жаттың,
Жалындай көкірегімде жанып жаттың.
Кешкілік серуен құрып, бақта жүріп,
Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып:
Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,
Жазылып жүрегіме автограф.
(С. Мауленов).
Шабытты жыр, сұлу сыр! ... Осы өлеңде сюжет бар ма ?Жоқ, сюжет жоқ. Композиция бар ма ? Бар болғанда қандай! ... Бәрінен бұрын ақынның көңіл күйіне, жан тебіренісінде, іштей тұтануы мен ұшқындауында бір түрлі бір әсем ажар, төрт құбыласы тегіс табиғи бүтіндік бар. одан соң ақынның ойы мен образында өзгеше үндестік бар : өзі өлеңге айналдырып отырған аяулы адамның ұяң мінезін кіршіксіз ар - ұятқа, болмыс - бітімін арман секілді табиғатқа теңеуі немесе одан ұққан сырды көкіректегі әсем ағысқа, ол дарытқан сезімді кеудеде лапылдаған жалынға теңеуі өзіңнің өзін биік әдемілікке, өнер туындысындағы шебер қиысқан мазмұн мен пішінге тән ішкі гармония мен сыртқы симметрияға көтеріп әкеткен. Ақыр аяғында ақынның шындықты суретке, суретті философиялық ұғымға айналдыру әрекетінде де рет - ретімен тартылған желі, өрілген арқау бар. Осының бәрі - ұтымды тұтасқан композицияның әсері.
Бұл айтып отырғанымыз яғни композицяның барлық шығармаларда
түгел болатыны - оның сюжеттен бір өзгешелігі десек, екіншіден,
композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды,
сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға
салады. Бұл ретте, композиция сюжеттен гөрі кең деп білу қажет.

2. Сюжет туралы әдеби-теориялық пікірлер, оның көркемдік қызметі.
Сюжет - авторлық мақсат та, фабула - сол мақсатқа жетудің құралы. Сюжет шығарма стилімен, көркемдік дүние құрылымының ортақ заңдылықтарымен тығыз байланысты. Көбіне-көп сюжет шығармадағы оқиғалар ретінде көрінеді. Сюжетте қоғамдық тартысты қозғалыс үстінде, яғни дамуы, шешілуі, салдары арқылы көрсету қоғамдық даму тенденцияларын, оның заңдылықтарын түсінуге ықпал етеді. Ал З.Қабдолов Аристотельден бері қарайғы айтылғандарды жинақтап, саралай келе оларға бөлек-бөлек сипаттама береді. Фабула мен сюжеттің ара жігін айыра келеді де: Сюжеттің жаны мен жүрегі - тартыс. Ал тартыстан сюжет құрап қалыптастыру - композиция дейді.Композицияны үлкен құрылысқа теңесек, оның іргетасы, қабырғасы, есік-терезесі, шатыры болатыны сияқты көркем шығармада оқиғаның басталуы (экспозиция), байланысы (завязка), дамуы (ситуация), шарықтау шегі (кульминация) , шешімі (развязка) болады. Сюжет өз міндетіне толық жету үшін, біріншіден, іштей тиянақталуы, яғни суреттелген тартыстың даму сипаттары, себеп-салдарлары толық ашылып көрсетілуі қажет. Екіншіден,оқырманды өзіне баурап алып,суреттелген оқиға дамуындағы әрбір эпизодтың, әрбір детальдың мәніне ойлана үңілдіруі қажет.
Сюжет пен фабуланы бөле қарап, параллель жасаушылар сюжетті -- әрекет, фабуланы -- оқиға деп ұғатыны мәлім. Жә, солай-ақ болсын. Бірақ әрекетсіз оқиға бола ма? Немесе өз ара тұтасып, оқиғаға айналмаған қимылды жүйелі әрекет деуге бола ма?Әрине, болмайды, Ендеше, оқиғаны әрекеттен бөлуге болмайтыны сияқты, фабуланы сюжеттен бөлмей, екеуін бір ұғымға сыйғыза тексерген Л. Тимофеев пен Л. Щепилованың толғамдарында * толып жатқан нанымды дәлелдер бар.
Оқиғалардың арасындағы байланыс характерге тәуелділігіне қатысты екі негізгі типпен ерекшеленеді: хроникалы және шоғырлы (концентрациялы). Хроникалы және шоғырлы сюжеттер оқиғадағы кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне байланысты бір-бірінен ерекшеленеді. Сюжет типтерінің критерийі- оқиғалар арасындағы характер байланысы. Хроникалы және шоғырлы сюжеттердің арасындағы негізігі айырмашылығы- бұл әрине уақыт. Хроникалы сюжет уақыттың ағысын жаңғыртады. Шоғырлы сюжетте уақыт ешқандай физикалық мәнді анықтамай, психологиялық уақытпен алмастыралады.
Шоғырлы сюжеттерде тізбекті емес әңгімелеу қолданылады. Мұнда оқиғалар арасында байланыс болып, бірі екіншісіне, екіншісі үшіншісіне себепкер болады.
Шоғырлас сюжеттің Формуласын былайша елестетуге болады:
A, сосын b, одан соң c ... . сосын х (немесе:a--b--c--...--x )
а, b, c, x - шоғырлас сюжеттер құрылатын оқиғалар.

Хроникалық сюжеттердегі оқиғаларда ортақ конфликт болмайды.Олар бір-бірімен байланысты емес оқиғалар мен факттерден құралады. Хроникалық сюжеттер көпконфликттілі, яғни конфликт пайда болады да шешіледі, одан кейін орнына басқа конфликт орын алады. Хроникалық сюжеттерде жазушы көбінесе уақытқа бағынышты қаһармандардың ішкі әлемін көрсетеді
Хроникалық сюжеттің Формуласын былайша елестетуге болады:
A, сосын b, одан соң c ... . сосын х (немесе:a+b+c+...+x )
а, b, c, x - хроникалық сюжеттер құрылатын оқиғалар.

Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығармасының сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.
МОЛЯ Е
3. Сюжет, оның даму сатылары: экспозиция, шиеленісу, шарықтау шегі, шешімі.
Композиция, сөз жоқ, сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түп-түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.
Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.
Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.
Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмалық шығармаларды оқыту әдістемесі
Драманың өзіндік ерекшеліктері мен сипаттамасы
Мектептің бастауыш сатысында оқушыларды тәрбиелеу мәселесі
Көркем шығарманы талдау жолдары
Әдебиеттануға кіріспе пәні
Әдеби үдеріс сипаты
Мектеп бағдарламасында әдеби-терминдердің берілуі
Сюжет пен тартыс
Көркем шығарма
Көркем әдебиеттің тілі
Пәндер