Субъект дегеніміз не

56. Субъект дегеніміз не?
Субъект (латынның негізнде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Барлық көріністерімен бірге идеализм субъектінің белсенділігінің қайнарын оның өзінде деп біледі. Ғылыми психологияның негізі делінген диалектикалық материализм субъектіні тарихи дамудың өнімі деп қарайды және оның белсенділігін адамдар қарекетінің ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы қарекет процесінде объектінің нақты, іс жүзіндегі өзгеруі субъектінің қарекеті соған негізделіп реттелетін субъектідегі бейнелерге барабарлығының, болмысқа сәйкестігінің критерийі болып табылады;
Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады.
Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады. Себебі, әлеуметтік топтар, қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан, олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субъектісі адам дейтініміз содан.
57. Республика қызметінің түбегейлі принциптерін атаңыз:
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1 бөлім 1 баптың 2-тармағы бойынша Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Саяси тұрақтылық-бұл қоғамдық дамудың мүдделері мен мақсаттарының, құндылықтары мен оларды жүзеге асыру құралдарының ортақтығы мен сабақтастығына негізделген белгілі бір қоғамдық тәртіп. Сонымен қатар, тұрақтылық дегеніміз-субъектілердің ішкі және сыртқы жүйені бұзатын әсерлерге қарсы тұру қабілеті. Саяси тұрақтылықтағы ең бастысы-заңдылықта, билік құрылымдарының тиімділігінде, саяси мәдениеттің нормалары мен құндылықтарының тұрақтылығында, мінез-құлық түрлері мен саяси қатынастардың әдеті мен тұрақтылығында көрінетін тәртіпті қамтамасыз ету. Дәстүр бойынша тәртіп пен сабақтастық құндылықтарына бағдарланған қоғамдар үлкен жетістіктерге жеткені тарихтан белгілі. Керісінше, қоғамдағы өзгерістердің құндылығын абсолютизациялау бұрынғы тәртіптердің тұрақсыздығы мен регрессивті қалпына келуіне әкелді.
Ал , қазақстандық патриотизм-әрбір азаматтың қауіпсіздік тағдыры, өз Отанының болашағы үшін саналы жауапкершілігі. Ұлты мен дініне қарамастан, барлық отандастарды саналы түрде құрметтеу.
Демократияға келетін болсақ, әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады.
Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада - заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады. Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек. Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
58. Заңдар сулья шенеуніктеріне нені есте сақтау керектігін ескертеді?
Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ. Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi. Судья Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен сот төрелiгiн іске асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiлген, өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайтын және сот билiгiн жүргiзушi болатын мемлекеттің лауазымды адамы болып табылады. Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi.. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзуге болмайды.
Судьяның тәуелсiздiгi:1) сот төрелiгiн жүзеге асырудың заңда көзделген рәсiмiмен; 2) судьяның сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне араласқаны үшiн, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшiн заңда жауаптылық белгiлеумен; 3) судьяға ешкiмнiң тиiспеуiмен; 4) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Конституциялық заңда және "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген судьяны лауазымға сайлау, тағайындау, оның өкiлеттiктерiн тоқтату және тоқтата тұру тәртiбiмен, судьяның отставкаға құқығымен; 5) судьяларға мемлекет есебiнен олардың мәртебесiне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтiк қамсыздандыру, сондай-ақ оны нашарлатуға тыйым салу арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Судьялар, олардың отбасы мүшелерi мен мүлкi мемлекеттiң қорғауында болады. Егер судьядан тиiстi өтiнiш түссе, iшкi iстер органдары судья мен оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге уақтылы және түпкiлiктi шаралар қабылдауға мiндеттi. Судьяға және оның мүлкiне кәсiптiк қызметiне байланысты келтiрiлген зиян республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен өтеледi.
58. Аристотель сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қандай сөз айтқан?
Сыбайлас жемқорлық туралы кең ауқымды мәліметтер антик дәуірінің мұрасында кездеседі.
Ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель өзжұмыстарында бірнеше рет билікті асыра пайдалану мен парақорлықтың қоғамның экономикалық, саяси және рухани өміріне күйретуші және бұзушы ықпалы туралы ескерткен, пайдакүнемдік - мемлекеттік басқаруда жол берілмейтін, сыбайлас жемқорлықтың себептері депатаған.
Аристотель Саясат деген еңбегінде сыбайлас жемқорлықты мемлекетті күйретуге әкелмесе де, азғындауына әкелетін маңызды фактор деп атап көрсеткен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Аристотель мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі депсанаған: Кез келген мемлекеттік құрылыста ең бастысы - бұл заңдар және қалған тәртіп арқылы істі лауазымды адамның пайда таба алмайтындай етіп құру керек, - деп жазылған.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны айқын.
Әрбір қоғам дамуының күнегей жағымен қатар көлеңкелі тұсы да бар қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуатын жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту - әрқайсысымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
59. Ағылшын мемлекеттік қайраткері және философы Т.Гоббс өзінің Левиафан атты еңбегінде сыбайлас жемқорлық туралы не деп айтты?
То́мас Гоббс- ағылшын материалистік философы, қазіргі саяси философияның, әлеуметтік келісім теориясының және мемлекеттік егемендік теориясының негізін қалаушылардың бірі. Этика, теология, физика, геометрия және тарих сияқты пәндерде кеңінен таралған идеялармен танымал. Томас Гоббстың Левиафан атты атақты еңбекгінде сыбайлыс жемқорлық жайлы атап өтілген. Левиафанға бір кездері Англияда тыйым салынған. Атап айтқанда, кітап "Оксфорд университетінің 1683 жылғы 21 шілдедегі шақырылымындағы кейбір зиянды кітаптарға қарсы сот шешімі мен қаулысына" енгізіліп, өртенді. 1868 жылы Серафим Автократов "Левиафанды" орыс тіліне аударды.
Сыбайлас жемқорлықты қазіргі заманғы түсіну орта ғасырлар мен жаңа уақыттың тоғысында қалыптаса бастады.
Мұнда Н. Макиавелли мен Т. Хоббстың еңбектері үлкен рөл атқарды (әйгілі ағылшын философы, 1588-1679 жылдар). Левиафан өз жұмысында Томас Хоббс былай деп жазды: "өз байлығымен қиналған адамдар мемлекеттік әділеттілікті жемқорлау арқылы жазадан аулақ болады немесе ақша немесе басқа сыйақы түрлері үшін кешірім алады деп үміттеніп, батыл қылмыс жасайды". Ол сондай-ақ "көптеген күшті туыстары немесе танымал адамдар жоғары беделге ие ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz
Реферат
Курстық жұмыс
Диплом
Материал
Диссертация
Практика
Презентация
Сабақ жоспары
Мақал-мәтелдер
1‑10 бет
11‑20 бет
21‑30 бет
31‑60 бет
61+ бет
Негізгі
Бет саны
Қосымша
Іздеу
Ештеңе табылмады :(
Соңғы қаралған жұмыстар
Қаралған жұмыстар табылмады
Тапсырыс
Антиплагиат
Қаралған жұмыстар
kz