Функционалдық сауаттылықты дамытудың негізгі тетіктері


Функционалдық сауаттылықты дамытудың негізгі тетіктері
Функционалдық сауаттылық деген ұғым өткен ғасырдың алпысыншы жылдары ЮНЕСКО құжаттырында пайда болып, кейіннен қолданысқа ене бастады. Функционалдық сауаттылық дегеніміз-білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі әлемде функционалдық сауаттылық - оқушының әлеуметтік мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуына, сондай-ақ қазіргі жаһандану дәуірінде заман ағымынан қалмай, адамның мамандығына, жасына қарамай үнемі білім алып, оны жетілдіріп отыруына ықпал ететін базалық фактор. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы деп- оқушылардың пәнді тереңінен түсіну қабілеттерін дамытып, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген өмірлік жағдайларда тиімді пайдалана білулерін қамтамасыз етуді айтамыз. Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында берілген.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту тетіктеріне тоқталар болсақ, олар төмендегідей:
- Білім беру мазмұны. Бұған ұлттық стандарттар мен оқу бағдарламалары кіреді;
- Оқыту әдістері және нысандары;
- Оқушылардың оқу барысындағы жетістіктерін диагностикалау және оны бағалау жүйесі;
- Сыныптан тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
- Мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептер-оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі)
- Барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген ынтымақтастық қалыптасатын білім беру ортасының болуы;
- Ата-аналардың балаларға білім беру мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Ұлттық жоспардың басты мақсаты - еліміздегі білім сапасын жетілдіруде, білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту барысында атқарылатын іс-шаралардың жүйелілігін және тұтастығын қамтамасыз ету. Осыған байланысты, бұл жоспардың ішінде функционалдық сауаттылықты дамытудың негізгі тетіктьері бөліп көрсетіледі:
Оның алғашқы тетігі- оқыту мазмұны мен әдіснамасын түбегейлі жаңарту болып табылады. Бұл үшін мұғалім оқушының әлеуметтік ортаға бейімделуіп, алған білімдерін практикалық жағдайында пайдалана алатындай етіп, оның бойына негізгі, төмендегідей құзіреттіліктерді сіңіруі қажет:
- басқарушылық, яғни мәселені шешу қабілеті;
- ақпараттық. Бұл дегеніміз оқушы өз бетінше ақпарат көздері арқылы үнемі білім деңгейін көтеріп, танымдық қабілеттерін ұштауы;
- коммуникативтік құзыреттілік: қазақша, орысша және ағылшын тілдерінде ауызша, жазбаша қарым-қатынас жасау;
- әлеуметтік: қоғамда, өмір сүріп жатқан ортасында іс-әрекет жасай білу қабілеті;
- тұлғалық құзыреттілік: өздерінжеке тұлға ретінде қалыптастыруларына, оған қажет білім, білік дағдыларын игеріп, болашақта өз кәсібін өзі таңдап, онда туатын қиыншылықтар мен оның күрделілігіне төзімді болу;
- азаматтық: өз елінің салт-дәстүрлерін, тарихын, мәдениетін, дінін сонымен қатар тілін тереңінен меңгеріп, еліміздің өсіп, өркендеуі жолындағы азаматтық парызын түсінуі;
- технологиялық: ақпараттық жіне білім беру технологияларын сауатты пайдалануы ;
Білім алушы жоғарыда көрсетілген құзіреттіліктермен бірге пәндік яғни, әр пәннің мазмұны арқылы құзіреттіліктерді де меңгеруі керек.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген халықаралық бағалау зерттеулерінің бірін келтіретін болсақ, ол - Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының қолдауымен өткізетін 15 жасқа келген білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment - РІSА) . РІSА 15 жастағы оқушыларыдың мектеп қабырғасында алған білімін, іскерлік дағдыларын адами іс-әрекеттің кез келген саласында, сондайымен қатар әлеуметтік қатынастар мен тұлғааралық қарым-қатынаста, өмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалана алу қабілетін бағалайды.
РІЅА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептегі білім беру тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылуда. Зерттеу барысында алынған деректер жалпы оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде білім беру жүйесінің даму стратегиясын, сондай-ақ контекстік факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының әлеуметтік мәртебесі және т. б. ) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығының даму деңгейіне әсерін айқындау үшін негіз болады.
Ұлттық жоспарда көрсетілген функционалдық сауаттылықтың келесі тетігі ол - оқу нәтижелерін бағалау жүйесін өзгерту. Яғни бағалау жүйесі мұнда сырттай және іштей бағалау болып екіге бөлінеді. Іштей бағалау оқу пәні бойынша оқыту сапасын диагностикалау мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өлшеміне сәйкес жүзеге асырылады. Сырттай бағалау - әрбір деңгейді аяқтау бойынша оқушының оқу жетістіктерінің нәтижелеріне сәйкес, яғниҰБТ, ОЖСБ және т. б., сонымен қатар халықаралық зерттеулерге: TIMSS, PISA, PIBLS қатысу арқылы жүзеге асасады. Іштей бағалау көбіне білім алушыларға қатысты болса, сыртқы бағалау белгілі бір мамандық иелеріне қатысты болады. Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау барысында олардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеру үшін алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ-да тест тапсырмалары қосылды. Қазақстан Республикасында білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау барысында функционалдық сауаттылықтың келесідей түрлерін бағаланады: оқу сауаттылығы: қазақ тілі, орыс тілжеріне қатысты, математикалық сауаттылық, жаратылыстану ғылыми сауаттылық.
Математикалық сауаттылық- әлемде математиканың рөлін айқындап, оны түсіну, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей алумен қатар қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолдана білу қабілеттері.
Функционалдық сауаттылықтың келесі тетігін айтар болсақ, ол - мектептен тыс сабақтар және қосымша біліммен қамту . Жалпы білім беретін мектептердегі және мектептен тыс ұйымдарда неше түрлі бағыттағы үйірме, секция желілерін кеңейту есебінен оқушыларды қосымша білім берумен қамту көбейтіледі. Басты назарды ғылыми-зерттеу жобалары, техникалық шығармашылық, өнертапқыштық, модельдеу, нанотехнологиялар, робот техникасына, лего жобалауға және тағы басқасына аударылады. Ұлттық жоспарда оқушылар сарайының, музыка мектептерінің, жас техниктер мен натуралистер станцияларының жұмысын түбегейлі өзгерту көзделген. Оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивтік, инновациялық нысандары енгізіледі. Олар: балалар интерактивті парктері (ғылыми қалалар), технопарктер, балалар мұражайлары, ғылыми үйірмелер және т. б. бұл шығармашылық пен инновацияға қызығушылықты арттырады. Мұндай оқыту жүйесі баланың әлеуметтік өміріне, айналасындағы әлемге терең еніп, шеше алатын күрделі мәселелерді оңай шешеді. Тұлғаның бейімділігін, қажеттіліктерін, қызығушылықтарын, қабілеттерін дамытуды ескере отырып, мектепте алған білімін өмір бойы қолдана алатын жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу білім беру мамандарына жүктелген үлкен міндет екенін түсіну қажет.
Функционалдық сауаттылықтың келесі механизміне келер болсақ, ол - ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуын қамтамасыз ету . Ата-аналардың борышы - балалардың бойына кішкентай кезінен бастап адами құндылықтарды дарытып, саналы өмір сүрулеріне баулу. Ата-аналар балаларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мұғалімдермен тығыз байланыта болуы қажет. Ата-ана бойында да функционалдық сауаттылық болуы керек. Ата-анаға арналған әдістемеде тренингтер, семинарлар өткізу де қарастырылған. Яғни, ата-аналарға баласының ерекше қасиеттерін тануға, әртүрлі жағдайларда түсінуге және көмектесуге, олардың қабілеттерін дамытуға, рухани құндылықтарды қалыптастыруға, жағымсыз әдеттер мен әдеттерден арылуға көмектесетін функционалды сауаттылық ата-аналарда болуы керек.
Қорыта айтқанда, функционалдық сауаттылық-адамның сыртқы ортамен өзара әрекеттесу қабілеті мен осы ортаға тез бейімделу және қарым-қатынас жасау қабілеті деңгейінің көрсеткіші. Осылайша, функционалды сауаттылық белгілі бір мәдени ортада адамның өмір сүруі үшін қажет деп саналатын және оның әлеуметтік өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін білім, дағды, дағдылар жиынтығынан тұрады. Кең мағынада-бұл білім мен дағды әлеміне апаратын жол ғана емес, бұл ұлттың, елдің немесе адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалы сипат тұрғысынан функционалдық сауаттылық жеке тұлғаны дамыту тетігі ретінде қолданылады. Сондықтан теория мен практиканың байланысын қамтамасыз ету үшін әр пән бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтау кезінде теориялық ережелердің, заңдылықтар мен ережелердің, яғни тұжырымдамалық және ақпараттық материалдардың практикалық мәні ескерілуі керек, осылайша олар баланың өмірінде туындайтын әртүрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмектеседі және бала оларды қолдана алады. Оқушылардың оқу материалын есте сақтап қана қоймай, оның мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету де міндетті болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz