Стресс және жеке тұлғаның стресске төзімділігі : оң және теріс жақтары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тәүрбек Данагүл
ПХ - 001

Стресс және жеке тұлғаның стресске төзімділігі : оң және теріс жақтары.
Стресс. Бұл ғылыми терминді қазіргі уақытта барлық жерден ести аламыз - яғни, жұмыс орнында, үйде, достарымыздың ортасында, сонымен қатар кітаптар мен телебағдарламаларда да жиі айтылып жатады. Бұған дейінгі уақытта барлық аурулар жүйке жүйесінің бұзылуынан деп есептелінсе, қазір денсаулықтың сыр беруі стресс әсерінен деп саналады. Және де бұл себепсіз емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеуіне сүйенсек, барлық пайда болатын аурулардың 45% - ы стресспен байланысты, ал кейбір ғалымдар бұл есепті екі есе көп деп санайды.
Қазіргі уақытта әр жеке тұлғаның әр түрлі ғылым салаларында стресстік жағдайларды реттеу әдістерін зерттеуге жоғары деңгейде қызығушылық байқалуда. Соның ішінде психология білім саласында стресстің пайда болуына әсер ететін факторларды анықтау мәселесіне және стресстік жағдайларға төзімділікті қалыптастыру әдістерін дамытуға бағытталған іс - шараларды ұйымдастыруға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде жаңа зерттеулер нәтижесінде осы стресстің пайда болу себептері, оның даму механизмдері, салдары мен көріністері бойынша жаңа ұғымдар пайда болуда. С.А.Бодров өз зерттеулерінде атап көрсеткендей, бұл термин адам қоршаған сыртқы ортасының әсерінің салдарынан туындайтын жанжалдарды, қауіптілігі жоғары жағдайларды, күрделі және жауапты өндірістік, кәсіптік міндеттердің әсеріне байланысты орнайтын көптеген мәселелелерді біріктіре отырып, зерттейді. Стресс ұғымы табиғаты бойынша көптеген күрделі құбылыстарды біріктіреді, олар : психологиялық, физиологиялық, әлеуметтік, тұлғалық және тағы басқа құбылыстар.
Көптеген зерттеушілердің пікіріне сүйенетін болсақ, стресс адам өмірінде қалыпты және жиі кездесетін құбылыс. Стресс жалпы мерзімі мен ұзақтығына байланысты екі түрге ажыратылады. Қысқа мерзімді, шағын стресстер күнделікті өмірде жиі байқалады және де олар зиянсыз болып есептеледі. Ұзақ мерзімді немесе шектен тыс стресстер бұл кез - келген жеке тұлға болмаса, ұйым үшін қиыншылық тудырары сөзсіз. Стресс адам өмірінің ажырамас бір бөлшегі болып саналады, дегенмен оның дәрежесі мен салдарын ажырата білу маңызды.
Енді осы стресс жайында айтылған ұғымдар, зерттеулер мен тұжырымдамаларға қарап, "Стресске төзімділік" ұғымына назар аударсақ. Тұлғаның жеке басының өмір сүру сапасы мен оның дұрыс жұмыс жүргізуінің негізгі факторы - бұл стресске төзімділік. Соңғы жылдары физиологиялық және психикалық күйзелістің толық бөлінуінің шарттылығы байқалады. Физиологиялық стресс нақты тітіркендіргішпен байланысты. Психологиялық күйзеліс және оның барысында адамның жеке білімі мен тәжірибесі негізінде алдағы жағдайды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің стресске төзімділігі мен тұлғалық ерекшеліктерінің өзара байланысын зерттеу
Психологиялық стресстің формуласы
Қысқа мерзімді, шағын стресстер
Психодиагностикалық әдістер
Стресс және жалпы адаптациялық синдром
Оқушылардың оқудағы стресстік жағдайлары
Жоғары сынып оқушыларының стресске төзімділігінің гендерлік ерекшеліктерін зерттеу
Стресс және дистресс
Жағдайдан кету, оның маңыздылығын төмендету стратегиясы
Стресске анықтама, кезеңі, дамуы
Пәндер