Өсімдіктердегі ұлпа түрлеріне, олардың құрылым ерекшеліктеріне, функциясына толық сиаттама


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

2. Өсімдіктердегі ұлпа түрлеріне, олардың құрылым ерекшеліктеріне, функциясына толық сиаттама беріңіз.

  1. Өсімдіктердегі бөліп шығарушы ұлпаға тән ерекшеліктерді анықтап, толық сипаттама беріңіз.

Өсімдіктердің жануарлардан бір айырмашылығы - оларда қажет емес заттарды шығаратын арнаулы органдары болмайды. Бірақ бұл қызметті бөліп шығарушы ұлпалар атқарады. Бөліп шығарушы ұлпалардың екі түрі болады, ішке және сыртқа бөліп шығаратын ұлпалар. Ішкі бөліп шығарушы ұлпаларға сүт жолдары, , идиобласттар схизогендік және лизогендік құыстар жатады. Олар илік заттарды, эфир майларын және смолаларды бөліп шығарады. Сүт жолдары - вакуольдері сүтті шырынға толы клеткалар. Шырыны ақ немесе сарғыштау түсті болады. Олар немесе тек флоэмада, немесе өсімдіктің бүкіл органдарының бойында орналасады. Және де тек бөліп шығару емес, сонымен қатар өткізгіштік, қор жинау қызметтерін де атқарады. Бөліп шығарушы клеткалар басқа ұлпалардың жасушаларының араларында шашыраңқы орналасады. Схизогендік және лизогендік қуыстар зат алмасу процессіне уақытша қатыспайтын заттарды сақтау қызметін атқарады. Формасы жағынан домалақ немесе канал тәрізді болғанымен мөлшері әрқилы болып келеді. Лизогендік қуыстар цитрус тұқымдастарына тән.

Сыртқы бөліп шығарушы ұлпаларға безді түктер, шірнеліктер және гидатодтар жатады. безді түктер эпидермис жасушаларынан пайда болады. қажет емес заттар оларда газ түрінде немесе сұйық, қатты формада шығарылады. Шірнеліктердің қызметін біз табиғатта байқай аламыз. Олар өсімдіктің сыртына бунақденелілерді еліктіретін қантты сұйықтықтарды өсімдіктің бетіне бөліп шығарады. Гидатодтар деген сулы устьица аппараттары. Олар жапырақтың шетінде орналасады. Гидатодтар арқылы су тамшыларының бөлінуі жүзеге асады. Осы арқылы өсімдік өз бойындағы артық судан арыла алады. Бұл біздің көріп жүрген шықтар.

  1. Тірек, жабындық ұлпаларының ерекшелігін, түрлерін, қызметтерін анықтап, толық сипаттама беріңіз.

Жабындық ұлпалардың атқаратын қызметі аты айтып тұрғандай жабын болып, яғни өсімдікті жауып, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан, кеуіп кетіден қорғайды. Шығу тегіне қарай жабын ұлпаларды үш типке бөледі: эпидерма, перидерма және ритидом. Эпидерма - бұл алғашқы жабын ұлпа. Ол жапырақтардың, бірінші жылы түзілген жас тамырлардың, сабақты, өркенді жауып жатады. Тамыр сыртындағы алғашқы жабын ұлпасын эпиблема деп атайды. Эпидерманың сыртында ерекше түктер - трихомалар болады. Және оларда устьице аппараттары болады. Устьице аппараты газ алмасу, су булану процесстерін атқарады. Ол екі түйістіргіш клеткадан және устьице саңылауынан тұрады. Олар негізінен астынғы эпидермисте орналасады. Келесі топ соңғы жабын ұлпа - перидерма. Перидерма көпжылдық шөптесін өсімдіктердің сабағын, ағашты өсімдіктердің жас өрркендерінің сыртында орналасады. Сонғы жабындық ұлпа феллоген сыртқа қарай өлі клеткалардан тұратын феллеманы, ал ішке қарай тірі, хлорофилл дәндері бар клеткалардан тұратын феллодерманы түзеді. Осы феллоген, феллема және феллодермадан перидерма түзіледі деп айтсақта болады. Феллема жыл сайын түзіліп, жуандап тозды түзеді. Үшінші топ - ритидом. Бұны басқаша қыртыс немесе корка деп те атайды. Феллема жыл сайын түзіліп, кейде тіпті перидерма түгелдей өліп ритидом түзіледі. Оның астынан жаңа перидерма пайда болады. Қыртыстың айналымды және қабыршақты деген түрі болады. Айналмалы қыртысы бар сабақ тегіс болады. Ал қабыршақты қыртыспен қапталған сабақ кедір-бұдыр болады.

Тірек немесе арқаулық ұлпалар органдарға беріктік қасиет береді. Арқаулық ұлпалар қабыршақтары қалың, сүректенген клеткалардан тұрады. Көпшілік жағдайда негізінен өлі клеткалар. Қалыңдау ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінеді: колленхималар және склеренхималар. Колленхималар тірі клеткалар. Олар өсімдіктің жапырақ сағағында, шөптесін өсімдіктердің сабақтарында болады. Негізінен жас өсіп келе жатқан органдардың тірегі болады. Клетка қабығы мықты болып келеді. Қалыңдау ерекшелігіне қарай бұрышты және пластинкалы болып бөлінеді. Склеренхима клеткалары алғашында тірі болғанымен уақыт өте келе өледі. Өлу себебі бірнеше қабат қосылып, ішке ауа, қоректік заттар жетпей протоплазма ыдырауына байланысты. Склеренхималардың екі түрі болады: талшықтар және склереидтер. Склереидтер сүйектеніп, тастанып кеткен клеткалардан түрады. Клетка қабығы өте қалың болып келеді.

  1. Өсімдіктердегі түзуші ұлпаның ерекшеліктерін анықтап, толық сипаттама беріңіз.

Өсімдіктердің жануарлардан бір айқын айырмашылығы - олар ұдайы өсуге қабілетті және жаңа органдар түзуге қабілетті. Бұл аталған құбылыстар меристемалық немесе басқаша айтсақ түзуші ұлпалардың арқасында жүзеге асады. Меристемалық ұлпа тығыз орналасқан тірі клеткалардан тұрады. Бұндай клеткалардың ортасында үлкен ядросы болады, клетка қабықшасы жұқа болады, қуысты цитоплазма толтырып тұрады. Олар даму барысы үш кезеңнен тұрады: 1. Бөлініп клеткалар түзілуі, 2. Клетка қабығының созылып өсуі, 3. Басқа ұлпалардың клеткаларына дифференциялануы. Ол түпкілікті ұлпаларға жабын, тірек, өткізгіш, бөліп шығарушы және де т. б. жатады. Меристемалық ұлпалар алғашқы және соңғы болып екіге бөлінеді. Алғашқы меристема ұрықтың клеткаларының дами бастау кезінен пайда бола бастайды. Ал соңғы меристема алғашқы меристемадан кейін тұрақталған ұлпалардан пайда болады. Алғашқы меристемадан алғашқы, соңғы меристемадан соңғы ұлпалар түзіледі. Орналасу түріне қарай меристемалар төртке бөлінеді: апикальды, бүйірлік, қыстырмалы, зақымдық. Апикальды меристема шығу тегі жағынан алғашқы меристемаға жатады. Ол органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Негізінен сабақтың, тамырдың негізгі және бүйірлік осьтерінің ұшында орналасады. Бүйірлік меристемаларды латеральды деп те атайды, олар соңғы меристемаға жатады және органдардың жуандауын қамтамасыз етеді. Қыстырмалы меристема сабақтың буын аралықтарының төменінде орналасады, олар да органдардың ұзындыққа өсуін қамтамасыз етеді. Зақымдық немесе травматикалық меристема өсімдіктің зақымдалған бөлігінде пайда болады, одан кейін қорғаушы тоз немесе басқа ұлпаға айналады. Шығу тегі жағынан соңғы меристемаға жатады.

  1. Өткізгіш ұлпа құрылымына және қызметін анықтап, толық сипаттама беріңіз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың органикалық заттары
Ауыр металдардың өсімдіктерге зиянды әсері
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне ендірудің жағдайлары
Клетканың бөліну кезеңіндегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістер
Өсімдіктің әртүрлі мүшелерының негізгі бөлігін құрайтын ұлпалар
Морфологиялық ерекшеліктері
Бидай сорттарын тұзда өсіру
Өсімдіктер мен сулар
Өсімдіктегі су алмасу физиологиясы
«Өсімдік физиология»
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz