Дөңгелек ауыздылардың құрылым ерекшеліктері, систематикасы және маңызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
19.Дөңгелекауыздылардың құрылым ерекшеліктерін, систематикасын және маңызын сипаттаңыз:
Жауабы:
Патшалық үсті: Эукариотты
Патшалық: Жануар
Тип: Хордалылар(Chordata)
Тип тармағы: Бассүйектілер(Vertebrata, seu Craniota)
Бөлім: Жақсыздар(Aqnatha)
Класс: Дөңгелек ауыздылар(Cyclostomata)
Класс тармағы:
1. минога (Petromyzones),
2. миксина (Myxini).
Дөңгелек ауыздылар қазіргі кездегі жақсыздар бөлімінің және омыртқалы жануарлардың ең ескі класы болып табылады. Бұл класс өкілдерінің дене тұрқысы жыланбалық секілді ұзарған және дене бөліктері бас, тұлға, құйрық бөлімдеріне айқын жіктелген болып келеді. Тағы бір айта кететін жайт, оларда жұп жүзбе қанаты болмайды, ал терілері жалаңаш шырышты. Тақ жүзбе қанатынан құйрығындағысы процеркальды, ал арқа жүзбе қанаттары миногаларда 1-2 болып, сиксиналарда тіптеп жетілмеген. Есесіне, миксиналарда жұп қозғалмалы мұртшалары болады. Дөңгелек ауыздылардың ауыздары сорғыш болып келетін ауызалды воронкаларының түбінде орналасады және оларда жақ болмайды. Тірек қаңқасы өмір бойына сақталатын хорда.
Тері жамылғысына келсек, оларда ол жұмсақ және 2 қабаттан тұрады. Ол қабаттар эпидермис және дерма қабаттары деп аталады. Эпидермис тері жабынында көп клеткалар колба тәрізді немесе шар тәрізді бездер болып орналасқан, олар денені жауып жататын шырыш бөледі де, сол арқылы қорғаныш қызметін атқарады.
Бұлшықет жүйесі оларда басхордалылар класына жататын ланцетниктердегі сияқты миомерлер мен миосепталардан құралады. Қаңқысына тоқталсақ, оларда қаңқа екіге бөлінеді. Біріншісі бассүйектің қаңқасы- краниалды, ал тірек қаңқасы- посткраниалды.
1. Краниалды қаңқа бөлімі, яғни бассүйек нейрокраниумы немесе ми сауыты және спланхнокраниум немесе ми сауытының висцералды бөлімі дейтін бөліктерег бөлінген. Дөңгелек ауыздыларда нейрокраниум мидың тек астынан және екі бүйірінен жауып жатса, мидың үстіңгі бөлігін дәнекер ұлпалы жарғақша ғана жауып тұрады. Спланхнокраниумға келсек ол ауызалды воронка, желбезекті торлар және жүрек маңайындаңы шеміршектерден құралған болып келеді.
2. Посткраниалды қаңқа бөлімі, яғни тірек қаңқа бөлімінің алғашқы омыртқа белгісін байқалатын жерін хорда атқаратын болса, жүзуге қатысатын арқа және құйрық жүзбеқанаттарындағы тірек қызметін шеміршекті талшықтар атқарады. Дөңгелек ауыздылардың қаңқасы толығымен шеміршекті болып келеді және оларда сүйекте кездесетін элементтер мүлде болмайды.
Дөңгелек ауыздылардың асқорыту жүйесі ауызалды воронкадан басталады да, оның маныңда, яғни шеттерінде тері қатпарлар кездеседі, осы тері қатпарлар сорып алып жабысуына көмек береді, оның түбінде ауыз тесігі және ар жағында тілі орналасады. Ал миногалардың тілтіс деп атау себебі, олардың тілдерінде систематикалық белгі болып табылатын бір-екі мүйізді тістер немесе тақтайшалардың орналасуында. Ауыз тесігі жұтқыншақпен жалғас тауып, ол ары қарай екі бөлімге бөлінеді, біріншісі ішекке жалғасатын өңішке бөлінсе, екіншісі бітеу болатын тыныс алу түтігіне бөлінеді. Бірінші бөлінген өңеш ішекке жалғасса, ішек жіктелместен аналь тесігіне барып ашылады. Ал ішектің ішінде қоректік заттардың сіңіруін жүзеге асыратын және тамақтың көлемін көбейтетін спиралды клапан орналасады.
Дөңгелек ауыздылардың тыныс алу және газ алмасу процестері желбезектері арқылы жүзеге асады. Ал желбезектері желбезек қапшықтарында орналасқан, әрі сол себептен де дөңгелек ауыздыларды кейбір кездері қапшық желбезектілер деп атайды деседі. Жаңағы қапшық миногаларды жетеу болып сыртқа жеке жекеден ашылса, сиксиналарда бестен он алты жұпқа дейін барып бір тесіктен ашылады. Дөңгелек ауыздылардың эмбрион кезінде желбезек саңылаулары қалыптасады да, ол оны жұтқыншақ қуысы арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дөңгелек ауыздылар классы
Омыртқалы жануарлардың биоалуандығы пәнінен
Омыртқалы жануарлар
Миногалар (Petromyzoniformes) ішкі және сыртқы құрылысы
Дөңгелек ауыздылардың ішкі және сыртқы құрылысы
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Қазақстан суларының балықтарын іргелі зерттеу
Хордалылар типіне жалпы сипаттама туралы
Қыртыстың алғашқы кіріспе
Пәндер