Имамнның имиджін модельдеу


Имамнның имиджін модельдеу
Имамның дін қызметін алып жүруіне байланысты оның имиджін қалыптастыру аса маңызды рөл атқарады. Көп жағдайларда дәл осы тұлға бойынша дін туралы бүтіндей бір жалпы пікір қалыптасады. Сондықтан жағымды имидж қалыптастыру мәселесі болашақ имамдар үшін күннен- күнге аса өзекті болып отыр. Адамның сыртқы тартымдылығы, әрине, қажет, бірақ ол имидждің шешуші компоненті болып табылмайды. «Имидж» термині бейне, келбет, үлгі, айнадағы көрініс сияқты тілдік мағыналарын беретін ағылшын тілінің Image сөзінен алынған. Әшірбек С. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық, «Аруна Ltd» Алматы 2005. 274-б. Ал терминдік мағынасы: субъектінің айналадағылардың пікірін, көзқарасын туғызу мақсатында қалыптастыратын сыртқы бейнесі, субъектіге үгіт - насихат, жарнама, наным, дәстүр арқылы оған белгілі бір көзқарас тудыру мақсатында танылатын әрекеттер жиынтығы.
В. М. Шепель осы туралы былай деп жазады: «Солардың арасында тәрбиелілікті, білімділікті, кәсібилікті басым деп атап өту қажет. Дәл осыларды нақты тұлғаның имиджін тұрақты ұстап тұрған «үш кит» деп атауға болады». В. М. Шепель. Имиджелогия: жеке сүйкімділіктің құпиялары. - М. : Культура и спорт, ЮНИТИ, 1997. -62 б. Имидждің дәл осы қосылғыштары көптеген адамдардың санасында болады. Бұлар имидж туралы қалыптасқан қандай да бір түсініктің өзгеше бір «құрылыс материалы» ретінде қарастырылған. Әдетте ол бейсана түрде жеке бір адамға бағытталады. Неғұрлым ол жақсы «қалыптасса», соғұрлым біздің санамызда имидж ұғымы беки түседі. Мұндай психикалық рәсімді қандай да бір тұлғаға қатысты қаншалықты ынтамен іске асыратын болсақ, осы тұлғаның тәрбиелік, білімділік, кәсібилік қасиеттерінің біздің ойымыздағыдай көрінуі де соншалықты ықтимал болады.
Ф. А. Кузиннің пайымдауынша, имидж жүйесінің элементтері «сыртқы тартымдылық, киіну мәдениеті, сөйлесу мәнері, ым, ауызша және жазбаша сөйлеу өнерінің болуы, іскери әдеп ережелері мен шарттарын сақтау, құрылымды мінез-құлықты стратегияны ұстану, қызметтік субординация нормаларын және іскери өзара қарым-қатынас мәдениетінің талаптарын сақтау, тиімді мінез-құлық тән техниканы пайдалану, өзі туралы жағымды әсер туғызу, сұрақ қою және оларға жауап беру техникасы, қандай да бір нормаларға негізделген мінез-құлық тактикасын таңдау, әңгімелесушілермен өзара іс-қимылдың әртүрлі психологиялық типтерін өткізу» болып табылады. Ф. А. Кузин. Бизнесмен имиджі. - М. : Ось-89, 1996.
«Имидж» терминінің мазмұнын ашу үшін іргетас болып табылатын элементтерді қолдану қажет, олар: дүниетаным, ұзақ мерзімге бағытталған мақсаттар, қағидаттар мен стандарттар. Дүниетаным шешім қабылдау үшін негіз болуы тиіс, ал имидж бен абырой (бедел) қоғамдық өмірдегі жеңістерге жету мен жеңілістерге ұшыраудың басты әрі негізгі себептері болып табылады. Әртүрлі қызмет түрлеріне қойылатын кәсіби талаптар еңбектің пәніне, мақсаттарына, еңбек құралдары мен шарттарына қарай ерекшеленеді. Осы ерекшеліктердің барлығы адамның кәсіби имиджіне қатысты жаңа талаптар туғызады. Осылайша, осындай имиджді қалыптастырудың негізіне адамның жеке-кәсіптік қасиеттері жатады деп болжауға болады. Олар өзін-өзі дамыту, тұлғаның әлеуметтену, кәсіби қалыптасу сынды қажетті дағдылар мен біліктерді қалыптастыру үрдісінде жүзеге асады. Имамның кәсіби қалыптасу үрдісінде тұлға бойында құрылымдық өзгерістер болатыны сөзсіз. Қызығушылық шеңбері кеңейеді және қажеттіліктер жүйесі өзгереді және басқару мақсаттарына қол жеткізу уәждемесі өзектендіріледі. Уақыт өткен сайын өзін-өзі танытуға және өзін-өзі дамытуға деген қажеттілік артады, бұл біліктілігі мен құзыреттілігін арттыруға, біліктері мен дағдыларын дамытуға, кәсіптік міндеттерді шешудің жаңа алгоритмдерін меңгеруге, қызмет кәсібилігін қалыптастыруға әкеледі. Имам өзінің діни қызметінің ерекшеліктерімен белгіленетін кәсіптік қасиеттерін іске асырады, оның күрделі өндірістік жағдайларға психологиялық дайындығы артады, кәсібилік инварианттықтарын дамыту жүзеге асырылады.
Заманауи шарттарда болашақ имамның кез-келген діни қызмет түрінде шыңға жетуі жағымды имидж қалыптастыру және оны пайдалану есебінен қол жеткізіледі. «Жағымды» термині мынаны білдіреді: имам, қоғамдық пікір бойынша, әлеуметтік-ыңғайлы қасиеттерге ие, ал жағымсыз (негативті) имидж, керісінше, әлеуметтік-жағымсыз қасиеттерді көрсетеді. Жағымсыз имидж қоғамдық санада тұлғаның сыртқы және ішкі бейнесінің сәйкес келмеуі яғни жалған көрінісін білдіреді. Жағымсыз имидж тұлға бойындағы қасиеттерді қоғам алдында қолайсыз етіп көрсетеді. Тарихи дәуірге, үстем жағдайдағы адамгершілік және эстетикалық көзқарастарға байланысты қандай да бір тұлғаның нақты бір қасиеті әртүрлі бағалау жүйесінде қабылданатыны анық.
Бейтарап имидж - бұл тұлғаның сыртқы және ішкі қасиеттерінің айқын еместігі, қоғамдық санада олардың болмауы немесе олар туралы қандай да бір пікірдің болмауы. Имидж тұлғаның сапалық мінезін, сипаттамасын көрсететін болғандықтан, шынайы өмірде бейтарап имидж болмайды және ол қарама-қайшы санаттар арқылы бағаланады: «жағымды - жағымсыз», «оң - теріс», «жаман - жақсы». Алайда, «жағымсыз имидж» терминін, біздің ойымызша, әлі қалыптаспаған, аяқталмаған, «болмаған» болса да, ұғым ретінде қабылдауға болады. Ол бейтарап, анық емес болуы мүмкін, бірақ кез- келген жағдайда ол тұлғалық қабылдаудың эмоционалдық-сезімдік қабатына әсер етеді. Өз құрамында өнер элементтерін қамти отырып, имидж көріністің сезімтал деңгейінде қабылданады және «ұнауы - ұнамауы» тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, имиджді қабылдауда бағалау критерийі объективті түрде алғанда адамгершілік және эстетикалық қабылдаудың нақты тарихи нормалары болып табылады.
Қазіргі имамның іскери жағымды имиджі өзі туралы және оның діни қызметі туралы алғашқы әсер қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Осындай имидж оның фирмалық белгісі, яғни оның сыртқы бет-бейнесі болып табылады. Әлемдік өркениетті қызметкерлердің тәжірибесі мынаны дәлелдеді - жағымды имиджсіз қызметтің барлық түрлерін сәтті жүргізуге және іскери топтарда лайықты абырой-беделге ие болып жүруге еш мүмкіншілік жоқ. Жағымды имиджд кез-келген имамның маңызды құрамдас бөлігі деп санау қажет, ал оны иелену - оның аса маңызды тұлғалық және кәсіптік сипаттамасы.
Егер де имидждің пайда болу тарихына үңілсек, онда «имидж» ұғымының алғаш рет шетелдік зерттеулерде пайда болғанын байқаймыз. П. Берд имидж ұғымына тұлғаны басқа адамдардың қабылдауы деген анықтама береді. Айналадағылардың қабылдауында тұлғаның жалпы бейнесі тұлғаның сөйлеу, қарау, киіну, әрекет ету мәнерінен тұрады және қабілеттілігінен, моральдық қасиеттері, түр-сипатынан, әрекетінен көрінеді. Имидж тұлғаның қасиеттерін көрсететіндіктен, ол да көпқырлы болып келеді, сөйтіп, кез-келген адам түрлі жағдайларда өзін қоршаған орта алдында сан түрлі қырларынан көрінеді. Алайда, бұл істің шебері өзін қоршаған ортаға қандай да болмасын имиджді көрсеткісі келгенмен, ол имидж оның ішкі дүниесінің, интериоризацияланған әлеуметтік нормалардың көрінісі болуы тиіс және соларға тұрақты түрде негізделуі қажет.
Шетелдік тәжірибеде фирманың немесе іскер адам имиджінің болуының міндеттілігінде шүбә жоқ. Осындай көзқарас олардың қызметтік сатысында атқарып отырған қызмет деңгейіне қарамастан, іскер адамдардың менталитетіне енгізілген. Имидж діни қарым-қатынас мәдениетінің құрамдас бөлігі болып табылады. Имидж - адамдардың адамдармен қарым-қатынас орнатуға негіз болатын өзгеше бір құралы. Іскер адамның имиджі - қуатты психологиялық құрал, ол өзге адамдарға және өзіне де тиімді әсер етеді. Басқарумен және бизнеспен айналысатын адамдар қай кезде де басқаларға тиімді ықпал ету құралдарын іздеумен айналысады. Солардың бірі имидж болып табылады. Имидж деп абыройлы және жоғары әлеуметтік мәртебеге ие адамның бейнесін айтуға болады. Егер адамдар дін қызметкерін байсалды имам ретінде қабылдаса, онда ол туралы «имиджі» бар деп айтады. Әлеуметтік сауалнамаларда мұндай адам әдетте жоғары рейтингке ие болады. Заманауи түсінік бойынша «имидж» термині «харизма» терминіне жақын, ежелгі гректер осы сөзбен «дарындылық», «даналық», «қасиеттілік» деген ұғымдарды белгілеген. Осы қасиеттердің жиынтығын иеленетін адамдар, қай заманда болмасын, айналасындағы адамдарға әсер етудің ерекше күшіне ие болған. Харизмасы бар имамдар әдетте қоғамдық көшбасшы функцияларын атқарады. Осындай имамдардың келбеті сенімділік тудырады сонымен қатар өжет әрі өткір болады. Олардың шешендік дағдылары қалыптасқан, ым-ишарасы жақсы дамыған, олар өз-өздерін лайықты ұстай алады. Олар қашанда жинақы, өздерін маңызды сезінеді, бірақ тәкаппарлық көрсетуден ада. Олар мадақтау мен сынды байсалды қабылдайды. Өздеріне айтылған сын сөздерді сабырмен тыңдайды, айтылған мақтаулы қошеметтер үшін айналасындағыларға алғысын білдіреді, солай бола тұрып, бұдан былайғы уақытта мақтау айтпаған жөн екендігін сыпайы түрде білдіре алады.
Жоғары деңгейдегі мамандардың, жоғары деңгейдегі жағымды имиджді иеленушілердің қызметтерін бақылай отырып, И. Д. Ладанов адамдарға не табиғи, не қабылданған (қалыптасқан) суггестия тән деген тұжырымға келді. Суггестия - адамның психологиялық құбылысы және басқа адамдарға әсер ете білу. Ол кейде бейсана, сондай-ақ, кейде арнайы әдістер арқылы да көрінеді. Шын мәнінде, суггестия қызмет субъектісінің имиджіне «жазылған», ал біздің жағдайда - кәсіптік қызметтің әртүрлі салалары маманының имиджіне енгізілген. И. Д. Ладановты қар., Нарықтық құрылымдарды басқару психологиясы: қайта өзгерген көшбасшылық. - М. : УЦ Перспектива, 1997.
Жағымды имидж қалыптастыру негізінде бейне жатыр. Бейне - бұл шынайылықтың тікелей немесе жанама түрде көрінуі нәтижесінде адамның санасында пайда болатын ойдағы сурет. Бейнеде көрсетілетін объектілердің, заттардың, құбылыстардың сыртқы ғана емес, сондай-ақ ішкі маңызды сипаттамасы көрсетілген. Тікелей байқалмайтын ерекшеліктер субъектінің өзінің түсініктеріне, оның сыртқы дүниені, сондай-ақ тұлғаның субъективті ішкі дүниесін қабылдаудың қалыптасқан стереотиптеріне байланысты объектілерге тіркеледі. Бұдан әрі өзіндік «меннің» ішкі бейнесі адамның мінез-құлығын реттеуші ретінде көрінетін болады. Жағымды имидж - айналадағы адамдарды субъектінің егер олар осы адамның орнында болған жағдайда, бойларына сіңдіргісі келетін ең жақсы, әлеуметтік-қолайлы, мінсіз қасиеттердің нақ иесі екеніне сендіру қабілеті. Жағымды имидж тұлғаның жеке қасиеттерін ғана емес, сондай-ақ бойына арнайы сіңдірілген қасиеттерді де көрсетеді. Бұл - сыртқы бейне, психологиялық ерекшеліктер, әлеуметтік мінез-құлық, ым-ишараттар, киіну стилі, сөйлеу мәдениеті. Бірқатар дін қызметкерелі үшін «имидждеу» қажет, бұл жағымды әсер тудыру мақсатында сыртқы келбеттің мүмкіндіктері арқылы әрекет етуге көмектеседі. Имамның жағымды имиджін қалыптастыру, имидж жасау және қолдау үшін сән нормаларын сақтау керек болады, солай бола тұрып, белгілі бір консерватизм, салмақтылық, байсалдық та қажет. Имамның жағымды имиджін қалыптастыру өзін-өзі айқындау, белгілеу және өзін-өзі таныстыру технологияларын меңгеруді білдіреді.
Көптеген жағдайларда гуманитарлық бағыттанушылықта, әсіресе, өз бейнеңді жасау саласында, жеткілікті білімдерге ие болмаса да, сол қызметкердің қандай да бір имиджі қалыптасқан болады, сонымен қатар оның қызметінде өзін-өзі таныстыру, басқаша айтқанда өзін басқаларға таныстыру деген міндет бар болады. Дәл осылай имамның қызметі міндетті түрде өзін-өзі анықтауды, айқындауды да қамтиды, яғни ол өзінің сыртқы бейнесін басқа адамдарға көрсету болып табылатын мінез-құлықтың имидждік стратегияларының көмегімен өзі туралы пікірдің пайда болуын, қалыптасуын басқара білуі керек.
Имамның жағымды имиджін қалыптастырудың негізін индивидтің коммуникабельділігі немесе адамдармен тез тіл табысу қабілеті, сондай-ақ эмпатиялық, яғни басқалардың уайымы мен қайғысына ортақтаса білу, және көңілін білдіру қабілеті сияқты тұлғалық қасиеттері құрайды. Басқаларды тыңдай білу және түсіне білу, сөзбен айналасындағыларға ықпал ету қабілеті ретінде ділмар болу қажеттігі айқын. Әрі оның жағымды имиджін қалыптастыруға ол ұстанатын адамгершілік құндылықтар, адамдарға әсер етудің психологиялық механизмдері, жанжал жағдайлардың алдын алу және шеше білу дағдылары енеді. Имиджді қалыптастыруға шебердің өмірлік тәжірибесі, оның жеке интуициясы, тұлғалық әлеуеті, іскери этикеттің нормаларын білу және сақтау, сыртқы және ішкі сөйлеу логикасы, сұрақ қою және жауап беру техникасын меңгеруі, әртүрлі әлеуметтік топтарда және психологиялық типтері әртүрлі адамдармен өзін-өзі ұстаудың қажетті тактикасын таңдауы әсер етеді.
Әртүрлі кәсіптік салалардағы мамандардың баянды түрдегі жағымды имиджі оның орта алдындағы сыртқы және ішкі бейнесі болып табылады. Ол сыртқы келбет (тартымдылық), мекеменің бейнесі, іскери коммуникациялар, байсалды ым-ишарат, іс-әрекеттің ұтымдылығы және өзін-өзі ұстау стратегиясы арқылы қалыптасады. Имамның сыртқы бейнесі ұйымның бейнесі де болып табылады, нақты айтқанда, оның бастапқы негізі болып саналады. Имамның сыртқы келбеті тиісті киімді таңдай білу және киіне білу, мимика мен қимыл мәдениетін меңгеру сияқты негізгі қосылғыштардан тұрады. Шетелдік зерттеушілер киім мәдениеті деп киімнің көмегімен жасалған бейнені айтады, ол сізді басқалардың қалай қабылдауында маңызды рөл атқарады. «Кітапты мұқабасына қарай, ал адамды киіміне қарай қабылдаймыз, бұл -тексерілген факт»
В. М. Шепельдің пікірінше, өзіңе лайықты киімді таңдай білу өнері, одан да маңызды болып есептелетін имидждеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қалай айтсақ та, біздің киіміміз сырт көзге біз туралы көрнекті, ауқымды ақпарат болып табылады, басқаша айтқанда, өзінше бір визит карточкасы. Шепель В. М. Имиджелогия: жеке тартымдылық құпиялары. - М. : Культура и спорт. ЮНИТИ, 1997. - 235 б. Діни қызмет киімге ерекше талап қояды. Білікті адамның сыртқы келбеті -табысқа жетудің алғашқы қадамы, себебі сыртқы келбет ол имамның салиқалылығының және сенімділігінің өзіндік коды болып табылады. Сәнді, әдемі және үйлесімді киім адамды көріктендіреді, оның сырт келбетін осы заманға лайықты және тартымды етіп көрсетеді, оны іштей жинақы ете түседі, айналасындағы адамдарға жағымды әсер, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Дұрыс таңдалған киім жағымды әсер қалдырады, кәсібилігі мен ұйымдастырушылық, жинақылық, тазалық сияқты жеке басының басқа да қасиеттерін көрсетеді, осылайша қоршаған ортаға жағымды әсер етеді. Имамның бейнесінде өте жоғары ресмилік және тұрпайылық қарым-қатынастарға жол бермеу сияқты қасиеттер басым болуы тиіс.
«Имидж» түсінігін анықтауға енетін келесі компонент іскери коммуникациялар болып табылады. Біздің қалай сөйлейтініміз және оны қалай іске асыратынымыздың барлығы алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі табыстарымызды анықтайтын болады, яғни сөздің дәлдігі, нақтылығы және тұжырымдылығы, сөз арқылы сенімділік тудыра білу кез-келген іскери қарым-қатынастың міндетті шарттары болып табылады. Дұрыс сөйлей білу - жеке бас имиджінің орталық элементі. Ол телефонмен сөйлескенде өзің туралы алғашқы түсінік қалыптастырудың бірден-бір каналы болып табылады. Бұл тіл кез-келген адамның жеке тұлғасын анықтаушы маңызды компоненттердің және бүгінгі күні өз ісінің маманының іскери имиджін құрайтын негізгі бөліктерінің бірі деген тұжырым жасауға негіз болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz