ҚР білім беру жүйесінің заңнамалық негіздерінің құрылымы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
3. ҚР білім беру жүйесінің заңнамалық негіздерінің құрылымын сипаттаңыз.
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасымен реттелген құқықтық қатынастарға:
1) аккредиттеу органының көрсетілетін қызметтерін;
2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.
Педагог мәртебесі туралы және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне педагог мәртебесі, оқушы мен мұғалімге жүктемені төмендету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру Жолдауын және Қазақстан Президенті Қ. Тоқаевтың 2019 жылы өткен Bіlіm jáne gylym! педагогтердің тамыз конференциясында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. Педагог мәртебесі туралы ҚР Заңының мақсаты - педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. Бұдан басқа, Заңда педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған, сондай-ақ педагогикалық қызметке рұқсат беру талаптары белгіленген.
Сонымен қатар бұл заң түрлі алаңдарда - ЖОО-ларда, білім беру ұйымдарында және ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде талқыланды. Жалпы Заң төрт бағытты қамтиды, оның ішінде педагог қызметіне қойылатын талаптарды күшейту қарастырылған. Бұл ретте, педагог этикасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген, әрбір білім беру мекемесінде Әдеп жөніндегі кеңес қызметі енгізілуде.
ҚР білім беру жүйесін реттейтін құжаттар:
ҚР білім туралы заңы
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты,тұжырымдамалары
Оқу бағдарламалары
Оқу жоспары
Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң:
Алғаш рет 1999 жылы 7- маусымда қабылданды.
Қ Р Білім туралы Заңы 2007 жылы 27 шілдеде қайта қабылданды.
2011 жылы 24 қазанда өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

19. Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқушылардың білім мен біліктерін тексеру жұмысын ұйымдастырудың моделін құрастырып, сызба нұсқасын келтіріңіз

Оқушылардың білімін өтілген материалды қалай меңгергенін бақылау жүргізу арқылы тексереді. Күнделікті жеке сабақта тексеру және белгілі бір тарау аяқталғанда немесе бөлім аяқталғанда және тоқсан аяқталғанда білімі мен біліктілігін анықтауға болады. Бұлардың әрқайсысы өткізу әдістері немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сұрау, жазба жұмыстар және эксперименттік тапсырмаларға бөлінеді. Ең алдымен біріншісі-оқу жұмысын ұйымдастырумен байланысты біліктер мен дағдылар: Жоспарлау, оқулықпен жұмыс жасау, айтқанын дәлелдей білу, өзін-өзі бақылау және талдау. Оқушылардың ой қабілеттерінің даму өресін көрсететін біліктер мен дағдылар: тұжырымдай білу қорытынды жасай білу; салыстыру; жалпылау; дәлелдей білу, негізгісін таба білу; себеп-салдарын; жорамалдай білу, оны дәлелдеу, қорытындысын шығару.
Оқушының еңбек қабілетіне байланысты біліктер мен дағдылар: еңбек икемділік жұмыс жасау ыңғайы, қауіпсіздік ережесін сақтай білуі, жабдықтарды пайдалан білуі; мұғалімді тыңдай білуі, реактивтермен жұмыс істей білуі; сақтық шараларын орындауы; техникасын меңгеруі; құбылыстарды бақылай білуі; бақылауды тіркеп жазуға икемділігі; уақытты тиімді пайдалануы, жұмыс орнының тазалығы.Көрсетілген жалпы біліктер мен дағдылардың әрқайсысы химиялық материалды өткенде және химиялық зертханалық жұмыстарды жасағанда қалыптасуы және тексерілуі. Химия пәнінде оқушылардың білім білік дағдыларын: өтілетін химиялық материалға байланысты бақылау жүргізу арқылы анықтау. Білімін тест жүйесін қолдану арқылы немесе күнделікті және қорытынды бақылаулар жүргізу және бағалау; Химиялық тәжрибелерді жүргізу біліктілігін және тәжрибе жүргізу кезіндегі еңбек икемділік қабілетімен, құрал жабдықтарды, реактивтерді қолдану біліктілігін тексеру.
Оқушылардың білім мен біліктерін тексеру жұмысын ұйымдастыру:
-Күнделікті бақылау ауызша немесе жазбаша сұрау және бағалау;
-Бөлім аяқталғанда білім мен білікті тексеретін бақылау мәтінін құрау; -Белгілі бір өтілген тақырыптарға байланысты сұрақтар немесе есептер құрау;- Бағалау критерийлерін жасау; -Деңгейлік тапсырмалар ұйымдастыру; -Қиындық туғызған тапсырмаларды оқушылармен талдау жүргізу, қорытындылау
23.Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша химия мамандығына оқу-әдістемелік кешен құрастырудағы қамтитын мақсат-міндеттер мен материалдарды сипаттаңыз, қашықтықтан оқытуға бағыттылған платформаларды оңтайландыру мәселелерін тұжырымдаңыз

Қазіргі қоғамда білім беру маңызды институттардың бірі болып табылады. Жоғары оқу орнында оқу адамға болашақта ғылымда, өндірісте және басқа да қызмет салаларында өз әлеуетін іске асыру үшін көптеген мүмкіндіктер береді. Капитализмнің дамуымен қызметкердің кәсібилік, өзін-өзі жетілдіруге және үздіксіз білім алуға деген ұмтылысы сияқты қасиеттері еңбек нарығында маңызды рөл атқара бастады.
Сондықтан, жоғары оқу орнында студенттер барлық білімді сіңіруге тырысады және көп нәрсені өз бетінше үйренеді. Оқу-әдістемелік кешенді құру университеттің пәндерін таныстыруға және өзін-өзі оқытуға бағытталған.
Оқу-әдістемелік кешен - студенттердің оқу пәнін меңгеру тиімділігін арттыруға бағытталған оқу-әдістемелік материалдар жиынтығы.
Оқу-әдістемелік кешен мыналарды қамтиды:
пәнді оқытудың мақсаттары мен міндеттері;
пәндерді меңгеру мазмұны деңгейіне қойылатын талаптар;
пән көлемі және оқу жұмысының түрлері; пән бөлімдерінің мазмұны;
зертханалық семинарлардың сипаттамасы;
курстық жоба немесе осы пән бойынша жұмыс болған жағдайда, жобаның немесе жұмыстың қысқаша сипаттамасы;
пәнді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
пәнді материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Оқу-әдістемелік кешен ең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Конституцияда конституциялық құрылыс негіздерін бекіту мәселелерін зерттеу
Заңды тұлғаның банкроттығы
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҚТЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жалпы мемлекеттің салық қызметтiң түсiнiгi
“Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы”
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПОРЫНДАР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ
Істі аралық соттың қарауына беру
ТМД мемлекетінің арасында дипломатиялық қатынастарды орнату
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Пәндер