Тестілеудің диагностикалық функциясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тест қандай функцияларды атқарады? Ғылыми негіздемелерге сүйеніңіз.
Бәрімізге белгілі, қазіргі XXI ғасырда жалпы білім беру сапасын диагностикалау тәжірибесінде бағалауды объективті етуге бағытталған тестілеу, диагностика, емтихан, мониторинг және педагогикалық квалиметрия сияқты технологиялар кеңінен таралуда.
Ғылыми негіздемелерге және ғалымдардың зерттеуіне сүйенетін болсақ, тесттің мынадай функциялары, яғни қызметтері бар:
Тестілеудің диагностикалық функциясы - кез келген бақылаудың негізгі әрі басты мәнінен тікелей туындайды, бірақ тестпен бірге ол тестіленушілердің білім сапасы, қабілеттері мен дағдылары, психологиялық сапалары туралы дұрыс ақпарат алу талаптарын қоюынан да көрінеді; тестіленушілердің дайындық деңгейлерін білуге, білімдерін надандықтан ажыратуға, білімнің алуан түрін анықтауға ықпал етеді. Нақты айтатын болсам, ұсынылған, алынған, тексерілген, қолданбалы, тұрақты және ұмытылған, осы секілді білім түрлерін анықтауға мүмкіндік береді. Оқу материалын игеруді мазмұнды талдаудың арқасында, педагогикалық диагностика жеке қиындықтарды, олардың себептерін және студенттер мен мұғалімдердің оқу іс-әрекетін түзету бағыттарын анықтауға арналған.
Бақылау арқылы бағалау функциясы - тест түрінде аралық немесе қорытынды бақылауды жүргізу арқылы оқу және білім нәтижелерін қорытындылауды қамтамасыз етеді және аттестатталушының оқу жетістіктерінің көрсеткіштерін сандық түрде өлшеуге мүмкіндік береді. Тестілеудің оқу тәжірибесінде жүйелі түрде қолданылуы білім алушы тұлғасының дамуындағы оң жетістіктерге алып келеді, өзін-өзі тәрбиелеуге және өзін-өзі бағалауға деген көзқарастардың тууына ықпал етеді. Тесттік және компьютерлік технологиялар дамуының заманауи деңгейінде, тестілеудің мақсаты, білім берушінің оқуға мәжбүрлеуі емес, дамыта оқытуға тән өзін-өзі жетілдіруге үгіттеуі, осының барысында тесттің дамыту және оқыту функциялары туындайды.
Оқыту функциясы - білім алушылардың оқу материалын игеруі бойынша жұмысты жандандыруға ынталандыруға әкеледі. Тестілеудің оқыту функциясын күшейту үшін студенттерді ынталандырудың қосымша шараларын қолдануға болады, мысалы: оқытушы алдын ала білім алушыларға дайындалуы үшін бірнеше сұрақтардың болжамды тізімін беруі, сол тесттің өзінде жетекші сұрақтар мен кеңестердің болуы, тест нәтижелерін бірлесіп талдау.
Дамыту функциясы - тест тапсырмаларына жауап берген соң қате және дұрыс жауаптар анықталған кезде, есте сақтау қабілетін дамыту, білімді практикада қолдану дағдыларын игеру, нәтижені жақсартуға ұмтылу және келесі тестілеуге тұрақты білім алу, жауап дайындау тәжірибесін алу және басқа білім беру салаларынан білімді беру кезінде тест нәтижелеріне әсер етуден көрінеді. Бұл қасиеттердің қалыптасуына дәстүрлі бақылау технологиялары да ықпал етеді. Тесттік бақылаудың оқыту және дамыту функцияларының үстемдігін анықтайтын маңызды белгісі - әр білім алушының дайындық деңгейі мен сапасына қатысты тест тапсырмаларының қиындықтарын оңтайландыру.
Мотивация бере отырып ынталандыру функциясы тестілеуді өткізу барысында оқу процесінің барлық субъектілеріне әсері арқылы көрінеді. Біріншіден, студенттер үшін:
- бағалаудың объективтілігіне және жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігіне сенімділікті қалыптастыру;
- оқу мотивациясын және жақсы нәтиже алуға ұмтылысын арттыру;
- бәсекелестік атмосферасын құру және тәрбие жұмысының нәтижелеріне жауапкершілікті арттыру;
- мұғаліммен ынтымақтастыққа бағыт-бағдар беру;
- өзін-өзі бағалау және өзін-өзі дайындау.
Екіншіден, мұғалімдерге:
- оқу қызметінің нәтижелеріне жауапкершілікті арттыру;
- білім беру бағдарламаларын жетілдіру және қосымша оқу әдебиеттерін пайдалану;
- оқыту кезінде неғұрлым қолайлы жағдай жасау және тестілеу нәтижелерін талдау кезінде психологиялық көмек жасау.
Тесттік бақылаудың тәрбиелік функциясы білімге деген қызығушылықтың артуына, табандылық пен жүйелі жұмыс істеу қабілетінің дамуына, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі түзету дағдыларын меңгеруге, білім алушылардың бір-бірімен өзара әрекеттесу қажеттілігінің туындауына себеп болады. Бұл функция білім алушы әрекетінің мотивациялық негізін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Ақпараттық функция білім беру технологияларының кең таралуы мен дамуына, білім беру статистикасының ашық федералды банкін құруға және білім сапасына көп деңгейлі квалиметриялық мониторинг жүйесін қалыптастыруға, білім беру саласындағы статистикалық стандарттарды алу мүмкіндігіне байланысты жүзеге асады. Оқу жетістіктерінің сапасы және қол жеткізілген нәтиже деңгейі бойынша білім беру ұйымдарының рейтингі, пайдаланушылардың кең ауқымына интеграцияланған білім беру ақпаратының қолжетімділігі және т.б.осы функция арқылы іске асады.
Жоғарыда аталған функцияларды жүзеге асыру тестіленушілерді тестілеуге дайындаудың міндеттері мен әдістеріне, сондай-ақ оны ұйымдастыру және өткізу принциптеріне байланысты, яғни, ғылыми ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімді бақылау мен бағалауда педагогикалық тестілеудің ролі
Оқушылардың білімін жетілдіру кезіндегі тест жүйесінің тиімділігі
Қазақ әдебиеті сабақтарында тесттерді қолдану жолдары
Оқушылардың үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану
Білімді бақылау формасы
Бағдарламалық қамтамасыз етуді тестілеу
Delphi ортасында тест бағдарламасын құру
Тест - үлгерімді бақылау формасы
Бағалау жүйесінің айырмашылықтары
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Пәндер