Ежелгі қазақ тарихы пәнінен дәрістер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
№ 1 Тақырып Түрік және Батыс түрік қағанаттары. Түргеш және қарлүк қағанаттары. Мақсаты : Түрік қағанатының тарих сахнасына шыққан кезінен күшейіп, Батыс Түрік қағандығы құлап, оның орнына Түргеш қағандығы пайда болуының тарихи оқиғаларына білімалушылардың назарын аудару.

Жоспары:

1. Саяси тарихы 2. Шаруашылығы 3. Қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайы

Мазмұны:

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде аса кұрделі өзгерістер болған. Алтай-Сібір, Моңғолия жерінде түрік тайпаларының үстем тап өкілдері бірігіп, әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет құрды. Бұл мемлекет аумағы Шығыс Кореядан басталып Орта Азияның жерін де толық қамтыды. Бүгінгі Қазақстан территориясы да осы қағандықтың құрамында болды. Бұл мемлекет туралы жазба деректер Түрік тайпаларының өз тілінде жазылған "Үлкен Күлтегін", "Кіші Күлтегін", "Тоныкөк" құлпытастарындағы жазулардан белгілі. Бұдан біздің білетініміз түркі сөзінің алғашқы айтылған (542ж. ) және пайда болған жері Моңғолиядағы Орхон өзенінің жағасы. Бір тілде сөйлеп түрік халқы деп аталған оғыз, қарлұқ, қырғыз, түркеш, үйғыр, қыпшақ сияқты т. б. 30-дан астам ру-тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қәзіргі қазақ жеріне орын тепкен. Көрсетілген мерзімде Қазақ жерінде бірнеше феодалдық мемлекеттер өздерінің саяси-әкімшілік биліктерін жүргізді. Түрік тілдес тайпалар жергілікті тайпалармен араласып жергілікті-этникалық тайпалардың құрамына енді. Соңында келешектегі қазақ халқының негізі қаланды. Түрік ордасының алғашқы қағаны Түмын болған, оған Елхан деген атақ берілген. Оның бұл атаққа ие болуы, түрік елінің ата жауы болып келген авар қағаны Анағойды талқандап, оны біржола жеңуінен еді. Міне, осы кезден бастап Түрік қағанаты өзінің саяси билігі жағынан дамыды. Түмынның саяси іс-әрекетін оның мүрагерлері Қара-Еске, Мүқан ( 553-572 жж. ) қағандар жалғастырды, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын кеңейту ісін оның інісі Иштеми жүргізген. Қытай деректері 555 жылы Иштемидің Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал “Күлтегін” үлкен жазуында Мүқан мен Иштеми қағандардың өз халқын “Темір қақпаға” дейін орналастырған деген дерек бар. Мұндағы Темір қақпа деп отырған жері Соғды елі мен Тохарстан елінің арасындағы Байсүн тауындағы өткел. Бұл деректер VI ғасырдың ортасында Түрік қағанаты Орта Азияның жеріне еркін жеткендігін көрсетеді. Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде Түрік қағаны Иштеми Эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда, бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтүстік Үнді ойпатына дейін Орта Азияда ұлан-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қойматынын білген Түрік қағанаты Иран шахы Хусраумен келісімге келуге әрекеттер жасайды. Қағанның жоспары ойдағыдай болып келісім жасау сәтті аяқталады. Эфталиттермен болған соғыстарда Түрік қағанаты жеңіске жетеді. Алайда осы жеңістен соң Түрік қағанаты мен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмайды. Оған басты себеп, шығыстан батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы дерліктей түрік қағанының қолында қалып, Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғыза бастайды. Түрік қағанаты Орта Азиядағы өзінің саяси билігін біржола нығайту үшін, Византияға соғд саудагері Маниях бастаған елшісін аттандырды. Бұл елшілік Иран шахының бұйрығы бойынша сәтсіздікке ұшырап, кері қайтады. Түрік қағаны Иран шахының бұл әрекеті соғдтарға қарсы жасалған әрекеті болуы мүмкін, бізбен қарым-қатынас дүрыс болуға тиісті деген оймен, қүрамы тек түріктерден түратын өзінің елшілігін аттандырады. Алайда ол елшілігі де толық сәтсіздікпен аяқталады. Түрік қағаны Иран шахының өзімен қарым-қатынасын бұзып отырғандығын сезіп, енді олардың бүрыннан көршілес ата жауы болып отырған Византиямен келісім жасау үшін соғд саудегері Маниях бастаған елшісін екінші рет аттандырды. Елшілік бұл жолы Иран арқылы емес Каспий теңізі мен Кавказ тауы арқылы жүреді. Елшіліктің алдына қойған басты мақсаты, біріншіден Иранға қарсы әскери одақ жасау болса, екінші басты мәселе сауданы жандандыру. Әсіресе, Византияға жібек шығару. Екі елдің арасында бірінші мәселенің барысында өзара келісушілік болғанмен, “Жібек саудасы” жайлы мәселе шешілмей қалды. Оған себеп, византиялықтар өздері де жібек өндіре бастаған еді. Дегенмен, екі елдің арасында саяси- одақтастық келісім шарты жасалады. - Мұны қайдан білуге болады?--деген сұрақ туындауы мүмкін. -Оның айғағы ретінде Византиянің Земарх бастаған елшілігі түрік елшілерімен бірге аттандырылғандығы. Олар түрік қағанының астанасы Суяб қаласында қабылданған. Осы елшілікті түрік қағаны қабылдаудан бұрын жағылған оттың арасынан өткізген. -Неге? - . . . Түрік қағаны оларды қойдың басымен, құйрығымен және жүзім шарабымен сыйлаған. Бадан не аңғаруға болады? - Бұдан не байқалады? - . . . Жазба деректерге қарағанда, VI ғасырдың аяғында түрік қағандығының саяси жағдайы нашарлайды. Өз ішінде саяси билік үшін талас, тартыс басталып, үлан-байтақ жерді алып жатқан қағандық VII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы және Шығыс түрік қағандығы болып екі дербес мемлекетке бөлінді. Шекара Алтайдан болған. Батыс түрік қағандығы Алтай, Сібір жерінен бастап, Амудария өзенімен Еділ - Жайық өзендерінің төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтыған. Орталығы -- Сүяб қаласы болған. Ол қала қазіргі Қырғызстанның Тоқмоқ қаласының маңындағы көне қаланың орны Ақбешим болып саналады. Қағандық халқының этникалық құрамы жоғарыда атап көрсетілген “Он оқ бұдын” ру-тайпалары болған. Жазба деректерде қағандықтың саяси-әкімшілік жағынан тарихтың сахнасына көтерілген кезі Жегу қаған ( 610-618 жж. ) мен Тон қағанның билік қүрған кездері деуге болады. Әсіресе, Тон Жабғу қағанның баласы Тарду шадтың Тохорстан мен Канису (Ауған жері) жерлеріне жүргізген жорықтарының нәтижелі аяқталуы қағандықтың оңтүстіктегі шекарасын Үндістанға дейін кеңейткен. Мұндай кең-байтақ жерді берік ұстап отыру үшін қаған Тон Жабғу саяси-басқару реформасын жүргізген. Кейбір өлкелерді өз қолында тапжылтпай ұстап отыру үшін саяси тәсілдер де қолданған. Мәселен, Самарқанд сияқты атақты қалаларды өз қарамағында ұстап отыру үшін, қаған оның билеушісіне өзінің қызын беріп, құда болған. Шығыс Түркістан мен Орта Азиядағы өлкелерде жергілікті ел басқарып отырғандарға өзінше атақ беріп, оларды өзінің орынбасарлары етіп тағайындаған. Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Қағанның билігі шексіз мүрагерлік түрде болса, одан кейінгі билік қаған тағайындаған ұлықтың қолында болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болған. Оларға ябғу, шад, елтебер сияқты атақтар берілген. Батыс түрік қағандығының да өмірі үзақ болмады. Тон Жабғу қағанның жүргізген қатал үстемдігі соғыс кезінде әбден байып алған “он оқ бұдын” одағының әскер басшыларының тілектеріне қайшы бола бастайды. Олардың астыртын жасаған қастандық әрекеттерінің нәтижесінде қаған өлтірілген. Билік үшін дулу мен нишаби тайпаларының арасында талас басталды. Нишаби тайпаларының қолдауымен Ышбар Елтеріс Шир қаған болады. Елтеріс қағандықты қайта қалпына келтіру үшін өзін қолдаған тайпалар мен үстем тап өкілдерімен бірге отырып әрекеттер жасайды. Алайда өкімет үшін болған екі тайпаның арасындағы он алты жылға созылған (640-657 жж. ) ұзақ соғыс қағандықты саяси жағынан мүлдем әлсіретеді. Қағандық Іле өзеніне дейінгі аралықта екі үлкен тайпаның қол астында екіге болініп кетеді. Сырдарияның батысына қарай Орта Азиялық елдер өздерінің тәуелсіздігін алады. Батыс түрік қағандығының мұндай іштей әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған азаттық соғыстарының нәтижесінде тәуелсіздігін сақтап қалады. Сөйтіп, VIII ғасырда Батыс Түрік қағандығы құлап, оның орнына Түргеш қағандығы пайда болады. Түргеш қағандығының территориясы Орта Азияның оңтүстік шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан, Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұроран қалаларына дейінгі аралықты қамтыған. Орталығы - Суяб қаласы. Түргештер туралы алғашқы деректер Күлтегін құлпытастарында және Қытай жазба деректемелерінде көп жазылған. Түргеш тайпалары алтыншы ғасырда Тянь-Шань аймақтарында өмір сүрген. Олар VII ғасырда Жетісудың орталық аймақтарында орналасады. Өзінің алдында өмір сүрген Батыс Түрік қағандығының сол қанатының қүрамына енген, ең халқы көп тайпа болған. Ал Түркеш қағандығы болып, өз алдына жеке өкімет құрған кезі туралы деректер “Тоныкөк” жәдігерлігінде біршама жақсы жазылған. Қағандықтың халқының этникалық қүрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрган. Жазба деректердің көрсетуі бойынша, олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойларында өмір сүрген. Түргештердің алғашқы қағаны Үшлік өзінің негізгі тайпаларын екіге бөлген. Оның басты орталығы Суяб қаласы болып, ол Ұлы Орда деп аталған. Іле аңғарындағы Күнгірт қаласын өзінің кіші ордасы еткен. Батыс Түрік қағандығының қүрамында болған басқа да түрік тілдес тайпалар да түргештердің қарамағына енген. Саяси әкімшілік билік, қағандықтың ең жоғары атағы Басқағанның қолында болған. Ол 20 әкімшілік аймақтарға бөлінген. Әрбір аймақтарды тархандар басқарған. 706 жылы Үшлік қаған қайтыс бдлып, қағандықтағы билік үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталады. Мұны Шығыс Түрік қағандығының қағаны Қапаған пайдалануға тырысқан. Екі тайпаның арасындағы соғыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлу биліктің жүгенін үстаған. Ол өзін 715 жылы қаған деп жариялаған. Сойтіп ол қағандық астанасы болған Талас қаласына орнығады. Сұлудың қағандық құрған кезі Түргеш қағандығының ішкі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған кезі еді. Бүл шиеленістің негізі мыналар: -біріншіден, Кіші Азиядан арабтардың шапқыншылығы; -екіншіден, Оңтүстік шығыс жағынан Қытай өкіметінің қаупі төніп тұрды; -үшіншіден, Шығыс Түрік қағандығы Жетісу жеріндегі талас-тартыстарды пайдалануға дайын тұрған еді. 738 жылы Сұлу қаған өзінің бақталастарының құрбаны болды. Оның орнына баласы Түқарсан Қүт-шар қаған болып, оның мерзімі 1-2 жылға ғана созылды. Бүл кезде сары-қара түргештердің арасындағы талас ушығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес тура 20 жылға созылып, қағандық саяси және экономикалық жағынан мүлдем әлсірейді. Түргештердегі бұл жағдайды қарлұқ тайпалары пайдалануға әрекет жасайды. Бұған басты себеп, 746-747 жылдарда Монголия мен Алтай жеріндегі ұйғырлардың күшеюіне байланысты, ондағы қарлұқтар Жетісу жеріне жылжыған. Олар түргештердегі алауыздықты пайдаланып, өкіметті оз қолдарына алады. Сонымен, 766 жылда Түргеш қағандығы қүлап, оның орнына Жетісуда Қарлұқ қағандығы құрылады. Қарлұқ қағанатының алып жатқан жері сары және қара түргештердің жері. Ол негізінен Онтүстік шығыс Қазақстанның жері. Астанасы Баласағұн қаласы болған. Қағандық халқының этникалық құрамы түрік тілдес тайпалар болған. Ал, қарлуқтар және олардың ақсүйектері саяси-әкімшілік жағынан басты роль атқарған. Қарлуқ қағандығының саяси қүрылысы да өзінің алдындағы Түргеш қағандығының саяси құрылысындай болды. Ескеретін бір жағдай қарлұқ жабғулары 766 жылы қағандықтағы билікті өз қолдарына алса да, олар “қаған” деген атақтың өзіне 100 жылдан кейін ғана ие болған. Қаған атағын тек 840 жылы Испиджаб қаласының әмірі Білге Қойыл Қадырхан алғаш рет алған. Оған дейін қарлұқтар жабғу деген атақпен билік жүргізген тәрізді. Қадырхан өзін “ашна” руынан тарағанбыз деп жариялаған. Тарихи аңыздар бойынша “ашна” руы атақты ғұн тайпаларының бір бұтағы. Білге Қойыл Қадырхан қағанның өзін атақты ашна руының үрпағымын деуі қарлұқ тайпаларының ата тегі ғұн тайпасы деген ой туғызады. Сонымен, “қаған” түрік дәуіріндегі саяси әкімшіліктің ең жоғары биік сатысы. Одан кейінгі жоғары биліктің екінші сатысы жабғулардың қолында болған. Қарлұқтарда қаған жанында “көл еркіндер” деген көмекшілері болған, ол қазақ хандарының уәзірлері сияқты кеңес берушілер еді. Қарлұқтар қаған атағын 742 жылда үйғырлар және басмыл тайпаларымен одақтас бола отырып, Шығыс Түрік қағандығын құлатқан кезде алған. Бүл кезде Жетісу жеріндегі қарлұқтар да, түргештермен саяси жағынан билік үшін талас-тартысқа түсіп жатқан. Кейіннен Ұйғыр қағандығының күшейе бастауына байланысты қарлұқтар Жетісуға қарай жылжып, ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып түргештерді біржолата жеңеді. Ірі қалалар мен оның аймағын қала әмірлері басқарған. Кейбір деректерде “Әмір” деген сөз патша сөзімен да қатар айтылған. Мәселен, Тараз қаласын қарлүқ тайпасынан шыққан Танкас патша басқарған деп хабарлайды. Жалпы, қағандықтың саяси үстемдігін жүргізүшілер қарлұқтардың ақсүйектерінен түрған. Олар алым-салықты жинайтын, әскери күш те солар арқылы құралған. Әрбір ру-тайпаның әмірлері өздеріне тиісті жасақтарды және басқа да қажетті заттарды дайындап соғысқа, не жорыққа дайын түратын болған. Жалпы тарихи түрғыдан алып қарағанда, VIII ғасырдың аяғымен IХ ғасырдың басында қарлұқтардың өзінің саяси жағынан Орталық және Орта Азиядағы өз көршілерінің арасында беделінің болғандығы байқалады. Жазба деректерде көрсетілген мерзімдерде IХ ғасырда Қарлұқ қағандығының экономикалық жағынан да дамығандын көрсетеді. Әсіресе, Жетісу және Оңтүстік Қазақстан жерінде қарлұқ тайпаларының Тараз, Талхир, Испиджаб, Отырар сияқты белгілі қалаларда және олардың аймағында отырықшылана түсуі олардың егін шаруашылығымен айналысып, қолөнер кәсібінің өркендей түскендігі белгілі болған. Кейбір деректерде қарлұқтар қала түрғындарының басым бөлігі болып, оларда қолөнердің, зергерліктің дамығандығын байқау қиын емес. Қазба жұмысы кезінде сауда қарым-қатнастарының айғағы ретіндегі басқа елдерден келген бұйымдар кездессе, сауданың ақшамен жүргізілгендігін дәлелдейтін Орта Азия ақшалары да қала жұртынан табылған. Қарлұқ қағандығының алып жатқан жерінің өзі ертеден белгілі атақты Үлы Жібек жолының бойы. Сондықтан да, ондағы сауда жолының бойында орналасқан Алмати, Талғар, Тараз, Құлан, Суяб, Испиджаб сияқты қалалары қағандықтың экономикалык, әлеуметтік, мәдени дамуына тікелей әсерін тигізген. Бүл кезде Талас бойында және Іле аңғарында қалалық өмір дамып, онда қарлұқ тайпаларының отырықшы елге айналғандығын айта кетуіміз керек. Оны картадан көруге болады. IX ғасырдың аяғында қарлұқтардың жағдайы біршама нашарлай түседі. Орта Азиялық саманий әулетінің шабуылдары жиілейді. Сөйтіп саманийлер мен қарлұқ қағандығының арасында, әсіресе, Онтүстік Қазақстан жері үшін ұзақ жылдарға созылған күрес басталады. Сондай күрестердің нәтижесінде Испиджаб қаласы саманийлерге бағынған. Саманийлердің тегеурінді шапқыншылығы 893 жылы Тараз қаласына жасалған. Алайда, қала оңайлықпен беріле қоймаған. Исмаил ибн Ахмет көптеген шығындардан кейінғана қаланы алған. Саманийлердің негізгі мақсаты, қала тұрғындарын мұсылман дінін қабылдауға мәжбүр ету болған. Кейбір деректерге қарағанда, қарлұқтар Орта Азиядан жасалған саманийлердің шабуылдарына төзіп отыра бермей, өздері де оларға қарсы шабуылдар жасаған. Сондай күшті шабуылдың бірі Орта Азияға 904 жылы жасалған. Ол алғаш жеңісті де болған. Соңында жеңіліс тауып кері оралған. Саманийлар Онтүстік Қазақстандағы Испиджаб, Тараз сияқты қалаларға өздерінің ықпалын күшейтіп, мұсылман дінін енгізе бастады. Мұндай мәліметтерді Нәршахидің деректерінде де кездестіруге болады. Әл-Мақдисидің хабарына қарағанда түріктердің арасында дін таратудың негізгі тірегі Испиджаб қаласы болған. Мәселен, бұл аймақта мұсылман дінін тарату үшін 1700-ден астам керуен сарайы салынған. Әрине, бұл санның шындықтан артықтау болуыда мүмкін, десекте арабтардың ислам дінін таратуда қаншалықты іс-әрекеттер жүргізгендерін көрсетеды. Х ғасырдың басында қарлұқ қағанаты әлсірей түседі. Бірақ та қағанаттың біржола құлауына саманийлер шешуші роль атқармаған, олардың қулауының басты себебі Шығыс Түркістандағы Ұйғыр қағанатының күшеюі, Қашқар жеріндегі түрік тілдес тайпалар Оңтүстік Шығыс Қазақстан жеріне жылжыды, олардың 940 жылы Испиджабты жаулап алуы қарлұқтарды құлатып, Қарахани әулетінің үстемдігін орнатады.

Сабақты бақылау түрі: сұрақ-жауап әдісі, баяндама, пікірталас әдісі.

*Бақылаудың ықтимал нысандары

Бақылау сұрақтары:

1. Саяси тарихы

2. Шаруашылығы

3. Қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайы

Әдебиеттер

1. Нұрланбекова, Р. Орта ғасырлар тарихы [Мәтін] : Оқу құралы / Р. Нұрланбекова, Ұ. Ш. Төлеген. - Шымкент, 2020. - 160б. -2экз

2. Артықбаев, Ж. Қазақстан тарихы [Мәтін] : Оқулық / Ж. Артықбаев. - Астана: Фолиант, 2013. - 360 б. - (ҚР БЖҒМ грифімен) . 3экз

3. Артыкбаев, Ж. История Казахстана [Текст] : Учебник / Ж. Артыкбаев. - Астана: Фолиант, 2013. - 352 б. - (с грифом МОН РК) . -3экз

4. Нурланбекова, Р. Қазақстанның ежелгі заман тарихы [Мәтін] : Оқу құралы / Р. Нурланбекова, Б. А. Молдаш. - Шымкент, 2020. - 80 б. -2экз

5. Артықбаев, Ж Қазақстан тарихы [Мәтін] : Оқулық / Ж. Артықбаев. - Астана: Фолиант, 2013. - 360 б. - (ҚР БЖҒМ грифімен) . -3экз

№ 2 Тақырып Оғыз және Қимақ мемлекеттері. Мақсаты : Қимақ тайпаларының бірлестігінің құрылуымен гүлденуі және X ғасырдың соңында Қимақ мемлекеті біршама әлсірей бастауының салдарына білімалушылардың назарын аудару. Жоспары: 1. Саяси тарихы 2. Шаруашылығы 3. Қоғамдық құрылысы мен әлеуметтік жағдайы

Мазмұны:

Қарлұқ қағандығы Жетісуда өмір сүрген дәл сол кезде қазіргі Қазақстанның батыс-оңтүстігінде IX ғасырдың аяғымен Х ғасырдың басында орталығы Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан Жаңакент қаласы болған Оғыз мемлекеті де өмір сүрген. Оғыздар Оңтүстік, Батыс Қазақстанның және Орта Азияның көрші жатқан жерлеріне билік жүргізген. Халқының этникалық құрамы оғыздар мен түрік тілдес ру-тайпаларынан құралған. Оғыз этимологиясының пайда болуы туралы осы уақытқа дейін нақты пікір жоқ. Бұл Қазақстан тарихында көңіл аударарлық мәселенің бірі. Белгілі бір тиянақты пікір болмаса да көңіл болерліктей түрлі пікірлер бар. Ол пікірлерді негізінен 4 -ке бөлуге болады: 1) Оғыздарды ғұн тайпаларынан немесе олардың бір бұтағы тюгю түріктерінен таратады; 2) Оғыздар қимақ-қыпшақ тайпаларынан шыққан; 3) Оғыздар ұйғырлардан тараған; 4) Оғыздар массагеттерден тараған; Бұл пікірлердің ішінде екінші пікірге қосылуға болмайтыны рас дейтін ғалымдар бар. Біз оған төртінші пікіргеде қосылуға болмайды деп есептеймыз . . . Әйгілі М. Қашқаридің сөздігі "Дивани луғат ат түрік" те, Оңтүстік Шығыс Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстық көлмен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, йғма, чігін, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі түралы деректер бар. Бүған қарағанда, Қазақстанда оғыздардың алғашқы отаны болған жер Жетісу жері болғандығына күмән жоқ. Алайда IХ ғасырдың екінші жартысында қарлұқ тайпаларының күшеюіне байланысты, олардың тегеурініне шыдамаған оғыздар Сырдарияның орта және төменгі ағысына ауа бастаған. Бұл деректерде де ауып келгендерді ешкім құшағын жая қарсы алмаған. Мұндағы қаңғар-печенегтер мен оғыздардың арасында ұзақ жылдарға созылған, жер үшін талас-тартыс болған. Ақырында оғыздар жеңіске жетіп Сыр бойына, Қаратау қойнауларының баурайларына орын тебеді. Сөйтіп, IX ғасырдың аяғында оғыз тайпаларының бірлескен одағы арқасында патриархалдық-феодалдық мемлекетке айналады. Оғыздардың құрамына тек түрік тілдес тайпалар ғана кіріп қоймай, Арал, Каспий бойына келіп орналасқан, тіл жағынан түріктене бастаған, үнді-европалықтар, фин-угарлар да кірген. М. Қашқаридің дерегі бойьшша, оғыздар алғаш 24 тайпадан тұрса, ал Марвази олардың 12 тайпадан тұрғандығын жазады. Егер 24 тайпадан құрылған кезі оғыздардың алғаш әр түрлі тайпалардан жаңа қалыптаса бастаған кезін көрсетсе, ал 12 тайпалық кезі кейінгі мерзімін көрсетеді. Бұл заңды құбылыс. Ол тайпалардың бір-бірімен қосылып, саны азайып халықтық дәрежесі көтеріле бастаған кезі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Жаңа бетке сілтеме
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Әзиз хан медресесі
Ермұхан Бекмаханұлы Бекмахановтың биографиясы
Білікті маман дайарлау
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Саясаттану сабағы және оның негізгі ұғымдары
Құрлық тіршілік ортасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz