Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолдану .
Зерттеудің мақсаты: білім беру жүйесіндегі жаңа технологияның соның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың алатын орны көрсетілді.
Цель исследования: определить эффективность использования АКТ в обучении английскому языку в школе.
Aim of the research: to define efficiency of using ICT in teaching English at school.

Елбасымыз Н.Нaзapбaeв "...Адaмзaт үшін ХХІ ғaсыp жaңa тeхнологиялapдың ғaсыpы болмaқ, aл осы жaңa тeхнологиялapды жүзeгe aсыpып, өміpгe eнгізу, игepу жәнe жeтілдіpу - бүгінгі мeктeп мұғaлімдepінің сіздepдің eншілepіңіз", - деп сенім артады.Сол сенімнің кілті білікті де, білімді ұстаздар қауымының қолында екенін бір сәтте естен шығармауымыз керек
Біздің оқушылардың қазіргі цифрлық буыны технологияларды қолдана алады ,алайда олардың көмегімен білімді игеріп алады деу артық.Оқып-жазуды меңгерген адамның кітаптың көмегімен де білімді игеріп кетуі екіталай. Білім алушыларға технологияларды жетік меңгерген жан-жақты оқытушылар қажет.
Қолжетімділіктен немесе педагогтар оларды қолдануымыз керек деп ойлағандықтан ғана технологияны қолдануға болмайды. Технологияның тиімділігі оның білім беру мақсаты мен тәжірибесін қаншалықты іске асыратыны мен байланысты. Метаталдау нәтижелері технология қолданған балалардың оқу нәтижесі технологияны қолданбаған балаларға қарағанда 12%жоғары болатынын көрсетіп отыр.Алайда білім беру кезінде технологияны қолданбаған сыныптарда,қаншалықты деңгейде қолданылғанына байланысты,нәтижелері де түрліше болып келеді.
Технология қызметі:
Білім алуға қажетті құрал
Оқытуды жолға қоя отырып ,білімді зерттеуге арналған ақпараттық тәсіл
Әрекет ете отырып, оқытуды іске асыруға қажетті контекст
Әңгімелесе отырып,оқытуды жолға қоюға қажетті әлеуметтiк орта
Сипаттай отырып,оқытуды іске асыратын интеллектуалдық серіктес.
Қазіргі кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияны дамыту білім беру саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылу алға қойған мақсаттардың бірден-бірі.Қазақстан Республикасының мемлекетаралық тілі - ағылшын тілін жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен - күнге өзекті болып келеді. Тілді ақпараттық - коммуникативтік технология арқылы оқыту - тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады. Қазіргі заманда ғылымсыз жан - жақты дамыған өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес. Ал мектеп мұғалімдерінің бүгінгі заманға сай берілген сабақтары осы мәселелерді шешуші күш болып отыр.Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі мектеп өміріне енуде. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі - жаңа ақпараттық - коммуникациялық технология негіздері болып табылады.Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Ал біз өмір сүріп отырған ХХІ ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында компьютерлік техниканы, интернетті, компьютерлік желі, электрондық оқулықтарды тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру керек болып отыр. Олай болса барлық сабақтарды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы жүргізу бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі таңда жаңа ақпараттық технологияларды оқушылардың ағылшын
тіліне деген қызығушылығын арттыру құралы ретінде қолдану өте тиімді. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және қолдану, интеллектуалды дамыған, ақпараттық ортада жақсы әрекеттене білетін тұлғаны қалыптастыру жолында пайдалы болуы мүмкін коммуникация құралдарының барлығын пайдаланудың белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл ретте оқушының шығармашылық қабілетін аша білу үшін жағдай жасау, оның қабілетін дамыту, өзін-өзі жетілдіру және жауапкершілікке тәрбиелеу сөз болады. Білім және біліктілік адам үшін маңызды құндылықтарға айналады. Соған орай білім жүйесі де дайын білімді игеруге ғана емес, интеллектуалдылықты қалыптастыруға, жеке танымдық әрекетті қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Адам әрекетінің әр түрлі саласында озық ақпараттық технологияларды пайдалану өзекті болып барады.
Тіл үйрену барысында жаңа технологияларды қолдана отырып, педагогикалық қалыптасқан жазу, тыңдау, түсіну, сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға әбден болады. Ал енді психологиалық жағына келетін болсақ, қазіргі уақыт ағымындағы оқушылардың әрқайсысының үйлерінде әдетте көптеген ойындары бар компьютерлер,ноутбуктар, видеолар мен телевизор бар болғандықтан, олар қоршаған ортаны осындай тәсілмен қабылдауға үйренген. Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары: тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы, тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу, сондай-ақ ақпаратты байланысқан және дәйектелген күйінде бере білу, лингвистикалық білім көлемінің артуы, тілін үйреніп жатқан елдің әлеуметтік мәдени құрылымы туралы білімнің толығуы, ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.
Мектептегі технологияларға мыналар жатады: теледидар бағдарламалары, сандық теледидар, интернет WWW, ұялы телефон, ұтқыр қондырғылар, компьютерноутбук. Сандық бейнені (видео) қолдану .
Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі интернетпен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек. Интернетпен жұмыс жасағанда оқушылар белсенді болады, яғни оқушы не айтады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолдану
Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу
Ағылшын тілі сабағында жаңа технологияларды қолдану
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Шет тілдерін оқытудағы мультимедиялық құралдар
Ағылшын тілі сабағы. Оқыту әдістері
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Ағылшын тілі интерактивті тақтаны қолдану
Пәндер