Паразитологиялық тексеру әдістері
Зертханалық, семинар жұмыстарының әдістемелік нұсқауы
№ 1 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Паразитологиялық тексеру әдістері. Қан жағындасын даярлау, бекіту және бояу.
Сабақтың мақсаты: Зертханалық сабақтарда паразитологиялық әдістермен таныса отырып, оларды тәжірибеде қолдануды жүзеге асыру
Қажетті құрал жабдықтар: Микроскоптар, төсеніш және жапқыш шынылар, металл және спиральды ілмектер, шыны таяқшалары, пинцеттер, стакандар, бактерилогиялық тостағаншасы, кьюветтер, шыны цилиндрлер немесе банкалар, металл сүзгіші, пробиркалар, шұғырық воронкалар, қанықталған хлоридтің натрий ерітіндісі, технологиялық аммиак селитрасы, натрий нитраты, ағылшын тұзы, су, қиға арналған орау материалдары (полиэтилен пакеттері, орайтын қағаздар, шағын банкалар), қойлар, шошқалар, ірі қара малдар, жылқылар, қояндар мен құстардың қи сынақтары, Купер қайшылары, бактерилогиялық тостағаншалары, метилл спирті, этилл спирті, мақта, Романовский - Гимза бояуы, дистилденген су, сүзгіш қағазы, 5 процент иод ерітінді.
Тапсырма
Әр түрлі жануарлардан қи сынағын алу әдістерін игеру.
Гельминтоздарды лабораториялық әдіс термен анықтауда қолданатын жабдықтар және реактивтермен танысу.
Гельминтовоскопиялық, гельминтоларв оскопиялық және гельминтоскопиялық әдістермен қиларды тексеру жұмысын жүргізу.
Гелминттер жұмыртқаларын бөтен қосындылардан, ауа көпіршіктерден т.б айыра білу.
Қан жағындысын дайындау.
Дайындаған қан жағындыларын бояу.
Жұмыстың барысы:
1-жұмыс. Гельминтокопрологиялық зерттеулердің сапалық әдістері.
Гельминтоовоскопиялық әдістері. Зертханаларда жануарлардың қи сынауларын тексеру мақсатында гельминтоовоскопиялық әдістерді жиі қолданады. Оларды жай (өңделмеген жағында әдіс) және гельминттердің жұмыртқалары шоғырлану әдісі (флотация, тұндыру және құрама). Өңделмеген жағынды әдістің нәтижесі өте төмен болғандықтан, практикада
көп қолданбайды. Паразиттік құрттар жұмыртқаларын тек орташа және жоғарғы инсенсивтікте табуға болады. Төсеніш шынысына су және глицерин бөліктері бірдей тамшысын тамызады және көлемі тіреуіштің басындай қиды бұл құрамаға салады, содан кейін шыны немесе аяқ таяқшасымен ұқыпты араластырады:қатты заттарды алып тастаған соң, жапқыш шынымен жауып микроскоп арқылы тексереді. Глицерин препаратты жарықтандырады және оның тез кеуіп кетуін кедергілейді. Аталған әдіс 5 - 10 препараттарды тамшыларды тексеруін талап етеді. Бұл әдісті басқа әдістерге қосымша ретінде пайдаланады.
Гельминттер жұмыртқаларын шоғырландыру әдісі, бұл гельминттердің жұмыртқалары тығыздығына қатынасы және жануарлары қи сынаулары, сұйықтыққа байланысты үш топқа бөлінеді.
Флотация әдістері. Флотация (қалқып шығу) әдісінде қаныққан тұз ерітіндісін қолданады. Оның тығыздығы паразиттік құрттар жұмыртқасы тығыздығынан жоғары (1,18 - 1,50) болу керек. Лабораториялық практикада флотациялық сұйықтардың қаныққан хлорид натрийінің ерітіндісін немесе ас тұзын (тығыздығы үй температурасында 1,18 - 1,2) жиі қолданады. Бұл сұйықтықты даярлау үшін кастрюльдегі немесе шелектегі қайнап тұрған суға араластыра түбіне шөгінді болғанша ас тұзын салады (1л суға 380-400г.). Ыстық ерітіндіні бірнеше қабат марля (селді мата) арқылы сүзіп бутыльге құяды, суыған соң қолданады. Бутыль түбінде кристальды тұнба болу керек. Кейбір гельминтоздарды диагностикалауға қаныққан техникалық селитра ерітіндісін немесе тығыздығы 1,32 нитрат аммонийін (1500г 1л қайнаған суға), натрийлі селитра немесе ты ғыздығы 1,38 натрийдің нитраты (тұздардың ара - қатысы 1:1), ағылшын тұзы немесе тығыздығы 1.26 - 1.28 магний сульфаты (920г 1л ыстық су ға), натрий тиосульфаты немесе тығыздығы 1,38 - 1,40 натрий гипосульфаты (1750г 1л қайнаған суға ) қолданылады. Соңғы ерітінді барлық паразиттік құрттардың жұмыртқалары, трематод жұмыртқаларымен қоса, бетіне қалқып шығады, бірақ фасциола мен парамфистомид жұмыртқаларының қ абықшасы деформацияланған болады.
Қаныққан тұз ерітінділері тығыздығын денсиметр арқылы анықтайды.
Фюллеборн әдісі. Сыйымдылығы 75-100 мл полистирол, пластмасса немесе шыны стаканға 3г қи сынауын салады және ақырындап 50 - 70 мл қаныққан натрий хлоридтың ерітіндісін мөлшерлеп, шыны таяқшасымен араластыра тұз ерітіндісімен фарфор келіде түйеді, содан кейін суспензияны (быламықты) басқа стаканға өткізіп араластыра флотациялық сұйықтықты құяды. Бетіне қалқып шыққан ірі заттарды алып тастайды, былқыраған қиды тат баспайтын темір немесе капрон сүзгіш (тесіктері 0,3 - 0,5мм) арқылы
басқа стаканға фильтрациялайды. Дайындаған сынауды тұндырған кезде көптеген цестод және нематод түрлері жұмыртқалары бетәне қалқып шығады. 45 минуттан соң сым немесе спиральды ілгекпен (тұзақпен), оның диаметрі 0,8 - 1см, пленка бетінен 3 тамшы алып төсеніш шыныға тамызады. Тамшының жапқыш шынысын қолданбай микроскоптың кішкене ұлғайтқышымен конденсорды төмен түсіріп көреді. Үш тамшыдан табылған әр гельминттер түрінің жұмыртқаларын санайды. Фюллеберн әдісін жүргізу оңай, әрі арзан, ыңғайлы және көп нематодоздарда өте нәтижелі, сондықтан бұл әдісті лабораторияларда кеңінен қолданады.
Тұндыру әдістері. Тұндыру әдістерінде (седиментация) қи сынауын сумен араластырады. Оның тығыздығы гельминттер жұмыртқалары тығыздығынан кемдеу болу керек.
Біртіндеп шаю әдісі. 3-5грамм қи сынауын (қойлардың қатты қиларын шамалы су құйып келіге салып түйеміз) стаканға салып 15 есе су құямыз. Оны бірқалыпты кондицияға дейін араластырамыз. Қоспаны сүзгішпен фильтрлеп сыйымдылығы 175-200 мл стаканға өткізіп, араластырып, суды стакан бетіне дейін құямыз, содан соң фильтратты 5 минут тұндырамыз (шөгінді болғанға дейін). Содан соң бетіндегі сұйық қабатын төгеміз немесе спринцовкамен судың деңгейін сорып алу керек. Осы манипуляцияны стакандағы тұнба үстіндегі су жарық болғанша қайталаймыз. Ең соңында тұнба бетіндегі суды төгеміз, ал шөгіндіні үлкен төсеніш шынысына (7-10 см) түсіріп микроскоппен тексереміз. Бұл әдісті күйістілер, етқоректілер және құстардың тремотоздарын және басқа жануарлар гельминтоздарын аднықтауға тқолданады.
Құрама әдістері: Бұл әдістер гельминттер жұмыртқаларымен шөгінуіне және флотацияға негізделген, сондықтан басқа әдістерден бұл нәтижелі әрі тиімді. Өзге әдістерге қарағанда жұмысы күрделі болғандықтан, лабороторияда сирек қолданылады.
Дарлинг әдісі. Қиды (1-2 г) 20-30 мл суы бар стаканға езіп, центрифуга пробиркасына сүзіп, 1-2 минут қондырғылайды, содан соң бетіндегі сұйықтық қабатын төгіп тұнбасына құрам бөлігі бірдей глицерин мен натрий хлоридын құяды. Пробиркадағы қоспаны шайқаған соң екінші рет қондырғылайды. Бетіне қалқып шыққан жұмыртқаларды пленкасымен бірге сым тұзағымен алып төсеніп шынысына өткізіп микроскоптаймыз. Глицерин болмаған жағдайда, оның орнына, екінші рет қондырғылаудан алдын қаныққан натрий хлорид ерітіндісін қолдануға болады. Бұл әдісті көбінесе шошқа нематодоздарында қолданады.
Щербович әдісі. Қиды тексеру әдісі Дарлинг әдісіндей. Ерекшелігі сонда, екінші рет қондырғылаудан алдын тұнбаға қаныққан ағылшын тұзы
ерітіндісін немесе натрий нитратын (шошқалардың метастронгилезында) және натрий тиосульфатын (макраканторинхозда) қосады. Бұл әдіс өте нәтижелі.
Гельминтоларвоскопиялық әдістер.
Берман - Орлов әдісі. Қиларды тексеру үшін орташа шұқырықтан, резеңке түтіктен (ұзындығы 10 - 15см) жоғарғы ұшы шұқырықпен жалғасқан, төменгі ұшында қысқышы, металл сүзгіші, марля және штативы (абақ) бар (бір немесе бірнеше аппаратқа) аппаратын қолданады. Құрастырылған аппаратты жылы (37 - 40) сумен толтырады. Сүзгішке 10 - 15г жаңа алынған қиды марлямен орап шұқырыққа салады (қи құмалақтарын майдалаған дұрыс болады).
Содан кейін түтікке қысқышын босатып, аққан сұйықтықты пробиркаға жинап 2 - 3 минут қондырғылайды. Жоғарғы сұйықтық қабатын төгіп, түбіндегі қалған сұйықтықты үлкен төсеніш (7х10см) шыныға өткізіп микроскоппен тексереді. Көптеген лабораторияларда аппараттағы резеңке түтігіндегі қысқыш ыңғайсыз деп санайды, сол себептен резеңке түтігін кіші пробиркамен немесе центрифуга пробиркасын жалғастырады. Бұл жағдайда қондырғыға салмай, бірден микраскопен тексеруге болады. Күйістілер диктиокаулезы мен простронгиллезынды диагностикалау үшін негізгі әдіс ретінде қолданады.
Вайда әдісі. Жаңадан алынған бірнеше (4 - 5) қой және ешкі құмалақтарын бактереологиялық ыдысқа (тостағанша) немесе 7м шынысына 15 - 30 минуттан соң қи құмалақтарын алып тастап, қалған сұйықтықты микроскоппен нематодтардың тірі личинкаларында тексереді. Берман - Орлов әдісіне қарағанда, бұл әдіс онша нәтиже бермейді. Сол себептен диктиокаулезды диагностикалау үшін сирек қолданады, малдардың протостронгилидоздарын диагностикалауға тіпті қолданбайды.
Жеңілдеткен ларвоскопиялық әдіс. Қойлардан немесе ірі қарадан алынған қиды (5г) марля салфеткасына орап немесе елеуішке жартылай конусты сыйымдылығы 30-50 мл стаканға салады (қи стаканның түбіне тимеу керек), содан соң жылылығы 37 - 40 градус су құяды. 3 - 4 сағат өткен соң қойлардан алған қи сынағын стаканнан алады, ірі қара төлдерінің қи сынағын 7 - 10 сағат өткен соң, 10 - 15 минут өткеннен кейін тұнба бетіндегі сұйықтықты төгеді немесе спринцовкамен сорып алады. Тұнбаны үлкен шыныға (7 - 10см) өткізіп микроскоптайды.
Кейінгі кезде гельминтоларвоскопиялық тексеруді жылдамдату мақсатында қойлар диктиокаулезына экспресс - диагностиканы ұсынады. Қи сынауын (3 - 5г) жылы су (20-22 градус) құйылған пробиркаға салып екі
минут қондырғылайды. Содан кейін сынауды пинцетпен алып тастап, суды тұнбаға дейін төгеді, ал тұнбаны шыныға салып микроскоптайды(Г.А. Котельников).
Гельминтоскопиялық немесе макрогельминтоскопиялық әдістер.
Гельминтоскопия да (көру) жануарлар қиында өзінше немесе медикаменттің әсерінен шыққан гельминттерді немесе олардың фрагменттерін көруге болады (күйістілерде мониезияда және тизаниезияда, қаздарда дрепонидотениялар ж.б). Ұсақ паразиттерді табу мақсатында ірі қара қиының бір бөлігін ұсақ және орташа жануарлар қиының бір кездегі порциясын біртіндеп сумен шаю әдісімен тексереді.
2 - жұмыс. Шаруашылықта пироплазмидоз ауруларын дұрыс және дер кезінде анықтау тиімді емдеудің және алдын алу шараларының міндетті шарты болып табылады.
Диагноз қоюдың табысты болуы, аурудың клиникалық белгілерін. Паттаномиялық өзгерістерін ескеру, өлген жануардың әр түрлі мүшелері мен ұлпаларындағы өзгерістерін, өлген жануарлардың перенхиматоз мүшелерінің жағындысын және ауру жануардың боялған қан жағындысын микроскоппен тексеріп қорытындысын талдау.
Ақырғы диагноз пироплазмидозға микроскоппен тексеріліп қойылады. Бұл ұшын құлақ ұшынан қан жағындысын алады. Қан алатын орнының жүні қырқылып, спиртпен немесе эфирмен сүртіледі.
Бетінде жатқан көк тамырды инемен тесіп, алғашқы қан тамшысын алып, жонылған шынымен майсызданған төсеніш шынысына жағады. Жағынды жұқа, тегіс және шынының екіден үш бөлігінде жағулы болу керек. Жағындыны ауада кептіріп 5 мин. метил спиртімен бекемдейді де Романовскийдің - Гимза бойынша бояйды. Бояудың қоюланған ерітіндісін дистилденген сумен (бояудың екі - үш тамшысын 1мл суға) араластырады. Дайын ерітінді жағындының астына құйып, бояу астында, жылы кезде 30-40 минут, ал салқын кезде 60 минут ұстайды. Боялған жағындыны су құбырындағы сумен жуып, кептіріп микроскоптың иммерсиялық жүесімен тексереді.
Пироплазмидттер эритроциттерде жақсы көрінеді, пішіндері сопақша, сақина тәрізді, алмұрт тәрізді болады. Паразиттің цитоплазмасы көк түске, ал ядросы қоңыр - қызыл немесе қызыл - күрең боялады. Микроскоп арқылы қоздырғыштың морфологиясын зерттеп, қай түрге жататындығын анықтап диагнозын қояды.
Пироплазмидозды анықтауда химиотерапиялық әдісті де қолдануға болады. Оны ұқсас ауруларды дифференциялауға қолданады. Мысалы: жылқылардың пироплазмозында трипансинь трипанблау өте нәтижелі.
Препаратты қолданғанда 24-28 сағаттан кейін температурасы түсіп, қанда паразитемия жоғалады, ал нутталлиозда жануарға да, қоздырғышын да ешқандай әсер етпейді.
Франсаиеллез ауру таралған жерлерде, ауру жануарлардың алғашқы 2-3 күні темперетурасының көтерілгендігі байқалады, бірақ қанда паразиттерді тексергенде табылмайды. Бұл жағдайда диагностиканың химиотерапиялық әдісі қолданылады.
Ауруларға беренилді немесе азидинді қолданғанда бір тәуліктен соң температура нормасына қалыпты мөлшері дейін төмендейді. Ірі қараның тейлериозында алғашқы 2-3 күнінде перифериялық шеттік қан тамырларында тейлериялар табылмайды, бұл кезде сол түйіндерінен, көкбауырдан немесе бауырдан пунктат тесіп зат алу алып, жағындысын бояп тексергенде, алмұрт денесі түрінде көруге болады. Сондықтан тейлериозда, аурудың алғашқы күндері сол түйіндерді функциялайды (мүшені тесу). Бұл үшін 5 - 10 грамдық шприцпен егу инесін қолданамыз. Сол түйін орналасқан жерін жүнін алып, 5 процентті йод ерітіндісін немесе спиртті жағады. Сол қолмен түйінді ұстап, оң қолмен инені ортаңғы бөлігіне кіргізеді, шприцпен пунктат сорып алынып одан жағынды жасалады, соң этиль спиртімен бекітіп, Романовский-Гимза бойынща бояйды. Мұндай жағындыда алмұрт денесін табады. Егерде, ауырғанына 2-3 күннен көп болса, жағындыны құлағынан алып Романовский-Гимза бойынша бояйды. Бұл жағдайда жағындыда сопақша, сақина тәрізді, үтір секілді және алмұрт формалы тейлерияларды табамыз.
Пысықтау сұрақтары:
Гельминтокопрологиялық зерттеулердің қандай түрлері бар?
Гельминтоовоскопиялық әдіс дегеніміз не?
Флотация әдістерін қалай жүргізеді?
Фюллеборн әдісін қалай пайдаланады?
Зерттеуде қолданылатын тұндыру және біртіндеп шаю әдісін түсіндір
Қан жағындысын қалай дайындайды?
Қан жағындысын қалай дайындауға қан дай қажетті құрал- жабдықтар?
Дайындаған қан жағындыларын қалай бояйды?
№2 зертханалық жұмыс
Тақырыбы: К. И. Скрябин бойынша өлексені және жеке мүшелерді толық гельминтологиялық жару әдістері. Гельминттердің аралық иелерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты: Өлексені және олардың жеке мүшелерін зерттеуге гельминтологиялық жару әдістерін үйрену. Гельминттердің аралық иелерін зерттеп тану.
Қажетті құралдар мен жабдықтар: Эмальданған тостағанша және кьюветтер, тура қайшылар, скальпельдер, препоровальдық инелер, көз пипеткалары, бактериологиялық табақтары, цилиндрлер, көлемі 1 және 0,5л шыны банкілері, компрессориялар, төсеніш және жапқыш шынылары, микроскоптар, қол лупалары, шыны таяқшалар, пробиркалар (шыны түтіктер немесе тығыны бар флакондар), Арбагалло сұйығы, 70% спирт, таза өлекселер немесе құстар, қойлардың т.б жануарлардың бауырлары, өкпелері, ішектері.
Тапсырмалар:
Құстардың өлексесін және сүтқоректі лердің жеке мүшелерін толық гельминтологиялық жару техникасын игеру (өкпе, ішектер, т.б).
Табылған гельменттерді жинау және оларды консервациялық сұйықтарында бекемдеу (бүлінүден қорғайтын).
Трематодтарды, цестодтарды, нематодтарды және акантоцефалларды айырып танып үйрену.
жұмыс. Толық гельминтологиялық жару әдісі. Бұл әдіспен жануарлар әр түрлі мүшелер мен ұлпалардағы паразиттік құрттардың барлығында сандық және сапалық есепке алуына мүмкіндік береді. Бұл әдісті жүргізу қиындығына байланысты практикада сирек қолданады. Жарудан алдын мұқиятпен тері жапқынындағы өсінділерге, төбешіктерге, қан тамуына көңіл аудару керек. Содан кейін терісін алып жасымықтан нематодтарды іздейміз. Құрсақ және көкірек қуыстарын жарып бөлек мүше жүйелерін алып ыдыстарға (кьюветтерге, шелекке, шлапшынға) салады. Ішкі мүшелерді алған соң құрсақ және көкірек қуыстарын көреді, бөлек қандарын жинайды, бас миы мен жұлынды, көзді алып, ауыз, мұрын қуыстарын тексереді, қырнауын алады. Бұлшықет топтарын, синовиялдық буын қуыстарын мұқият тексереді. Содан кейін ішкі мүшелерін жарып біртіндеп сумен шаю және компрессорлық әдістермен тексереді (құрғақ жолмен).
Біртіндеп сумен шаю әдісі мүшелерді тексеру үшін өте көп су және ыдыстар талап етіледі. Бұл әдіспен ауылшарушылық жануарлары мен құстардың ас қорыту мүшелерін, бауыр мен өкпені тексереді, бірнеше рет сумен жуып, сонан соң матрикстерін кезекпен қара және ақ фонда тексереді. Компрессор әдісімен мүшелер мен ұлпаларды тексереді. Алдынғы әдіске қарағанда сирек қолданылады.
жұмыс. Гельминттердің аралық иелерін зерттеу. Жануарларды мұқияттап тексеру тек жартылай шаруашылықта гельминтологиялық жағдайды білуге болады. Жануарлардың сыртқы орталарымен байланыстарының барлығын толық ашпайды, гельминтоз бастауының циркуляциялау жолдарын көбінесе анықтау мүмкін емес, сондықтан жануарларды гельминтозға тексерумен бірге үлкен практикалық маңызы үлкен гельминттердің дернәсілдік сатысын табу мақсатында, олардың аралық иелерін тексеру керек.
Гельминттердің аралық немесе қосымша иелері көптеген су және жер беті омыртқасыз жануарлар денесінде жай көзбен көру мүмкін емес, сондықтан оларды табу және анықтау үшін бинокулярлы стереоскопиялық микроскопты (МБС-1), бинокулярлық микроскопты (БМ-51-2), т.б приборларды қолданады. Гельминттердің дернәсілдік сатылары аралық иесі денесінде дамудың әр түрлі сатысында болады, әсіресе байқалатыны инвазиялық дернәсілдер сатысы. Паразиттік құрттардың мекендеу орындары маңызы және аралық иесінің денесіндегі дернәсілдердің морфологиялық ерекшелігі оларды дифференциялауға оңайлатады (түріне дейін анықтауға).
Лабороторияларда паразиттік құрттар дың дернәсілдерінің барлығындағына (тұщы судағы және жер бетіндегі ), шаян тәрізділердің (жамбас құрттарды, дафнияларды, циклоптарды), жауын құрттарын, орибатеид кенелерін, жәндіктерді (қоңыздарды, шыбындарды, тас шыбындарды және құмырсқаларды) жаңа кезінде көбінесе компрессорлық әдісімен тексереді. Жақсы көрінуі үшін ұлуларды алдын ала бақалшақтарынан ажыратып, қос қанатты бунақденелердің қанаттарын алып төсеніш шыныда немесе сағат әйнегінде тамшы суда жарып тексереді (қоңыздарды және олардың дернәсілдері орибатид кенелерін).
Қорытындысында аралық иелерінің гельминттен белгілі бір түрімен экстенсивті және интенсивтік зарарланғандарын анықтайды.
Пысықтау сұрақтары
Гельминтологиялық жару әдісінің маңыздылығы қандай?
Гельминтологиялық жару әдісінде қандай құрал - жабдықтар пайдаланады?
Гельминттердің тұрақты препаратын қалай дайындайды?
Гельминттердің аралық зерттеу жұмыстары қдалай жүргізіледі?
Гельминттердің аралық иелері нелер болып табылады?
№3 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Потогенді саркодалылар (Carcodina)
Сабақтың мақсаты: Патогенді саркодалылардың ерекшеліктерімен, олар тудыратын ауру түрлерімен таныса отырып, олардан сақтану және емделу жолдарын үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: Микроскоп және онымен жұмыс істеуге қажетті құралдар, тұрақты препараттар.
Тапсырмалар:
Дизентерия амебасының құрылысымен танысу.
Дизентерия амебасын кәдімгі амебамен салыстыру.
Дизентерия амебасының тіршілік ерекшеліктерімен танысу.
Қарастырған объектінің құрылысы мен тіршілік циклының суреттерін салу.
Жұмыстың барысы:
Дизентерия амебасын жұқтырған адамның қалдығынан жасалған тұрақты микропрепарат. Препарат Гейденгайн әдісі арқылы гемотоксилинмен боялған. Препараттан дөңгелек формалы эритроциттерді көруге болады. Олардың араларында амебалар орналасқан. Амебаның дәнтәрізді эндоплазмасында күңгірт боялған ас қорыту вакуольдері көрінеді. Эктоплазмасы түссіз. Ядрошықтары бар ядролары жақсы көрінеді. Жиырылғыш вакуольдері жоқ. Еркін тіршілік ететіндерге қарағанда протоплазмасы гипотониялы. Дизентерия амебасының тіршілік орнын сипаттап, ішектің шырышты қабатына қалай еніп, тамырларды қалай зақымдайтынын түсіндіріңіз. Препараттан амебаның цистасын анықтап, оның формасы мен ядросын сипаттаңыз. Паразиттік амебаның тіршілік циклының суретін салып, даму кезеңдерін көрсетіңіз.
Пысықтау сұрақтары:
Паразитті формалардың еркін тіршілі к ететін формалардан қандай айырмашылықтары бар?
Дизентерия амебасынан қалай емделуге және сақтануға болады?
Патогенді саркодалылардың адамдар мен жануарларға жұғу жолдары?
Патогенді амебалардың қандай түрлері бар?
№4 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Патогенді талшықтылар (Mastigophora)
Сабақтың мақсаты: Патогенді талшықтылардың ерекшеліктерімен, олар тудыратын ауру түрлерімен таныса отырып, оардан сақтану және емделу жолдарын үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: Микроскоп және онымен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар, тұрақты препараттар.
Тапсырмалар:
Трихомонаданың құрылысы мен тіршілік ерекшеліктерімен танысу.
Лямблияның құрылысы мен тіршілік ету ерекшеліктерін анықтау.
Лейшманияның құүрылысы мен тіршілік ерекшеліктерімен танысу.
Трипоносоманың құрылысы мен тіршілік ерекшеліктерімен танысу.
Қарастырған объектілердің құрылысы мен тіршілік циклының суреттерін салу.
Жұмыстың барысы:
жұмыс. Трихомонадамен ауырған адамның қынап сұйықтығынан жасалған тұрақты микропрепарат. Арнольдов әдісімен боялған. Сұйықтық элементтерінің арасынан трихомонаданы тауып, құрылыс ерекшелігіне көңіл бөліңіз. Денесінің алдыңғы жағында күлгін түске боялған ядросын көруге болады. Жылтырақ түзіліс ретін аксостиль жақсы байқалады. Препараттан талшықтарының санын, ундулирлі мембранасын табыңыз. Трихомонаданың формасын анықтаңыз. Трихомонададан қандай аурудың түрі пайда болатындығын анықтаңыз және олардан сақтану жолдарын қарастырыңыздар.
жұмыс. Лямблиозбен тауырғандардың экскерменттерінен жасалған микропрепарат. Экскерменттер арасында көптеген лямблиялар (жиардия) көрінеді. Олардың дене симметриясына көңіл аударыңыздар. Денесінің ортаңғы сызығы бойында орналасқан аксостиль (жұп) және екі ядросын табыңыз.
Анықтап қараса талшықтарын да көруге болады.
жұмыс. Адамның эндотелий клеткасындағы тропикалық лейшмания микропрепараты. Лейшманияның клетка ішілік формасының талшықтарының жойылуына көңіл бөліңіз. Лейшманияның лептомонадалы формасының клетка ішілік формадан айырмашылығын сипаттаңыз. Лейшманияны тасымалдаушы организмді анықтап, олар тудыратын ауруларға сипаттама беріңіз.
жұмыс. Жылқы қанадағы трипопоносома микропрепараты. Боялған тұрақты микропрепарат. Препараттан әлсіз күлгін және әлсіз қызғылт түске боялған көптеген эритроциттер және бірен-саран лейкоциттер мен лимфоциттер көрінеді. Қан элементтерінің арасында сәл иілген құртқа ұқсас трипоносомалар орналасқан. Трипоносоманың айналасындағы қан клеткаларына көңіл аударыңыз. Трипоносомалар клетка ішілік паразиттерге жататынын не жатпайтынын, эритроциттермен салыстырғанда мөлшерін анықтаңыз. Трипоносоманың ядросын, ундулирлі мембранасын, талшықтарын , блефаропластарын табыңыз. Олардың трихомонададан, лямблиядан, лейшманиядан морфлогиялық ерекшелігін анықтаңыз.
Пысықтау сұрақтары:
Паразитті формалардың еркін тіршілі к ететін формалардан қандай айырмашылықтвры бар?
Патогенді талшықтылардың адамдар мен жануарларға жұғу жолдары?
Талшықты паразиттердің қайсысы біздің елімізде кездеседі?
Трипоносома, лямблия, лейшмания, трихомонададан қалай сақтану керек?
Трипоносома қандай ауру тудырады?
Трипоносоманың тасымалдаушысы кім?
Трихомонадтардың қандай түрлерін білесіз?
Лейшманияның қандай түрлерін білесіз?
Лейшманияның тасымалдаушысы кім?
№5 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Паразиттік тіршілік ететін кірпікшелілер. Балантидия Сабақтың мақсаты: Патогенді кірпікш елілердің құрылыс
ерекшеліктерімен, олар тудыратын ауру түрлерімен таныса отырып, олардан сақтану және емдену жолдарын үйрену.
Қажетті құрал-жабдықтар: Микроскоп және онымен жұмыс істеуге қажетті құралдар, түрақты препараттар.
Тапсырмалар:
Паразиттік тіршілік ететін кірпішел ілердің құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Балантидияның құрылысы мен тіршілік ерекшелітерімен, адамға тигізетін зиянды әрекетімен танысу.
Қарастырған объектілердің құрылысы мен тіршілік циклінің суреттерін салу.
Жұмыстың барысы:
Балантидиозбен ауырып қайтыс болған адамның ішек қабырғасынан жасалған препарат. Balantidium coli дене пішіні сопақша, ядросы күңгірт, бұршақтәрізді. Макронуклеустың иілген тұсында микронуклеус орнаоасады. Препараттан балантидия анықтап, оның формасы мен ядросын сипаттаңыз. Паразиттік тіршілік циклін, даму кезеңдерін, ауруды, оның таратушылырын сипаттаңыз.
Пысықтау сұрақтары:
Паразитті формалардың еркін тіршілі к ететін формалардан қандай айырмашылығы бар?
Балантидиядан қалай емделуге және сақтануға болады?
Патогенді кірпікшелілердің адамдар мен жануарларға жұғу жолдары.
№6 Зертханалық жұмыс.
Тақырыбы: Кокцидиялардың құрылысы және даму циклы. Сабақтың мақсаты: Споралылардың

Споралылардың тіршілік ететін және құрылыс ерекшеліктерімен танысу.
Кокцидиялардың құрылысы мен тіршілік ерекшеліктерімен танысу.
Қарастырған объектінің құрылысы мен тіршілік циклінің суреттерін салу.
Жұмыстың барысы: Кокцидиоздың тіршілігі мекен ету ортасы және көбеюі. Кокцидиоздың ағзаға тигізетін кері әсерлерін анықтау. Оларда пайда болатын ауруларды алдын алу жолдарын қарастырыңыз.
Пысықтау сұрақтары:
Споралылардың қандай түрлері бар?
Споралылардың қайсысы біздің елімізде кездеседі?
Споралылардан қалай сақтану керек?
Кокцидиоз қалай дамиды?
Кокцидиялардан туындайтын аурулардың түрлері?
Кокцидияның тасымалдаушысы бар ма?
№7 Зертханалық жұмыс.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz