Орталық жүйке жүйесіндегі жүйке орталықтарының қызметі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 95 бет
Таңдаулыға:   

1-тақырып. Кіріспе. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

  1. Кіріспе
  2. Оқушылардың физиологиялық дамуының зерттеу әдістері
  3. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
  4. Адам жасының кезеңдері

Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы ғылымның екі саласын қамтиды: физиология және гигиена. Жас ерекшеліктер физиологиясы адам организмінің, жеке мүшелерінің, мүшелер жүйесінің қызметтерінің жас ерекшеліктерінің заңдылықтарын, даму жолдарын қарастырады. Гигиена денсаулық сақтау шараларын қарастырып, түрлі ұсыныстар жасайды.

Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы физиология және биология ғылымдарының көптеген саласымен байланысты. Мысалы: цитология, гистология, анатомия, биофизика және биохимия және т. б.

Оқушылардың физиологиялық дамуының зерттеу әдістері :

1. Бақылау әдісі - сыртқы ортаны танудағы негізгі әдістеме. Бұл әдістеме барлық ғылым салаларында кеңінен пайдаланылады.

2. Тәжірибе әдісі екіге бөлінеді: табиғи және зертханалық. Табиғи тәжірибе қалыпты жағдайда жүргізіледі. Айталық, баланың көру қабілетінің өзгеруін тексеру үшін, оның көру қызметін мектептегі оқуға дейін және оқуын аяқтаған кезде анықтайды, яғни оқу барысында табиғи жағдайда зерттейді. Зертханалық тәжірибе арнайы жасалған жағдайда жүргізіледі.

3. Функционалдық жүктеме немесе сынау әдісі . Бұл әдісте бала организмінің мүшелерінің қызметін, оған мөлшерленген жүктеме беру арқылы, оның әсерінің ұзақтығын немесе әсер ету қарқынын өзгерте отырып, түрлі жағдайларда анықтайды. Мысалы, зерттеуші баланың тыныштықтағы қалыпты жағдайында жүректің соғу жиілігін анықтайды, содан кейін бала 100 м қашықтықты жүгіріп өткен соң оның жүрегінің соғу жиілігін тағы да анықтайды.

4. Антропометриялық әдісі (дененің физикалық көрсеткіштерін өлшеу әдісі) - балалар мен жасөспірімдердің өсуін анықтайды. Бұл әдісте баланың бойын, кеуде шеңберін үш жағдайда (дем алғанда, дем шығарғанда, тыныштық күйінде), бас шеңберін және дене салмағын анықтайды. Дене салмағын таңертең аш қарынға, бала бойын жеңілдеткеннен кейін анықтайды.

Оқушылардың физиологиялық дамуының дамуы . ХІХ ғасырда еңбек еткен ғалымдар балалр анатомиясы мен физиологиясының педагогика мен тәрбие жұмыстарын дамытудағы маңызын алғаш рет дәріптей бастады. К. Д. Ушинский балалардың дене құрылысы мен мүшелер қызметін білмей тәлім-тәрбие жұмыстарын, балаларға білім беруді бағытталған дұрыс жолға қою мүмкін еместігін айтқан.

Атақты ғалым физиолог И. П. Павлов «Балаларды тәрбиелеу мен оларды дамыту физиологияға негізделуі керек, » - дейді. 1923 жылы И. П. Павловтың «Жануарлардың жоғары жүйке әрекеттерін объективті зерттеудің жиырма жылдық тәжірибесі» атты кітабы жарыққа шықты. Осы тұста А. А. Ухтомскийдің «Доминанта жүйке орталығының жұмысшы принципі» тақырыбында мақаласы шықты. Онда нейрофизиология мен жоғары жүйке әрекетінің физиологиясының дамуының маңызы туралы айтылған.

Алғаш рет 1939 жылы А. Н. Северцев тұжырымдаған, кейіннен П. К. Анохин дамытқан системогенез туралы ілімнің мүшелер мен мүшелер жүйелерінің гетерохронды түрде болу негізінің жасқа байланысты физиологияның дамуына ықпалы күшті болды.

А. А. Маркосян 1969 жылы биологиялық жүйелердің бірліктігі тірі организмдердің қасиеттеріне негізделген жекеленіп дамудың жалпы заңдылығы екенін тапқан. Биологиялық жүйелердің бірінің қызметін екіншісі жартылай болса да орындай алуы, қайталауы, мүмкінділігінің қажеттіліктен артық болуы, оның жеке бөлімдерінің тұрақты қалпына тез келуін қамтамасыз етеді.

Жеке басының дамуы кезіндегі мүшелер қызметінің қалыптасу заңдылықтарына орыс ғалымдары И. П. Павлов, В. М. Бехтерев, И. А. Аршавский, А. Г. Хрипкова, т. б. ат салысқан. Олардың еңбектерінің арқасында баланың жасына лайық шартты рефлекстердің қалыптасуы, бағдарлау реакциясының дамуы, сөйлеу қабілетінің қалыптасып дамуы, түрлі эмоциялық жағдайлардың байланысы, өзгермелі сыртқы ортаның жағдайларына бейімделу заңдылықтары анықталды.

Жасқа байланысты адам денесінің құрылысы мен қызметін зерттеудің пәрменді дамыған мерзімі 1960-1980 жылдар. Бұл кезде балалардың денесіндегі зат алмасу, энергия алмасуы, тыныс алу, газ алмасу, асқорыту, зәр шығару ерекшеліктері, жүрек-қантамырлары жүйесінің өсіп дамуы толығымен зерттелді.

Мектеп гигиенасы ғылымының қалыптасуы мен дәуірлеуі ХІХ ғасырдың ортасында бастауыш және орта мектептерде жүргізілген бақылаулар мен эксперименттік зерттеулердің материалдарын жинап жүйеге келтірумен байланысты.

Мектеп гигиенасының нағыз дамыған мерзімі ХХ ғасырдың 70-90 жылдары.

Балалар мен жастардың өсіп дамуына, денсаулығына, мүшелер жүйелерінің қызметіне оқыту барысындағы сабақ кестесі, еңбек мөлшері, күн кестесі, тәрбие жұмыстары зор ықпал етеді.

Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары

Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.

Даму - сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады: физикалық және функциялық .

Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі, көлемі, аумағы, салмағы.

Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы, жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутық көлемін өлшейді.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:

1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды. Өсу мен даму адам өмірінде бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда тез, қыста нашар немесе түнде бойы көбірек, күндіз аз өседі.

Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1) туғаннан 3 жасқа дейін; 2) 3-7 жас аралығы; 3) жыныстық жетілу кезеңінде.

2. Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі. Баланың алғашқы жылында миы тез өседі, 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Ал лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі қарай болады.

3. Өсу мен даму баланың жынысына байланысты. Жыныстық жетілу қыздарда 9-10 жаста, ұлдарда 10-11 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста толық жетіледі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері қыздардан жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері қайтадан қыздардан жоғары болады.

4. Функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немес мықты болуы.

Көпшілік қызметтер бірнеше мүшелерде қосарланып орындалады. Мсалы, зәр шығару өкпе, бүйрек, тері, асқорыту жолы арқылы қосарланады; баланың өсуіне қажетті жыныс гормондары жыныс безі мен бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатында түзіледі. Мұндай ұйымдасу организмге қауырт жағдайларда тірлігін сақтап қалу үшін қажет. Дегенмен балалар мен жасөспірімдердің оқуын, дене еңбегін, спортпен шұғылдануын шектеп отыру қажет. Өйтпесе бала организмі жан-жақты дамымайды. Баланың өсуі мен дамуының сыртқы белгісіне оның дене пропорциясының өзгеруі жатады. Дене пропорциясы деп адамның басытң, тұлға мен аяқтарының ұзындығына қатынасын айтады. Ересек адаммен салыстырғанда жаңа туған сәбидің аяқтары қысқа, тұлғасы мен басы үлкен болады да, олардың дене пропорциясы: басының ұзындығы 1:4, тұлғасы - 2:4, аяқтары - 1:4 болады. Мұндай пропорция 1 жасқа дейін сақталады. 2 жаста дене пропорциясы 1:5, 2:5, 2:5; 6 жаста - 1:6, 2:6, 3:6; 7 жаста - 1:7, 3:7, 3:7; 12 жаста ересек адамдардікіндей 1:8, 3:8, 4:8 қатынасындай болады.

5. Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі. Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына байланысты ауытқуы мүмкін.

6. Өсу мен дамудың акселерациясы. Акселерация дегеніміз өсу мен дамудың қарқынды жүруі. Яғни, қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады.

Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері бар:

- жаңа туған нәрестелердің ірі болуы;

- белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;

-ерте жыныстық жетілу;

-баланың сүйегінің ерте қатаюы;

-бойдың өсуінің ерте тоқтауы.

Адам жасының кезеңдері

Оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырғанда балалардың жасын белгілі бір топқа бөлуге тура келеді. Ол топтардағы балалардың жасын белгілі бір мөлшермен шектеу қажет. Осыған байланысты адам өмірін бірнеше жас кезеңдеріне бөледі. Жас кезеңдері деп өсу мен дамуы ұқсас физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегін айтады. 1965 жылы Мәскеу қаласында адам организмін зерттейтін түрлі ғалымдар өкілінің қатысуымен болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:

  1. Нәресте- алғашқы 10 күн;
  2. Емшектегі сәби -10 күн-1 жас аралығы;
  3. Алғашқы балалық шақ - 1-3 жас аралығы;
  4. Бірінші балалық шақ - 4-7 жас аралығы;
  5. Екінші балалық шақ - 8-11жас (қыз бала), 8-12 жас (ұл бала) ;
  6. Жасөспірім шақ - 12-15 (қыз бала), 13-16 (ұл бала) ;
  7. Кәмелеттік немесе бозбала, бойжеткен - 16-20 (қыз бала), 17-21 (ұл бала) ;
  8. Кемел жас (ересектіктің 1- кезеңі) - 21-35 (әйелдер), 22-35 (ерлер) ;
  9. Ересектіктің 2- кезеңі - 36-55 (әйелдер) , 36-60 (ерлер) ;
  10. Егде жас - 56-74 (әйелдер), 61-74 (ерлер) ;
  11. Қарттық жас - 75-90 (әйелдер, ерлер) ;
  12. Ұзақ жасаушылар - 90 жастан жоғары.

2-тақырып. Қозу физиологиясы

  1. Физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік
  2. Сыртқы және ішкі орталардың әсері - тітіркендіргіштер
  3. Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері

Физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік

Адам организмі екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік.

Физиологиялық тыныштық деп адам көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. Физиологиялық белсенділік кезінде зат алмасу артады, бірнеше мүшелер, мүшелер жүйесі қызметін күшейтеді. Мысалы, тамақ ішкеннен кейін ас қорыту мүшелері қызмет атқаруына байланысты оларға қоса жүрек-қантамырлар, тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің қызметі күшейеді. Мұндай жағдайда сыртқы ортаның әсері денедегі ұлпаларды, жасушаларды тітіркендіреді.

Сыртқы және ішкі орталардың әсері - тітіркендіргіштер

Адам денесіндегі көпшілік тірі клеткалардың тітіркену қасиеті болады. Тітіркену деп сыртқы және ішкі орталардың түрлі әсерлеріне жауап беру қабілетін айтады. Сыртқы және ішкі орталардың әсерін тітіркендіргіштер деп атайды. Тітіркендіргіштерді төртке бөледі: физикалық, химиялық, физико-химиялық, биологиялық.

Физикалық тітіркендіргіштер деп түрлі механикалық (соққы, шаншу, қысым, температура) және электірлік әсерлерді айтады.

Химиялық тітіркендіргіштерге тамақтың құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттар, дәрілер, улы заттар, қышқылдар, сілтілер тәрізді заттардың әсері жатады.

Физико-химиялық тітіркендіргіштерге ерітінділердегі заттардың парциалды қысымы, осмостық қысымы, иондардың және түрлі заттардың концентрациясы жатады.

Биологиялық тітіркендіргіштерге макро және микроорганизмдердің әсері жатады.

Тітіркендіргіштердің әсерінен тітіркене алатын ұлпаларды тітіркенгіш ұлпалар деп атайды. Оларға жүйке, бұлшықет, без ұлпалары жатады. Олар тітіркендіргіштердің әсеріне қозумен жауап береді. Қозу аталған ұлпалардың жұмыс қабілеті. Қозу кезінде бұл ұлпалардың электрлік және биохимиялық қасиеттері өзгереді, ұлпалар қызмет атқарады, олардың қызметі күшейеді.

Сыртқы ортаның кейбір тітіркендіргіштері әсер еткенде қозғыш ұлпалардың қозуы бәсеңдейді немесе мүлде тоқтап қалады. Мұны тежелу деп атайды. Тежелу де қозу тәрізді тірі ұлпалардың белсенді қызмет атқару күйі. Бірақ тежелу кезінде жеке мүшелерде немесе организмде бұрын басталған қызмет баяулайды, я болмаса мүлде тоқталады.

Тірі ұлпалардың электрлік қасиетін биоэлектрлік құбылыс дейді. Көп клеткалы организмдерде сыртқы және ішкі орталардың мәліметтерін қабылдап, сақтап, талдап, бір жерден екінші жерге жеткізу, қажетіне қарай қайтадан жаңғырту тарихи даму барысында қалыптасқан электр сигналдары арқылы іске асады.

Электр күшін тудыратын энергия клетка мембранасының ішкі және сыртқы жағында орналасқан оң (+) зарядты натрий, калий, кальцийдің катиондары мен түрлі теріс зарядты (-) аниондарға байланысты. Олардың бір-біріне градиенттік қатынасы (мембрананың иондық тартқыш) деп аталатын арнайы молекулалық құрлымының қызметіне негізделген. Энергия көзі саналатын иондық тартқыш-аденозинүшфосфор қышқылы (АТФ) ферменттердің әсерінен ыдырау кезінде пайда болатын энергияны жұмсайды.

Қозғыштықтың кезеңдері және өлшемдері

Қозғыштық дәрежесін анықтау үшін бірнеше параметр қолданылады. Қозу табалдырығы, әсердің пайдалы уақыты, хролаксия, лабилділік, аккомодация жылдамдығы. Көбінесе қолданылатын өлшем-қозу табалдырығы. Қозу табалдырығы деп қозу процесін тудыратын тітіркендіргіш күшінің ең аз өлшемін айтады. Әсердің пайдалы уақыты тітіркендіргіштің әсері оның күшіне ғана байланысты емес, әсердің ұзақтығына да байланысты болады. Хролаксия деп тінді қоздыратын екі реобазаға тек күш әсерінің ең қысқа уақытын (ОҒ) айтады.

Аккомодация жылдамдығы (аккомодация бейімделу) . Аккомодация жылдамдығы тінді қоздыратын тітіркендіргіштің үдеу қарқынының ең аз (минимум) уақытымен өлшенеді.

Лабильділік (тұрақсыздық ) белгілі тіннің қозғыштық дәрежесін көрсетеді. Қозу барысында мембрананың потенциалы әрекет потенциалына айналады. Тірі организмде көптеген потенциалдар кездеседі (электр тоғы) .

Мембраналық потенциал дегеніміз - протоплазма потенциалымен жасушаның сыртқы бетіндегі потенциалдар арасындағы айырмашылық. Тірі жасушаның қайсысында болсын мембраналық потенциал болады. Жасушаның тіршілігі жойылған сәтте мембраналық потенциал жойылады.

Қозу процесі пайда болған сәтте туатын потенциал - әрекет потенциалы (ӘП) . Қозуды өлшем мембрананың қызметі жүйкеге ұзақ уақыт күшті химиялық тітіркендіргіштер әсер етсе оның қозғыштық қасиеті, лабилділігі төмендейді. Оны парабиоз деп атайды. Парабиоз грек сөзі (рага - жуық, жақын, bіоs - өмір, тіршілік) Өмір мен өлім арасындағы жағдай деген мағынаны білдіреді.

6

3-тақырып. Жүйке жүйесінің құрылысы, қызметі

мен дамуы

  1. Жүйке жүйесінің маңызы
  2. Жүйкелер мен жүйке талшықтары
  3. Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы.
  4. Ми сыңарларының қызметі
  5. Вегетативтік жүйке жүйесі

Жүйке жүйесінің маңызы:

- мүшелерді бір-бірімен байланыстырып, организмнің біртұтастығын іске асырады;

- денедегі барлық мүшелердің және мүшелер жүйелерінің қызметтерін реттейді;

- организмді сыртқы ортамен байланыстырады;

- сыртқы ортаның өзгермелі жағдайына организмді бейімдейді;

- денедегі барлық жасушалардың, ұлпалардың, мүшелердің, бүкіл организмнің тірлігін қамтамасыз етеді.

Нейронның құрылысы . Жүйке жүйесінің құрылысы мен функциялық негізі - жүйке жасушасы . Жүйке жасушасын нейрон деп атайды. Нейронның денесін сома деп атайды. Оның денесі әртүрлі сопақша, ұршық тәрізді. Миелин-ақ май тәрізді липидтен тұрады. Нейронның көптеген ұсақ өсінділерін - дендриттер , ал ұзын бір ғана өсіндісін - аксон (нейрит) деп атайды. Аксонның саны көбіне біреу-ақ болады, кейде екі аксон кездеседі. Олар ұзын болады 1-1, 5м дейін жетеді. Аксонның сыртын миелин қабығы қаптап тұрады. Ол әрбір 1, 5-2 см сайын үзіліп, Ранвье белдеуіне айналады. Аксон арқылы нерв клеткасының денесінен басқа нейрондарға жұмысшы мүшеге нерв импульстары тасылады. Дендриттер- нейронның көптеген ұсақ өсінділері. Олардың ұштары сәл жуандап бұдырланады. Дентриттер көп болады. Орталық жүйке жүйесінде нейрондарды қосымша клеткалар - глиялар қоршаған. Нейрондар мен глиялар жүйке ұлпасын құрайды. Глиялар жүйке клеткаларының тірегі болып, оны қоректендіреді және электр изоляторы қызметін атқарады. Жаңа туған нәрестенің нейрондарының саны глиялардан анағұрлым көп болады, жасы ұлғайған сайын нейрондардың саны азайып, глиялар саны көбейеді.

Нейрондар бір-бірімен өсінділер арқылы байланысып, синапстарды (грекше “synapsis” - байланыс) түзеді. Синапста бір нейронның аксоны екінші нейронның дендритімен байланысады. Синапс екі бөлімнен тұрады: пресинапстық және постсинапстық. Пресинапстық бөлімнің пресинапстық мембранасы бар, ол аксонның жуандаған ұшы - синапс түймешесінің қабығы. Синапс түймешесінің іші синапстық көбікке толы болады. Бұл көбік медиатор деп аталатын белсенді химиялық заттан тұрады. Қозуды қабылдайтын дендриттің қабығын постсинапстық мембрана деп атайды. Пресинапстық және постсинапстық мембраналардың арасында синапс аралығы болады. Ол - клектааралық сұйыққа толы кеңістік.

Әр нейронның денесіндегі синапстардың саны 100, тіпті бірнеше мыңға дейін болуы мүмкін. Ал, әрбір талшық 10 мыңға дейін синапс түзеді. Синапстардың екі түрі бар: қоздырушы және тежеуші. Жүйке талшығы арқылы келген қозу синапстық көбіктегі медиатордың пресинапстық мемранасынан өтіп синапс аралығына құйылады. Медиатор синапс аралығына тарап, постсинпстық мембрананы тітіркендіреді. Пост. синапстық мемб. қозуға айналады.

Адамның миы нәтижелі еңбек еткен сайын оның синапстары көп болады. Сондықтан жаңа туған нәрестелерде синапстар аз болып, ержеткен сайын көбейе түсіп, ересек адамдарда көп болады.

Жүйкелер мен жүйке талшықтары . Сырты қабықпен қапталған жүйке жасушаларының өсінділерін жүйке талшықтары деп атайды. Жүйке талшықтары 2 түрлі болады: миелинді және миелинсіз. Миелинді жүйке талшықтарының сыртын миелин қабығы қоршаған, миелинсіз жүйке талшықтарының сыртын эндотели қабығы қоршаған.

Миелинсіз жүйке талшықтарының бойымен қозу үздіксіз жүріп отырады, ал миелинді жүйке талшықтарының бойымен бір Ранвье белдеуінен екіншісіне секіріп өтіп, қозудың қозғалысы жылдамдайды. Жүйке талшығы арқылы қозудың өтуі жүйке талшықтарының диаметріне де байланысты. Жүйке талшықтарын диаментріне байланысты 3 топқа бөледі: А, В, С талшықтары.

А тобының талшықтарының диаметрі 22 мк, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 120 м.

В тобының талшықтарының диаметрі 3 мк-ға дейін, миелин қабығы болады, қозудың жүру жылдамдығы секундына 5 м.

С тобының талшықтарының диаметрі 1 мк-ға дейін, миелин қабығы болмайды, қозудың жүру жылдамдығы секундына 2 м.

Балалрдың денесінде С тобының талшықтары көбірек болады. Бірақ бала өскен сайын жүйке талшықтары жуандап орталық жүйке жүйесінде де және шеткі жүйке жүйесінде де қозуды өткізу жылдамдығы артады.

Жүйке талшықтары организмде топтасып дәнекер ұлпадан тұратын қабықпен қапталып жүйкелерге айналады. Бір жүйкенің құрамында қозуды орталыққа жеткізетін (афференттік) және қозуды орталықтан жұмысшы мүшеге әкелетін (эфференттік) талшықтар болады.

Орталық және шеткі жүйке жүйелерінің құрылысы, қызметі және дамуы.

Адамның жүйке жүйесі орталық және шеткі жүйке жүйесі болып бөлінеді.

Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады. Жұлын омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамдарда жарты метрге жуық, салмағы 37-38 г. Жұлынның жоғарғы ұшы сопақша мимен жалғасады да, төменгі ұшы шашақтанып І және ІІ бел омыртқа тұсында бітеді.

Адамның жұлыны 31-33 сегменттен тұрады: 8 мойын, 12 арқа, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құймшақ бөлімдері. Әр сегменттен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкелеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкелер) . Жалпы жұлыннан 31 жұп жүйке тарайды. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (І жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының бұлшықеттерін жүйкелендіреді. Әрбір бөлім өзіне тән жерлерін жүйкелендіреді.

Жұлын екі түрлі қызмет атқарады: өткізгіштік және рефлекторлық (тізе рефлексі, зәр шығару эякуляция, жыныс мүшесінің эрекциясы) . Оның бойымен дененің барлық бөлімдерінен миға импульстар тасылады, ал мидан жүйке импульстары мүшелерге барып, олардың қызметңін реттейді. Жұлында адамның қарапайым рефлекстерінің орталықтары орналасқан. Адамның өмірі үшін маңызды рефлекстер (зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, шәухат шығару рефлекстер) және тізе рефлекстер жұлынның қатысуымен жүреді

Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы қарқынды жүреді де, 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын қалады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жасқа жуықтағанда аяқталады.

Адамның миы орталық жүйке жүйесінің ең маңызды бөлігі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық жүйке жүйесінің бөлімдері
Жүйке тіндері. Жүйке тіндерінің химиялық құрамы мен биологиялық қызметтері
Нейронның құрылысы қызметі
Рефлекс және оның түрлері, олардың түзілу механизмдері
Шартсыз рефлекстердің классификациясы
Орталық жүйке жүйесіндегі қозу
Қозу мен тежелу
Орталық жүйке жүйесіндегі нерв орталығының қызметтері
Антихолинэстеразды заттардың сипаттамасы. Холиноблокаторлар. Андреноблокаторлар
Жүйке жүйе физиологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz