Оқушылардың шығармашылықты дамытуының өлшемдік сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТЕН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Мектеп оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің стартегиялары мен тиімділігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент 2022
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Мектеп оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің стартегиялары мен тиімділігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті

Шымкент 2022
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
І. 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫҢ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ
5-сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің психологиялық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5
1.2 5-сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің педагогикалық негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

22

ІІ. 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУДІҢ СТАРТЕГИЯЛАРЫ МЕН ТИІМДІЛІГІ
2.1. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының старатегиялары мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

30
2.2. Сыни тұрғыдан ойлаудың тиімділігі мен сабақ үлгілері ... ... ... ... .

44
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...
61

КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Егемендік алған еліміздің басты атрибуттарының бірі мемлекеттік тіл болғандықтан, қазіргі таңда қоғамның барлық саласында қазақ тілінің қолданыс аясы кеңейе түсуде. Осы үрдістің өміршең болуы қазақ тілін білім берудің барлық сатыларында сапалы әрі өз табиғатына, өз болмысына сай меңгертумен тығыз байланысты. Сондықтан білім беру жүйесінің маңызды буыны жалпы білім беретін мектептердің орта сатысында қазақ тілін ана тілі ретінде оқытудың тиімді жолдарын табу аса өзекті мәселенің бірінен саналады. Өйткені бүкіл білімді меңгертудің ең басты құралы тіл болғандықтан, қазақ тілі пәнінің оқушының интеллектісі мен өмірлік дағдыларын дамытудағы орны ерекше. Қазақ тілі тек пәндік сипатқа ие емес, тіл арқылы өзге пәндерді меңгертудің құралы, оқушы дүниетанымын қалыптастырудың негізі, оның тұлғалық қабілеттерін жетілдірудің басты тетігі саналатын тілдік және қатысымдық дағдылары кеңейіп, өмір салтын қалыптастыруға іргетас қаланады. Пәннің осындай аса күрделі міндеттерді орындау талабы оның ішкі әлеуеті мен оқыту сапасын заман талабына сай үнемі жетілдіруді қажет етеді. Осы бағыттағы оқыту міндеттерінің орындалуы тиіс барлық іс-шаралар пәннің оқушы үшін белгілі бір мәнге ие болуымен байланысты қарлады. Ал мәнге ие болуы ол пәнді оқыту үдерісінде баланың табиғи даму жүйесі мен оқытуға қойылып отырған әлеуметтік сұранымның өзара үндестігіне келіп саяды. Зерттеу тақырыбына арқау болып отырған оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастырудың мүмкіндіктері мол. Тіл - кез келген тұлғаның интеллектуалдық әлеуетінің басты шарты саналады. Екіншіден, бүгінгі тілді оқытуға қойылып отырған қоғамның талабы оқушыны әлеуметтендіру, олардың ортада өзін-өзі танытуына, өзгелермен тіл табыса алуына, проблемалық жағдаят туындаған сәтте өзін-өзі алып шығуға қажетті дағдыларды меңгерту болғандықтан, оқушға сыни тұрғыдан ойлауды меңғгертудің басымдылыққа ие болып отыр.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Заман талабына сай білім берудегі жаңа оқыту технологияларын енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында бала белсенділігі мен дүниетанымын оқытуға негізделген тәсілді енгізу. Сын тұрғысынан ойлау - оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Дипломдық жұмыстың зерттелу деңгейі. Қазіргі таңда жаңа иновациялық әдістерді қалай пайдалану керектігі жөнінде зерттеулер жүргізілген.
Дипломдық жұмыстың міндеті мен мақсаты. Сабақта сыни тұрғыдан оқытуды пайдалана отырып, оқушылардың проблемалық жағдаяттан шығуға көмектеседі.
- Сабақта сыни тұрғыдан ойлау арқылы оқытудың тиімділігін, мазмұнын ашып көрсету;
- Сыни тұрғыдан ойлаудың әдіс-тәсілдерн жеке-жеке айқындау;
-Сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларының мазмұнын ашу;
- Сабақта сыни тұрғыдан ойлауды қолдана отырып, оқушылардың дамуын жетілдіру.
Зерттеу нысанасы: жалпы білім беретін мектептің бағдарлы сатыдағы қазақ тілін оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: Қазіргі жаңа оқыту технологияларының енгізілуі ізденістер мен тәжірибе жинақтау ол үшін білім жетілдіріп отыру мәселесі және орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізу мақсатында сындарлы (конструктивті) оқытуға негізделген тәсілді енгізу
Зерттеу жұмысының ғылыми, теориялық, әдіснамалық негіздері. Дипломдық жұмысты жазуда әдіскер ғалымдар Г.Н.Көшербаевтың, Л.П.Якубинский, К.А.Абдуреимованың еңбектері негізге алынды.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері. Дипломдық жұмыста миға шабуыл, талдау, салыстыру әдістері қолданылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім 2 атарудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. 5-СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУДЫҢ ҮЙРЕТУДІҢ ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

5-сынып оқушыларын сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің психологиялық негізі

Адамның мәні оның қоғамдағы алатын орны, өткені, қазіргісі, болашағы, қалыптасуы, дамуы, адамзатты үнемі толғандыратын мәселелер қатарына жатады.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында, Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында, Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасында, Білім мемлекеттік бағдарламасында, мемлекеттiк бiлiм беру саясатының тұжырымдамасында және тағы да басқа стратегиялық құжаттарда мектеп ортасында жеке тұлғаның физиологиялық және рухани мүмкіндіктерін ашу, функционалдық сауаттылығын жетілдіру, қарапайым негізгі адами қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық күш-қуатын ашуға қолайлы жағдай туғызу - ең негізгі міндеттер екендігі көрсетілген.
Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі мақсаты: әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу - деп атап көрсетілген [1].
Бұл - үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен, оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептен өз өмірін өзі реттей және басқара алатын, әлеуметтенген шығармашыл тұлға тәрбиеленіп шығады. Ал тұлғаның бойында осы қасиеттер мен қабілеттерді қалыптастыру көзі - өз ойын өрелі ойлап, орайлы жеткізер сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлікке баулу.
Алайда оқытудың шығармашылық, дамытушылық сипатын күшейтіп, сол арқылы оқушының қабілет-қарымын дамытуына жүйелі басшылық жасау, мақсатты бағыт-бағдар беру, педагогикалық ықпал ету негізінен күн тәртібінде тұрғанымен оның ішкі мазмұны ашылмай, көмескі күйінде қалып қойған кездері де болды. Оның өзіндік себептері де бар еді: бірінші - оқу үдерісін ұйымдастыруға негіз болатын нормативтік-оқу құжаттарында оқушы шығармашылығын дамытудың тиісті дәрежеде ойластырылмауы. Бұған дәлел ретінде Л.В.Занковтың зерттеу нәтижелерін айтуға болады.
Профессор Л.В.Занковтың [2] зерттеулерінде оқу бағдарламаларында төмендегідей кемшіліктер орын алып келгені туралы тұжырым жасауға тура келеді. Олар:
оқу бағдарламаларында оқытудың жүйелік ұстанымының толық сақталмауы;
оқу бағдарламаларына, оқулық мазмұнына оқушыларды қызықтыр-арлықтай теориялық мәселелердің енгізілмеуі;
оқушылардың оқу-тәрбие процесінде алған білімдері олардың ой-өрісінің дамуына жеткілікті әсер етпеуі;
оқулықтағы тапсырмалардың оқушылар қызығушылығын оятар-лықтай деңгейде ойластырылмауы;
оқу бағдарламасындағы кейбір материалдардың бірнеше рет қайталануы. Ал мұндай олқылықтар орын алып отырғанда оқушылардың шығармашылығын дамыту мүмкін емес.
Оқушы шығармашылығының тиісті дәрежеде дамуына әсер ететін екінші себеп - оқулықтардың сапасы.
Мемлекет басшысы мұғалімдердің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде білім беру сапасы көп ретте оқулықтардың сапасына байланысты болатынын атай отырып, шығарылатын оқулықтардың сапасына да назар аударды. Сонымен қатар оқулықтардың негізгі кемшіліктерін де атап өтті. Олар: зиянды дидактикалық материалдар, орфографиялық және стилистикалық қателер, тұжырымдары оқушы тіліне күрделі және т.б.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Ж.Жадринаның пікірінше, Қазақстан Республикасының төл оқулықтарының басты жаңалығы тұңғыш рет әрбір оқу курсының мазмұны білім беруді гуманизациялау, сараландыру, кіріктіру және гуманитаризациялау ұстанымдарын жүзеге асыруға бағындырылған оқу материалының құрылымы мен қисынын (логикасын) өзгерту арқылы жасалынуда [3, 51-б]
Сондай-ақ ол оқулықтардың жаңашылдығы туралы, оқушылардың ой түйіндеу, ой толғау дербестігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін тәрбиелік потенциалды күшейту керек екенін айтып өтті. Осыған орай оқу субъектісі - оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру құралы ретінде оқулық рөлін түйіндеу, терең түйсіну қажеттілігін айтады.
Бұдан әрі ғалым оқулықтың негізгі қызметтерін:
үйлестіруші;
жүйелендіруші;
дидактикалық қызметтерін толық іске асыратындай болуы тиіс дей келе, оқулықтың дидактикалық қызметін:
ақпараттық;
түрлендіруші;
бекіту және өзін-өзі бақылау;
өз бетімен білім алу;
кіріктіруші;
дамытушылық-тәрбиелік деп саралап көрсетеді.
Демек, қазіргі кезде оқушы шығармашылығын дамыту үшін әр пән бойынша оқулықтар жоғарыда аталған қызметтерін толық орындайтындай сапаға ие болуы тиіс.
Ғалымның ойынша, білім беруді гуманизациялауды жүзеге асыру дамушы жеке тұлғаның өзінің жеке құндылықтар жүйесіне (бақыт, әділдік, өмірдің мәні жайлы тұжырымдама және т.б.) кепілдік берілетіндей жағдайлар туғызуды талап етеді.
Ал, баланың шығармашылық әрекет жасай алмауының үшінші себебі - оқу процесінің ұйымдастырылу деңгейінің заман талаптарына сай болмауы.
Осы уақытқа дейін жалпы білім беретін мектептерде оқу процесі жаңаша педагогикалық ойлауға орай ұйымдастырылмады, оқу процесінде субъект-субъектілік қатынас жүзеге аспады. Өйткені, оқу процесі дәстүрлі оқытуға негізделді.
Ғалым Е.Ө.Жұматаеваның пікірінше дәстүрлі оқыту жүйесінің негізгі кемшіліктері:
пікірдің қажеті жоқ, оған уақыт кетеді;
күрделі оқу материалын мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруі;
фактілерге жүгініп, білімді жинақтап қабылдауға мән берілмейді.
Ендеше мұндай олқылықтың орнын толтырып, оқушы шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызудың бір жолы - бұл оқу процесіне тұлғаға бағдарланған технологияларды енгізу деп ойлаймыз. Шығармашылықты дамыту мәселесіне арналған ғылыми-зерттеулерді саралай келе, біз оқушы шығармашылығын дамытудың ең маңызды шарттарының бірі ең алдымен оны дамытуға қолайлы ахуал туғызуды қамтамасыз ету үшін оқу процесін гуманизациялау қажет деген қорытындыға келеміз.
Оқу процесін гуманизациялауды жүзеге асыру үшін жеке тұлғаға бағдарланған оқыту технологиялары ендірілуі тиіс. Біз мұның мәнін ашпас бұрын алдымен жеке тұлға ұғымының мәнін түсінейік.
Өйткені баланың шығармашылығын дамыту мәселесін талдау ең алдымен жеке тұлға, қабілет, нышан, талант, бейімділік, дарындылық ұғымдарының мәні мен ара жігін терең түсініп алуды қажет етеді.
Жеке тұлғаны қоғам дамуының бір бөлігі ретінде философия, әлеуметтану, психология, педагогика және т.б. ғылымдар өз тұрғысынан зерттейді.
Тұлға (латынша persona) - ертеден келе жатқан ұғым. Алғаш актерлер сахнада беттеріне киіп жүретін бетпердені осылай атаған. Бүгінгі таңда ол әлеуметтік мәні, қасиеттері бар нақты адамды білдіреді.
Жеке тұлғаның дамуына деген көзқарас қоғамның әр даму формациясында әр түрлі мәнге ие болған. Мәселен, ерте дүниедегі ойшылдар Платон мен Аристотель адамның дамуы алдын ала табиғи тумысынан белгіленеді, яғни нәсіліне байланысты дейді.
Американдық прагматикалық педагогиканың негізін салушылардың бірі Джон Дьюи жеке тұлғаның дамуы жөніндегі теорияны туғаннан пайда болатын инстинктер мен қабілеттер арқылы негіздеп, тәрбиені де соларға тәуелді етеді. Ол жеке тұлғаның дамуын оның өзі өмір сүріп отырған қоғамға икемделуі деп түсіндіреді.
Демек, жеке тұлға мәселесін шешуде аталмыш ғалымдардың барлығы да адамның дамуын өз еркінше, ішке әрекеттен, қоршаған жағдайлардың әсерінсіз, адамдардың қатынасынсыз болады деп түсіндіреді.
Жеке тұлға мәселесі - психологияның да негізгі бөлігі. Әлі күнге дейін психологияда жеке тұлғаның маңыздылығы туралы зерттеу аяқталған жоқ.
Енді психологиялық зерттеулерге сүйенсек, адам мұндай күйге бірден келмейді, оған бірте-бірте жетеді деген ортақ пікірді аңғарамыз.
Мәселен, психологиялық сөздікте: Жеке тұлға - әлеуметтік ортада қалыптасып, өзіндік ерекшеліктерімен (талғам, мұрат, мінез-құлық, қабілет, т.б.) сипатталатын адам, - делінген .
Демек, жеке тұлға - өзінің мінез-құлқымен, темпераментімен, физиологиялық қасиеттерімен ерекшеленеді және қоршаған ортамен үнемі белсенді қарым-қатынас жасау процесінде қалыптасады екен.
Сонымен, жеке тұлғаны тек жеке адамның адами ерекше қасиеттерінің жиынтығы деп түсінуге болады.
Тұлғаның шығармашылығын дамыту жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында ертеден зерттеліп келеді. Егер бұл мәселенің зерттелуіне ретроспективті шолу жасасақ, онда оның әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғанын, шығармашылық теориясын жасауға деген ізденістердің аз болмағанын байқаймыз.
Оқушының жеке тұлғасын дамыту үшін ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Ендеше баланың шығармашылығын дамыту мәселесін талдау үшін алдымен қабілет ұғымының мәнін ашу керек.
Қабілет ұғымын ғылымға алғаш рет енгізген Платон мен оның ізбасарларының бұл ұғым жайлы түсініктері таптық көзқарастарға негізделген еді. Олар адам туғаннан бастап бірі - басқарушылар, бірі - жауынгер, бірі - жер иеленушілер болып туады деп есептейді.
Ал Аристотель қабілет адамның ішкі ашылмаған мүмкіндіктері деп қарастырады.
Сократ болса, бала бойындағы қабілеттерге ерекше мән берген. Ол өз оқушыларының қабілеттерінің дамуына қамқорлық жасау үшін оларға әрқашан дайын ұсыныстар бермей, ақиқатқа жетуді өздеріне жүктегені байқалады. Сондықтан ғылымда бұл әдіс Сократтық әдіс деп аталған .
Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына жеткізу мәселесіне бірнеше еңбектер арнаған Әл-Фараби бабамыз қабілет өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізе алмайды, оларды бағыттау, тәрбиелеу, дамыту керек деген құнды пікір айтады.
Ал ұлы Абайдың Жан қуаты әуелден кішкене ғана болады. Ескеріп баққан адам ол қуатын зорайтады, ескерусіз қалса, ол қуаттар жоғалады, не аз-мәз нәрсе болмаса, үлкен еш нәрсеге жарамайтын болады. Адам ішіп-жеп тән қуатын ғана ойламай, жан қуатын да жетілдіру үшін қам жеуі керек", - деген тұжырымынан қабілетті дамыту қажет деген кесімді пікірді аңғарамыз.
Ағартушы-педагог Ы.Алтынсариннің Бақша ағаштары әңгімесіндегі әкенің балаға айтқан ақылы адамның тағдыры туысынан белгіленбейтіндігін, адамдық қасиеттердің, қабілеттердің қалыптасар жері - өмір талқысы, әрекет ету екенін ескертуі Фараби, Абай пікірлерімен үндеседі [4,28-б].
Қабілет - іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай, нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Қабілетті дамыту үшін адамда тиісті білім жүйесі, икемділік пен дағды болуы керек . Ал, қабілеттілік - адамның өз бейімділігі негізінде, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасау арқылы қалыптасатын қасиет.
Сонымен, қабілет туралы тұжырымдарды, еңбектерді талдай келе, адам бойында табиғи мүмкіндіктер болады, олар тек белгілі бір әлеуметтік жағдайларда байқалып, әрі қарай дамиды, әр адам басқа адамнан өзінің табиғи психологиялық өзгешеліктерімен ерекшеленеді деген қорытынды шығаруға болады.
Қабілет туа бітетін қасиет емес, ол өмір сүру барысында дамып отырады. Қабілет дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады.
Сондай-ақ, қабілет мәселесін қарастыруда талант, дарын терминдерін айналып өтуге болмайды.
Дарындылық ұғымы туралы психологиялық-педагогикалық анықтамалар оған өз қатарындағы адамдардан жоғары ақыл-ой қызметімен ерекшеленетін адам қасиетін жатқызады. Дарындылық пен таланттылықты синоним ретінде қолданып жүрген авторлар да кездесіп қалады. Біздің ойымызша, таланттылық арнайы іс-әрекетте жоғары нәтижеге жеткізсе, дарындылық ақыл-ой қызметінің ең жоғарғы дәрежесімен сипатталады. Әрбір талантты балада дарындылық бар да, ал дарынды баланың барлығы бірдей талантты болмауы мүмкін. Өйткені, дарындылық - адамның немесе топ адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін көрсететін, қабілеттіліктің өзіндік бір салалық үйлесімділігі.
Ғалымдар дарындылықты, бір жағынан, ойлау қабілетінің, ақылының, жан қасиетінің, еркіндіктерінің даму дәрежесіне қарап, және де осы қабілеттіліктердің білімнің әр саласын меңгеруге бағыттылығы бойынша ажыратады. Енді біз қабілет, дарын сияқты қасиеттерге негізделетін шығармашылық ұғымына жеке тоқталған жөн деп ойлаймыз.
Шығармашылық ұғымының мәнін анықтайтын болсақ, ол адамға ғана тән қасиет. Шығармашылықты адамның қоғамдық мәні бар жаңа материалдық және рухани құндылықтар тудыратын іс-әрекеті деуге болады. Өйткені, күнделікті өмірдегі шығармашылық - өмір сүрудің қажетті шарты. Тұлғаның еңбек өнімділігі мен мүмкіндіктер шегінің арақатынасы оның шығармашылық қабілетін сипаттайды.
Шығармашылық сөзінің этимологиясы шығару, ойлап табу дегенге келіп саяды. Демек, оны жаңа нәрсе ойлап табу сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте: ... шығармашылық - қайталанбайтын, тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сатыдағы, бұрын-соңды болмаған жаңалық ашатын іс-әрекет, - деген анықтама берілген [5].
Шығармашылықтың ішкі мазмұнын психологтар жан-жақты зерттеп келеді. Психологиялық сөздікте: Шығармашылық - жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі, - делінген.
Шығармашылықты жаңа бірегей нәрселер жасаудан өзге тұлғаның қабілеті, ынтасы, білімі, іскерлігі, т.с.с. қасиеттерінің жемісі деуге болады.
Т.Мейірманқұлова оқыту мен тәрбиелеудің өзекті мақсаты - оқушылардың шығармашыл ойлауын дамыту. Өйткені, әркім өмірде бір қиын жағдаят кезінде икемділік пен ойлаудың талдағыштық қабілетін қажет етеді. Осы тұрғыдан келгенде қазіргі педагогикалық жүйеде білім беру ұғымы жаңа мазмұнмен толығуы тиіс. Бұл дегеніміз - білім беруді мәдени жүйеде қарастырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін дам ытып шығармашыл тұлға қалыптастыруға жағдай жасау, - деп атап көрсетеді [6,3- б.].
Бұдан біз шығармашылықтың мәні - алдымен оның қажеттілігінде, әрбір адамның шығармашылық қабілетінің нәтижесін рухани қанағаттану мен қуаныш сезіміне айналдыруға жаңаша қадам жасауда деп түсінеміз. Оқушылар білімді өз дәрежесінде игермесе немесе оны іс жүзінде қолдана алмаса, онда танымдық белсенділік те көрсете алмайды. Бұл олардың шығармашылығының дамуына кері әсер етеді. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру үшін мұғалім әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы керек және оқу үдерісінде психологиялық, танымдық, бейімділік пен қабілеттілік ерекшеліктерін басты назарға алғаны жөн.
Біз оны жеке тұлғаның дамуының психологиялық механизмдері арқылы көрсетіп отырмыз (1 сурет):
бейімділігі
темперамент
мінез-құлқы
бақылау локусы
Мотивациялық қажеттілік
ерік
ес немесе жады
ойлау
қиял
Жеке тұлға
негізі салынған, дамытуға болады
тұрақты
тұрақты
ортаға байланысты өзгеріп отырады
өзгереді
дамиды
дамиды
дамиды
дамиды
бейімділігі
темперамент
мінез-құлқы
бақылау локусы
Мотивациялық қажеттілік
ерік
ес немесе жады
ойлау
қиял
Жеке тұлға
негізі салынған, дамытуға болады
тұрақты
тұрақты
ортаға байланысты өзгеріп отырады
өзгереді
дамиды
дамиды
дамиды
дамиды

Оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін аса маңызды болып табылатын қабілет, бейімділік, талант, дарын ұғымдарын ажырата танып-білу керек: олар - өзара тығыз байланысып жатқан, болмыстары тым күрделі де терең болып келетін ұғымдар. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда, шешендікке баулу үдерісінде бұл мәселені ескеру қажет.
Оқушылар тұлғасының дамуы, шығармашыл шешендік қабiлетiн дамыту мәселесi бойынша қазiргi психологиялық-педагогикалық әдебиеттi талдау негiзiнде бiз жан-жақты шығармашылықты дамытудың құрылымдық-компоненттiк құрамын анықтадық, оған қызығушылық, әрекетшiлдiк, бағалаушылық құрамдары кiргiзiлдi және мұнда әрбiр құрамның өлшемдік сипаттамасы берiлдi.

1-кесте. Оқушылардың шығармашылықты дамытуының өлшемдік сипаттамасы
Құрамдары
Өлшемдері
Көрсеткiштерi
1. Қызығушылық
Өзiнiң шығармашылығын дамыту қызығушылығы мен қажеттiлiгi.
Өз шығармашылығына құндылық қатынасы.
Жауапкершiлiгiнiң, шығармашылық қажет
тiлiгiнiң болуы.
Мақсатты түрде бiлiм iзденуi.
2. Әрекетшiлдiк
Өзiн шығармашылық қызметтiң субъектiсi ретiнде тануы.
Өзiнiң жеке тұлғалық ерекшелiктерi мен өзiн-өзi шығармашылық дамытудың тәсiлдерiн бiлуi.
Өзiн-өзi дамытуы.
Шығармашылық қызметтi iске асыру iскерлiгi.
Өзiнiң жеке-дара ерекшелiктерi туралы бiлiмдi меңгеру дәрежесi.
Өзiн шығармашылықтың субъектiсi ретiнде тануы.
Шығармашылық дербестiк танытуы.
Коммуникабелдiлiгi (сұхбаттасуға ашықтығы).
3. Бағалаушылық
1. Талдау жасау қабiлетi.
Жетiстiктерi мен сәтсiздiктерiнiң себептерiн талдай бiлуi.
Жеке жауапкершiлiгi.

Қызығушылық құрамы өзiнiң шығармашылығын дамыту қызығушылығы мен қажеттiлiгi болуымен; әрекетшiлдiк - өзiн шығармашылық қызметтiң субъектiсi ретiнде тануымен, өзiнiң жеке-дара ерекшелiктерiн және өзiн-өзi шығармашылық дамытудың тәсiлдерiн бiлуiмен; шығармашылық қызметтi iске асыру iскерлiгiмен сипатталады; бағалаушылық құрамға рефлексияға қабiлеттiлiгi, яғни жетiстiктерi мен сәтсiздiктерiнiң себептерiн талдау қабiлетi енедi.
Деңгейлер мен көрсеткiштердi айқындауда бiз А.Н.Леонтьевтің [7], В.В.Давыдовтың, П.Я.Гальпериннiң [8], Д.Б.Элькониннiң [9] еңбектерiне сүйендiк.
Төмен деңгей оқушылардың өз шығармашылығын дамытуға белгiлi бiр жағдаяттарда ғана қызығушылық танытуымен, өйткенi оларда өздерiн шығармашылықтың қайнар көзi ретiнде түйсiнудiң болмауымен сипатталады. Олардың өз шығармашылығын дамыту тәсiлдерi туралы түсiнiгi жоқ. Олар өзiн-өзi талдауға қабiлетсiз, өз сәтсiздiктерi мен жетiстiктерiн сыртқы жағдайлардың нәтижесi ретiнде қарастырады.
Орташа деңгей өзiн-өзi тануға деген қызығушылығының тек әуестенушiлiк деңгейiнде ғана танылуымен сипатталады. Олардың өзiн-өзi бағалауы тұрақсыз, көбiнесе ол төмен. Бұл деңгей оқушыларының өзiн-өзi дамыту туралы бiршама түсiнiгi бар, кейде оларда рефлексияға қажеттiлiк туындайды. Сәтсiздiктерi мен жетiстiктерiн жағдайлардың ағымымен байланыстырады.
Жоғары деңгей шығармашылығын дамыту мәселесiне деген жағымды қатынасымен сипатталады. Шешен тілді шығармашыл жеке тұлға қалыптастыру үдерісін осылай ұйымдастыру танымдық үдерістерді дамытуды, шығармашылықты таныту, танымдық негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Жоғарыдағы жүйеде көрсетілген шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру үдерістерін жүзеге асыру үшін, біріншіден, мына қағидалар қажет:
гуманизациялау қағидасы (білім беру үдерісінің орталығы - оқушы);
білім беру үдерісінің барлық кезеңдерінің жүйелілігі мен бірізділік қағидасы; оқытудың дамытушы сипатта болу қағидасы; жеке тұлғаға бейімделген бағыттағы дараландыру қағидасы. Екіншіден, мазмұны бойынша жеке тұлғаға бейімделген бағыты бойынша дамытушы технологиялар. Үшіншіден, педагогикалық жағдайлар, атап айтқанда, оқушыларға жеке тұлға ретінде қарау, олардың жеке тұлғалық дамуын арттыру; қолайлы психологиялық климат жасау; оқуға оң мотивациялық жағдай жасау. Бұл көрсетілген мақсаттарға жету үшін оқыту технологиялары гумандық сипатта, интербелсенді әрекеттерге негізделген болуы тиіс.
Сонымен, жеке тұлғаның дамуына, тілдік тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін шешендік қабілет-қарымы мен шығармашылық ізденісі, талант пен дарынның ұшталу мәселелеріне тоқталып өттік. Себебі, бұл мәселелерді ашып алмай тілдік тұлғаның шешен сөйлеу дағдыларының қалыптасу бағыттары мен әр жеке тұлғаға тән өзіндік ерекшеліктерді саралау мүмкін емес. Міне, осыдан барып тілдік орта мәселесі, оның өзгеру, даму динамикасы, тілдің дамуына жеке тұлғаның өзіндік үлесі мен тілді өз деңгейінде қолдануға теріс әсер ететін себептер, бір сөзбен айтқанда, қарым-қатынас жасаудың әлеуметтік, шынайы көркемдік тәжірибелерін жетілдіре білетін шешендік қабілет пен шешен тұлға сомдалуы жайлы жайттарды тілге тиек ете аламыз.

Тілдік тұлға тәрбиелеуде оның бойын туған тілдің тағдыры мен ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін, оның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілік сезімін сіңіру қажет. Осы жай кейде мектеп мұғалімінің назарынан тыс қалып жатады. Тап осы сөзге қарсы дау да айтылуы мүмкін, шындығында, кейбір ұстаздар берілген тақырыпты кітап негізінде шектеулі өтіп, баланың танымын, өзіндік пікірі мен шығармашылығын дамытатын тапсырма, қосымша материалдармен жұмыс жасау, ұлт ұрпағын қазақ халқының мәдени аманатын, тарихи жадын жаңғыртып, ғасырдан-ғасырға жеткізуші, сабақтастырушы ретінде қалыптастыру мәселесіне мән бермейді.
Бұл орайда Р.Сыздық: тілдік тұлға - мәселесі лингвоэкологиялық бағыттағы іргелі ұғымдардың бірі. Ана тілін тұтынушылардың әлеуметтік сипаты, олардың саны мен сапасы, әдеби тілдің ауызша, жазбаша түрлерін меңгеру деңгейінің жоғары болуы тілдік ортаның бекем болуына, дамуына қолайлы факторлардың бірі ретінде әсер етеді. Тілдік тұлға тілде бейнеленген ақиқатты қолданып қоймайды, тіл арқылы ақиқаттың өзін реционалды, эмоционалды мақсатта қайта бейнелейді. ...тілдік тұлға тілдегі барды қолданумен бірге жаңа сөздерді, абстракті синтаксистік модельдерді де жасайды деген сөздері ойымызды бекіте түседі [10,8-б].
Кіші мектеп балалық кезеңі -- бұл 7-11 жас арасындағы жеке тұлғаның әріқарай дара-психологиялық дамуы және әлеуметтік-адамгершілік сапаларының қалыптасуы процесі. Бұл кезеңге тән:
-- баланың материалдық, коммуникативтік, эмоционалдық мұқтаждарын қанағаттандыруда отбасы жетекші (доминация) роль атқарады;
-- әлеуметтік-танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда мектеп жетекші рольді мектеп атқарады;
-- отбасы мен мектептің басты қорғаушы қызметі сақтала отырып, балада ортаның жағымсыз ықпалына қарсы тұра алу қабілеті арта түседі. Әлеуметтік статустың өзгеруі: оқушыға айналуы. Жас және педагогикалық психологияда бастауыш мектеп жасының өзіндік орны бар. Бұл жаста оқу іс-әрекетін меңгереді, психикалық функцияның еріктілігі құрылады, рефлексия туындайды, өзін-өзі бақылауы ерекшеленеді, ал әрекет ішкі жоспарға ара-қатынаста болуды бастайды. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды, оған біраз мерзім үйренуі керек. Егер мектеп жасына дейінгі балалардың негізін әрекеті ойын болып келсе, оқуға кіргеннен кейін оқу іс-әрекеті шешуші рольді атқарады. Осыған орай баланың психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Себебі: ойынға қарағанда оқу талабы бала үшін қиын. Сонымен қатар, жаңа ортаға үйреніп, мұғаліммен, құрбыларымен қарым-қатынас жасауына психологиялық көмек қажет. Бастауыш мектептің оқу жұмысының әр саласына бейімделу балада бірден қалыптаспайды. Осыған біраз мерзім үйрену керек. Сонымен қатар балалардың оқуға белсенділігі сабақтарда әр түрлі.
Психологияда жеке тұлға деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар. Дегенмен жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты қызметтерді) атқаруы. Жеке тұлға сондай-ақ психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттіліктер, мақсат-мүдделер).
Жеке тұлға - бұл интегративті жүйе, әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың өзегі бар деп мойьшдайды, олар оны Мен-жүйе немесе жай ғана Мен деп белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама болып табылады.
Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекеттерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының, әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы анықталады.
Жеке тұлғаның дербестігін ескеру мәселесі баланың ақыл-ой, таным деңгейін оның көзқарасымен, өзіндік ой-пікірімен, білуге үмтылысымен, қызығушылығымен бірлікте қараудан басталады. Мұнда оқыту мен оқу әрекетінің нәтижесі ғана емес, баланың әрекетіне қозғаушы болып отырған себептер мен түрткілерді ажырата білудің маңызы зор. Жоғарыдағы айтылғандарды ескере келе, біз өз зерттеуімізде диалогқа сүйене отырып, диалог арқылы жоғары сыныш оқушыларының ізгілік қасиетін қалыптастырудың моделін жасау идеясын үсынамыз. Біз білімді диалог пен білімнің өзара қарым-қатынасы жасырын болатын процесс деп қарастырамыз. Білімді осындай тұрғыдан қарастыру диалог пен білім арасындағы өзара тәуелділікті ұғынуға мүмкіндік беретін пікірталастардың дамып келе жатқан жүйесіне деген гуманистік негізін ашуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде диалогты кеңінен қолданады, бірақ оны интуитивті түрде түсінуімен қанағаттанып, оның мән-мағынасын ашып жатпайдьг Мұндай жағдайлар жалпылама нәтиже алуды мақсат етпейтін әңгімелесу мен сұхбаттасуда да қолдануға әкеледі.
Орта сынып оқушылары тапсырманы қалай орындаудың тәсілін ді ғана меңгеріп келеді. Олар берілген тапсырманы жаттап алғысы келіп тұрады. Осылай болуы олардың жаттауға икемділігінің молдығынан емес, оқуға әлі төселмегендігінен, қалай жұмыс істеуге ешкім оны үйретпегендігінен кездеседі.М.М.Мұқанов өзінің Жас және педагогикалық психология еңбегінде бастауыш мектепте тапсырманың балаларға екі түрлі жолмен берілітінін көрсетті: біріншіден, берілген тапсырманы орындау үшін жауапты бала өздігінен іздестіреді. Екіншіден, тапсырма жауап іздестіру ретінде берілмейді. Оны орындау үшін соның үлгісі беріледі, мысалы, тақпақты жаттау үшін соның тексі беріледі. Осы текске өзгеріс енгізуге рұқсат етілмейді. Сол текске сүйене отырып бала оны жаттап алады.Баланың оқу әрекеті арқылы әрекеті әрекеттеніп, яғни мәселені шешуі, олардың танымдық іс-әрекетінің дамуына көмегін тигізеді.Қандай іс-әрекет болмасын қиық құрылымнан тұрады. Іс-әрекет жеке әрекеттерден тұрады да, алдыға қойған мақсатқа жетуге бағыттайды. Мақсат және мотив іс-әрекеті бірдей орындалмайды. Оны мысалы И.Кулагина Жас ерекшелігі психологиясында былай деп келтірілген: Оқушының үй тапсырмасында математикадан есеп шығарып орындау. Оның мақсаты-осы есепті шығару. Оған негізгі мотив әр түрлі болады, біреулері шешесін ренжітпеуге тырысады, екіншілері бестік баға алу үшін немесе тезірек тапсырманы орындар достарымен ойнауға кету үшін. Осы үш жағдайда да баланың математикалық тапсырманы шешуі үшін мағына әр түрлі қалыптасады. Міне, сондықтан, іс-әрекет құралымын мынадай жүйемен көрсетуге болады: мотив-іс-әрекет, мақсат-әрекет, меңгерілетін іс-әрекет-операция [11].
Сонымен, іс-әрекеттің құрылымына байланысты және бастауыш мектеп оқушысының дамуына әсер ету арқылы сыртқы жоспар ішкі жоспардың негізінде орындалады. Бастауыш мектепте оқыту іс-әрекеті жетекші болады. Сондай-ақ зейін процесінің жүйелі қалыптасатын кезеңі.
Мұғалімнің көңіл бөлуіне бала сенгіш орындаушы ретінде қарайды. Осыған байланысты бастауыш мектеп оқушыларының дұрыс шешім қабылдауына жағдай жасалып, оның зейіні белсенді әрекеттенеді. Бірақ мұғалім де, ата-анлар да баланың мүмкіндігін ұмытпаулары керек. Мектепке түсу танымдық іс-әрекеттердің ішінде зейіндың дамуына күшті әсер етеді. Бала үлкендерден сен мүлдем тырыспайсың? деген сөз естиді. Бірақ ол тырысу деген сөздің мағынасын түсінбейді. Сол үшінде өзінің күшін қай бағытқа бұру керек екендігін білмейді. Бастауыш мектеп жасы адамзат қауымының әлі толығымен қалыптаспаған мүшесі. Бала бастауыш мектепке келгеннен кейін барлық мектеп ұжымының алдына қоятын өзекті мәселесі оқытудың тиімділігін қалай арттыру және оқушы берілген білімді ғана меңгеріп қоймай өз бетінше ойлай алуға қалай үйретуге болады тағы басқа көптеген сұрақтар туындайды. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде кейінгі жылдары оқытудың тиімділігіне әсер етуге арналған әдіс-тәсілдер, принциптер көп ұсынылуда.
Бұл жерде біз Л.С.Выготскийдің мәдени дамудың социогенетикалық заңын еске түсіреміз: --Алдыңғы өткен ұрпақтың қолданған мінез-құлық формалары баланың даму процесінде өзіне тиістілері қайталанып отырады. Басқа сөзбен айтқанда не қабылданды ол --ішкі деп аталады, адамдар арасындағы қатынас арқылы әлеуметтік сыртқы даму болады. Осы логиканың нәтижесінен біз мұғалім мен оқушының расындағы оқытуды меңгерудің қайнар көзін іздейміз және үлкендер мен баланың арасын үйлестіріп тұратын оқушының индивидуалдық өз бетінше әрекеттері болады.
Г.А. Цукерманның айтуынша: --Егер мұғалім баланы, оқуға үйреткісі келсе, ол оларға тек ғана білім беріп қоймай, шеберлік пен дағды да қалыптастыру керек. [12, 248].
Қазіргі балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі - орта сынып оқушыларының психикасын дамыту мәселесі. Бала психикасының дамуын зерттейтін констатациялық серияның міндеттері:
1. Проблемалы жағдайларды шешуді талап ететін тапсырмаларды жасау.
2. Оқытуға дейінгі сақталу принципінің деңгейін анықтау.
3. Көрнекті көріністің алдында заттарды бағалау мен сөздік ой-пікірлердің байланысын зерттеу.
Қазіргі оқушылардың психологиялық дамуы, ақыл-ой қабілеті ерте жетіледі. Сондықтан да балалардың ойлау қабілетінің қалыптасуы олардың жасына ғана емес, басқа да шарттарға байланысты. Солардың ішінде олардың шүғылданатын іс-әрекеті мен түрлі қарым-қатынас жасауы ерекше роль атқарады.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский айтқандай, оқыту баланың дамуын ілгері қарай жетектеуге, әсіресе оның өздігінен ойлау әрекетінің жоғары сатыда болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Ойлауға тән белгілер: обьектінің қайшылықтарын ашу, оның өзгеруі мен даму тенденциясын анықтау.
Оқушы тарапынан туындаған фактілерді зерттейтін, шешуге мүмкіндік беретін сұрақтар логикалық жағынан қарама-қайшылық тудырады. Қарама- қайшылықтың пайда болуы оқушы алдында проблеманың тууына, оны шешу үшін ойдың тікелей қалыптасуына жағдай жасайды да, затты, құбылысты дербес альш қарауға мүмкіндік беретін алғашқы бастама болып саналады. Қайшылықты аша білу, содан кейін істің шын жағдайын нақты қарастыру жолымен ол қайшылықтың дұрыс шешімін табу диалектикалық ойлаудың өзектілігі. Қарама-қайшылықты аңғарып, оны таба білуге үйрету - мұғалім тарапынан үлкен шеберлікті талап етеді.
Ой жүйесінде пайда болған қарама-қайшылық оқушының дербес жұмыс істеуіне түрткі болып, оқылатын материал оқушыны қайшы пікірге алып келеді де, шешуді керек ететін проблема туады.
Ой қайшылығы пікірталас тудырып, диалогтік ойлау жүзеге асып, оқушыларды дұрыс ой қорытындысына келетін жағдайға итермелегенде ғана біз проблема туды деп есептеуіміз керек. Шығармаларды талдау, кейіпкерлер арасындағы әр түрлі қатынастарды, кейіпкерлердің жеке қасиеттерін, ізгілік қасиеттерін анықтауда дұрыс құрылған диалог-сұрактар негізгі проблеманы айқындайтын сұрақтар болып табылады. Осыдан келіп, мектепте проблемалық оқыту қажеттілігі туындайды.
Проблемалық оқытуда көздейтін мақсат -- оқушыларға білімді даяр күйінде бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына белгілі проблемалы міндет қойып, соны өздеріне шештіртуге бағыттау.
Проблемалық оқыту проблема, проблемалық сұрақ, проблемалы тапсырма, проблемалы жағдай деген ұғымдарды қамтиды. Кез келген сұрақ, тапсырма проблемалы бола бермейді. Олардың проблемалы болуыньщ негізгі шарты -- оларға жауап іздеуде. Оқушыда даяр жауап не үлгі болмайды және ол өзінің білетіні мен білмейтінінің арасындағы қайшылықты, басқаша айтқанда, берілген проблеманы шешуге керекті білімнің немесе тәсілдің онда жетіспей тұрғанын сезеді.
Проблемалық оқыту тек проблемалық жағдай туғызып қана қоймайды, оны дұрыс шеше білу тәсілдерін меңгертуді де қажет етеді. Ол үшін мұғалім оқушының материалда кездесетін ой, пікір қайшылықтарын дұрыс атқаруына жағдай жасап, оны шешудің жолдары мен тәсілдерін меңгертуге, өздігінен ізденудің, зерттеудің амалдарын үйретуге тиіс.
Мұның басты жолы - дұрыс ойлай білуге баулу, ойлауға үйрету.
Ойлауға үйрету -- диалектикалық қарама-қайшылықты көре білуге, сол арқылы нақты қиындықты тануға үйрену деген сөз. Қарама-қайшылық - ой дамуының қозғаушы күші. Жоғарыда айтылған пікірлерді қорытындылай келе, ой, ойлау дегеннің өте күрделі, сан қырлы процесс екендігіне көзіміз жете түсті. Оны түсіну қандай қиын болса, меңгеру де оңай емес. Дана халқымыз Бой жетпеген жерге ой жетеді, қыран жетпеген жерге қиял жетеді деп бекер айтпаған ғой. Сондықтан да оны меңгеруді өте ертеден бастаған жөн.
Оқытудағы міндет -- оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен қаруландыру.
Оқыту процесі оқушы мен мұғалімнің өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен құралатын күрделі әрекет. Оқыту - мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу - баланың өзіндік танымдық, тәжірибелік әрекеті. Оқыту қалай болса сол ай жүрмейді, жоспарлы ұйымдасқан түрде жүзеге асырылады. Оқытудың мазмұны, өзіне тән әдістемесі, ұйымдастыру формалары мен нәтижесі болады. Ол оқушыларға білім беру мен дағдыны меңгертуді көздейді. Оқушы білім алу үшін оқу процесінде өзінің танымдық қабілеттерін арттырады. Кейбір оқулықтарда оқыту -- оқушының ойлау әрекетін басқару деп те анықтама беріледі. Бұл бір қарағанда дұрыс та сияқты. Дегенмен оқушының танымдық әрекеті тек ойлаумен ғана шектелмейді. Оқыту баладан ойлау әрекетімен қатар, басқа да психикалық процестерді: сезімдер мен эмоцияларын, мотивтер мен қызығуларын, жігері мен қабілеттерін т.б. жеке бастың қасиеттерін керек етеді.
Әл-Фараби еңбектерінде осы пікірді былай деп қолдайды: --қандайда бір ғылым болмасын көңілге дербес ерекше мәндерді ұғыну арқылы ұялайды. Бізге осы ерекше мәндердің, кейбіреулерін ұғыну ған жеткілікті, ал қалған көпшілігін сезінудің өзі тиімді. Осы жағдайларды біздің сезіміміз қабылдап, ұғынуымыз жинақталғаннан кейін ғана барып, біздің санамыз өзіне тән ролді атқара бастайды. Бастауыш мектептегі оқыту процесінде мұғалім баланың танымдық іс-әрекетін дамытуға әсер ете отырып, біріккен іс-әрекет барысында олардың ойлау күрделеніп, есте сақтауы мен зейіні тұрақталып, шоғырланады. Оқыту процесі баланың зейінінің дамуына көмектеседі. Адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды. Интеллектуалды даму деңгейі оқытудың сапасымен мазмұнымен және оны меңгеру процесімен анықталады.
К.Д.Ушинский: ...ең кіші сыныптан бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзкарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бүл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс , -- деп жазған [13]. Яғни, оқушының танымдық әрекеті оның дамуындағы басты шарт болатынын анықтады. Ол даму оқушының танымдық әрекеті арқылы жүреді, яғни, оқушы өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асырады. Педагогикалық -- психологиялық әдебиеттерде білімнің рөлі, білімнің сенімге айналуы, оқу-танымдық міндеттерді шешуге қажетті оқушылар көзқарасының мәні, жас ерекшелік және орта әсері оқушылардың танымдық әрекетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті шарттар ретінде беріледі. Бұл мәселе педагог-психологтар Н.Ф.Талызина, В.В. Давыдов, П.Я.Галперин, Ю.К.Бабанский, А.В.Усова, Д.Б.Эльконин, Л.Е.Шубина, Б.П.Есипов, М.А.Данилов, И.Я.Лернер, Л.В.Занков, М.И.Махмудов А.А.Люблинская, А.Н.Леонтьев еңбектерінде қарастырылған.
Әр жастағы, оның ішінде бірінші сынып жасындағы баланың психологиялық ерекшеліктері бірден қалыптаспайды, керісінше, бұл ерекшеліктер баланың бұдан 18 бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен дамудың келесі сатысына көшуге даярлап отырады, Сондықтан бастауыш мектеп мұғалімі бастауыш сынып оқушысының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерекшеліктерді мектепте дейінгі шағында қалыптасқан ерекшеліктерден бөлек алып қарамайды және бұдан былайғы даму перспиктиваларын көрмей тұра алмайды. Дамудың өзі денелердің кеңестікпен уақытта жай өзгеруі ғана емес, ол өзінің үдемелілігімен, төменнен жоғарғыға, азырақ ұйымдасқаннан неғұрлым үйымдасқанға, қарапайымнан күрделіге ауысымен көзге түсетін жаңадан кері айналмайтын үрдіс. Даму үздіксіз жүреді, ойлау, қорытынды шығару үрдістері қалыптастырады. Мектепте оқыту баланың жан-жақты дамуын қамтамсыз етеді және ол бала дамуының негізі болып табылады. Сондықтан оқыту мен дамудың арасында тығыз байланыс болады. Бұл ретте көрнекті психолог Л.С.Выготский дамудың өзекті және іргелі деп екіге бөлді. Өзекті дамуда оқушы мүғалімнің түсіндіргенін ары қарай өзі жалғастырып меңгерсе,іргелі дамуда оқушы өз бетімен білімді меңгере алмайды.
Бастауыш саты -- оқушыда, оның интелектісі дамуының іргетасы танымдық әрекеті қалыптасуының куатты жүретін кезеңі. Танымдык түрлерін меңгеру оқушы ойын тәртіптеп, оның белгілі бір бағыты жүйелі арнамен жүруін қамтамасыз етеді; жеке тұлғаның негізгі психикалық үрдістері қалыптасып, ырықты, зейін, рефлексия, өзін-өзі бақылау, әрекет амалдың ішкі жоспары сияқты нысандар пайда болады. Оқушы әр түрлі оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындаудың ортақ тәсілдерін, өз әректін бақылап бағалаудың, нәтижесін эталонмен салыстыруды меңгереді. Бастауыш мектеп жасындағы баланың биологиялық, әлеуметтік мәдени, педагогикалық ерекшеліктері мен белгілері танымдық әрекеттің қалыптасуында басты назарда ұсталады.
Бала дүниеге келгеннен бастап, оның танымдық әрекетінің қалыптасуы үздіксіз жүріп отырады. Мектепке дейінгі шақтың соңында баланың психикасы мектепте оқи бастауға қажетті және жеткілікті даму дәрежесіне жетеді. Мәселен, жеті жастағы балаға:
1. Сөйлеудің даму дәрежесі, сөз қоры, белсенді және пассивті сөздігі қажет;
2. Қоршаған дүние жайлы ұғымдар қажет;
3. Қажетті іс-әрекет жайлы икемділігі мен дағдылырының (қарындашты ұстай білу, желімдеу, кесу, сурет салу) дамуы;
4. Іскерлікке өзін жеге білу үстінде көрінетін бала еркінің дамуы, күрделігіне қарамастан берілген тапсырмаларды ынталана орындауы, мұғалім қоятын талаптарға бағынуы тән.
Мектепке келген кезінен-ақ, балада ақыл-ой әрекеті сияқты аса маңызды қабілет қалыптасады. Бұл қабілет оқи білуге үйрену ынтасынан көрінеді. Окытудың алғашқы қадамдарынан бастап мектеп осы қабілетті жан-жақты дамытып, әрі жаттықтырып отыруға тиіс.
Орта мектепте баланың бүкіл психикалық әрекетін: зейін, қабылдау, есте сақтау мен есте қалдыру, ойлау, бақылау әрекеттерін реттеп отыру арқылы анымдық әрекеті қалыптасады.
Психологтардың, педагогтардың (Н.Лейтес, А. Люблинская, Я.Пономарев, Ж.Пиаже, А.Зак. т.б.) зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бірінші сынып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану пәні сабақтарында театр қойылымдары арқылы оқушылардың әртістік шеберлігін қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері туралы
ДАРЫНДЫ БАЛА ҰҒЫМЫ
Креативтіліктің анықтамалары
Педагогикалық технологиялар және оқыту технологиялары жөніндегі түсінік
Оқыту нәтижелері
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
Зерттеудің екінші ғылыми нәтижесінің жаңалығы кәсіби оқыту педагогтарын кәсіби даярлау процесінде инновациялық - технологиялық даярлығын жетілдіру үлгісін жасау арқылы анықталғанында
Дарынды оқушылардың креативті қабілетін қалыптастыру
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер