Тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар. Биопотенциалдар табиғаты туралы қазіргі түсініктер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
№2 сабаққа таратылатын материал
Сабақ тақырыбы №2 : Тіндердегі биоэлектрлік құбылыстар .
Биопотенциалдар табиғаты туралы қазіргі түсініктер
1. Ауызша сұрау:
1.Биологиялық мембраналар, олардың қозу үдерістеріндегі рөлі.
2.Мембраналардың құрылымы туралы қазіргі түсінік.
3.Заттарды мембрана арқылы тасымалдау. Иондардың белсенді және пассивті транспорты.
4.Мембраналық сорғылардың жұмыс істеу принциптері.
5. Жасушалық мембрананың негізгі қасиеттері.

Практикалық жұмыстарды орындау
№ 1-жұмыс. Жүйке- бұлшықет препаратын дайындау және бақаның балтыр бұлшықетінен препарат дайындау
Жүйке-бұлшықет жүйесінің физиологиясын оқу қозғалыс жүйесі мен жүйке жүйесі жайлы маңызды ақпарат алуға мүикіндік береді.Жүйке-бұлшықет физиологиясы (практикалық) тәжірибелік медицинада, жеке дәрігерлік бақылауында, жүйке аурулар клиникасында, ортопедияда және емдік дене шынықтыруда қажет.
Бұлшықет пен жүйкенің физиологиялық қасиетін оқуда жиі жүйке-бұлшықет препараты қолданылады.Оны бақаның артқы аяғынан дайындайды.Классикалық жүйке-бұлшықет препараты болып балтыр бұлшықеті мен (Седалищный нерв) шонданай жүйесі табылады.
Жұмысқа қажетті құралдар: препарат дайындауға қажет құрал-саймандар, бума сүлгі, операция жүргізілетін үстел, Рингер ерітіндісі, бақа
Жұмыс барысы: Бақаны жансыздандырады, содан соң оның артқы құрсағын алып, үлкен құйымшақтың 1 см жоғары проксимальды ұшынан омыртқадан кесіп өтеді.Бақаның артқы аяқтарын ұстап тұрып,қайшвмен теріні, бұлшықетті, ішкі мүшелерін кесіп, құрсақ бөлімінің алдыңғы бөлімін ажыратады.Бақаның артқы табандарынан терісін алып тастайды.Ол үшін 2 дәке сүлгісін алып. Біреуімен омыртқаның қалғанын ұстап тұрады, ал екіншісімен теріні ұстап. Қолдың тез қозғалысы арқылы теріні табанынан ажыратады.Эксперименттерде қолданылатын бақаның артқы аяғының препаратын алады.
Бақаның артқы аяғынан дайындалған препаратты сол қолға қалған омыртқадан ұстайды.Ұстаған кезде құйрық сүйегін (уростиль) жоғары қаратады.Ол үшін қайшымен кесіп өтеді.Көзбен қадағалап препаратты вентральді беткеймен аударады, сегізкөз байламдарының нервтік бағандарын бүлдіріп алмау үшін омыртқаны және мықын өсіндісін 2 бөлікке кесіп, 2 артқы аяқтан препараттар алады.Бұл препаратты Рингер сұйықтығына салса, екіншісін жүйке-бұлшықет препаратын дайындауға жұмсайды.
Балтыр бұлшықетінің препаратын дайындауды өкше тұсынан (ахиллова) бастайды.Сіңірдің астынан ұзына бойы сесамовидный сүйегінің астынан кесіп өтеді.Өкше сіңірінің ұшынан пинцет арқылы ұстап, балтыр бұлшықетін жанына қарай тартып, фациялардан және басқа да оны байланыстыратын тканьдардан ажыратады.
Нервтер препаратын дайындағанда препаратты дорсальды бетімен жоғары қаратады. 2 үлкен саусақпен бел бұлшықетін ажыратып, тереңде орналасқан шонданай жүйкесін жалаңаштандырады.Шыны ілмектер арқылы нервті тізе буындарына дейін бөліп аламыз.Одан кейін омыртқаның бөлігін алып,жамбас сүйегінен бөледі және қайшымен шонданай нервінің барлық бұтағын кеседі.Тізе буынына дейін бөліп алғаннан кейін, ұштарын жоғары және төмен кесіп, жүйке-бұлшықетінен нервті бөледі.
Жұмыс дайындауға ұсыныстар: Жүйке-бұлшықет препаратын салыңдар, бөліктерін көрсетіп, белгілеңдер,ол қандай мақсатта қолданылатынын көрсетіңдер.

Практикалық жұмыстарды орындау
№ 1-жұмыс. Қозғыш ұлпалардағы биоэлектрлік құбылысты шерудің биологиялық тәсілі (Гальванидің 1- және 2- тәжірибелері мен К. Маттеучидің тәжірибесі).
Тірі электрліктің бар екендігін бәсекелессіз дәлелдейтін Гальванидің 1-тәжірибесінің мәні- жүйке-бұлшықет препаратына биметалдық пинцет әсерінен кейін бұлшық еттің жиырылуы бақыланатындығында.
Гальванидің 1-тәжірибесі:
Жұмысқа қажетті құралдар: биметалдық пинцет, препарат жасайтын құралдар жиынтығы, лоток, универсалды штатив, марлі салфеткалары, Рингер ерітіндісі, көлбақа.
Жұмыс барысы: Көлбақаның екі артқы аяғынан препарат жасап, оны штативке іліңіз. Сосын бір браншасы мыста, ал екінші браншасы темірден жасалған пинцетті аламыз. Содан кейін мыстан жасалған браншаны жүйкелік өрімге апарады да екнінші браншасын аяқ бұлшықетіне саламыз. Осының нәтижесінде аяқ бұлшықеттерінің жиырылуын бақылаймыз.
Жұмысты бейнелеуге ұсыныстар: Тәжірибенің жобасын салыңыз, бұлшықеттің жиырылу себебі туралы қорытынды жасаңыз.
Гальванидің 2-тәжірибесінде (металсыз жиырылу) балтыр бұлшықетінің жарақаттанған бөлігіне жалаңашталған шонданай жүйкесін салғанда көлбақаның артқы аяқтарының бұлшық еті жиырылады. Тыныштықтағы бұлшықеттің сыртқы беткейі мен ішкі беткейіндегі потенциалдар айырмасы, бұлшықет жарақаттанғанда бақыланады. Жарақаттанған және жарақаттанбаған бөлімдер аралығындағы пайда болған потенциал, жарақат потенциалы немесе демаркациялық потенциал деп аталады. Бұлшықеттің жарақаттанған электрлі-теріс бөліміне жүйкені салғанда, бұлшықеттің жарақаттанбаған деңгейі мен жүйкеге жанасқан жеріндегі оң зарядты полюсі үлкен роль атқаратын, тізбектің қиылысуы жүреді. Сонымен Гальванидің 2-тәжірибесіндегі жүйкенің қозу себебі, ұлпаға тікелей әсер ететін токтың тітіркендіргіш әрекеті болып табылады.
Жұмыс барысы: Көлбақаның артқы аяғынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүрек потенциалдарын зерттеу әдісі
Медико-биологиялық ақпаратты алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық сызба кестесі
Мембрананың қозуының эквиваленттік электрлік схемасы
Биоэлектрлік потенциалдар теориясы
Тамырлар бойымен қан қозғалысының физико – математикалық заңдылықтары
Биофизика және оның мәселелері
Биоэлектрлік потенциалдардың сипаттамалары және пайда болуының негізгі себептері
Электроэнцефалография
Электроэнцефалограф құрылысы,жұмыс принципі
Жалпы физиология студенттерге арналған әдістемелік оқу - құралы
Пәндер