Витаминдер классификациясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«ВЕТЕРИНАРИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ

КЛИНИКАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

РЕФЕРАТ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: « Майда еритін витаминдер алмасуы бұзылуын анықтау »

Орындаған : 6В09102 -

«Ветеринарлық санитария»

мамандығының 3 курс 315 топ студенті

Темешова Диана

Тексерген: Камбарбеков А. Т

Алматы 2022

Мазмұны:

I Kipicпе

II Негізгі бөлім

2. 1. Витамин алмасуының бұзылуы

2. 2. Майда еритін витаминдер

2. 3. Витаминдер алмасуы бұзылуын анықтау

III Корытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

I. Kipiспе

Витамин - адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың ағзасындағы зат алмасудың бірқалыпты болуы үшін аз мөлшерде өте қажетті биологиялық активті органикалық қоспалар. Витамин (латынша vita - тіршілік) туралы ілімнің негізін 1880 жылы орыс дәрігері Николай Лунин салды. Витаминдердің көпшілігі ферменттердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ағзада үздіксіз жүріп жататын химиялық реакциялар, мысалы, ішкен тағамның, мал азығының ыдырап, корытылуы, ферменттердің қызметіне байланысты. Тағамның құрамында витамин жеткіліксіз болса, организм әр түрлі ауруға шалдығады. Ал витаминді (эсіресе, А және D витаминдерін) шамадан тыс көп қабылдау ағзаның улануына (гипервитаминоз) соқтырады. Ол көбінесе, жас балаларда жиі кездеседі. Қазір барлық витаминдерді суда еритін витамин, майда еритін Витамин және витамин тектес заттар деп бөледі. Витаминнің мал үшін маңызы зор. Мал азығында витамин жеткіліксіз болса, малдың өнімі төмендейді, олар жүдеп, әр түрлі ауруларға шалдығады. Мал азығында А, Д, Е, К витаминдері жеткілікті мөлшерде болуы қажет. Мысалы, А витамині жетіспеген жағдайда сиыр не бие көз ауруына шалдығады, сүті кемиді, сондай-ақ олар қысыр қалуы, іш тастауы мүмкін. Малға қажетті витамин балауса шөпте, жоңышқада, сүрленген шөптерде, тағыда басқа болады. Қыста авитаминозға шалдыққан, тағыда басқа түрлі жағдайлармен жүдеген малға витамин концентраттарын, сәбіз, балық майы, тағыда басқа витамині мол азық беру керек. Мал азығындағы витамин мөлшерін көбейту үшін арнайы витамин препараттары мен құрғақ ашытқылар шығарылады.

II. Негізгі бөлім

2. 1. Витамин алмасуының бұзылуы

Ауыл шаруашылық малдары организміндегі витаминдердің жетіспеуінен немесе мүлде болмауынан туындайтын аурулардың табиғатын: эндогенді және экзогенді деп жіктейді.

Витаминдер :

* тағамдық заттармен организмге түсіп, зат алмасуға, организмнің өсіп-өнуіне әсерін тигізеді;

* организмнің қорғаныштық қабілетін арттырады;

* жоғары дәрежелі өсімдіктер мен микроорганизмдердің қалыпты өсуі мен дамуы үшін қажетті;

* белоктардың, майлардың, көмірсулардың және минералдық тұздардың алмасуын жылдамдатады және реттейді.

Витаминдерді 4 топқа бөледі:

1) алифатикалық витаминдер қатары (аскорбин қышқылы) ;

2) алициклды витаминдер қатары;

3) ароматикалық витаминдер қатары;

4) Гетероциклды витаминдер қатары.

Авитаминоз дегеніміз белгілі бір витаминнің организмде өте аз мөлшерде, немесе жоқ болуынан туатын зат алмасу проце - сінің қалыптан тыс өзгерістері. Мұндай өзгеpістер денсаулыққа өте зиянды, кейде өлімге әкеліп соғуы ықтимал.

Гиповитаминоз - кейбір витаминдердің организмде көп мөлшерде жетіспеуінен болатын зат алмасудағы өзгерістер.

Поливитаминоз - организмде көптеген витаминдердің аз мөлшерде болуының нәтижесіндегі метаболизмдік өзгерістер.

Гипервитаминоз деп кейбір витаминдердің организмде шектен тыс көп болуының әсерінен туатын зат алмасудағы, неме - се физиологиялық функция процестеріндегі өзгерістерді айтады. Авитаминоз өте жиі кездеседі.

Авитаминоздың себептері (экзогенді) :

1) Әлеуметтік факторлар: витаминдер мөлшері жеткіліксіз біртекті немесе бір азықпен (тағаммен) қоректену, тұрмыс жағдайының төмен болуы;

2) Азықтың (тағамнын) өндеy технологиясының қателігі: ұзақ уақыт қыздыру немесе азықты бірнеше рет қыздыру витаминдерді жояды;

3) Темекі шегу, этанолды (арақ) ішу (алкоголизм)

4) Биологияльқ факторлар: сәбилік немесе қартаңдық, жүктілік, лактация кезеңі.

Авитаминоздың себептері (эндогенді) :

5) организмнің патологиялық жағдайы:

  • асқазан-ішек жолдарында сінірілуі;
  • б) ішек инфекциясы: қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметіне әсер ете отырып, В витаминдер тобының синтезін бұзады;
  • в) Бауыр қызметінің бұзылуы: - провитаминдердің витаминдерге айналуын - әртүрлі биосинтезге витаминдердің қатысуын - бауырда витаминдердің жиналуын тежейді.

6) Өте көп мөлшерде дәрі-дәрмек қабылдау - біpінші кезекте антибиотиктерді қабылдау кқалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының қызметін бұзады.

2. 2. Витаминдер классификациясы. Майда еритін витаминдер

Барлық витаминдер майда және суда еритіндер деп екі топқа бөлінеді. Майда еритіндерге А, D, E, К витаминдері жатады. Суда еритін витаминдерге С, РP және В тобындағы барлық витаминдер жатады.

А витамині (ретинол, антиксерофтальмиялық витамин)

Ретинолды зерттеу 1909 жылы басталып, 1933 жылы синтезделген. А витаминінің бірнеше витамерлері бар - А1, A2, А3; ішінде ең көп тарағаны - А1 (теңіз балықтарының бауырында көп болады) .

Химиялық құрылымы жағынан А витаминдері құрамында В-ионон сақинасы, оның бүйірінде изопреннің екі қалдығы және гидроксил тобы бар спирттер. А витаминдері сары түсті, 59- 64°-та балқиды, оттексіз 100°-қа дейін қыздыруға төзімді, жылдам тотығатын кристалды заттар. Организмде ферменттердің қатысуымен ретинол (спирт) тотығып, витаминдік қасиеті бар ретинальға (альдегид) айналады.

Ұлпаларда, бауырда А витамині әр түрлі қышқылдармен (сірке, пальмитин, янтар) қосылып, күрделі эфир түрінде болады.

А витамині тек жануардан алынған азықтарда болады: балық майында, бауырда, етте, жұмыртқада, сары майда, т. б. Ал өсімдіктерде А витаминінің провитаминдері - каротиндер түзіледі. Каротиндер (лат. сarota - морковь) - ең алғаш сәбізден бөлінген, сары түсті пигменттер.

Каротинге сәбіз, асқабақ, қымыздық, қара қарақат, қара жидек, қарлыған, қызыл бұрыш, қызанақ, т. б. өсімдіктер бай. Осы кезде зерттелгендері - а-, В-, ү- каротиндер. Бауырда және ішекте каротиназа ферментінің әсерімен В- каротиннен А витаминінің 2 молекуласы түзіледі.

А витамині авитаминозының клиникалық белгілері

  • көздің тор қабығының зақымдануы (ксерофтальмия, панафтальмия, ірінді конъюктивтит) ;
  • эпителийдің қабынып, зақымдануы (тері мен мұрын, жұтқыншақ пен көмей, бронхылар мен өкпе, ас қорыту және несеп бөлу орталық жүйке жүйесі органдарының кілегей қабаты
  • қабыршақтанып, тері құрғақ тартып, оның беті кедір - бұдырланады, өкпеге зиянды микробтар ауа арқылы кіріп, қабынады, организмнің инфекцияға төзімділігі әлсіреп, фолликулярлы гиперкератозға, дерматитке ұшырайды) ; * ұрғашы малдың қынабы мен жатырының кілегей қабығы қатайып, ұрықтанған соң төлдің бекуі нашарлайды, жыныс циклі бұзылады, шудың шығуы тоқталып, іш тастауы мүмкін немесе төлі кішкентай болады өлі туады;
  • жүні қылданады және тікірейіп түсе бастайды, тұяқтары өсіп, жұқарып, жұмсарып, қабынып, жарылады;
  • Еркек малдың жыныс бездері өзгеріп, сперматогенез немесе ұрықтың пайда болуы бұзылады.

А витаминінің жануарлар организміне қажетті мөлшері: тірідей салмағының 1 кг мөлшеріне 6 мкг (1 микро-грамм %3D 10-6 г) .

Д витамині (кальциферолдар, антирахиттік)

Д витаминінің бірнеше витамерлері бар. Олардың ішінде ең көп тарағандары - Д2 (эргокальциферол), ДЗ (холекальциферол) витаминдері. Химиялық құрылымы жағынан бұл витаминдер, жоғары молекулалы циклді спирттер - стеролдардың туындылары:

Д2 мен ДЗ витаминдері ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен эргостерол мен холестерол провитаминдерінің В сақинасындағы 9-шы және 10-шы көміртек атомдары арасындағы байланыстың үзілуі арқылы активтеліп, синтезделеді.

Д2 витамині ультракүлгін сәулесінің әсерімен эргостеролдан бірнеше аралық заттар (люмистерин, тахистерин) түзілу арқылы пайда болады. Қазіргі кезде бұл реакцияның барлық өнімдері таза күйінде бөлініп алынған.

Д2 және ДЗ витаминдері дәмсіз, түссіз, иiccіз кристалдар, 115-117°-та балқиды. Органикалық eріткіштерде: хлороформда, бензолда, эфирде, ацетонда, спиртте жақсы ериді де, су мен глицеринде ерімейді.

Бұл витаминдер тотықтырғыштардын әсерінен В сақинасындағы 7-ші және 8-ші көміртек атомдары арасындағы қос файланыстары ү скачать тез бұзылады.

ДЗ витамині ас арқылы түспесе де, организмде тиісті провитаминнен синтезделе береді. Д - авитаминозы көбінесе солтүстік жақта, қыста кездеседі.

Биомедициналық қызметі

Д витамині организмде фосфор мен кальцийдың ащы ішектің сілемей қабатының клеткаларында сорылуына әсер етеді. Қанда кальцийдың фосфорға қатынасы 2:1 (CaР-21) болатындықтан, осы тепе-тендікті сақтайды, сүйектің беріктігін қамтамасыз ететін фосфор- қальций тұздарының түзілуіне қатысады, қалқанша безінің функциясына әсер етеді. Кальциферол қанның белоктарымен кешен түзе отырып тасымалданады. Бұл кешен Д витаминін биологиялық тотығудан сақтайды.

Д витамині тағамда жетіспегенде балалар - мешел (рахит; грек. zhachis - арқа қыры, омыртқа бағанасы), ересектер - остеомаляция (ostean - сүйек, тalatia - жұмсару), немесе остеодистрофия, ал бөгде адамдар остеопороз (грек. роros санылау, тесік) ауруларына шалдығады.

Аурудың себептері: азықта Д витаминінің жетіспеуі, қарбалас қалқанша бездері қызметінің бұзылуы, азық пен суда кальций мен фосфор тұздарының аздығы, күн сәулесінің жетіспеуі.

Д витаминдері балық майында, сары майда, жұмыртқа сарысында, бауырда, сүтте көп болады.

Организмге Д витамині көп түскен кезде гипервитаминоз орын алады. Бұл жағдайда ішкі органдарда кальций тұздары көбейеді, сүйек ерте минералданады, балалардың өсуі тежеледі.

1936 жылы Брокман ДЗ витаминін балық майынан бөліп оны холестерин туындысы екендігін анықтайды. Ғалым Виндаус 1937 жылы шошқа терісінің үстіңгі қабатынан 7-дегидрохолестеринді бөліп, оның ультракүлгін күн сәулесінің әсерінен активті ДЗ витаминіне айналатындығын анықтайды.

Д витамині авитаминозының клиникалық белгілері

  • Рахитгрекше Rhachis - арқа қыры, омыртқа бағанасы - мешел құныс ауруы организдегі кальций мен фосфор алмасуының өзгеруінен болады. Кальций мен фосфор тұздарының өсіп келе жатқан сүйектерде қабаттануы нашарлап, олардың әктенуі бұзылады.
  • Остеомаляциягрекше ostean - cүйек, malakia - жұмсару сүйек жұмсаруы, басқаша - остеодистрофия ауруы.
  • Остеопорозгрекше ostean - сүйек, роros - санылау, тесік сүйек қалыптасқан кезде сіну процесінің түзілу процесінен анағұрлым басым болуына байланысты сүйек тканінің селдіреуі болады. Фосфор- кальций алмасуындағы тепе-тендік жойылып, сүйектің табиғи формасы мен құрылысында күрделі өзгерістер туады.
  • D-авитаминоз кезінде малдың өнімі бірден төмендейді, тауықтың жұмыртқасы кемиді.
  • Ауыл шаруашылығы малдарының D витаминің мөлшері: тірідей массасының әр 100 кг мөлшеріне 25 мкг

Е витамині (токоферол, антистерильдік)

1920 жылы Маттилл мен Конклин аралас азықтың құрамында жануарлардың қалыпты ұрықтануына өте қажет бір заттың бар екендігін көрсетеді. Олар ашытқы қосылған жасанды азық беріл­ген жануарлардың бедеулікке ұшырағанын байқаған. 1936 жылы Иванс бидай тұқымы ұрығынан, кейіннен мақта майынан бензопи­ранның үш туындысын - α-, β-, γ-токоферолдарды (грек. tokos - ұрықтану, phero - әкелемін) бөліп алады. 1938 жылы α-токоферол синтездік жолмен алынады. Қазіргі кезде Е витаминінің 7 витамері белгілі. Жеке токофе­ролдардың бір-бірінен басты айырмашылы­ғы - витаминдік әрекетшілдігі және циклді компонентіндегі метил­дік топтың орналасуы мен саны бойынша.

α-, β-, γ-токоферолдар бір-біріне ауыспайды, олар ақырғы өнімдеріне дейін ыдырайды. Осы токоферолдардың ішіндегі ең әрекетшілі - α-токоферол, оның активтілігі β-токоферолмен са­лыстырғанда 2 есе артық. Бидай дәнінің ұрығындағы токоферол­дың жалпы мөлшерінің 58% астамы α-токоферолдың үлесіне келеді.

Токоферолдар түссіз, май тәріздес қоймалжың, бензолда, спиртте, хлороформда, ацетонда және басқа да май еріткіштерін­де еритін, 170°-қа дейін қыздыруға төзімді, оптикалық активті, ультракүлгін күн сәулесі әсерінен тез бұзылатын зат.

Е витамині табиғатта өте кең тараған, әр түрлі астық дәндес­терде, өсімдік майларында, күнбағыста, жүгеріде, қытай бұрша­ғында, қырыққабатта, салатта, етте, сары майда, жұмыртқа сары­сында, т. б. көптеп кездеседі.

Е авитаминозы мен гипервитаминозы организмде сирек кез­деседі, себебі, Е витамині әр түрлі ұлпаларда әсіресе, май ұлпа­ларында жиналып, қор жасайды. Бұл витаминнің авитаминозы көбінесе көмірсулармен қоректенетін тропикалық елдерде ғана кездеседі. Токоферолдардың құрылымдық формулалары:

Биомедициналық қызметі

Е витаминінің организмде атқаратын қызметі екі орай. Біріншіден, токоферолдар биомембраналардың құрамындағы фосфолипидтердің қанықпаған жоғары май қышқылдарымен кешен түзіп, мембраналарды тотығудан сақтайтын антиоксидант. Екіншіден, сутегіні протон мен электрон түрінде тасымалдап, биологиялық тотығу процесіне қатысады:

Организмде токоферол жетіспесе, ет ұлпаларының қызметі бұзылады, еттердің жиырылуын қамтамасыз ететін миозин бело­гының орнына, оған керісінше әсер ететін коллаген белогі жина­лады. Е авитаминозы бұлшық ет талшықтарының жиырылуына әсер ететін негізгі қосылыстар креатин мен фосфокреатиннің түзілу реакцияларына қатысады және ацетилхолиннің түзілуін нашарлатады.

Токоферолдар организмде жетіспегенде, немесе жоқ болған­да жатырдағы ұрықтың өсуі, жыныс органдарының қалыпты жұ­мыс істеуі нашарлайды, бұлшық еттерде миозиннің, гликогеннің, калийдің, магнийдің, фосфор мен креатиннің саны азайып, майлар мен натрий хлориды көбейеді. Қол-аяқ қозғалмай сал ауруына ұшырайды, бұлшық еттер кеміп, жұлын зақымданады.

К витамині (филлохинон, антигеморрагиялық)

Қанның ұю процесіне әсер ететін ерекше витаминнің бар екендігі алғаш рет 1929 жылы белгілі болды. Кейінгі еңбектердің нәтижесінде табиғи К 1 және К 2 витаминдері анықталып, олардың 1, 4-нафтохинон туындылары екендігі дәлелденді. (филлохинон) мен К 2 (менахинон) витаминдері бір-бірінен бүй­іріндегі изопрендік тізбегі бойынша айырмашылықтары бар. К 1 витаминінде фитол спиртінің (C 20 ) қалдығы болса, ал К 2 вита­минінде дифарнезилдің (С 30 ) қалдығы бар. К 1 витамині 1939 жылы синтетикалық жолмен алынды. Наф­тохинонның басқа туындылары да К витаминіне тән физиология­лық қасиеттерге ие. Солардың ішінде кең қолдану тапқаны 1942 жылы А. П. Палладин синтездеген метилнафтохинонның суда еритін бисульфидтік туындысы - викасол.

Филлохинонның жасанды түрде синтезделінген аналогтары­на викасолдан басқа метинон мен фтиокол да жатады. Бұл заттар жоғарғы биологиялық активті заттар болып есептеледі. Фтиокол алғаш рет пигмент түрінде бактериядан бөлініп алынып, 1933 жылы жасанды түрде синтезделеді.

К 1 сарылау түсті қоймалжың, май тәріздес, 115-145°С қай­найтын, суда ерімейтін, қыздыруға, сілтілік ортаға, күн сәулесіне төзімсіз зат.

К 2 витамині сары түсті, 540°С балқиды. К 1 витаминіненде төзімсіз кристалды зат.

К 3 витамині сары түсті 106°С балқитын, суда ерімейтін, эфир мен спиртте еритін ұнтақ.

Биомедициналық қызметі

К витамині химиялық құрылысы жағынан хинондар тобына жатады, организмде хиноидты құрылым гидрохинонға айнала алады, сутегіні тасымалдап, биологиялық тотығу процесіне қаты­сады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ферменттер. Энзимдердің жалпы қасиеттері. Витаминдер. Майда және суда еритін витаминдер. Коферменттер
Витамин алмасуының бұзылуы
Витаминдер алмасуы бұзылуын анықтау
Құрамында витаминдер бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар
Дәрумендерге жалпы шолу
Беттік активті заттардың классификациясы
Биологиялық химия пәнінен тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
Ферменттермен жұмыс істеу әдістемесі
Сезімтал жүйке үштарын тітіркендіретін заттар
Микроорганизмдерде эргостерин мөлшері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz