Инклюзивті білім беру жағдайындағы дефектологтың рөлі және мұғалімдерге қойылатын кәсіби талаптар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ - ҚОҒАМ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Инклюзивті білім беру- оқушылардың, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеу.

Әрбір баланың мектеп жүйесінің талаптарына сәйкес болуы немесе сәйкес болмауына қарамастан, оқушыны сыйлау және оның жеке даралығын қабылдауды қамтамасыз ететін инклюзивті білім беру идеясының Қазақстан Республикасында таралуы педагогтардың құзыреттілігіне жаңа талаптарды туындататыны заңды. Заманауи педагогтарға, ең алдымен мектеп мұғалімдеріне қойылатын талаптар жаңа қызметтерді орындаумен байланысты: дене немесе интеллектуалды мүмкіндігі шектелген балалар болсын, қалада немесе ауылда тұратын әр түрлі әлеуметтік топтағы балалар болсын немесе басқа да әр түрлі білім беру топтарымен жұмыс істеуге болатын технологияларды өздігінен, шығармашылық түрде және адекватты таңдау мен қолдану қабілеті.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуда жалпы білім беретін мектептегі дефектологтың атқаратын ролі туралы айта кететін болсақ, дефектолог - мұғалімнің көмегі өте маңызды. Дефектолог - мұғалім пәндік материалдарды меңгерту үшін түзету- дамыту сабақтарын өткізеді, оқу материалын алдын - ала меңгеруді қадағалайды.

Дефектолагтың мақсаты:

1. Мүмкіндігі шектеулі балаларға уақтылы көмек көрсету.

2. Оқушылардың дүниетанымдық деңгейін байыту, қоршаған орта құбылыстары мен заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.

3. Көмек берудің әдістері мен түрлерін қолдануы жайында ата- аналармен байланыста болу.

Міндеті:

1. Дамуында ауытқушылығы бар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзеу жөніндегі шешімдерді жас ерекшелігіне байланысты қолдану.

2. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте коррекциялық көмек көрсету.

Баланың психикалық даму деңгейі төмен болған сайын, мұғалімнің білім деңгейі соғұрлым жоғары болуы керек. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеу үшін ерекше білімнің қажеттілігін айқындайды. Себебі, инклюзивті білім беру жағдайында мұғалімнің позициясы өзгереді. Мұғалім өзінің автономдығын жоғалтып, арнайы педагогпен, психологпен, логопедпен, әлеуметтік педагогпен және ата-аналармен өзара тығыз әрекеттестікте жұмыс істейді. Инклюзивті білім беру жағдайында педагог өз әрекетінде білім мазмұнын бейімдеу, тұлға аралық қарым-қатынасты дамыту сияқты т. б. қосымша міндеттер мен қызметтерді атқару керек. Бұған даму мүмкіндіктері шектелген балаларға кіріктірілген (инклюзивті) білім беруді ұйымдастыру бойынша Әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген педгогтарға қойылатын талаптар дәлел: − даму мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын сыныпта қызмет ететін бастауыш сынып мұғалімдері мен пән мұғалімдері әрбір оқушының білім алу қажеттіліктеріне байланысты оқу бағдарламаларын бейімдеу қажет; − сыныптағы мұғалім (сынып жетекші) даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арнайы қолдауды келесі бағыттарда қамтамасыз етеді: оқу үдерісі аясында жұмысты ұйымдастыруда оқушыларға көмек беру; Балалар ұжымын қалыптастыру және дамыту (жағымды қарым-қатынасты қалыптастыру) ;

Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін ұйымдарда педагог жұмысының басты міндеттерінің бірі даму мүмкіндігі шектеулі баланы және оның отбасын жалпы білім беру ортасына енгізуді реттейтін үдерісті сапалы түрде басқару болып табылады. Бұл бағыттағы алғашқы қадам білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын, ең алдымен, өзін өзгерістегі әлеуметтік жағдайға дайындау болуы керек.

Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғаліміне қойылатын тағы бір маңызды талап - медициналық, психологиялық және дефектологиялық саладағы мамандармен бірге әрекет етуге дайындығы мен қабілеті. Бұндай әрекеттестіктің басты мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру екендігін түсіну қажет.

Әдебиеттер тізімі:

1. Дүниежүзілік мүгедектер туралы баяндама. - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, 2011г. ttp://www. who. int/disabilities/world_report/2011/summary_ru. pdf?ua=1

2. Пугачев В. П. Руководство персоналом организации. - М. : аспект пресс, 2000. - 54 с.

3. Дружилов С. А. Профессиональная компетентность и профессионализм педагога: психологический подход. - Сибирь. Философия. Образование. - 2005. - №8. - С. 26-44

4. Маркова А. К. Психология профессионализма. - М. : Международный гуманитарный фонд «Знание», 1996. - 312 с.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтар мен мамандардың қызметтік міндеттері мен кәсіби құзыреттілігін талдау
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғалімінің рөлі, кәсіби даярлығы және ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету
Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог-дефектологтың кәсіби қызметінің ерекшеліктері
Инклюзивті білім беру жағдайындағы психологтың үш негізгі құзыреттілігі
Арнайы білім беру жүйесіндегі педагог-дефектологтың жеке тұлғасы мен кәсіби қызметі
Мектеп педагогикасы: кәсіби қасиеттер, білім беру тенденциялары және педагогқа қойылатын талаптар
Инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалдық бағалау
Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтар мен басқарушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігі
Инклюзивті білім беру жағдайындағы бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесіндегі күрделі мәселелер және педагогикалық талаптар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz