ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Информация об авторе (фамилия, имя, отчество, научная степень,звание, должность, учреждение, город, адрес, телефон, факс, e-mail)
ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ
БЫТОВОЕ НАСИЛИЕ И МЕРЫ БОРЬБЫ С НИМ
DOMESTIC VIOLENCE AND MEASURES TO COMBAT IT

АННОТАЦИЯ
Мақалада отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі қарастырылады. Бұл мәселенің өзектілігі - тұрмыстық зорлық-зомбылықтың психологиялық және құқықтық тетіктерді қолдана отырып шешілуі керек сипаттағы мәселе екенінде. Осы зерттеу жұмысының басты мақсаты - тұрмыстық зорлық-зомбылық ұғымын құқықтық түрде талдау, оның түрлерін анықтау және аталған мәселемен күрес шараларын қарастыру.

АННОТАЦИЯ
В статье рассматривается проблема бытового насилия. Актуальность данной проблемы заключается в том, что бытовое насилие-это проблема характера, которая должна решаться с использованием психологических и правовых механизмов. Основной целью данной исследовательской работы является правовой анализ понятия бытового насилия, определение его видов и рассмотрение мер борьбы с данной проблемой.

ANNOTATION
The article deals with the problem of domestic violence. The relevance of this problem lies in the fact that domestic violence is a problem of a nature that must be solved using psychological and legal mechanisms. The main purpose of this research work is the legal analysis of the concept of domestic violence, the definition of its types and the consideration of measures to combat this problem.

Түйінді сөздер: тұрмыстық зорлық-зомбылық, тұрмыстық зорлық-зомбылық нысандары, тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес шаралары, отбасылық зорлық-зомбылықтың себептері.
Ключевые слова: бытовое насилие, формы бытового насилия, виды бытового насилия, меры борьбы с бытовым насилием, причины семейного насилия.
Keywords: domestic violence, forms of domestic violence, types of domestic violence, measures to combat domestic violence, causes of family violence.

Отбасы ұғымы пайда болғаннан бері адамдардың әлеуметтік өмірінде зорлық-зомбылық әлі күнге дейін өзінің құқықтық мәні бойынша кең таралған түсінік болып табылады. Отбасылық зорлық-зомбылық тақырыбы әлемнің көптеген елдері үшін әлі күнге дейін өзекті.
Жалпы тұрғыда тұрмыстық зорлық-зомбылық - негізгі қоғамдық институттарға, оның ішінде отбасы институтына айтарлықтай әсер ететін өткір әлеуметтік проблемалардың бірі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықты тудыратын себептер белгілі бір әлеуметтік топ тұрғысынан да, жеке ел тұрғысынан да ерекше болуы мүмкін.
Көптеген зерттеушілер әр түрлі елдерге тән отбасылық (тұрмыстық) зорлық-зомбылықтың жалпы себептерін анықтайды. Атап айтқанда, тұрмыстық зорлық-зомбылық себептерінің арасында әлеуметтік-экономикалық дамудың төмен деңгейі, кедейліктің жоғары деңгейі, білімнің төмен деңгейі және демократиялық мәдениеттің болмауы сияқты себептер жиі кездеседі.
Еліміздің Ата Заңы - Қазақстан Республикасының Конституциясы адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға кепілдік береді. Осыған орай тұрмыстық зорлық-қомбылық фактісіне қарсы адамдардың құқықтарының қорғауда болу қажеттігін Қазақстан Республикасы Конституциясының бірнеше баптары көздеген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабына сәйкес әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Ал ҚР Конституциясының 17-бабы адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмаушылық туралы және ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайтындығы туралы тікелей айтады. Сонымен қатар, мемлекет ананы, әкені, баланы қорғау жөніндегі міндеттемені толығымен өзіне алады. Мәселен, ҚР Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болатыны бекітілген. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу-ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әйелдерге қатысты жасалу қаупінің жоғары мәнге ие болуы Қазақстан Республикасының халықаралық құқық қорғау келісімдерін ратификациялай отырып, әйелдерді мемлекеттік, сондай-ақ жеке тұлғалар жасайтын зорлық-зомбылықтан қорғау жөнінде өзіне міндеттемелер алуына әкелді. Бұл ҚР Конституциясында және халықаралық құқықтық құжаттарда бекітілген ережелер мен бірқатар нормативтік актілерде нақтыланады. Олар: ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Қылмыстық кодексі, ҚР Еңбек кодексі, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі, Қазақстан Республикасының Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заңы және т. б. Мұнда әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауды реттейтін негізгі баптар мен заңдар келтірілген.
Азаматтар құқықтарының аса қауіпті бұзылуы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады және ҚР Қылмыстық Кодексінің қолданылу аясына жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған адамдардың құқықтарын қорғау мәселелерін шешу кезінде, сот тәжірибесі көрсеткендей айыптау кезінде ҚР Қылмыстық Кодексінің мынадай баптары жиі қолданылады: ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру), 107-бабы (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру), 110-бабы (қинау) және т.б.. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық кісі өлтірумен аяқталатын жағдайлар да жиі кездеседі, мұндай жағдайларда ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша айыптау жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73-бабына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекет деп құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдіру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер түсініледі.
Аталған заңнамалардың барлығында тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайында болуы мүмкін адамдардың құқықтары және оны қорғау шаралары сипатталған. Бірақ халықтың мемлекеттің заңдарын білмеу және өзін осындай қылмыстық көріністерден қорғауға құлықсыздық тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністері болып табылатын осындай құқық бұзушылықтардың өркендеуі үшін қолайлы негіз болып табылады.
Біздің елімізде гендерлік теңдікке қатысты барлық негізгі әмбебап конвенциялар ратификацияланды. Олардың ішінде БҰҰ-ның Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы, Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенциялар бар, дегенмен Қазақстанда және бүкіл әлемде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әсеріне әйелдер мен балалар көп ұшырайды, нәтижесінде олардың психикасы бұзылып, өмірлік ұстанымдары өзгереді, көбісі қылмыстық жолға түседі.
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға 2009 жылдан бастап күшіне енген Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Заң ықпал етеді. Бұл заң құқық бұзушыға белгілі бір әрекеттерді жасауға тыйым салатын қорғау нұсқамасын шығаруды көздейді.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зорлық-зомбылық көрген әйелдерге әлеуметтік жұмыс технологиясы
Тұрмыстық зорлық – зомбылықты құқықтық қорғау мәселері
Әйелдерді зорлау қылмысымен күресу
Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы Қазақстан Республикасының заңы
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Қасақана зиян келтірудің себептері
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету, тұрмыстағы зорлық-зомбылық
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар
Қазіргі Қазақстандағы отбасылық зорлық-зомбылық мәселесінің әлеуметтік аспектілері (салыстырмалы талдау)
Қазақстандағы зорлық зомбылық
Пәндер