Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту ерекшелігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

C:\Users\PC\Downloads\WhatsApp Image 2022-01-19 at 21.35.00.jpeg Маманиязова Гульфайра Оразовна

Палодар облысы «Палодар қаласының

№ 27жалпы орта білім беру мектебі»КММ

Қазақ тііл мен ідебиті мұғалімі

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту

Қазіргі сабақта тек білім беру емес, тұлғаның өмірлік маңызды қасиеттерін қалыптастыруымыз керек, оқушыны жоғарғы оқу орнына түсуге ғана емес, өмірге дайындауымыз керек . . .

Мақсаты: белсенді оқыту әдістерін дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстыра отыра зерттеу, әр әдіске сипаттама бере отырып, тиімді және тиімсіз жақтарын анықтау.

Міндеті: функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы белсенді оқыту әдістері мәселесін зерттеуге қатысты педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;

- зерделенген әдебиеттердің қорытындысы негізінде белсенді оқыту әдістеріне сипаттама жасау;

- функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы тиімді әдістерді зерделеу;

- белсенді оқыту әдістерінің тиімділігін анықтау.

Функционалдық сауаттылық:

Оқушылардың сыртқы ортамен қарым-қатынас жасау қабілеті;

Оқушылардың əлеуметтік-мəдени дамуының өлшемі;

Оқушылардың білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы;

Оқушылардың қатысымдық, ақпараттық, проблемалардың шешімін анықтау құзыреттіліктерінің бірлігі;

Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - қазақ тілі сабақтарында оқушылардың өмірлік дағдыларын дамытудың басты шарты. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру - оқушының танымдық-қатысымдық қабілеттерін дамытуға деген ішкі мүдделілігімен әлеуметтік сұранымды үйлестірудің жолы болып табылады. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны да ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т. б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану - әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептеледі, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету - қазақ тілінің басты міндеті болып танылады. Болашақ азамат өз ұлтының асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жеке танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға негіз болатын әлемдегі аса бай, мазмұнды, көркемдік деңгейі жоғары әдебиеттердің қатарындағы қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік қыры сан қилы . Әдебиет - оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз . Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де алады. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді . Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын ашады, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін , одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өсетініне сенеміз. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды. Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып өсулеріне тигізетін әсері мол болып табылады. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін, біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз керек. Қазақ тілін оқыту алдына үлкен міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып келе жатқан мәселе. Демек, тіл ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты оқыту әдістемесі де қатар жетіліп байып отыр. Өйткені, озат мұғалімдер тәжірибелерінен толығып оның мазмұны мен жүйесі, құрылысы, кеңейіп, байып отырады. Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, жетіліп отырады. Қазақ тілі жүйесінен білім алу, қазақша тіл мәдениетін қалыптастыру, қазақша тіл және сөйлеу

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында бастауыш оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Функционалдық сауаттылықты дамытудың тәжірибелік негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі. Әдістемелік құрал
Функционалдық сауаттылықтың түрлері
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Оқу сауаттылығын арттыруға бағытталған мәтіндер
Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz