РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТАРТУ


Г. Т. Каипбердиева
Теміртау қаласы «Гүлдер» бөбекжайы
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ АЯСЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ЖӘНЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРҒА ТАРТУ
Мектеп жасына дейінгі мекеменің білім беру жүйесінде басты рөлді педагогтің атқаратын қызметі ұшан теңіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде алдына жан салмайтын, барлық күш - жігерін балаларды тәрбиелеуге жұмсайтын басты тұлға - педагог яғни тәрбиеші деп айта аламыз. Педагог ең алдымен өзінің алдына басты мақсат қойып, сол мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуі керек деп ойлаймын. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін
дамыт уды қалыптастыру қажет.
Рухани-адамгершілік тәрбие - бұл үздіксіз жүріп отыратын үрдіс, рухани - адамгершілік тәрбиені баланың алғашқы қадам жасаған сәтінен бастау қажет, себебі, мектепке дейінгі жастағы кезең - баланың ізгілік, мейірімділік, қайрымдылық яғни адамгершілік құнды қасиеттерді бойына сіңіретін ерекше кезең болып табылады. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың»- деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, шыдамдылық, аяушлдық, дұрыс мінез-құлық, патриоттық сезімдерін ояту сияқты адамгершілік құнды қасиеттерді бойына сіңіру, өз-өзіне деген сеніміділкке тәрбиелеу мектепке дейінгі мекеменің қабырғасында қалыптасады.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын балабақшаның білім беру үрдісінде т абысты іске асыру мақсатында біртұтас рухани - адамгершілік білім беру ортасын: отбасы және мектепке дейінгі мекеме құру қажет. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру - ата-аналар мен мектепке дейінгі мекеменің басты міндеті деп айта аламын. Сондықтан да бала бойына жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек қана, ертеңгі азамат пен азаматшаларды тәрбиелей отырып, жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына сөзсіз ықпал етеді деп нақты айта аламын.
Біздің бөбекжайымызда «Рухани жаңғыру » бағдарламасын жүзеге асыру аясында жыл бойына көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Атап айтар болсақ, ол іс-шараларды өзімінің іс - тәжірибемде жүзеге асырып жүрмін. Оларға: тақырыптық түрде ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері, ертеңгіліктер, көрмелер, ата-аналар жиналысы, мерекелік ойын-сауықтар, спорттық ойын сауықтар т. б жатады. 2021-2022 оқу жылы барысында бөбекжайымызда көптеген апталықтар да, аталып өтілуде. Солардың ішінде 2020-2021 оқу жылында «Оқу сауаттылығы» және «Қазақ тілін үйренеміз» «Бұл әлем қандай тамаша» атты эстетикалық сауаттылық аптылығы, апталықтарды өз шама-шарқымызша өткізіп, балалардың бойында ана тіліне деген құрмет пен ертегі, әңгімелерді оқып беріп, сахналау бойынша көптеген ұйымдастырылған оқу-қызметтері өткізілді. Сол апталықтар мен әр мереке қарсаңында өткізіліп отырған көрмелер мен сайыстарға ата-аналарымыз да белсенді түрде атсалысып қатысты.
Сондай-ақ, қазақ тілі апталығында «Сүйем туған тілімді» атты Отан, тіл туралы мақал-мәтелдер челленджі мен «Туған жер», «Отан» туралы өлең оқу сайысы тобымыздың ата-аналары арасында қашықтықтан өткіздім. Топтың ата-аналары барлығы атсалысып, белсенді түрде қатысты - деп айта аламын. Белсенді қатысқан ата-аналар бөбекжайымыздың басшылығы тарапынан марапатқа ие болды.
Бөбекжайымызда әр аптаның дүйсенбісінде балалардың патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында таңертеңгілік сағат 8. 50- де Қазақстан Республикасының мемелекеттік гимнін орындау басты ұранымызға айналған. Былтырғы 2021 жылы 1- желтоқсан елбасы күні мерекесіне орай «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тақырыпта тақырыптық түрде ұйымдастырылған оқу қызметі өткіздім. Ұйымдастырылған оқу қызметі барысында ән, тақпақ айтып, «Елбасы» туралы бейне баянды тамашалап, (Сурет 1. ) ойын арқылы және еліміздің туын және бас қаламыз «Нұрсұлтан» қаласының символы «Бәйтерек» ғимаратын бояумен және май шаммен дәстүрден тыс әдіс арқылы салып өз өнерлерін көрсете білді. Сурет 2, 3. «Тәуелсіздігіміздің 30- жылдығы мерей тойы» Қазақстанның түкпір-түкпірінде қарқынды түрде аталып өтті. Атап айтар болсақ, Қарағанды облысы білім басқармасының «Теміртау қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырылуымен өткізілген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінң 30 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған қалалық «Тәуелсіз елім - Қазақстан» атты мәнерлеп оқу байқауында «Үздік жеке мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша тәрбиеленушім Утекова Томирис пен жеңімпазды дайындағаным үшін өзімде III - дәрежелі дипломмен марапатталдық. Сурет 4. Сонымен қатар, біздің бөбекжайымызда да 16-желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай ұйымдастырылған «Туған өлкем - мақтанышым менің» аты тақырыпта мерекелік ертеңгілік болды. Ертеңгілікке тәрбиеленушілеріміз өздерінің «Отан», «Туған жер», «16-желтоқсан» туралы ән, өлең, тақпақ, ойын т. б өнерлерін паш етіп көрсетіп, белсене қызығушылықпен қатысты.
Сурет 1 Сурет 2 Сурет 3 Сурет 4
Сондай-ақ, бөбекжайымыздың ішінде «Тәуелсіздігіміздің 30 - жылдық» мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылған бөбекжайдың ересек және мектепке даярлық топтарының арасында өткізілген іс-шаралардың бірі «Отан», «Тәуелсіздік» туралы өлең оқу сайысы және сурет салу сайыстары аталып өтті. Тобымыздың тәрбиеленушілерін сайыстарға қатыстырып, белсене қатысқан тәрбиеленушілер бөбекжай тарапынан мадақтамаларға ие болды. Келесі кезекте ақпан айына оқу жылы барысында көрсететін ашық түрде ұйымдастырылған оқу қызметімнің тақырыбында осы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, балалардың патриоттық сезімдерін ояту мақсатында, туған еліне, туған жеріне, Отанына сүйіспеншілікпен қарауға деген ұғымды санасына сіңіру үшін «Әлеумет» саласы «Қоршаған ортамен танысу» бөлімі бойынша «Менің елім - Қазақстан» атты тақырыпта біріктірілген оқу қызметін өткізгелі отырмын.
Ата-аналармен қарым-қатынастың тиімді жолы, үлкендер мен балалардың ынтымақтастығын рухани-адамгершілік тәрбие арқылы іске асыру әрекеті. Сондықтан да біз өз жұмысымызда рухани- адамгершілік білім берудің - жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне, ақыл-парасатын дамытуына, мәнді өмір сүруіне қызмет ететінін ата-аналармен біріккен жұмыс барысында көрсетіледі. Бала түсінігінде отбасы орталық рөлді ойнайды. Балаға отбасының берерін ешкім де, ешқашанда толық көлемде бере алмайды. Біздің міндетіміз - ата-аналарға ең бастысы, отбасында рухани және адамгершілік дәстүрлер мен құндылықтардың сақталуы қажет екенін түсіндіруіміз қажет. Рухани-адамгершілік тәрбиені ата-бабаларымыз мирас етіп қалдырған, баланы рухани-адамгершілік тәрбиелеуде ата-ана жауапты болып табылады және отбасы бала үшін тәрбиенің негізі қалыптасатын рухани әлем, сонымен қатар баланың адамдарға, табиғатқа деген қарым-қатынасы отбасында қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz