Темір жолдардың маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
19 ғасырдың екінші жартысы мен 20 ғасырдың басындағы туризмнің интенсивті дамуы, темір жол желісінің қарқынды дамуымен тығыз байланысты болды. Темір жолдардың маңыздылығы өте келе автокөлік және авиа көлігінің пайдасына кеміді.
Темір жол әуе көлігіне қарағанда баяу жүретін болғандықтан, темір жол көлігінің үлесі төмендеуде, осы төмендеу 60-шы жылдардан басталған. Қолайсыз тенденцияны нейтрализациялау құралы болып жүру төлемінің төмен болуы табылады. Соңғы кезде ішкі туризмнің дамуында айрықша маңызға ие болып отыр. Сонымен қатар темір жолмен жүрушілерге қызмет көрсетудің жаңа формалары табылып жатыр.
Біздің елде темір жол туризмі 50-ші жылдың соңынан дами бастады, әйгілі және кең туризм түріне айналды. Осы туризм түрі болашақта оның комфорттылығын жоғарлату жағдайында дамудың айрықша мүмкіншіліктеріне ие болады. Су транспортымен салыстырғанда, темір жол транспортының жүйесі қалың және темір жол туризмі су туризміне қарағанда бірнеше есе арзан болып келеді. ТМД-нің көптеген қалалары мен туристік обьектілері темір жол көлігінің жететін сферада орналасқан, соған қоса ол автобус көлігімен кооперацияға түседі, ал осы кооперация әртүрлі көрікті ауданды көру үшін шексіз мүмкіншіліктерді туғызады.
Біздің мелекетіміздің көлік жүйесі басқа мемлекеттердің жүйелерімен кең байланысы, көптеген аралас маршруттарды ұйымдастыруға, Қазақстанның Азия жіне Европаның қалаларын барып көруге мүмкіншіліктер толып жатыр.
Халықаралық туризмде көп жылдар бойы адамдарды су бойынша тасымалдаудың түрлері басым болған. Бірақ уақыт өте келе, авиацияның даму мөлшеріне қарай оның маңыздылығы бірте-бірте қысқарды. Мысалға алсақ, кемемен Солтүстік Атлантика арқылы Франциядан АҚШ-қа баратын саяхат 80 сағат уақытты алады, ал ұшақпен тек қана 8 сағатта ұшып өтесіз. Осындай жағдай сонымен қатар Тынық мұхиты арқылы өтетін іскерлік рейстерде де байқалады. Бірақ Европаның батыс жағалаулары, Жерорта теңізі, Кариб теңізі, Азор және Атлантиканың басқа аралдары аймағында теңіз экскурсия-круиздері үлкен маңызға ие болып отыр.
Круиздік туризм ежелгі заманна пайда болғанға қарамастан, өзінің қарқынды дамуын 50-ші жылдардың аяғынан бастаған болатын. Круиздік саяхаттардың алғашқы гиді болып ағылшын жазушысы Уильям Теккерей саналады. Круиздік саяхат негізінен қысқы мерзімді экскурсиялар өткізілетін жағалаулардың бойымен жүргізіледі. Қазіргі кезде осы саяхаттар жаңа сипатқа ие болып отыр. Ол ел ішіне басқа көлік түрін пайдаланып кіру арқылы ұзақ саяхаттар жасау. Мысалға, Жерорта теңізімен круиз жасағанда Италияда тоқтаған туристер Рим, Флоренция, сияқты әйгілі қалаларды көріп өтеді.
Қазақстанда су көлігін қолданатын туризм әлі дамымаған. Ол гидрографиялық жүйенің нашар болуымен түсіндіріледі. Бірақ Республика адамдарының көпшілігі жыл сайын басқа елдердің теңіз және өзен туристік саяхаттарына қатысады.
Қазақстанда тарнспорттық туризмнің екі түрі кең таралған. Ол автомобиль және авиациялық туризмдердің түрлері. Халықаралық және ішкі туризмде жеке автомобиль (жеке туристер) және автобустар (экскурсиялар) арқылы тасымалдау маңызды орын алады. Мотоциклдермен, мопедтермен, велосипедтермен саяхаттау қазіргі кезде таралмаған.
Автомобильдік қатынастардың қарқынды дамуы жеңіл автомобильдер мен автобустарды шығарудың артуымен, автожолдар жүйесімен дамуымен және жақсарумен байланысты. Қазіргі жолдардың қалың жүйесі автомобиль арқылы елдің немесе басқа елдің әр түкпіріне жетуге болатындығын көрсетіп отыр. Автожолдардың жүйесіне автотуристерге қызмет көрсетумен байланысқан дамыған инфрақұрылым сәйкес келеді. Мысалы: қоршалған паркингтер, мотельдер, ресторандар, кафе, техникалық қызмет көрсету станциялары.
Автосаяхаттардың санында қазіргі кезде маңызды орынды- караванингтер алады. Олар автомобильдерге қосылған автоприцептер.
Туристерді тасымалдау арнайы автобустармен жүргізілу керек. Олар туристердің көпкүндік саяхатына сай комфортты болу керек. Гидтерге арналған арнайы орны, жүк орналастыру орны болу керек.
Қазақстанда автобустық туризм ресми туристік ұйымдардың деңгейінде дамып жатыр.
Автотуризм деп- жеке көлікті туристік мақсатқа қолдануды айтады. Осындай саяхаттар бірнеше күнге немесе аптаға есептелген. Автотуризмнің ерекше белгісі болып: оның жоғары маневрлендігі, қорғалануы, қысқы мезгілде ұзақ қашықтыққа жүруі және көп туристік обьектілерді көріп шығуға болатындығы саналады. Жоғарғы маневрлігі автотуристерге уақытша түнеу орнына оралуға мүмкіндік береді. Туризмдегі әуе қатынастардың маңызы ұшақтардың тасу мүмкіншілігінің жоғарлауымен байланысты. Ол негізінен 50-ші жылдардан бастап байқалуда. Осы кезеңде ұшақтар пайда болған. Олардың жылдамдығы сағатына 700-950 шақырым. (Мысалы: ТУ- 104; каравелла; боинг-707). 60-шы жылдардың аяғында бірнеше жүз адамдарды сыйғыздыратын үлкен ұшақтар қолдануға берілді. (Мысалы: АҚШ-та боинг-747). Қазіргі туризм осы заманға сай жаңа ұшақтарды пайдаланады.
Ең алдымен авиа көлікке жолаушыларды тарту үшін льготалық тарифтер еңгізілген болатын. Әуе саяхаттардың әйгілігінің өсуі, көптеген мемлекеттерде осы транспорт түрінің басқа транспорт түрлерінен басымдылығының өсуіне әкелді. Ол негізінен аралдық немесе туристік сұраныстан шалғай жатқан елдерге қатысты. Әуе көліктің ішкі туристерді тасымалдау маңыздылығы байқалып отыр. Ол АҚШ сияқты үлкен территориясы бар елдер мен дамыған әуе желілері бар елдері (Франция, Ұлыбритания, Германия, Канада, Аустралия).
Әуе көлігі тек қана көлік қызметімен қатар, қонақ үй ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының көлік саласын дамытудың жолдары
Автомобильдік және автобустық турларды ұйымдастыру, жоспарлау негіздері
Транспорттық саяхаттар мен транспорттық құралдарды классификациялау
Қазақстан туризмінің дамуындағы көліктің маңызы
Автомобильдік және автобустық турлар туралы жалпы мәлімет
Автожолдар
Құбыр көлік инфрақұрылымы
Өзінің шығармаларында коллектив ішінде тәрбиелеу мәселесің
Экономикадағы көлік саласы
Өртке қарсы қабырғалар
Пәндер