Есептеу машиналарының даму кезеңдері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

ЕТ ж/е БҚЕ кафедрасы

Баяндама

Тақырыбы: Есептеу машиналарының даму кезеңдері

Шымкент 2021 ж

Жоспар:

  1. Есептеуіш техника дамуының бастапқы сатысы.
  2. Қазіргі электрондық есептеуіш техникасының пайда болуы.
  3. ЭЕМ-нің даму кезеңдері.
  4. Қорытынды.
  5. Пайдаланылған әдебиеттер.

Есептеуіш техника дамуының бастапқы сатысы

Есептеуіш техникасының пайда болуы, сандарды қосу операциясын машинаның көмегімен орындау идеясынан басталады. Бұл идеяны жүзеге асыруға тырысқаны туралы бізге жеткен алғашқы еңбек Леонардо до Винчиге тиесілі. Оның еңбектерінде санау және сандарды сүйек, тас арқылы есептеулер, есептеу техникасының қажеттігі туралы ойлар кездеседі. Ол бұдан шамамен 1500 жылдай бұрын көп таңбалы сандардың қосындысын табатын құрылғының сұлбасын жасаған.

https://helpiks.org/helpiksorg/baza1/327875873136.files/image008.jpg

Леонардо до Винчидің санауыш құрылғысының моделі

Жас күнінен физикаға құмарлығымен елге танылған француз физигі, математик, инженер Блез Паскаль арифметикалық амалдарды орындайтын механикалық машина құрастырумен 18 жасынан айналыса бастады. Алғашқы жұмыс жасайтын машинаның моделі 1642 жылы дайын болды. Паскаль тынбай жұмыстанып, модельді жетілдіруге тырысты. Сөйтіп, 1645 жылы ғалымның өзі Паскаль дөңгелектері (Паскалево колесо) деп атаған 8-разрядты санау машинасы есептеу қажеттілігін қанағаттандыра бастады.

Еуропаның көптеген ғалымдары қосындылағыш машинаны жаңғыртуға тырысты. Немістің ғалымы, математик Готфрид Вильгельм Лейбниц 1673 жылы арифметикалық төрт амалды орындайтын механикалық машинаның бірінші нұсқасын, кейін оны жетілдіріп, 1694 жылы екінші рет, соңғы нұсқаны 1710 жылы ұсынды. Сөйтіп Лейбництің арифмометрі әлемдік есептеу техникасының дамуындағы оңды жаңалық болды.

Қазіргі электрондық есептеуіш техникасының пайда болуы

XIX ғасырдың басында ғылымның даму деңгейінің өсуіне қарай есептеулер күрделене түсті, адамның есептеулеріне көп уақыт қажет болды. Бұл мәселені шешудің жолдарын табуды ойлап, әлемнің белгілі ғалымдары техникалық қажеттілікті қанағаттандыру үшін есептеуіш құралдар құрастырумен айналысты. Атақты ағылшын математигі, инженері Чарльз Бэббидж 1812 жылы кестелерді машиналық есептеу тәсілдері жайында ойлана бастайды. Оның көздегені математикалық есептеулерді автоматтандырудың жолын іздеу болатын. 1786 жылы көпмүшелерді кестелеулеуге арналған машинаны сандық талдауда кеңінен таныс айырма тәсілі бойынша жасау идеясын ұсынды. 1862 жылы аналитикалық машинаның бөлігі Королевство және Лондон мұражайларында демонстрацияланды.

Ч. Бэббидж машинаның құрамды бөліктерін төмендегідей сипаттап көрсетті:

1) сандарды сақтауға қажет «қойма» (қазіргі кездегі оны «есте сақтау құрылғылары») ;

2) арифметикалық амалдарды орындауға арналған «арифметикалық құрылғы» (қазіргі «процессор») ;

3) операциялардың орындалу тәртібін басқаратын құрылғы (қазіргі «басқару құрылғылары») ;

4) мәліметтерді енгізу және шығару құрылғылары.

Бэббидждің айырмалық (Д. Ларднер жазбаларында) немесе аналитикалық машинасы (Л. Менабреа жазбаларында) толығымен құрастырылмады. Дегенмен, Ч. Бэббидждің құрылымдық идеясы өз мәнін жойған жоқ, элементтік база өзгергенімен, идея мәңгілік болып келеді. Августа Ада Лавлейс өзінің қысқа ғұмырында алғашқы бағдарламалаушы ретінде танымал болды. Өйткені, ол Бэббидждің машинасына арналған бағдарламаны машиналық кодпен, яғни, перфолента түрінде жазды. АҚШ әскери басқармасының сұранысына байланысты электрондық есептеуіш машиналарына (алдағы жазбаларда ЭЕМ) арналған бағдарламаны дүниеге әкелді. Августа Ада Лавлейс атақты Джон Байронның қызы, жасынан математикалық қабілетімен, физикаға қызығушылығымен танылған.

ХХ ғасырдың 30-жылдарында басталған релелік машинаны құрастыру ісі басталып, американдық математик, физик Говарда Айкеннің жетекшілігімен IBM (International Business Machines) фирмасында 1944 жылы Бэббидж идеясын жүзеге асыратын «Марк-1» (ұзындығы 17 м, салмағы 5 тонна, 75 000 электронды шам, 3000 механикалық реле, көбейту - 3 секунд, бөлу - 12 секунд) машинасын іске қосумен аяқталды. Алайда, релелік машиналарды көп уақыт өтпей өнімділігі мен сенімділігі жоғары электрондық машиналар алмастырды. Мұндай есептеуіш техникасы саласындағы төңкерістің АҚШ, Германия, Ұлыбритания, КСРО елдерінде бір мезгілде жүруі физикада электрондық шамдардың пайда болуымен байланысты. Бұл уақытта электрондық шамдар радиотехникада ақпаратты өңдеу және сақтау үшін жаппай қолданылды.

ЭЕМ-нің даму кезеңдері

Электрондық есептеуіш техниканың тарихында ЭЕМ-ды кезеңдерге бөлудің өзіндік ерекшелігі бар. ЭЕМ-нің даму кезеңдері жасау кезінде пайдаланылған физикалық элемент бойынша анықталатын физика-технологиялық қағидаға негізделді. Дегенмен, кезеңдердің дәл уақытын көрсету өте қиын, өйткені машинаны жобалау, құрастыру жұмыстары тарихта анықталған уақыттан әлдеқайда бұрын басталады. 1971 жылы «Intel» (АҚШ) компаниясы ЭЕМ-ның орталық түйіні саналатын процессордың қызметін кішкентай микросхемада жүзеге асыратын құрылғыны жасап шығарды. Бұл техникалық жаңалық ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсер етіп, дербес компьютердің пайда болуына итермеледі.

Компьютер (ағылш. computer - есептеуші) - есептеулер жүргізе алатын, мәліметтерді өңдей алатын және басқа да көптеген операцияларды жүзеге асыратын бағдарламаланған электрондық құрылғы. Электрониканың дамуына сәйкес электрондық есептеуіш машиналар тек математикалық есептерді ғана емес, кез келген түрдегі ақпаратты өңдеуге қабілетті болып, көптеген салаларда қолданылатын болды, тіпті, ол жұмыс құралына айналды. Сол себепті оны компьютер деп атауға ауысты. Бір кәсіби мәселені бір қызметкердің шешуіне мүмкіндік беретін көлемі шағын компьютерлерді дербес компьютер (ДК) деп атады.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютердің даму тарихы. Компьютердің даму кезеңдері
Қазіргі заманғы ЭЕМ - нің түрлері
Сызықтық программалау есептерінің тәжірибелік есептерінің математикалық моделі
Есептеуіш техниканың даму тарихы мен кезеңдері. Эем-нің даму тарихы
ЕРТЕДЕГІ ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Компьютердің құрылымын және оның даму тарихын, принциптерін зерттеу
Қазақстан статистикасына 85 жыл
Жоғары интегралдық схемалар
Алматы облысы М.Бейсебаев атындағы агробизнес және менеджмент колледжінде «Тұрақты ток машиналарының құрылысы және жұмыс істеу принципі» тақырыбына оқыту әдістемесін жасау
ЭЕМ даму тарихы. Есептеу машиналарының даму бағыттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz