Психология ғылымындағы зерттеу әдістері
Жоспар:
1. Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік
2. Негізгі зерттеу әдістері
3. Қосалқы зерттеу әдістері
1.Психология ғылымындағы зерттеу әдістері туралы түсінік
Жаңа әрі тың фактілермен үнемі толықтырылып отырмаса, ғылым дами алмайды. Фактілер жинау үшін ғылыми негізделген әдістерді пайдаланғанда ғана ғылым дұрыс және табысты дамуы мүмкін. Сондықтан ғылым дамып, қоғамның даму деңгейінен қалыспай отыруы үшін, зерттеу әдістерін қолданып, сол пәннің мазмұнын байытып, кеңейтіп, жаңа табыстарға жетіп отыруы керек.
Психология, кез-келген ғылым сияқты, әр түрлі әдістердің біртұтас жүйесін қолданады. Психология әдістерінің төрт түрлі тобын атап көрсетейік.
1. Ұйымдастыру әдістері: салыстырмалы әдіс (жас ерекшелік, іс-әрекеті бойынша әр түрлі топтарды салыстыру); лонгитюдтік әдіс (бір адамдарды ұзақ уақыт бойы бірнеше қайтара зерттеу), кешендік әдіс (зерттеуге әр түрлі ғылым өкілдері қатынасады, бір объектіні әр түрлі амалдар арқылы зерттейді).
2. Эмпирикалық әдістер. Оған байқау, эксперименттік әдістер (табиғи, және лабораториялық); психодиагностикалық әдістер (тестер, анкеталар, сауалнамалар, социометрия, әңгімелесу, сұхбат); іс-әрекет нәтижелерін талдау; биографиялық әдістер енеді.
3. Мәліметтерді өңдеу әдістері: сандық (статистикалық) және сапалық (материалдарды топтарға бөлу, талдау).
4.Коррекциялық әдістер: аутотренинг, топтағы тренинг, психотерапевтикалық әсер ету әдістері және т.б.
2. Негізгі зерттеу әдістері.
Ұйымдастыру әдістері көбіне жас ерекшеліктер психологиясында қолданылады. Психологияның осы жүйесінің азды-көпті өзіндік ерекшеліктері бар. 1)салыстырмалы әдіс.Әр жастағы баланың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтар статистикалық жолмен салыстырылады.
Салыстыру жолының мұндай түрін кесінді тәсіл деп аталады. Себебі салыстыру кезінде бала психикасы үздіксіз зерттелінбейді, оның әр жастағы психикасын тиіп-қашып зерттейді.
Зерттеудің келесі жолы генетикалық жол. Бұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт(1 жыл немесе 3 жыл, одан да көп жылдар зерттейді). Осы әдісті лонгитюдтік әдіс те атайды. Зерттеудің бұл жолы тым сирек кездеседі. Себебі бір немесе бір топ баланы (10, 20, 30) үздіксіз зерттеу қиын. Психикалық дамуды көлденең немесе кескінді зерттеулердің мәні мынада: дамудың ерекшеліктері туралы қорытындылар, әр түрлі жастағы, әр түрлі даму деңгейіндегі, әр түрлі тұлғалық ерекшеліктері, клиникалық реакциялары және т.б. бар, салыстырмалы балалар топтарының бірдей сипаттамаларын зерттеулер негізінде жажүйесіды. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі: зерттеудің салыстырмалы жылдамдығы -- қысқа уақыт ішінде нәтижелерге жету мүмкіндігі.
Салыстырмалық әдістің мәні: даму барысындағы жекелеген психологиялық актілер мен мінез-құлық механизмдерін қарастырып, басқа ағзадағы ұқсас құбылыстармен салыстыру. Бұл әдіс зоопсихология мен балалар психологиясында кең таралған.
Эмпирикалық әдістер. Бұл әдістер тобы негізгі әдістер болып саналады. Байқау әдісі.
Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды байқау әдісі деп атайды. Байқау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінүшінің мимикасын (бет құбылысын), сөз реакцияларын, түрлі қимыл-қозғалыстарын, мінез-құлқының жекелеген жақтарын байқауға болады. Сондай-ақ адамның ерік күші, сезім ерекшеліктері мен темпераменті де байқау әдісі арқылы ажыратылады. Мысалы, мектептегі оқушының ойлау және сөйлеу ерекшеліктерін зерттеу керек болса, ол үшін зерттеуші оқушының әрбір сабақ үстіндегі жеке сөздері мен сөйлемдерін стенографиялап, күнделікке түсіреді, кейін оны тиянақты түрде талдайды да, тиісті қорытынды шығарады.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының түрлі ерекшеліктеріне қарай байқау әдісінде кейде қарапайым аспаптар да қолданылады. Мәселен, зерттелетін объектіні суретке түсіру үшін -- фотоаппараттар, зерттелінуші адамның сөз тіркестерін жазып алып, кейін оны қайтадан жанғырту үшін магнитофон, диктофон т.б. пайдаланылады.
Байқау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:
1)Байқаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелуін қамтамасыз ету;
2)Байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, зерттелінүшінің сөз реакцияларын стенографиялау; кейін оған мұқият талдау жасау; мұндағы басты фактілерді іріктеп алу -- осы әдіске қойылатын негізгі талаптардың бірі.
Сан рет жүргізілген байқаудың нәтижесіне байланысты (егер байқауға студент алынған болса) ұстазбен бірлесе отырып, студенттің оқу әрекетін одан ары жаксарту үшін нақтылы шаралар белгіленеді.
Бұл әдіс адамдардың психологиялық ерекшеліктерін зерттеуде жиі қолданылады. Байқау әдісінің кейбір кемшілікгері де бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп сәтте зерттей алмайды да, кӛп уақыт жіберіп алады, екіншіден, байқауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады. Бұл әртүрлі кездейсоқ объективтік жағдай(байқауға алынған оқушының сабаққа келмей қалуы) субьективтік жағдай (бақылаудың қиынға соғуы, зерттеушіде бақылағыштық қасиеттің жоқтығы т.б.) себептердің кездесетіндігіне байланысты. Мысалы: Біз екі баланың ойынын байқайтын болсақ, күнде сол балалар ойнайтын жерге берып, олардың ойындарын байқап, мұны қағаздарға жазып отырамыз. Олардың ойнайтын, әрекет ететін жағдайлары қандай болса, бізде сол жағдайларға байқау жүргіземіз. Егер сол балалар күндегі ойнайтын жеріне, күнде келіп тұрмай, бірінші күні бір жерде басқа күнде басқа жерге баратын болса, байқауды жүргізу үшін бізде олардың артынан баруымыз керек, күнде ойнайтын балалардың саны да өзгеріп отыруы мүмкін.Осы айтылғандарға қарай бұл әдістің ғылыми деректері кейде көбірек болады.
Байқауды жүргізіп болған соң, байқаушы толық психологиялық анализ жасап, байқаудың қорытындысын шығарады, бірақ бұл қорытындыға өзіндік пікірін қоспай, байқалған әрекеттердің қорытындысын объективтік түрде шығарғаны жөн. Міне, осы айтылған шарттарды орындағанда ғана объективтік байқау әдісі ғылыми әдіс бола алады. Байқау әдісінің бірнеше кемшіліктері бар:
1. Байқаушы адам оны өне бойы белсенсіз болады, өздігінен байқауды ұйымдастыра алмайды. Байқалатын адамдардың әрекеттеріне қатысып, оларды өзгерте алмайды. Байқаушы көбінесе байқалатын адамның ықпалында болып, ол қандай әрекет істесе соны ғана байқап, жазып отырады;
2. Байқау жүргізгенде, әр уақытта байқалатын жағдай бір қалыпта болып келе бермейді. Сол себептен байқаудың нәтижесі әр уақытта әр түрлі болып шығуы мүмкін. Қорытып айтқанда, объективтік байқауды жүргізгенде жағдай бір қалыпты болмайды, сондықтан байқау нәтижесін де бірыңғай толық түрде объективтік болып шықпайды;
3. Байқаудың нәтижесін қорытқанда, байқаушы адам қорытындыға ӛінің жеке субъективтік пікірлерін қосып жіберуі мүмкін. Байқау жөнді болу үшін, объективтік байқау жүргізгенде осы кемшіліктерді еске алып, бұлардың басқа әдістер арқылы жойып, объективтік байқау әдісі арқылы алынатын материалдардың кемшіліктерін толықтырып отыру қажет.
Байқау әдісіне қарағанда психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің біраз артықшылықтары бар. И.П.Павлов: Байқау табиғаттың ұсынғанын жинайды, ал тәжірибе табиғаттан өзінің тілегенін алады,- деп тегін айтпаған.
Эксперимент әдісі. Бұл әдіс бойынша зерттеуге керекті психикалық құбылыстарды түрлі аппараттарды, аспаптарды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Экспериментті әдіс арқылы кейбір жеке психикалық функцияларды даралап және дәл зерттеуге болады.Эксперименттің өзі лабораториялық және табиғи болып бөлінеді. Лабораториялық эксперимент XIX ғасырдың ортасынан бастап, жеке психикалық процестерді зерттеу үшін эксперимент кең түрде қолданыла бастады. Неміс ғалымы В.Вундт психикалық құбылыстарды эксперименттік әдіспен зерттеудің негізін салды, тұңғыш рет лаборатория ашты. Психологтар алғаш рет көру, есту, иіс түйсіктерін зерттеу үшін экспериментті пайдаланды. Сексенінші жылдары ес құбылыстарын зерттеу лабораторияда тұңғыш жүргізіле бастады. Арнаулы әдістер қолдану арқылы жаттап алудың тездігі мен дәлдігі, ұмытудың жылдамдығы т.б. өлшенілді. Орыс психологы Н.Ланге эксперимент әдісімен зейін мен қабылдауға зерттеу жүргізді. Француз психологы А.Бине алғаш рет ойлау процесіне тәжірибе жасады. Осы зерттеулердің нәтижелері психологтардыи Іші дүниежүзілік конгресінде (Париж, 1889) талқыланды. XX ғасырдың басында психология ғылымының карамағыңда ондаған лабораториялар болды. Осындай жақсы жабдықталған психологиялық лабораториялардың бірін орыс психологы Г.И.Челпанов ұйымдастырды. Бұрынғы КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясына қарасты психологиялық институтының, (Мәскеу) лабораториялары жоғары техникамен жабдықталған үлкен ғылыми-зерттеу мекемесі болып отыр. Киев, Тбилиси қалаларындағы психология институттарында да осындай лабораториялар бар.
Профессор Н.И.Красногорский балалардың жоғары дәрежелі нерв қызметінің даму жолдарын, ал профессор А.Г.Иванов-Смоленский адамдардың бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қызметін зерттеген.
Психикалық процестерді зерттеуде кӛптеген аспаптар қолданылады. Мысалы, психикалық процестердің пайда болу шапшандығын өлшеу үшін -- хроноскоп, тері түйсігінің сезгіштігін байқау үшін -- эстезиометр, зейіннің көлемін анықтау үшін -- тахистоскоп, есітуді өлшеу үшін -- аудиометр, денедегі бұлшық еттердің жұмысын тіркеп отыру үшін -- эргографты пайдаланады.
Эксперимент әдісі -- себеп-салдар байланыстарын қарастыру мақсатындағы зерттеу әрекеті. Оның мәні мынада:
-- зерттеуші зерттелетін құбылысты өзі тудырады және оған белсенді ықпал етеді;
-- эксперимент жасаушы құбылыс жағдайларын өзгерте алады;
-- эксперимент нәтижелерді бірнеше рет шығаруға мүмкіндік болады; -- эксперимент математикалық формулалар арқылы белгіленетін санды заңдылықтарды орнатады.
Байқау әдісі сияқты эксперименттік әдістің де дұрыс жағдайлары мен бірге бірнеше кемшіліктері де бар. Бұл әдістің жасанды жағдайда жүргізіліп, яғни зерттелетін адамдар, арнайы ұйымдастырылған лабораториялық қабинеттер де зерттелетіндіктен, ол адам өзін табиғи жағдайда ұстамайды. Жаңа жағдайдың әсерінен зерттелуші адам біраз қысылып, оның психикалық әрекеттерінде кейбір өзгешеліктер пайда болады.
Ресейдің белгілі психологы А.Ф.Лазурский эксперименттік әдістің кемшіліктерін жою мақсатымен оған бірнеше қосымшалар енгізіп, оны табиғи эксперимент әдісі деп атаған. А.Ф. Лазурский байқау әдісімен экспериментік әдістің дұрыс қолайлы жақтарын бір біріне қосып толықтырған. Бұл әдіс әдейі ұйымдастырылған лабораторияда, қабинеттерде жүргізілмей, табиғи жағдайда жүргізіліп, адам күнделікте жүретін, тұратын, еңбек ететін жағдайында зерттелінеді. Мысалы, балалардың психикалық әрекеттерін зертейтін болсақ, ол балаларда күнделікті үйренген сыныбында немесе бірге оқитын жолдастарының арасында, ойнап жүрген уақытында, үй ішінде, балалар бақшасында зерттеуге болады. Бұл әдіс арқылы адамның жеке-жеке психикалық функцияларын ғана емес, адамның барлық әрекеттерін тұтасмен толығымен зерттеуге мүмкіндік бар. Зерттеу жүргізілерде, кейбір өзгешеліктер енгізіп, солар арқылы зерттеуді жүргізуге болады. Мысалы, мұғалім кейбір балалардың суреттерді байқауын сабақ үстінде зерттейтін болса, ерте бастан балаларға көрсету үшін арнап, бірнеше суреттер даярлап, күндегі сабағын қалай жүргізсе балаларға зерттеу жүргізетін күні де сабағын бұрынғы күйінде жүргізеді
Жоғарыда айтылған әдістер сияқты табиғи эксперименттік әдістің де бірнеше кемшіліктері де бар: бұл әдіс көп қолданылмаған, көп зерттелінбеген, теориялық негіздері түгел ашылмаған және бұл әдіс арқылы психологиялық функцияларды эксперимент әдісіндегідей жекелеп, даралап толық түрде зерттеуге мүмкіншілік жоқ. Дегенмен, бұл әдісті эксперименттік әдіспен салыстырғанда көп қолайлы жағдайлардың бар екенін кӛрсетуге болады.
3. Қосалқы зерттеу әдістері.
Әңгіме әдісі. Әңгімелесу әдісі арқылы психолог белгілі жоспар бойынша зерттелінуші адамның жас және дара ерекшелігіне, білім көлеміне қарай күні бұрын әзірлеген сұрақтар қояды: зерттелінушіге күдік тудырмау мақсатында әңгіме кӛбінесе жанама түрде ұйымдастырылады, мұнда сӛйлесу әдісіне ерекше мен беріледі.
Зерттелінушінің берген жауабы жазылып алынып, кейіннен мұқият талданады да, осыған орай тиісті қорытындылар жасалады. Әңгімені де зертеу әдісі есебінде қолдануға болады, бірақ бұл негізгі әдіс емес, қосымша әдістердің бірі. Әңгіме арқылы зерттелетін адам туралы кейбір жалпы мағлұматтарды ғана алуға болады. Бұл әдіс арқылы, терең, толық зерттеу жүргізуге ешбір мүмкіншілік жоқ. Бірақ, әңгіме ғылыми әдіс болу үшін, әрқайсысымен әңгіме жүргізуде оның алдына мақсат қойып, оның не үшін керектігін, ерте бастан жоспар құрып, әңгіме қай жолмен жүргізілетінін белгілеп алған жӛн. Не болса сол туралы әңгіме жүргізе бермей, керекті мәселелер, жағдайлар туралы әңгіме жүргізу керек. Әңгімелескенде балаларға түрлі сұрақтар қойып, олардың түрлі заттар, болмыстар туралы түсініктерін, ұғымдарын, неге қызығатынын, білімінің кӛлемін, тұрақтылығын, тереңдігін және т.б. білуге мүмкіншілік бар. Балалардың жауаптары толығымен стенография арқылы жазылып отырады. Әңгіме уақытында балалардың қылығына назар салып толық түрде белгілеп жазып отыруы қажет.
Әлеуметтік психологияда жиі қолданылатын зерттеу әдістерінің бірі -- сұхбат. Мұнда сұрақ қоюшы сыналушымен әңгімелеседі, жол-жәнекей оның сӛз саптауына, түрлі реакцияларына, өң-ілтипатына зер салып отырады, зерттеуді белгілі сұрақтың айналасында, арнаулы жоспар бойынша жүргізеді.
Анкета әдісі. Анкетаны қосымша әдістердің бірі есебінде қолдануға болады; Әдейілеп белгілі мақсатпен және формамен қойылған сұрақтарға жауап алу арқылы зерттелуші адамдардың психикалық әрекеттерін сипаттауда, немесе кейбір психикалық проблемаларды шешуде жалпы мағлұматтар, кейбір фактілі материалдар жинауға болады. Анкетаның бір қолайлы жері - жаппайлығы, яғни бір уақыттың ішінде бірнеше адамдардан жалпылай мағлұматтарды алуды мүмкіншілігі болуы. Мәселен, анкета әдіс арқылы күні бұрын бланкіге жазылған сұрақтарға жазбаша жауап қайырады.Осы әдіспен әртүрлі топтың, ұжымның психологиялық ӛзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы т.б.) зерттелінеді. Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жазушылары мен артистері кімдер екендігін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әдісті пайдалануына болады. Анкеттадағы сұрақтар шұбалаңқы келмей, жалпы саны 5-8-ден аспауы тиіс. Алынған материалдардың нәтижесі статистикалық (сандық) талдаудан ӛткізіледі. Мұның негізгі кемшілігі -- адамның шын кӛңіліндегісін жаза бермейді, не болмаса, оны қағаз жүзінде дұрыс көрсетпеуі де мүмкін. Бірақ анкетаның бұл жаппайлылығының кейбір елеусіз жетімсіздіктері бар. Себебі анкета арқылы алынған материалдардың бәріне сене беруге болмайды. Ӛйткені анкетадағы сұрауларға қайтарылатын жауаптар субъективтік үстіртін қате болуы, я болмаса толық болмауы мүмкін.
Анкетаны барлық зерттеулерде орынсыз қолдана беруге болмайды. Оны сондықтан адамдардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz